Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары


CУБЪЕКТИВТІК МОДАЛЬДЫЛЫҚТЫҢ ГАЗЕТ БЕТТЕРІНДЕГІ



Pdf көрінісі
бет141/343
Дата06.01.2022
өлшемі2,56 Mb.
#13292
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   343
CУБЪЕКТИВТІК МОДАЛЬДЫЛЫҚТЫҢ ГАЗЕТ БЕТТЕРІНДЕГІ 

КӨРІНІСІ

 

Қондыбай К.Ə., 



аға оқытушы, филология ғылымдарының кандидаты

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Модальдылық  (лат  modus  –  өлшем,  тəсіл)  –  философия  мен  логикада  объектілердің 

(пікірдің субъектісі мен объектісі) арасындағы байланыстың сипаты. Пікірлерді модальдығы-

на қарай бөлуді алғаш Аристотель енгізген. Кант пікірлерді модальділік бойынша ассерто-

рика (шындық пікірлері), аподиктика (қажеттілік пікірлері) жəне проблематика (мүмкіндік 

пікірлері) деп ажыратқан. Қазіргі модальдық логикада модальдылық бір жағынан, алетика 

(лебіздерге  немесе  предикаттарға  қатынасында)  жəне  деонтика  (іс-əрекеттерді  білдіретін 

сөздерге қатынасында), екінші жағынан, абсолютті (шартсыз) жəне салыстырмалы (шартты) 

болып бөлінеді. Қазіргі логикалық семантикада модальділікке “ақиқат” жəне “жалған”, сон-

дай-ақ “дəлелденеді” жəне “дəлелденбейді”, “терістеледі” деген ұғымдар да жатқызылады.

А.Салқынбай мен Е.Абақанның «Тіл əлемі» лингвистикалық терминдердің анықтамалық 

сөздігінде модальдылыққа мынадай анықтама берілген: «Модальдылық (лат. modalis - мөл-

шер, тəсіл) – айтылған сөз бен болмыс арасындағы қатынас түрлері мен хабардың əртүрлі 

қабылдануын белгілейтін қызметтік – мағыналық категория. Модальдылық саласына əртүрлі 

мағынада  қолданылатын,  əртүрлі  грамматикалық  қасиеттері  бар  құбылыстар  жатады.  Мо-

дальдылық категориясын көптеген зерттеушілер жіктеп қарастырады, оның бір қыры: объек-

тілі жəне субъектілі модальдылық.Объектілі модальдылық кез келген сөйлемнің нақтылығын 

не абстрактілігін білдіреді. Бұл жерде етістіктің рай категориясы негізгі рөл атқарады, мыс., 

«Адам бақытты», «Адам бақытты болған», «Адам бақытты болады». Сөйтіп, осы шақ, өт-

кен шақ, келер шақта болады.Уақыт нақты белгіленбеген жағдайда (адам бақытты болар еді, 

адам  бақытты  болса  екен,  адам  бақытты  болғысы  келеді  т.б.  )  –  хабарды,  арнайы  тілекті, 

талапты не қажеттілікті білдіреді. Субъектілі модальдылық сөйлеушінің тыңдаушыға деген 

көзқарасын  білдіреді.  Объектілі  модальдылыққа  қарағанда,  бұл  хабардың  қосымша  реңі, 

белгісі  болады.  Субъектілі  модальдылықтың  семантикалық  көлемі  де  кеңірек.  Субъектілі 

модальдылық  хабардың  мағыналық  негізін,  логикалық  (зиятты)  дəрежесі  мен  эмоциялық 

(иррациональды) жағын да қамтиды (160 б.Авторлары. Тіл əлемі: Лингвистикалық термин-

дердің анықтамалық сөздігі.-.Алматы: Қазақ университеті, 2009.-348б.).

Ғ.Қалиевтің «Тіл білімі терминдерінің сөздігінде» субъективтік модальдылыққа былай-

ша анықтама берілген. «Субъективтік модальдылық айтылған пікірге сөйлеушінің көзқара-

сын (көңіл хошын, көңіл күйін), қатысын білдіреді. Мысалы, хабардың анықтығы, күмəн-

ділігі, ықтималдығы, аяныш, күйініш, реніш т.б. Бірақ сөйлеушінің айтылған пікірге қатысы 

субъективтік модальдылықтың міндетті белгісі болып табылмайды. Бұл - оның объективті 

модальдылықтан  айырмасы.Объективтік  модальдылыққа  қарағанда  субъективті  модаль-

дылықтың семантикалық аясы кең. Оның мағыналық негізіне айтылған пікір жайында баға 

берумен  бірге,  əртүрлі  эмоционалдық  реңктер  жатады.  Мыс.:  Мүмкін,  сен  дұрыс  айтып 

тұрған шығарсың (Ə. Əбішев). Мен барайыншы. Мен барсамшы т.б. – бəрінде де модаль-

дылық мəн бар. Сөйтіп, модальдылық сөйлеуші, сөйлесуші, айтылған пікірдің мазмұны жəне 

шындық болмыс сияқты қарым-қатынастың төрт түрлі факторының өзара күрделі байланы-

сын білдіреді (А.М. Пешковский). А.Ысқақов модальдылық категориясын арай категориясы 

деп атайды (Қазіргі қазақ тілі.Морфология, 1974,322-б.) » (188б. ...-Алматы.-«Фирма «Ор-

нак» ЖШС, 2012.-388б.).

Жалпы  тіл  білімінде  модальдылық  категориясына  жатқызылатын  мағыналар  əртүрлі 

екенін аталып жүргенін атап кетеді. Тілдік модальдылықтың функционалдық мəнін зертте-



173

уде қалыптасқан екі түрлі бағыт бар екенін атап көрсетеді: 1) модальдылықты рай категори-

ясымен сəйкес деп қарастыратын тар түрдегі бағыт; 2) сөйлемде не туралы баяндалатынын, 

қалай баяндалатынын, кім баяндайтынын, кімге баяндайтынын т.б. жəне сөйлеушінің жай 

қарапайым сенімінен бастап алуан түрлі эмоционалды-экспрессивтік мəндерді қамтитын көп 

аспектілі кең түрде қарастыратын бағыт. Кейбір ғалымдардың (Г.А.Золотова, В.З. Панфилов, 

В.Н. Бондаренко) модальдылықты тар мағынада түсінуі логикадағы реалдылық пен ирреал-

дылыққа негізделеді. Тілдік модальдылықты кең мағынада түсіндіруі В.В. Виноградовтың 

идеяларына сүйенеді: модальдылық сөйлеушінің ақиқат шындыққа қатысына, сөйлеушінің 

сөйлеу  мазмұнына,  əңгімелесушіге,  өз-өзіне,  сөйлеу  жағдаяты  мен  оның  формасына,  сон-

дай-ақ сөйлеушінің эмоционалды – экспрессивті бағасына да қатысты болады.

Ғалымдар пікірлерін топтастыра келе жəне жинаған тілдік материалдарды талдай келе, 

модальдылық  категориясына  төмендегі  мағыналарды  жатқызады:  сөйлеушінің  сөйленім 

мазмұнына  бағасы,  яғни  оның  айқындығы  /  айқын  еместігі,сөйлеушініңіс-əрекеттің  орын-

далуының  қалаулығына,  қажеттілігіне,  міндеттілігіне,  мүмкінділігіне  бағасы,  сөйлеушінің 

өз тыңдаушысына немесе өз-өзіне бұйыра, өтіне айтқан сөзі (Құлманов С. Қазақ тіліндегі 

мүмкінділік модальдығының функционалды – семантикалық өрісі. Филол.ғыл.канд... дисс. 

– Алматы,2004.).

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ə. Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы Қа-

зақстан халқына Жолдауына қатысты сарапшылар пікірлерін салыстырайық.

Субъектілік  модальдылыққа  «Егемен  Қазақстан»  газетінің  5-желтоқсандағы  №234 

(28712) санында «Ең жақсы жоспар – уақыт талабына бейімделе алатын жоспар» тақыры-

бындағы Жолдауды талдауға арналған пікірлерді алып қарап көрелік:

Ғабит Тұрсынбайдың сөзі: «Бұл жерде айтайын дегенім, Елбасы: «Дағдарыстың бəрі ке-

леді, кетеді. Қайта осындай өтпелі кезеңде ұтымды шешімдер қабылдап, қаракет ету қажет», 

деген құнды сөзін ұғындыра білуі бізді марқайта түсті. Олай дейтінім, 2015 жылы Қазақстан 

халқы  Ассамблеясы  жылы  болып  жариялануына  байланысты  Жетісу  жерінде  1,5  мыңнан 

астам  түрлі  деңгейде  шаралар  өткіздік.....  Жолдауды  тыңдай  отырып,  Мемлекет  басшысы-

ның  жариялылық  пен  ашықтықты  ұстанып,  əлем  халықтарына  бейбітшіліктің  тың  жолын 

ұсынғандығы туралы ойым беки түсті. Елбасының сөзін тыңдай отырып, өз ойына деген 

сенімі артқанын айтады.

Марат  Жаманқұлов  пікірінен  үзінді:«Біріміз  бəріміз  үшін,  бəріміз  біріміз  үшін»  деген 

қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз. Сəт сайын құбылған аласапыранға сай амал табуы-

мыз керек.Ең жақсы жоспар уақыт талабына бейімделе алатын жоспар болып саналады. Біз 

де заманның беталысына қарай, межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды жөндеп отыруы-

мыз қажет.... Жалпы, мемлекеттің жағдайын жақсарту үшін, ең алдымен, онда өмір сүретін 

адамдардың əлеуметтік –материалдық мүмкіндігі дұрыс болуы тиіс. Елбасы қашан да қоғам-

ды жəне оның басты байлығы – адамның жағдайын бірінші кезекке қойып келеді. Биылғы 

Жолдаудың маңыздылығы да осы болса керек». Жолдауды тыңдай не оқи отыра оны орын-

дау ел игілігі үшін деген қағиданы жақтайды.

Нұрлан Қалқа: «Қазіргі уақытта елімізде идустриялық – инновациялық бағдарламаның 

екінші бесжылдығы табысты жүзеге асырылып келеді. Осыған байланысты алдағы кездер-

де  техникалық  мамандықтарға  сұраныс  болатыны  анық.  ...  Бұл  жоба  осы  жолғы  Жолдау-

дағы жаңаша бастамалардың бірі əрі маңыздысы деп санаймын. «Үлгі алыңдар!Жылдар 

өтеді,бірақ, осы өмірлік тəжірибелерің, сендер қандай өмір жолын таңдап алсаңдар да мін-

детті түрде кəделеріңе жарайды» деген Мемлекет басшысының ұлағатты сөзі жастардың кө-

кейінде əрдайым сайрап тұрса ғой деген игі тілектемін. Елбасының Жолдауын жастар əрқа-

шан қолдап, оның өз керегін ала білсе құба –құп дегенді айтады.

Бақытбек Смағұл: «Шынын айту керек, біздің Президент тəуелсіз мемлекет дəрежесін-

дегі  стратегиялық  ойланыстардан  ғаламдық  ауқымдағы  толғаныстарға  көшкен  жаһандық 




174

деңгейдегі тұлға болып табылады. ... Шынында, ендігі барлық ісіміз, қимыл-əрекетіміз сан 

ғасыр ата-баба аңсаған Тəуелсіздікті əрі қарай аман сақтап, басымызға қонған бақыт құсын 

аялауға, экономиканы даму даңғылында сақтауға бағытталуы керек..... Ең бастысы, халқы-

мыз Тұңғыш Президент айналасында топтасып, қандай жағдайда да ауызбіршілігін сақтауы 

керек. Ата – бабамыз бірлігі жоқ елдің берекесі қашатынын айтып кеткен.Ынтымағы ыды-

раған елдердің соры қайнап, тірлігін қырсық шалуда. Бұл көзі ашық қоғамымызға сабақ бо-

луға тиіс». Əр істі бастауда ауызбіршілік болса, онда алға қойған мақсатқа жетеміз деп ой 

қорытады.

Садуақасова Кабира: Судья қызметіне тағайындауға үміткерлердің кəсіби деңгейіне та-

лап күшейтілмек, ол үшін сот жүйесінде бес жылдан кем емес жұмыс тəжірибесі болуы тиіс. 

.... Мұның өзін түптеп келгенде, біздің қоғамның таза демократиялық жолды таңдағандығы 

деп түсінген жөн. ...Міне, межелеген осы мақсат-мұраттарға қол жеткізуде сот билігін жүйелі 

түрде жаңғыртудың маңызы зор. Елдің де, Елбасының да көксегені осы».

Гүлжаухар  Жамбылқызының  пікірінде  əрине,  рас,  сөзсіз,  айдай  анық,  қажет  сөздері 

қолданылған:  Əрине,  əлемде  дағдарыс  дендеп  тұрған  кезеңде,  халықтың  алдағы  уақытта 

жағдайы қалай болар екен?- деген сауал мені де мазалағаны рас. Өз ойын білдіру барысында 

күдік пен күман қатар тұрғаны контекстен аңғарылып тұрғанымен, Жолдауды тыңдау немесе 

оқу барысында сарапшы өз ойына нақты да дұрыс жауап таба білгендігіне мына сөйлеммнен 

жауапты дəл бере білген: «Бүгін сол сауалдардың жауабын елбасының өз аузынан естіп біл-

дік. Мəселен, елбасының зейнетақы қаржысын бизнесті қаржыландыру үшін пайдалануды 

тоқтату керек,- деп айтқан ойын мен қолдаймын. Өйткені əр адам болашақта зейнетақымен 

қамтамасыз етілуіне алаңдайтыны сөзсіз”. Елбасының нақты талабынан келтірілген сөйлем-

де  керек  модаль  сөзінде  талап  айқын  аңғарылса,  естігеннен  дəл  өз  сұрағына  жауап  алған 

автор өз сөзін сөзсіз модаль сөзімен аяқтап сенімділікті айғақтап тұр. Сарапшының соңғы 

сөйлемдері былайша өрілген:» Ең жақсы жоспар - заман талабына бейімделген жоспар. Біз 

де  заманның  беталысына  қарай  межелерімізді  белгілеп,  жоспарларымызды  нақтылап  оты-

руымыз қажет. Біздің мақсатымыз - елі бақытты, жері гүлденген, қасиетті Отанымыз - Қа-

зақстанды мəңгілік ел ету», - деген Елбасы сөздері əр қазақстандықтың қаперінде жүрер ізгі 

сөздер деп ойлаймын».Алға мақсат қоюды, оны орындауға ұмтылысты қажет сөзі арқылы 

ұғындырса, деп ойлаймын тіркесі арқылы өз ойын нақтылайды. 

Сыздықова  Гүлбаршын  Олжабайқызының  пікірінде  субъективті  көзқарас  көрінбейді, 

нақты объективті көзқарас берілген.Оған автордың өз пікірі дəлел: - Елбасының Қазақстан 

халқына дəстүрлі Жолдауында бүгінгі қоғамдағы аса маңызды мəселелерге баса назар ауда-

рылды. Елбасы өз сөзінде ұлттық теңгеміздің қазіргі дағдарыс кезеңіндегі маңызын артты-

ру мақсатында атқарылатын нақты іс-шараларды атап көрсетті. Сонымен қатар ел экономи-

касын одан əрі дамыту, халықтың əлеуметтік əл-ауқатын жақсарту жолдары, білім, ғылым 

саласы қызметкерлерінің еңбекақысы мен білім алушылардың шəкіртақысын, зейнетақыны 

белгіленген пайыздық мөлшерде көбейту т.б. мəселелер де қамтылды. Елдің ішкі экономика-

сын дамытуда отандық өнімдерге деген сұранысты арттыру жолдары да атап көрсетілді. Ең 

бастысы, бұл Жолдауда Қазақстанның болашақ даму жолының бағыт-бағдарлары айқында-

лып, халықтың əл-ауқатын жақсартудың нақты жолдары көрсетілді. Бұл сарапшының пікірі 

жалпыға арналғаны, жалпы халықтың орындауына бағытталғаны, оның жақын арада орын-

далуы тиістілігі аңғарылады. 

Егемен  Қазақстанның  9  –  желтоқсандағы  санындағы  «Бəріміз  біріміз  үшін  дейтін  кез 

келді» атты мақаланы алып қарасақ, мынадай пікірлерді көреміз: «Жауапты сəтте бірлігімізді 

сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз керек. Біріміз бəріміз үшін, бəріміз біріміз 

үшін  деген  қағиданы  ұстанып,  еңбек  етуге  тиіспіз»,  деді.  Енді  бұрынғы  жетістіктерімізге 

малданбай, бұрынғыдан да іскерірек, бұрынғыдан да ықшам, бұрынғыдан да заман талабына 

сай жұмыс жасауға үйренуіміз керек. Өз елінің құдығына түкіріп, дастарқанын тіліп отыра-




175

тын ондайлардың ойбайына иланбау керек. Енді ешқайсымыз ешқайда шашырамай, Елба-

сының төңірегіне топтасып, осы жұмыстарды бір кісідей жүзеге асыруымыз керек. Қажы-

рлы  еңбекті  қажет  ететін,  келешегі  кемел  Нұрлы  Жолда  бірлігімізді  бекемдеп,  аянбай  тер 

төгуіміз керек.Нұрсұлтан Əбішұлы жұмыс таңдайтындар туралы айта келіп, бір жылдан соң 

кəсіптік-техникалық училищелерде тегін білім алуға болатындығын айтты. Қазақ жастары 

осы мүмкіндіктерді жібермеуі керек». 

Аталған газеттің 11 – желтоқсандағы санында «Фабрикамыздың ұраны – сапалы, ыңғай-

лы,  əдемі  жəне  арзан  өнім»  атты  мақалада  мынандай  пікір  келтірілген:  «Сондықтан,  осы 

дағдарыстың  бұралаң  –  бұлтарыстарында  да  біз  тек  өзімізге  сеніп,  береке  –  бірлігімізге, 

қажыр  –қайратымызға,  іскерлігіміз  бен  алғырлығымызға  арқа  сүйеуіміз  керек.  Бұл  ісіміз, 

меніңше, Қазақстан халқына Жолдауында айтылған Елбасы талабы мен баршамыздың алды-

мызға қойып отырған міндетке əбден сай келетін сияқты. Болашақта бұл көрсеткіш көбейе 

түсетіні шүбəсіз». Бұл сұхбатта да елбасының мына сөзі келтірілген: «Біз бəсекеге сай болу 

үшін  Қазақстанда  жасалған  əрбір  бұйымның  төрт  қасиеті  болуы  керек.  Сапалы,  ыңғайлы, 

əдемі  жəне  арзан.Сонда  ғана  ісіміз  өнімді,затымыз  өтімді  болады.  Өзімізді  өзіміз  қамшы-

лауымыз керек». Елбасының Жолдауында айтылған пікірлерінде керек сөзі өз орында жəне 

қажеттілікті, мəжбүрлік мағынада, осындай жұмыстың халыққа пайдалылығы, оны қолынан 

келетін жандар істеуі керектігі айтылған. Осы газеттегі «Кəсіпкерлер алғысы» атты мақалада 

да мынадай пікірлер бар: «Жолдаудағы экономиканың барлық салаларын дамыту үшін білікті 

мамандар қажет. Шындығында, өндірісті өрге сүйреу үшін мамандарға жол ашуымыз керек».

Бұл сөйлемдердің барлығы да ҚР Президентінің Қазақстан халқыныңа арнаған Жолда-

уында айтылған талап – тілектері.

Петров айтқандай, атауыш сөз қызметінде қолданылғанда да керек, қажет, сияқты сөз-

дерінің мағынасында айтушының көзқарасын, көңіл-күйін білдіретін мағыналық реңк сақта-

лынады.  Бұл  жерде  Елбасының  Қазақстан  халқына  дағдарысқа  қарсы  бағдарламасы,  одан 

шығу үшін істелуі керек жұмыс түрлері, не істеулері керек, қалай істеу керектігі жөніндегі 

бағыт-бағдарлары айқын беріледі. Негізінде, ҚР Президентінің Жолдауынан алынған үзін-

ділерде  субъективті  модальдылық  көрініс  тапқан.  Сарапшылар  пікірлерінде  субъективті 

жəне объективті модальды көқарастар аралас келіп отырады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   343




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет