Список использованной литературы:
1. Послание Президента Республики Казахстан Н.Назарбаева народу Казахстана – Ка-
захстанская правда, 10 января 2018 год., стр.1
2. Монография. — Волгоград: Перемена, 2002. — 477 с.
266
ДРАМАТУРГИЯНЫҢ КӨРКЕМДІК БОЛМЫСЫН ТАНЫТУ
Бораш Рыскүл Байділдақызы
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Əдеби шығармаларды оқытуда оқушылардың ақыл-ойын ғана емес, сезімдерін де биік
рухани идеалдарға бағыт бере тəрбиелеу маңызды орын алады. Оқушылардың эмоционал-
дық күй кешіп, математикалық немесе физикалық қабілеті ғана емес, адамтану қабілетінің
де өркен жаюына əдебиет сабақтарының тигізетін ықпалы зор. Осы мақсат əдебиетті, оның
ішкі салаларын оқыту əдістемесі жоғары талаптарға сай жасалуы керектігін дəлелдей түседі.
Əдебиетті оқыту əдістемесінің негізгі міндеттері- оқушылардың əдеби тілін жетілдіру,
оқырмандық мəдениетін дамыту, шығармалардың көркемдік болмысын түсініп қабылдауға
жол салу. Мұндай мақсаттар əдебиетті оқыту барысында оқушылардың жан-дүниесіне əсер
ете алатын əдістерді қолдану нəтижесінде ғана орындалады. Проза, поэзия, драматургия қай-
сысы болсын ең бастысы туындының көркемдік болмысын оқушыға таныта алатын жақсы
əдістер жүйесін қолдану арқылы ғана оқушының дамуы туралы айта аламыз.
Бағдарламада берілген драматургиялық шығармаларды оқи отырып, оқушылар тарихи-
əдеби үдерістер туралы біліп, əдебиет теориясынан білім алады. Осы арада бағдарламада
берілген драмалық туындының оқытылуы құрғақ, формалдық жолмен оқытылып кетпеуін
қатаң қадағалау арқылы ғана əдістеменің тиімділігі танылады. Сондықтан драмалық шығар-
маларды оқыту əдістемесінің міндеті- оқушыларға теориялық тарихи-əдеби білім беру жəне
сол білімді өз бетімен ала алатындай əдістер арқылы үйрету.
Драмалық шығарма - драматургияның заңдылықтарына бағына отырып шығармада кейіп-
кердің өмірінің белгілі бір уақыт кесіндісі немесе тұтас өмірі таңбалануы. Бұл жерде драмалық
шығарманың семиотикамен байланыстылығы туады. Өйткені, таңбалардың табиғатын зерттей-
тін ғылым - семиотика деп аталса, драмалық шығармада тіл арқылы таңбаланған мазмұнның
ерекшелігін тануда оның да қатыстылығыанық байқалады. Драмалық шығармада тілдің эмоци-
оналдық функциясы аса үлкен қызмет атқаратыны белгілі. Танымдық, кумулятивтік, коммуни-
кативтік қызметтері де ерекше түрде келіп, бірақ эмоционалдық аспектісі ерекше зор болады.
Драмалық шығарма - ерекше семантикалық жүгі бар тіл құралдарының қызметін танытатын
мəтін түрі десек, драмалық шығарманың мəтін теориясымен байланысы көрінеді. Драмалық
шығармада тіл құралдарының синтездік қызметі басым болады. Ондағы əрбір дыбысқа, сөзге,
сөз тіркесіне, сөйлемге, мəтінге ерекше күш түсіп тұрады. Онда ақпараттың берілуі, ерекше
тығыздықпен барынша нығыздалып келген тіл таңбалары қызметі негізінде жүзеге асады.
Драмалық шығарманы оқытудағы басты мəселе - драмалық шығарманың өзіне тəн
«тілін» таныту, ол үшін тілін тану жолын үйрету. Бұл екеуі қосыла келе, оқушыларға дра-
маны талдауға, оқып-игеруге қажетті ғылыми ұғымдар жүйесін үйрету керектігін көрсетеді.
Оқушы драмалық шығарманы өнер туындысы, əдеби туынды ретінде қабылдай алуы үшін,
оны прозамен, поэзиямен салыстырып тани білуі, олардың əрқайсысына тəн ерекшеліктерді
айқын көре алуы шарт.
Драмалық шығарманың əдеби туынды ретінде танылуы - оның тіл арқылы жасалған
өнер шығармасы болуында. Сондықтан да, сабақта драмалық шығарманы талдау барысында
оны мынадай аспектілерде қарастыру жөн болады.
Өнер туындысы ретінде жасалған драмалық шығарма - таным.
Образ теориясы.
Драмалық шығарманың “тіл” мен “сөйлеу” жүйелеріндегі ерекшеліктері.
Драмалық шығарманың шығармашылық туындысы ретіндегі ерекшеліктері.
Драмалық шығарманың мазмұны, пішіні (формасы), материалы. Оқушы (оқырман) мен
драмалық шығарманың “ішкі əлемі” мəселесі
267
Драмалық шығармадағы “автор бейнесі”.
Сюжетологияның негізгі мəселелері
Əдеби кейіпкер болмысы. Драмалық шығармадағы персонаждар жүйесі мен авторлық
позиция.
Драмалық шығарманы оқу барысында оқушы үшін дүниенің қандай маңызды бейнесі
танылады? Бұл сұраққа жауапты профессор Н.Ғабдуллиннің пікірінен табуға болады: «Пье-
са- драма,комедия - əдебиеттің ең қиын формасы,- дейді Горький. Қиын болатын себебі бар.
Проза мен лирикада автор кейіпкерлердің əрекеттерін, олардың жан-дүниесіндегі құбылы-
старды, жүректегі сезімдерін өз тарапынан еркін түсіндіріп отыра алады. Ал, драматургияда
авторға мұндай мүмкіншілік жоқ жəне кейіпкерлердің іс-əрекетіне де, шығарманың көлеміне
де қатаң шек қойылады. Пьесада бүкіл іс-əрекет, бар оқиға біздің көз алдымызда өтіп жатқан-
дай боп көрінуге керек. Сол оқиғалар сипатынан кейіпкерлердің өткен өмірін де, келешегін
де білеміз. Автор пьесада драматургияның қатаң талабына оқиғаны бағындырады, бірақ ге-
ройлардың іс-əрекетінің даму заңдылығын берік ұстауы тиіс»- драма шарттарын толық көр-
сетіп береді.[1,13б].
Сонымен бірге, Н.Ғабдуллин адам өмірінің кез келген жағдайы драмалық шығармаға өзек
бола алмайтынын айта келіп, драмада адам өміріндегі ең маңызды, өнегелі, дүйім жұртқа қы-
зықты жағдай ғана бейнеленуі керектігін атап көрсетеді [1,14].
Драматургияның мазмұны күнделікті күйкі тіршілікті натуралистікпен тілдік таңбамен
суреттей салудан құралмайды, есесіне, өмірдегі күрмеуі тым қиындаған, шешімі тым көме-
скіленіп, адамдардың жан-дүниесінде алапат құбылулар мен сезімдер туғызған жағдайларды
суреттеп, соларға шешім іздеуінен құралады.
Драматургиядағы образ ұғымы мен драмалық шығарманың мəнінің тығыз байланы-
стылығы негізгі орында болады. Образ ұғымына түрліше аспектіден берілген анықтамалар
бар: психологиялық түсініктеме, таза мазмұндық түсініктеме, философия-əдебиеттанушылық
түсініктеме. Психологиялоық тұрғыдан түсініктеме беру В.М.Жирмунский, М.Столяров ең-
бектерінде негізгі орында болса, таза материалдық немесе таза мазмұндық түсініктеме беру
А.Мясников, Г.фон Гильперт еңбектерінде орын алады. Олар образ ұғымын форма немесе
көркемдік əлем деген ұғымдармен алмастырады. Философиялық-əдебиеттану тұрғысынан
берілетін түсініктеме В.Кожинов, И.Роднянская, М.Эпштейн еңбектерінде беріледі.
Бұл жердегі образ ұғымы - шығарманың идеясы, автордың жан-дүниесінен толғанып
шығатын дүниенің жинақы бейнесі. М.Əуезов драматургияны театрмен байланысты қара-
стыра келе, театр өнерінің қазіргі кезеңде дамығанына қуанышты екендігін айта отырып,
оның жауапкершілігі туралы баса назар аударады: «… Бірақ сол қуанышпен бірге, бұл си-
яқты ірі өнердің келешегі үшін жауапты екенімізді де ұмытпауымыз керек. Сондықтан бұл
мəселеге үлкен сақтықпен кірісіп, көп ойланып, ептеп басу керек»,- дейді [2,28б]. Бұл жердегі
сақтық, жауапкершілік дегендерді автордың драмалық шығарма арқылы берілетін мазмұнға
деген сақтығы, образдар арқылы оқырманның жан-дүниесінен орын алатын идея үшін жау-
апкершілігі деп түсіну керек.
Драмалық шығарманың маңызы сонда суреттелген негізгі мазмұнмен, ішіндегі кейіп-
керлермен танылып қоя салмайды. Драманың түпкі мəнісін түсіну үшін, онда суреттелген
адамдар бейнесіне философиялық заңдылықтар тұрғысынан көз сала алу керек. Драмалық
шығармада суреттелген образ - өмір-күрестің сан-саласының ішіндегі белгілі бір ситуация-
ларда өзінің шын мəнінде кім екендігін көрсетуі арқылы сомдалатын болмыс. Мысалы, 8 сы-
ныпта оқуға берілген Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасындағы образдар галлереясын
мысалға алуға болады.
Драмалық шығарманың өнер туындысы ретінде «тіл» мен «сөйлеу» жүйелеріндегі ерек-
шеліктерін таныту əдістеме үшін маңызды мəселе. Ең алдымен, өнер - адамдар арасындағы
қарым-қатынастың бір формасы екендігіне назар аудару керек. Өнер - дүниені таңбалаудың
268
бір формасы десек, өнердің де семиотикалық яғни таңбалар теориясы тұрғысынан қарасты-
рылу жолы болатынына ден қоямыз. Виктор Гюго ғылымды баспалдаққа теңейді, ал өнер
болса, баспалдаққа ұқсамайды, өнер - өзінің ішкі салаларымен ерекшеленіп, əрқайсысы, үл-
кен, алып таудың бірін екіншісі жалғап жатқан тамаша тізбегін бейнелейді. Сонда, ғылымда
даму бар да (себебі ол - жоғарыға ұмтылған баспалдақ сияқты), өнерде даму болмай ма? де-
ген сұрақ та тууы заңды. Өнердің дамуы туралы айтқанда қоғамның, əрбір халықтың, ұлттың
даму тарихын қоса айту керек, себебі өнер - қай кезеңнің болса да таңбаланып қалған бейнесі
болып табылады. Ендеше, жалпы өнер табиғатына тəн ерекшеліктер мен заңдылықтар дра-
малық шығарманың табиғатына да тəн болатыны сөзсіз.
Драмалық шығарманың да таңбалар жүйесінде өз орны болады, өйткені ол - тіл арқылы,
сөйлеу арқылы таңбаланған туынды. Драмалық шығарманы адам баласының тамаша мүм-
кіндіктерінің бір формасы ретінде тану - осы өнер түрінің терең тынысын, əсемдігін түсіну,
осындай дүниені туғызушы авторлардың табиғатындағы танымдық потенциалдың ерек-
шелігі мен қызметін білу мен бағалауға жетелейді. Шекспир таңбалаған орта ғасырдағы Ро-
мео мен Джульеттаның тарихы мен Ғабит Мүсірепов таңбалаған Қозы-Көрпеш пен Баян
сұлудың тарихындағы ортақтық - адамға тəн керемет қасиеттің, махаббаттың, түрлі кезең
мен түрлі қоғамдағы орны мен бағасы. Махаббаттың барлық адамзат ұрпағына тəн болуына
сүйсіну мен оның болмысындағы керемет əсемділікті суреттеуге ұмтылу - екі кезеңдегі екі
драматургтің түпкі мақсаты. Екі драмалық шығарманың да төрешісі - уақыт. Уақыттың сы-
нына төзіп, барлық талаптарының үдесінен шығып жатқан бұл шығармалардың ерекшелігі
- тілдік құралдардың тамаша үйлесімділігі арқылы сомдалу құпиясында жатқанын барлық
оқушы бірдей түсіне де бермейді. Оны арнайы тілдік талдау жүргізу арқылы ғана түсіндіре
аламыз. Тілдің таңбалық сипаты осындай терең түсінікпен келгенде ғана айқындалады. Дра-
малық шығарманың əдебиеттің ерекше жанры ретінде, өзіндік тіл құрылысы, өзіндік сөйлем
жүйесі, ішкі тілдік заңдылықтары болады. Драмалық шығармадағы əрбір сөз, сөз тіркесі,
сөйлем, абзац, мəтін - интонациямен, ырғақпен, ұйқаспен, əуезбен байланысты болады. Ав-
тор шығарма жазу барысында мұның барлығын жіті қадағалап отырып жазады. Драмалық
шығарманың сахналық өнермен байланыстылығы ондағы құрмалас сөйлемдердің аз болуын,
шұбалаңқылықтың болмауын талап етеді.
Драманың шығармашылық жұмыс туындысы ретіндегі ерекшелігін қарастыру үшін ал-
дымен, шығармашылық туралы қарастырып өтеміз.
Сөздікте шығармашылыққа мынадай анықтама берілген: «Шығармашылық психоло-
гиясы (психология творчества) - суреткердің өмірді танудағы, мəдени қазынаны жасаушы
ретіндегі жеке психологиясы, жаңа бір туындының қиялда туғанынан бастап, оның аяқта-
луына дейінгі динамика, яғни көркем шығарма жасаудағы жалпы жəне жекелеген заңдылық
процесі, шығармашылық психологияның ерекшелігін зерттейтін əдеби, ғылыми көзқарас.
Шығармашылық психологиясының жалпы психологиядан өзгешелігі жазушының шын-
дықты бейнелеу процесін жете үйренуі жəне оларды ерекше бір көркемдік түрде жүзеге
асыра білуі, сондай-ақ, жазу тəсілінде, психологиялық үдерісте тек психологиялық тұрғыдан
ғана келмей, əдебиеттану, эстетикалық жəне басқа да іргелес қажетті пəндерді де тиімді пай-
далана білуінде» [3,369].
Драмалық шығарма - драматургтің шығармашылық еңбегінің нəтижесі ретінде дүниеге
келген туынды. Драматургтің құндылық жасауға ұмтылған қызметінің нəтижесінде көптеген
дүниетанымдық көзқарастарының бір арнаға тоғысып, жаңа дүние, яғни драмалық шығарма
жасауға кеткен күш-қабілетінің, уақытының барлығы - шығармашылық еңбек болып санала-
ды. Тау мен жер, су мен жел, жан-жануарлар мен құстар болып əсер ету нəтижесінде туын-
дайтын, сондай-ақ адам мен адам арасындағы қатынастардың санаға, жеке адамның бол-
мысына, танымына əсер етуінен туындаған дүниелер болады. Бірақ кез келген адамға, кез
келген уақытта, кез келген нəрсе əсер етіп, нəтижесінде рухани құндылықтар туа бермейді.
269
Ол үшін шығармашылық қабілет пен шығармашылық қасиет болуы керек.
«Гамлетте» таңбаланып қалған Шекспирдің қабілеті, таным күші, құндылықтарының
əлемі, интеллектуалдық білімі мен интеллектуалдық актілердің барысы - осы драмалық
шығарма жасалғаннан бері барлық оқырманын да, көрерменін де өзімен бірге алапат сезім-
дерге алып кететін əлі де құпиясы, сыры шешілмеген шығармашылық деп аталатын қасиет.
Осындай қасиеттің ең дегенде үштен бірі болса да, ол шығарма - тамаша шығармалар қа-
тарында жүр. Ал оқырманы мен көрерменін ондай сезімдерге бөлей алмаса, ол драмалық
шығарма - көркем шығармашылық үдеріс нəтижесінде тумаған дүние деп танылуы хақ.
Біздің ойымызша, драмалық шығарманы терең тани түскен сайын шығармашылықтың
өзін тану əдістерін де анықтауға болады.
Драмалық шығарманың мазмұнын, формасын тану да оқушы үшін маңызды болып сана-
лады. З.Ахметов мазмұнға мынадай анықтама береді: «Əдеби шығарманы талдағанда, оның
мазмұны мен түрі деп, ішкі сипат-қасиетін жəне сыртқы көрінісін бөліп қараймыз. Сонда
мазмұн дегеніміз - шығарманың өмір шындығын, құбылыстарын бейнелі түрде көрсетіп, ой-
сезімге əсер беретін мағыналылығы деуге болады. Əдетте, шығармадағы мазмұн көркем ой
көрігінен түрленіп шыққан өмір шындығы делінеді. Былай деуге, əрине, негіз бар. Алайда
мазмұн деп суреттелген өмір құбылыстарын айту қисынды болмас еді. Өйткені, шығарма-
ның мазмұны - баяндалған, көрсетілген уақиға, жағдай, өмірлік құбылыстардың тікелей өзі
емес, соның көркемдік көрінісі, сөзбен мүсіндеп берілген суреті» [3,221].
Мазмұн мен форманың болмысы драмалық шығармаға қатысты танылған кезде, драма-
лық шығарманың өзіндік табиғаты айқындала түсетіні сөзсіз. Өйткені драмалық шығарма-
ның проза мен поэзиядан ерекшеленетін қырлары мол. Олар:
театрмен байланыстылығы
көлемінің шектеулілігі
оқиғаның қызу тартысқа құрылуы
кейіпкер бейнесі диалог, монолог арқылы танылуы
терең сезімді танытатын лирикалық тəсіл мен шиеленіскен оқиғаны баян ететін
эпикалық жанрға тəн көркемдік тəсілдің қабысуы.
Р.Нұрғалиев мазмұн белгілі бір форма арқылы өмір сүре алатынын айта келіп, форма
бұзылса, мазмұн да бұзылатынына назар аударады. Ғалымның айтуынша, негізгі мəселе,
шығармадағы мазмұн мен форманы жалпы теориялық тұрғыдан қарастыру аз болатын-
дығына, сондықтан мəселені нақты, дəлді деректерге сүйене отырып зерттеу қажеттілігінде
[4,146].
Драмалық шығарманың мазмұны мен формасы оның құрылымын туғызады. Бұдан дра-
маның өзге жанрдан ерекшелігі аңғарылады. Əрине, драмалық шығарманы талдау, тану мүл-
де мүмкін емес деген пікір тумайды, қайта, драмалық шығарманың өз заңдылықтары ерек-
шелене түседі. Драмалық шығарманы қарастыруда екі аспекті бары белгілі, олар: театртану
мен əдебиеттану салалары. Поэтика мен философиялық эстетикада драманы зерттеуге үш
жолмен келеді, олар:
1. Драмалық іс-əрекеттер теориясы тұрғысынан келу;
2. Драмалық сөз теориясы тұрғысынан келу;
3. Катастрофа мен катарсис тұрғысынан келу
Əрбір жекелеген драматургтің шығармашылық ерекшелігін айрықша етіп тұратын
концептуалдық түрдегі тақырыптар мен идеялар болатын сияқты, драмалық шығарманың
құрылымындағы кейбір компоненттердің орнын ауыстырып көрсе, комедия мен трагедия-
ның мазмұндары да өзгерер ме еді? Міне, сондықтан да драмалық шығарманы мектепте оқы-
туда оқушыларға үйрететін əдістің бірі салыстыра талдау болуы керек. Өйткені, драмалық
шығарманың мазмұны мен формасы көп жағдайда, оның құрылымына, құрылымының бөл-
шектері мен олардың орналасу жайына да көп байланысты болады. Осылардың ізімен жүріп
270
отыратын болсақ, драмалық шығарманың мазмұны мен формасы - оқушыларға үйретілетін
негізгі ұғымдар екендігі танылады.
Драматургияны оқыту əдістемесінің іргелі тұсы- драмалық шығарманың теориясына,
əебиеттану ғылымының əдісіне негізделеді. Теориялық ұғымдар арқылы оқушы драмалық
шығарманың мазмұнындағы психологиялық-көркем тетіктерді нəзіктікпен ажыратып тани
алады.
Драматургияны оқыту əдістемесі өзіндік күрделі құрылымға ие, бұл күрделілік мектеп
бағдарламасында драмалық шығармалардың санаулы болып келуінде. Өйткені, күні бүгінге
дейін мектеп бағдарламасында драматургиялық шығармаларды оқытуға жете көңіл бөлінбей
келеді. Жаңартылған білім бағдарламасы да бір-екі драматургиялық туындымен шектелген.
Бірақ, қазақ əдебиетінің теориялық мəселелерін зерттеуші ғалымдардың бұған қатысты ең-
бектері мол. Бұл мəселе мектепте драматургияны оқытуға теориялық база жасалғанын дəлел-
дей алады.
Достарыңызбен бөлісу: |