Цестод (лат. Cesoda) – таспа құрт.
Тагуан (pteromyidae) – ұшар (кеміргіштердің бір тұқымдасы).
Анкилостома (лат. ankyeostoma) – адамның денесінде паразиттік түрде тіршілік ететін
жұмыр құрттың бір түрі.
Мизида – жоғарғы сатыдағы шаянтəрізділер класс тармағының бір отряды.
Лигамент (лат. Ligae - байланыстыру) – қосжақтаулы ұлулар бақалшағының екі жақта-
уларын қосатын майысқақ заттан түзілген кергі.
Аргонавтар (лат. argonauta) – бесаяқты былқылдақденелілер класының сегізаяқтылар
отрядының туысы.
Цеце – кəдімгі шыбындар тұқымдасына жататын жəндік. Африканың субтропиктік ай-
мақтарында, əсіресе орманды, ылғалды жерлерде мекендейді. Цеце адамды, жануарларды
ауруға шалдықтыратын қан паразиттері.
Цикада тұқымдасы – тең қанатты ет тұмсықты насекомдар отрядының бір тобы. Басы
қысқа, маңдайындағы күрделі екі көзі арасында үш бұрыш тəрізді орналасқан 3 қарапайым
көздері болады, мұртшасы өте қысқа, қанаттары əдетте мөлдір, жүйкесі айқын көрінеді, кей-
де қаралау, ақ не айқын түсті. Цикада тұқымдасының кейбір түрі – ауыл шаруашылық дақыл-
дарының зиянкестері.
Акарапис – баларасына ауру жұқтыратын өте ұсақ кененің бір түрі.
Агама – мұның құрамында 30-дан астам туысы, 290 жуық түрлері бар кесірткелердің
бір тұқымдасы.
Ангиостома – айуандардың, адамдардың ішек-қарнында паразиттік тіршілік ететін ұсақ
жұмыр құрт.
Анаконда – су айдаһары. Өмірінің көбі суда өтеді.
Гадюка – сұржылан.
Гая – қаражылан.
Гидра – ішекқуыстылар типінің омыртқасыз жануарлар отрядына жататын жыртқыштар.
Дене тұрқы 1 см-ге дейін жететін, цилиндр пішінді, тұщы суда мекендейтін полип. Ол таба-
нымен су астындағы өсімдіктерге, тасқа, т.б. заттарға жабысып, баяу қозғалып тіршілік етеді.
87
Эфа – атпа құмжылан.
Кобра – аспидтер тұқымдасына жататын улы жыландардың жалпы атауы. Кобра сөзі
португал тілінен аударғанда жылан деген ұғымды білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |