ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕРДІҢ РЕСМИ ХАТТАРДА ҚОЛДАНЫЛУЫ
Қыдырбаева Ү.Т.
докторант, Мугла Сыткы Кочман университеті, Түркия, Мугла
yay_79@mail.ru
Шуиншина Н.М.
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Резюме
В данной статьи рассматриваетсяисследовании и типы фразеологии в казахской линг-
вистике. А также, анализ устойчивых выражений в официальных письмах Абулхайр-хана.
Summary
This article examines the research and types of phraseology in Kazakh linguistics. And also, the
analysis of stable expressions in the offi
cial letters of Abulkhayr Khan.
Тіл - қарым-қатынас құралы ретінде қызмет атқарып, жалпыға ортақ жеке сөздерден тұра-
тын сөйлем арқылы қолданысқа ие болады. Ал сөйлем- адамның жеке ой-пікірін айналасын-
дағыларға жеткізуде маңызды орын алатынын ескерер болсақ, сөздердің өзара мағыналық
жəне синтаксистік байланыста айтылуы арқылы сөйлеушінің ойын еркін жеткізу қабілетіне
ие болады. Сонымен қатар, нақты ойды, көңіл-күйді, жағдайды жеткізу үшін сөйлем ішінде
тұрақты сөз тіркестерінің алар орыны ерекше.
Жалпы қазақ тіл білімінде фразеологиялық зерттеулерXX-ғасырдың 40-жылдарынан-
бастап, І.Кеңесбаевтің еңбектерінен бастау алған. Одан кейінгі жылдарда Х.Қожахметова, Р.
Жайсақова, Ш.Қожахметова сынды ғалымдар тарапынан 1988 жылы «Орысша-қазақша фра-
зеологиялық сөздік» атты еңбек басылымға шығып[1], артынша 1989 жылы М.Копыленко
жəне М.Балақаевтың жетекшілігімен орыс жəне қазақ тілдеріндегі фразеологиялық сөздіктер
жарық көрген. Сонымен қатар, Г.Смағұлова фразеологизмдердің мағыналас жəне жеке топ-
тарын зерттеу арқылы үш мыңға жуық мағыналас фразеологизмдер сөздігін дайындап, осы
еңбегінде фразеологизмдердің он төрт тобына жан-жақты талдау жасаған. Қазақ тіл білімін-
де түбегейлі шешімін толықтай таба қоймаған,əлі де болса ғылыми зерттеуді қажет ететін
фразеологияға қатысты бірталай мəселе І.Кеңесбаевтің еңбегінде көрсетілген [2, 595-596].
Қазақ тіліндегі тұрақты тіркестердің шығу тегі түркі тілінің тарихи дəуірлерімен, атап
айтар болсақ, көне түркі, орта түркі, қыпшақ жəне одан бергі жеке ұлт болып қалыптаса
бастаған дəуірімен тікелей байланысты. Солардың ішінде қазақ халқының ұлт ретінде қа-
лыптасу кезеңі ретінде танылған хандық дəуірдегі ауызша жəне жазба мұралар, тіл тарихы
үшін құнды деректердің бірі болып табылады. Жазба мұраларда, атап айтқанда қазақ хан-
дары мен сұлтандары тарапынан көршілес мемлекеттердің басшыларына жəне өкілдеріне
жазылған ресми хаттарда тұрақты сөз тіркестерінің қолданылуы жиі ұшырасады.
Тұрақты сөз тіркестерін тіл білімінде фразеология саласы зерттейді. Фразеологиялық
тіркестер грамматикалық мағынаны емес, белгілі бір лексикалық мағынаны білдіре отырып,
орны жағынан тұрақты болып келеді. Сонымен қатар, тек бір сұраққа жауап беріп, басқа
79
тілге сөзбе - сөз аударуға келмейтін тіркес болып табылатындығы жөніндегі анықтама Ə.
Аблақовтың «Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің дамуы мен лексикалану процесі» атты еңбегінде
көрсетілген [3, 14]. 1990 жылы жарық көрген «Лингвистикалық энциклопедиялық сөздігін-
де» фразеологизмге қатысты мынандай сипаттама беріледі: «Формасы жағынан синтаксистік
құрылымдармен ұқсас, бірақ олар сияқты жалпы заңдылыққа сай сөйлеу кезінде жасалмай,
даяр қалпында қайталап қолданылатын, семантикалық жəне лексика-грамматикалық құрамы
тұрақты сөз тіркестер мен сөйлемшелер» [4. 559].
Қазақ тіл білімінде осы салаға байланысты жоғарыда атап көрсетілгендей басқа да көпте-
ген еңбектер жарық көрген. Солардың көпшілігінде фразеологизмнің негізгі үш белгісі бола-
тындығы жиі айтылады. Олар: мағына тұтастығы, құрылымның тұрақтылығы жəне қолдану
тиянақтылығы. Ғ.Қалиевтің еңбегінде бұлардың қатарында фразеологизмдердің бейнелік бел-
гілері көрсетілмегендігін айта келе, фразеологизмдері басқа тілдік бірліктерден ажырататын
белгілер қатарына тұрақты тіркестердің бейнелілігі мен мəнерлілігін де жатқызған [5, 185].
Мақалада кіші жүз ханы Əбілқайырдың билік құрған жылдары Орыс патшалығына жа-
зылған ресми хаттарында ұшырасатын тұрақты сөз тіркестеріне талдау жасалынады.
Ресми хаттарда кездесетін тұрақты тіркестерді топтастырмас бұрын, алдымен фразео-
логизмдердің түрлеріне қарай топтастырылуы туралы айта кету қажет. Қазақ тіл білімінде
тұрақты тіркестердің топтастырылуына байланысты екі түрлі пікір қалыптасқан. Олардың
бірі І.Кеңесбевтың, екіншісі В.В.Виноградов пен Н.М.Шанскийдің үлгісі негізіндегі топта-
стыру. Осылардың ішінде екіншісі яғни, В.В.Виноградов пен Н.М.Шанскийдің үлгісі кең
қолданысқа ие болған. Бұл үлгі бойынша фразеологизмдер төрт топқа бөлінген: 1. Фразео-
логиялық тұтастық; 2. Фразеологиялық бірлік; 3. Фразеологиялық тіркес; 4. Фразеологиялық
сөйлемше [5, 192].
1. Фразеологиялық тұтастық – құрамындағы сөздер бір-бірімен жымдасып, лексикалық
мағыналарын жоғалтып, семантикалық жағынан біртұтас болады.
Əбілқайырдың хаттарында осы топқа жататын «ымыраласып, өзара сөз байласу», «арзан
Достарыңызбен бөлісу: |