Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет142/343
Дата06.01.2022
өлшемі2,56 Mb.
#13292
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   343
Пайдаланылған əдебиеттер:

1.Салқынбай А., Абақан Е. Тіл əлемі: Лингвистикалық терминдердің анықтамалық сөзді-

гі.-.Алматы: Қазақ университеті, 2009.-348б.

2. Қалиев Ғ.Тіл білімі терминдерінің сөздігі. Алматы.-«Фирма «Орнак» ЖШС, 2012.-

388б.

3.Егемен Қазақстан газеті, 2015ж.




176

ДИСКУРС (САЯСИ ДИСКУРС): ТЕОРИЯЛЫҚ МƏСЕЛЕЛЕР

Косымова Г.С. 

филол.ғ.докторы, профессор

Бурибаева Ж.Б.

6D021300 - Лингвистика 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 

Аннотация

В  статье  рассматривается  вопрос  о  понятий  дискурс  (политический  дискурс).  В  на-

стоящее время отмечается возросший интерес лингвистов к проблемам дискурса активных 

социальных групп, и прежде всего - политиков. Политический дискурс представляет собой 

явление, которое имеет частотное проявление и особое социальное значение в жизни обще-

ства. Вместе с тем феномен политического дискурса не поддается однозначному определе-

нию.

Аnnotation

The article deals with the concept of discourse (political discourse). Currently, there is an 

increased interest of linguists in the problems of discourse of active social groups, and especially 

politicians. Political discourse is a phenomenon that has a frequent manifestation and a special 

social signifi cance in the life of society. However, the phenomenon of political discourse cannot be 

unambiguously defi ned.

Қазіргі таңда лингвистика ғылымының дамуы тілдің құрылымын, тілдің стильдік тар-

мақтарын, қолданылу қызметіне тəн ерекшеліктерін жаңа ғылыми бағыттармен байланысты-

ра қарауды қажет етіп отыр. Соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқан антропоцентр-

лік лингвистика, когнитивті лингвистика, мəтін лингвистикасы, дискурс проблемасы сияқты 

жаңа бағыттар тілдің жеке, өз бетінше, оқшау тұрған қалпын емес, ада мның қабылдау, ойлау, 

түсіну, өзгеге жеткізу қабілеттерімен байланыстыра қарастырады.

Соңғы кезде «мəтін» ұғымы бар жерде «дискурс» ұғымын да қатар алып жүру байқалады. 

Дискурстың қамтитын аясы кең, кешенді ұғым.

Дискурс  –  көпдеңгейлі  үдеріс,  ол  айтушының  вербалды  мінез-құлқы  (дауыс  ырғағы, 

интонация,  паузаларға  бөлуі),  кинесикалық  мінез-құлқы  (ым-ишара)  сияқты  деңгейлерді 

қамтиды. Дискурста коммуникативтік ситуация мен интеракцияға қатысушылар жəне тілдік 

материалдар тоғысып жатады.

Дискурс ұғымы XX ғасырдың 70-жылдарынан бастап философияда кеңінен қолданыла 

бастады. Тұңғыш болып «дискурс» ұғымын Ю. Хабермас өзінің «Коммуникативтік компе-

тенция теориясына дайындық» атты еңбегінде қолданған болатын.

Философиялық сөздікте «дискурс» терминіне берілген анықтама да үлкен күдік туғыза-

ды: «Дискурс понятие, выдвинутое структуралистами для анализа социальной обусловлен-

ности речевых высказываний. Понятие дискурса особенно популярно в поструктурализме и 

деконструкции. Как правило, применяется в философии, социологии, когнитивных анализах, 

семиотике. Нередко используется просто как синоним «речи».

Лингвистикалық көзқарас тұрғысынан жоғарыда берілген анықтама дискурстың тілдік 

мəнін, оны талдаудың өзіндік ерекшелігін көрсетпейді. Лингвистикалық терминдер сөздігін-

де дискурс терминінің тілдік тұрғыдан бұдан гөрі толығырақ анықтамасы берілген: «Связ-

ный  текст  в  совокупности  с  экстра-лингвистическими,  прагматическими  и  другими  фак-

торами  текст,  взятый  в  событийном  аспекте,  речь,  рассматриваемая  как  целенаправленное 

социальное действие, как компонент, участвующий во взаимодействии людей и механизмах 




177

их сознания (когнитивных процессах). Дискурс это речь, погруженная в жизнь. По - этому 

термин дискурс, в отличие от термина текст, не применяется к древним и другим текстам, 

связи которых с живой речью не восстанавливаются непосредственно»[1, 36- 38].

Дискурс туралы ойлар қазақ тіл білімінде де, дəл сол терминмен аталмаса да қолданыста 

болған деуге болады. «Дискурс» сөзінің алғашқы мағынасы «ақылды ойлану» (разумные раз-

мышление) деген ұғымға да жақын. 

Дискурс  терминінің  жан-жақты  кеңеюіне,  əр  түрлі  сипатқа  ие  болуына  Д.  Ван  Дейк 

мектебі əсер етті. Мектеп өкілдері дискурс табиғатын толық ашуда когнитивті-прагматика-

лық əдіс-тəсілдерді пайдалануға болатынын айтқан. Бүгінде дискурс сөйлеуші---- мəтін-----

тыңдаушы тұрғысында қарастырылып, тыңдаушының қабылдауына айрықша көңіл бөлініп 

отыр. Дискурс – тілдік əрекет, сөйлеудің жолы, тəсілі. Дискурс – іс-əрекет, сұхбаттасушылар-

дың өзара қарым-қатынасы. 

Дискурс  ХХ  ғасырдың  70-80  жылдарынан  бастап  лингвистикада  алғашында  «сөйлеу» 

мағынасында  қолданылса,  жалпылама  түрде  «коммуникативтік  оқиға»,  «коммуникативтік 

жағдай»  терминдерімен  берілуде.  Сондай-ақ,  дискурс  дəстүрлі  стиль  ұғымын  ары  қарай 

нақтылау үшін жəне жеке жазушы, ақынның мысалы, Абай тілі, Əуезов стилі дейтін бұрын-

нан қалыптасқан тіркес мағынасын жаңалап айтатындар. Мəселен, қазіргі орыс саяси дис-

курсы, ғылыми дискурс, педагогикалық дискурс, публицистикалық дискурс, көркем əдебиет 

дискурсы, əдеби сын дискурсы, саяси дискурс деп аталып жүр. 

XXIғасырдыңбасынанбастапдискурс–тілдіккоммуникацияүдерісіменоныңнəтижесін-

детүзілетінмəтінұштастығындақарастырылыпжүр.

Дискурсбарысындаақпаратжелісіадресатқаəртүрліинтенцияларменжəнеолардыжалға-

стырушыбайланыстарарқылыжеткізілетінібелгілі.Тағыбірескеретінжағдай,ауызшадис-

курстажазбашадискурсқақарағандадискурстықайрықшабелгілер(маркерлер)онесекөбірек-

кездеседі.Оныңішінде,ауызшасөйлеудіңресмитүрінеқарағандаоныңбейресмитүріндеекіе-

секөпбайқаладыекен.Бұлауызба-ауызсөйлеутіліндегікоммуниканттардыңкөңіл-күйінің-

кейдеымдау,денемүшелерініңқимылысекілдібейвербалдыққұралдарменинтонацияарқылы-

берілуінедебайланыстыболыпкеледі.

Дискурсадамойыныңшындықөмірдегіболыпжатқанбелгілібірəрекеткебайланыстытіл-

діккөрінісіболғандықтан,осытілдікəрекеттісипаттаудатілдіңсинтаксистік,лексикалықжə-

несемантикалықдеңгейлеріменбіргеинтонацияныңдакөрінісберуітабиғиүрдіс.Олайболса,-

дискурстыңинтонациялықкөрінісінайқындауоныңқұрылымдықзаңдылықтарынашуғажəне-

берілгенақпараттыңдұрысжеткізілуінемүмкіндікберерісөзсіз.

Бүгінгі күні ситуацияға, адамның қызметіне, дискурсқа қатысушыларына, мəтінге, фак-

торлардың мазмұнына қарай жіктелген дискурстың жүздеген типтері бар. 

Т.И.Попованың ойынша, дискурс – белгілі бір объект аясына  қатысты ойлаудың тілдік 

тəжірибесі. Ол екі бастаудан құралады: 

 1. қарым-қатынас аясы мен əрекет формасымен анықталатын мазмұн;

 2. айтушының мазмұндық бастауға қатынасы.

Дискурс  мазмұны  функционалдық  стильдердің  негізінде  жатқандықтан,  олармен 

тығыз  байланыста  болады.  Айтушының  дискурс  мазмұнына  қатынасы  сөйлеу  субъек-

тісінің  қатынас  классификациясында  көрініс  табады.  Бұл  қатынас  бейтарап,  экспрес-

сивтік /эмоционалды боялған болады. Осы екі бастау (оқиғалы-мазмұнды жəне жекелік 

(личностный) негізінде Т.И.Попова диктумды жəне модустық дискурстардың классифи-

кациясын береді. 

Диктумдық дискурсқа ғылыми дискурс, кəсіби қарым-қатынас дискурсымен  күнделік-

ті  қарым-қатынас  жағдайында  ақпаратты    сұрау  (запрос)  жəне  алу  дискурсын  жатқызады. 



Модустық дискурстарға көркемдік дискурс, аксиологиялық дискурс (саяси жəне құқықтық 

дискурс,  адамгершілік  құндылықтарының  дискурсы,  діни  дискурс,  экзистенциалдық  құн-


178

дылықтар дискурсы), күнделікті қарым-қатынас дискурсын (отбасылық дискурс, достық қа-

рым-қатынас дискурсы) жатқызады [2, 641-643].

Біздің қарастыратынымыз саяси дискурс. Саяси дискурстың алға қойған міндеттері:

а) азаматтардың мəселені түсінуін анықтау; 

ə) қанағаттанарлықтай нəтижелерге жету үшін мəселені қандай қадам жасау арқылы ше-

шуге болатынына байланысты азаматтарға көмек көрсету; 

б) азаматтардың саяси процесттерге белсенді қатысуын арттыру жəне 

в) болашақ ұрпақпен қарым-қатынастың дұрыстығы, яғни олар келешекте белсенді аза-

маттар болуы тиіс.

Саясат  пен  тіл  бір-бірімен  тығыз  байланысты.  Саяси  тілдің  қарапайым  тілден  айыр-

машылығы:саяси  лексика  терминологияға  бейім,  ал  күнделікті,  саяси  емес  тілдік  белгілер 

əрқашанда қарапайым тілдегідей қолданылмайды;

дискурстың ерекше құрылымы;кейде сөйлеу тəсілдерінің өте ерекше нəтижесі; дискур-

стың дыбыстық жəне жазбаша көркемделуі де ерекше [3, 50].

Саяси дискурс жаңа лингвистикалық технология, радио, теледидар жəне ғаламтор секілді да-

мулармен сипатталады. Осылайша саясаттың кеңеюіне, дамуына жəне өсуіне мүмкіндік беретін 

жаңа дəуір пайда болады. Бір жағынан, лингвистикалық технологияны қолдану саясаткерлерге кең 

ауқымды əлеуметке, екінші жағынан, саясаткер əр сөзіне абай болу керек, себебі ол ары қарайға 

дамуына өз септігін тигізеді. Əр саясаткердің өзіндік стилі жəне дискурстық шектеуі болады. 

Саяси дискурстың анық емес жағы, белгісіз қауым алдында өте күшті жəне нақты сөз 

дайындау керек. Аудитория алдындағы сөз – бұл бір жақты дискурс. 

Саяси дискурс – əлеуметтік мəселелерді шешу жолындағы жасалатын ресми қадамдар. 

Ол шешім қабылдау үшін бүкіл азаматтардың қатысуына, өзгелерді үгіттеуге (дəлелді ақпа-

рат пен логика арқылы), сонымен қатар, əлеуметтік мəселелерді шешкенде қандай қадамдар 

тиімдірек  екенін  анықтауға  арналған.  Саяси  дискурс  тəуелсіздік  жағдайда  шешім  қабыл-

дайтын амал түрі. Қабылданған шешімдер дегеніміз- таңдау нұсқасының қай түрі көбірек 

мақұлданатынын байқауға негізделген [4, 51].

Заманауи  саяси  дискурстағы  саясаткерлер  өздерінің  көздеген  мақсаттарына  жету  үшін 

саяси имиджмейкерлер көмегімен түрлі лингвистикалық технологияларды қолданады, сен-

діру процестері немесе райынан қайтару секілді. Олар сөз сөйлеуге арналған түрлі мəтіндер 

дайындау барысында тек терең мағына мен əлеуметтік əлемді ғана қолданаып қоймай (құн-

дылық, сендіру). Олардың тіл білулері биліктегі құзыретін күшейте түседі. Дискурста билік 

атауы орын алатындықтан, саяси дискурсты – саяси күрес деп қарауға болады. 

Мұхтар Шахановтың «Мемлекеттік тіл мəртебесі бүкілхалықтық қолдауға мұқтаж» деп 

аталатын мақаласынан мысал қарастыра кетсек:



Егеменді еліміздің қайтсек көсегесін көгертеміз? Қазіргі заманның басты талаптары-

ның бірі осы болса, оны жүзеге асыру үшін ең алдымен мемлекеттік тіл мəселесін біржола-

та шешуіміз қажет. Тілсіз егемендік – жартыкеш, бабасыз, анасыз егемендік. Қарнымы-

зды тойдыруды кез келген елге барып шешуге болады. Ал қазақ тілі арқылы келетін рухани 

азықты ешбір елден таппайсың. 

Еліміз егемендікке қол жеткізгенімен, тілдік егемендікке қол жеткізілді деп əлі толық 

айта алмаймыз. Егер тіліміз кетсе, онда қазақы түріміз, қарнымыз жəне сол қарнымыздың 

мүддесі ғана қалады (Е.Қ. 07.01.2010.).

Мақала тақырыбының өзі саяси мазмұндағы мəтін екендігін көрсетіп, елдегі тіл мəсе-

лесі үлкен, əлі де шешімін таппаған мəселелердің бірі екендігін көрсетеді. Бұл мəтіндегі қа-

рым-қатынас мазмұны саяси тақырыптағы күнделікті қарым-қатынасқа негізделген.

Алғыр саясаткерлер сөздің мəніне аса үлкен назар аударады. Сөз бен басқа да тілдік бір-

ліктерді өзінің сөйлеу мəнерінде бақылауда ұстап, дұрыс қолдана білетін маман саяси дис-

курсты сенімдірек етіп, қыздыра түседі.



179

Қорыта  келе,  лингвистикадағы  ауқымды  орын  алатын  ұғымдардың  бірі  –  «саяси  дис-

курс». Саяси дискурстың қамтитын мəселесі өте көп, бірақ ең бастысы мəселені тыңдарманға 

дұрыс  жеткізе  білу  жолын  іздестіру.  Сонымен  қатар,  саяси  дискурсты  жүргізу  барысында 

туындайтын түрлі мəселелер: конструктивті дау, негативті сенімдер, деструктивті сенімдер, 

саяси əлеумет, идеологиямен байланысы, психологияның байланысы, дау мəселесі, келіспе-

ушілік,  бірін-бірі  құрметтеулер.  Мұның  бəрі  саяси  дискурстың  ерекшеліктері.  Саяси  дис-

курста «сенім» мəселесі мен «дəлел» маңызды орын алады, себебі бұқара халық осылардың 

арқасында өз таңдауларын жасайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   343




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет