Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары


 Аузында əзілі жоқтың, қолында келтегі



Pdf көрінісі
бет78/343
Дата06.01.2022
өлшемі2,56 Mb.
#13292
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   343
Байланысты:
Н.Оралбай-конф.материалдары

3. Аузында əзілі жоқтың, қолында келтегі бар.

Келтек шоқпардың қысқа, шағын түрі.2. Жуан таяқ. [ 4, 380 – бет ]

Бұл сөздің «қару» мағынасы мəнмəтіннен де, сөз семантикасынан да аңғарылады: қолға 

ұстайтындай шағын (келте) етіп кесіп алған ағаш бұтағы. Келте (қысқа) сын есіміне зат 

есім тудыратын - к жұрнағы жалғанып келтек болып қолданылуы дұрысы болса керек. 

Өлең шартына қарай келте варианты да қолданыла берген. [ 18, 61 – бет ]

4. Қанжар шықты – қан шықты.

Қанжар  –  екі  жүзді,  ұшы  үшкір,  пышақ  сияқты  қысқа  сапты  қару.  Көбінесе  болаттан 

соғылады. [ 7, 265 – бет ]



5. Аузында əзілі жоқтың,

Қолында қол шоқпары бар. Қол шоқпар – қару ретінде пайдаланылатын басы жұды-

рықтай таяқ. Ауысп. біреудің сойылын соғатын адам.

 Ұлттық мəдениет, болмыс, діл сияқты ұғымдарды тоғыстыратын ана тілі байлығынан 

мақал  –  мəтел  адамзатқа  ой-өрісін,  пікір-көзқарасын,  əлемді  түсініп-түйсінуін  мейлінше 

толық,  барынша  ұғынықты,  əсерлі  жеткізіп,  қажетті  сөздерді  сұрыптап,  таңдап  көрсетеді. 

Сондықтан  да  лайықты  пайдаланылған  мақал-мəтел  арқылы  берілген  информациясының 

адресатқа, оқырманға жетуі, сайып келгенде, оны ойландырып, оның көңілінде түрлі ассоци-

ациялар туғызуы, оның рухани деңгейін көтеріп, интеллектуалдық əлеуетін арттыруға, жан-

жақты жарасымды дамуына қызмет етеді, сол арқылы қоғамды жақсартуға, жетілдіре беруге 

үлес қосады. 

ҚОРЫТЫНДЫ

Халқымыздың ғасырлар бойы ширатып, шыңдап келе жатқан санасының шарықтау шегі, 

көркем сөздің сақадай сараланып, сай тұрған салмақтысы, ойымызға ұйытқы болған мəйегі 

мақал-мəтелдер десек, сол мақал-мəтелдердің біздің өмірімізде атқаратын игілікті істері де 

сан алуан. Мақал-мəтел о бастан елмен бірге жасап, жадында сақталып келе жатқан дана-

лықтың қайнар бұлағы, сол даналықты атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа арқалап, шашып-

төкпей, сыр шығармай, ширата-шынықтыра жеткізіп отырған халқымыздың асыл мұрасы, 

ата-бабаларымыздың  бүгінгі  болашақтағы  мұрагерлеріне  қалдырған,  оның  жазылмай  келе 

жатқан тарихынан мол сыр шертер жəдігері, рухани-мəдени ғұмырымыз бен ұлттық салт-

дəстүріміздің ел жадындағы шежіресі. 

Қорыта айтқанда, жоғарыда сөз еткен мақал-мəтелдер құрамындағы мəн-мағыналары көме-

скі тартып, ұмыт бола бастаған көне сөздердің өн бойынан ата-бабаларымыздың өткен өмірін, 

тұрмыс-тіршілігін біліп қана қоймаймыз, халықтық болмысын, ұлттық танымын танимыз. 

Көнерген  сөздер  көнеру  сипаты  мен  тілдегі  қолданылу  ерекшеліктеріне  қарай  тарихи 

сөздер жəне архаизмдер деп іштей екіге жіктелетіні белгілі. Қазақ тілінде көнерген сөздер 



98

мəселесі ертеректе А.Махмудов тарапынан арнайы зерттелді. Одан бері де жарты ғасырға 

жуық уақыт өтті. Бұл мəселені əлі де жан-жақты, əр түрлі аспектіде қарастырудың маңызы 

бар деп білеміз. Қазақ тіл білімінде көнерген сөздердің көмескіленген мағыналарын ашуға, 

көне атаулардың этимологиясын, этнолингвистикалық табиғатын тануға арналған жекелеген 

зерттеу еңбектері, ғылыми мақалалар бар. 1966 жылы жарық көрген «Қазақ тілінің қысқаша 

этимологиялық сөздігін», академик Ə.Қайдардың «Структура односложных корней и основ 

в казахском языке» (А., 1986), Р.Сыздықтың 1980, 1994, 2004 жылдары үш мəрте басылған 

«Сөздер сөйлейді», филология ғылымдарының докторы Ə.Нұрмағамбетовтің «Бес жүз бес 

сөз» (А., 1994) еңбектері мен өзге де осы мəселеге тікелей жəне жанама қатысы бар ғылыми 

мақалаларды солардың қатарына қосуға болады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   343




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет