Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары


-СЕКЦИЯ ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ ЖƏНЕ ТҮРКІТАНУ



Pdf көрінісі
бет56/343
Дата06.01.2022
өлшемі2,56 Mb.
#13292
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   343
3-СЕКЦИЯ ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ ЖƏНЕ ТҮРКІТАНУ 

САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА БАҒЫТТАР

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ БАСҚА ТІЛДЕРДЕН ЕНГЕН ЖƏНДІК 

АТАУЛАРЫ

Аққожина Б.Қ

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық

 қатынастар жəне əлем

 тілдері университеті, Алматы қаласы, Қазақстан

 E-mail: bayan-kanatovna @ mail.ru

Аннотация.  В  статье  рассмотрены  заимствованные  наименования  насекомых  казах-

ского  языка.  Наименования  в  основном  заимствованы  из  арабского  и  персидского  языков. 

Заимствованные из русского языка наименования делятся на две группы: однокоренные и 

сложные.


85

Annotation. The adopted names of insects of Kazakh are considered inthe article. The names a

re mainly adopted from the Arabic and Persianlanguages. The names adopted from Russian are di

vided by two groups: paronymous and diffi  cult.

Кірме  сөздердің  бір  тобын  араб,  парсы  тілдерінен  енген  жəндік  атаулары  құрайды.  Ə.

Болғанбаев араб, парсы сөздері қазақ тіліне тікелей емес өзбек, татар, тəжік тілдері арқылы 

сіңіскен деген пікір айтады [1, 92б.]. Қазақ тіліне араб, парсы сөздері көбінесе орта ғасыр 

тұсында əсіресе араб тілі мен мəдениетінің, ислам дінінің енуіне жəне Орта Азия елдерінің 

атақты  классиктерінің  шығармаларымен  дастандары  арқылы  енді.  Өйткені  ХІ  ғасырдың 

екінші жартысында өмір сүрген Махмұт Қашқари сөздігінде араб-парсы тілдерінен ауысқан 

сөздер мүлде жоқтың қасы болатын. 

 Н.Д.Оңдасыновтың пікірінше: «Əдетте бір тілден екінші тілге ондаған, жүздеген сөздер 

ауысып, тіл байлығын жетілдіре түсуі жиі кездеседі. Қазіргі қазақ тілінің сөздік құрамын, 

оның  даму  жолын  қарастырсақ,  тіпті  басқаны  қойып,  сонау  араб,  парсы  тілдерінен  енген 

қайсібір сөздердің қазақ тіліне мүлдем сіңісіп, байырғы сөздік құрамына айналып жеткенін 

көреміз.  Рас  түркі  тілдес  халықтар  ішінде  араб-парсы  сөздерін  ең  аз  қабылдаған  қазақтар 

екен. Сөйтсе де араб-парсы тілдерінен қазақ тіліне бірқатар сөз жəне сөз тұлғаларының ен-

гендігі ғылыми тұрғыдан дəлелденген», – дейді [2, 3б.].

 Араб, парсы сөздерінің қазақ тіліне, басқа түркі тілдерімен салыстырғанда барынша аз 

жəне кеш енуіне қазақ халқының ислам дінін анағұрлым кеш қабылдауы басты себеп болды. 

Бұл жағдай араб-парсы сөздерінің қазақ тіліне бойлап ене алмауына үлкен əсер етті. 

 Негізінен қазақ тіліне мынадай араб, парсы сөздері көбірек енді: 1) сауда-саттық арқылы 

келген бұйым, зат атаулары; 2) мəдени, ғылыми қатынастар арқылы келген атаулар, 3) ислам 

діні өкілдерінің діни кітаптар арқылы келген діни сөздер. Демек, араб-парсыдан енген сөз-

дерге зер салып үңіле қарасақ, олардың етене енуіне халқымыздың басынан кешірген тарихи 

жағдайлар себеп болған сияқты. 

 Араб-парсы тілінен енген жəндік атауларының тілімізге сіңісіп, араласқаны сонша, тіпті 

оның басқа тілден енгендігін ажырату да қиын. Бұл ерекшелікті араб-парсы сөздігі арқылы 

немесе этимологиялық талдаулар арқылы анықтауға болады. Мысалы: 

 Абжылан – парсы тілінен енген сөз (аб+жилан, аб+жылан). «Су жылан» деген мағына 

береді. Ысқырып өрмелеген тау мен тастан, Мен көрдім абжыланды сұры қашқан (Жамбыл). 

Албасты Арқадағы Абжылан – Молда отыр ысқырып оқып құран: Атты арбап, атан жұтып 

жатыр молда, Құранмен жем түсіріп жуан-жуан (І.Жансүгіров).

 Əждəһа – парсы тілінде: аждаһа, аждаһар,тəннин, собан. Бұл атау ауыз əдебиеті үл-

гілерінде мифтік бейнені білдіреді. Кейбір биологиялық əдебиеттерде «үлкен, улы жылан» 

мағынасында қолданылады. Ертегіде ажал нышаны ретінде көрсетілетін қорқынышты алып 

жылан. Кектенген Европаның ұл-қыздары, Күтіңдер, жетеміз біз құтқарғалы. Көмеміз қазып 

терең аждаһаны, Болса да бір басында мың бір жаны (Ə.Тəжібаев).

  Əждəһа  парсы  сөзінің  жалпы  түркілік  сипаты  мынадай:  қарқалпақ  тілінде  –  айдар-



ха  /мифтік/;  қырғыз  –  ажыдаар;  түрікмен  –  аждаха  /мифтік/,  дракон;  башқұрт  –  аждаһа 

кəсəрткə «дракон»; əзірбайжан - əждəһə /мифтік/, «дракон»; қарашай-балкар – дракон/уллу 

джылан.

 Пəруана – парсы тілінен енген сөз (пəр+уанə, пəр+уана). 1. Көбелек, түн

 көбелегі. 2. ауыс. Құрбан, садақа. Мысалы: Сонда тағы да бұған ұмтылып кеп пəруана 

боп Тоғжан аяғына оралды (М. Əуезов). Сансызбай жылап жөнелді Төлегенннің артынан. 

Қу  бауырды  қия  алмай,  Қайырылып  келді  қасына,  Сансызбайдың  Төлеген  пəруана  болды 

басына («Қыз Жібек»).

 Кене – парсы тілінен енген сөз (кəнə). Өрмекші тектес қан сорғыш кішкентай жəндік. 

Мысалы: Көтердің көңіліңді мұнша неге, Тырбиған шəл бақадай сен аш кене. Басыңды маған 

əкеп теңдемейсің, қаңғыған қайыршыдай жаман неме (Нұрбола). Əкім емес, кене ме, Жылан 

ба əлде немене, Зəрлі тілді, улы азу, Аш бүйірден жабысты (Жамбыл). 

 Маса – парсы тілінен енген атау. Ол тілде масса – пəшə деп аталады. Қос қанатты қан со-

рғыш жəндік, шыбын-шіркейдің бір түрі. Меңіреудің ішінде бір масаның ызыңы естілмейді 

(С.Мұқанов). Тəжидің базарға келгендегі ең керекті нəрсесі қымыз бен насыбай. Кейде осы 



86

екеуіне де ақшасы болмайды. Ақшасыз кімнің маса құрлы қауқары болады? (І.Жансүгіров). 

  Парсы  тілінен  енген  құрт-құмырсқа,  жəндік  атауларының  бір  тобы  формасын  толық 

сақтап енсе (мысалы, аждаһа, пəруана), екінші бір тобы жартылай немесе түгелдей өзгеріске 

ұшырап барып енгені (мысалы, кене/кəнə, масса/пəшə) байқалады.

 Қазақ тілінде орыс тілінен енген немесе орыс тілі арқылы басқа тілдерден ауысқан жəн-

дік  атаулары  да  біршама.  Орыс  тілі  арқылы  басқа  тілдерден  ауысқан  жəндік  атауларының 

жалпыхалықтық мəні əлсіз жəне актив қолданыла бермейді, олар тек зоологиялық термин 

ретінде арнайы сала аясында ғана көрініс табады. 

 Орыс тілі арқылы енген жəндік атауларын грамматикалық құрамына қарай: дара жəндік 

атаулары жəне күрделі жəндік атаулары деп бөлдік. Мысалы:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   343




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет