Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет204/343
Дата06.01.2022
өлшемі2,56 Mb.
#13292
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   343
Байланысты:
Н.Оралбай-конф.материалдары

Сипаттау– қоршаған ортадағы белгілі бір құбылысқа тəн белгілерді санамалай отырып, 

сөзбен  бейнелеп  көрсетудің  тілдік  тəсіл.  Монологтік  сөздің  бұл  түрінде  сол  құбылыстың, 

заттың түрлі қасиеттерін бөлектеп сипаттау көзделетіндіктен, Баяншы өзінің əр сөзіне жете 

мəн береді.

Сипаттаудың мақсаты – оқырманның я тыңдарманның көз алдына бір нəрсені тұтас қал-

пында елестету үшін сол нəрсеге қатысты белгілерді жан-жақты ашып беру. Сипаттау сөздің 

формуласы: Сипаттау = белгі + белгі + белгі. Сипаттама сөзде көзделген нəрсенің нақты 

белгілерін дəл беретін сөздер мен сөз тіркестері таңдалады.

Сипаттама сөз нысанаға алынған нəрсенің ерекшелігіне қарай: тұрмыстық, портреттік, 

интерьерлік,  пейзаждық,  ғылыми-техникалық  жəне  істің  жайына  қатысты  сипаттау  болып 

іштей бөлінеді. 



272

Сипаттау мəтінінің баяндауыштары не есім сөзден жасалады немесе өткен жəне ауыспа-

лы осы шақ формаларындағы етістіктер қолданылады. Оның өзіне тəн ерекшелігі сол, онда 

сипатталып  отырған  нəрсенің  барлық  белгілері  сол  сəттегі  қалпында  бір-біріне  байланыс-

сыз бөлек күйінде көрсетіледі. Мысалы: «Бөлменің іші терезеден түскен күн сəулесінің жа-

рығымен ап-анық көрініп тұр. Төбеде алтын шынжырмен бекітілген, хрусталь тастары 

жалтыраған сəнді аспалышам. Еденде қалың, ашық түсті қалы кілем. Терзеге сол кілемнің 

түсіне үйлесімді етіп қымбат торғын перде ілініпті. Бөлменің оң жақ шетіне үлкен пиани-

но қойылған. Пианиноның жанындағы журнал үстелінің үсті толған нота қағаздары».Бұл 

мысалда бір бөлменің ішіндегі заттар (шам, кілем, перде, журнал үстелі) жеке-жеке қалыпта 

сипатталған. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   343




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет