лері дастарқан басында шешілуі дастарқанның киелі екендігін білдіреді. Қазақ халқында
əдепсіздіктің белгісі болып саналады. Осындай ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпақтарына
айтып кеткен əрбір тыйымында терең мағына, мол тағылым жатыр. Мəселен, дастарқан оң
айтылса керек.
417
Ал жасы үлкен адамнан бұрын тамаққа қол салмау, атасы батасын бермей дастарқан-
нан тұрмау, т.б. сияқты ұлттық мəдениетті білдіретін ырым-тыйымдар əр қазақ баласының
бойына жастайынан сіңген əдептіліктің белгісі болып саналады.
Қазақта
«таңертеңгi асты қалдырма, түскі асқа телмірме, кешкi асты бақпа» – деп
келетін тұрақты сөз тіркестері қазақы ортадағы дəстүрлі наным-сенімге негізделген ас қабыл-
даудың күнделікті тəртібін бейнелейді. «Таңғы ас тəңірден» деген түсінік бойынша, таңғы
асты қонақтың отбасы мүшелерімен бірге қабылдауы, тіпті, кездейсоқ кіріп келген адамның
үйдегілермен бірге ас ішуі немесе асығыс болса осы астан ауыз тиюі парыз. Ал соңғы екі
ұстанымды түскі жəне кешкі тамақтанудың үй несібесі мен берекесіне балағандықтан, ар-
найы жəне құдайы қонақ болмаса, көрші-қолаң жəне басқа кездейсоқ келген адамның осы ас
мəзірлеріне қатысуын шектейтін, осы арқылы көршілік байланыстарды реттейтін əлеуметтік
мəнді жосын деуге болады [4].
Үйге келген адамдарға дəм таттырмай шығармайды. Дəмнен үлкен нəрсе жоқ, дəм, асты
сыйлау қадірлеу, қуыс үйден құр шықпау, тағамды шайнаңдап шығу керек. Бұл жосынның
негізінде дəм бұйырған үйден тоқшылық, һəм молшылық арылмайды деген идея жатыр.
Осыған орай, қазақы ортада ас үстіне келген адамға «бізге деген көңілің ақ екен», ал астан
кейін келгенге «біз туралы пікірің теріс екен» деп келетін тіркестер қалыптасқан [4].
«Дəмге қарамады, сыйламады», «дастарқан аттады» деп келетін фразеологиялық тір-
кестер адамдар арасындағы өкпе-реніш немесе тіпті, араздықты бейнелейді. Келтірілген мы-
салдар ас қабылдау үрдісінің аса маңызды этномəдени функция атқаратындығын көрсетеді
жəне ас пен ас қабылдау ретінің адамдар арасындағы қарым-қатынас өлшемінің көрсеткіші
бола алатын дара қасиетін айғақтайды [5].
«Дастарқан – келісім» когнитивтік моделі. Дастарқан басында айтылған əңгіме өне-
гелі, ал шешілген мəселе мен жасалған мəміле дəйекті болуға тиіс. Өсиет айту, бата беру,
достасу бəрі де дастарқан басында шешілген. Дастарқаннан дəм татқандар татуласады, бір
келісімге келеді. Мысалы, «Алдыңа келсе əкеңнiң құнын кеш» ағаттық үшiн сұралған кешiрiм-
дер де осы қарапайым дастарқанның құдiретiмен өз шешiмiн тауып жатады.
Дастарқан басынан бірлесе ас қабылдауға байланысты «дəмдес, табақтас болу», «қо-
лынан дəм тату», «дəм тұзы жарасу» жəне т.б. қатарлы ұғымдар қалыптасты. Бұл ког-
нитивтік түзілістер көшпелі ортадағы мүдделес адамдардың арасындағы жақындықты біл-
діреді [5].
«Дастарқан – салт-дəстүр» когнитивтік моделі. Дастарқан басында қазақ халқына
тəн табақ тарту жоралғылары жүргізіледі. Қонақтардың атағына қарай тартылатын табақты
түр-түрмен атап, əрбіріне өзінің сыйлы, кəделі жілік-мүшелерін тартатын салт бар. Олар бас
табақ, орта табақ, аяқ табақ, сый табақ, құда табақ, төре табақ,
күйеу табақ т.б. тілдік
бірліктермен репрезенттеледі. Осындай табақ тартылған сыйлы қонақтар үй иелерінің үл-
кен-кішілеріне өзіне тартылған табағынан арнайы жілік ұсынуды да «сыйға сый» ізеттілік-
тің белгісі. Табақтағы етті тек жеу үшін деп емес, көңіл-құрмет үшін деп те түсінгенін паш
етеді. Содан, «бас ұсыну», «құлақ ұсыну», «тіл ұсыну», «көз ұсыну», «таңдай ұсыну» деген
дəстүрлері əлі де ұмытылған жоқ [6].
Қариялардың балаларға құлақ кесіп беруінің үлкен тəлім-тəрбиелік мəні бар. Жасынан
үлкен кісілердің қолынан құлақ жеп, өсиеттерін тыңдап өскен бала сөз тыңдағыш, сөз қадірін
түсінгіш, ақылды, білімді азамат болып есейеді деген түсінік бар. Ал таңдайды қыз балаға
беретіні - өнерлі болсын дегені. Тілімізде осыған қатысты таңдай қақтырарлық өз ісінің
шебері,
жезтаңдай əнші тіркестері қалыптасқан.
Осы сияқты белгілі бір ұлттық-мəдени концептінің аясында шоғырланған мəдени
мазмұнды білдіретін мақал-мəтелдер, бейнелі сөздер, афоризмдер, фразеологизмдер, мета-
форалар мен теңеулер, т.б көркемдегіш-бейнелегіш құралдар тілдің паремиологиялық қоры
лингвомəдени бірліктердің негізгі тілдік көрінісі болып саналады. Бұл жөнінде Н.Уəлидің:
418
«Сөз мəдениетін коммуникативті-прагматикалық, когнитивтік жəне лингвомəдениеттік,
этикалық, лингвоэкологиялық тұрғыдан қарастырудың концептуалдық негіздерін анықтау,
сөздің коммуникативтік сапаларын анықтау – сөзбен өрілген қазақ мəдениетін жаңғырту
ісіндегі өзекті мəселе» [7], – деген тұжырымдары осыған дəлел.
Сондай-ақ, үйренушілерге «дастарқан» концептісінің аясында тілімізде ертеден қалып-
тасқан ақ дастарқан, кең дастарқан, ақ бата, ас қайыру, т.б. тілдік бірліктерге түсіндірме-
лер берілсе, қазақ елінің мəденитанымдық жəне елтанымдық құндылықтарынан хабардар
етіп отыратыны сөзсіз. Мысалы,
Ас қайыру – тамақтанып болғаннан кейін дастарқан басындағы ең үлкен əрі құрметті
адам асқа бата береді. Мұны астан кейін айтылатын бата болғандықтан, шартты түрде ас
қайыру деп атайды.
Кең дастарқан – қазақ өзінің кең пейіліне қарай дастарқанын да кең жайып ұстайды.
«Дастарқаның мол болсын, пиғылың кең болсын!» деп келетін бата да халқымыздың бай-
шүлен көңілінен туса керек. Содан да үйіне қандай қонақ келсе де дастарқанын молынан
жаяды.
Осындай қазақ халықының ұлттық болмыс-тіршілігін бейнелейтін түрлі концептілердің
астарында жатқан мəдени ұғым-түсініктерді үйрету арқылы үйренушілердің танымдық
көзқарастарын қалыптастырып, қызығушылығын, арттырып, логикалық ойын дамытып, қа-
тысымдық əрекеттерге тартуға болады.
Сонымен ата-бабамыздың білгірлігімен, көрегенділігімен мирас болып келе жатқан төл
мəдениетімізді, ондағы орындалатын дəстүрлерімізді, жосын-жоралғыларымызды ұмыттыр-
май, сақтап қалу, оны сабақ үрдістерінде ұтымды пайдалану – қазіргі қазақ тілін оқыту əді-
стемесінде өзекті мəселелердің бірі болып саналмақ.
Əдебиет
1. Оразбаева Ф. Тіл əлемі. Алматы: Ан Арыс, 2009. – 368 б.
2. Қадашева Қ., Асанова У.О., Ашикбаева Б.Г. Қ 15 Қазақ тілін туыс тіл ретінде оқыту
əдістемесі (түркі тілдерінде сөйлейтіндер үшін). – Алматы: «Кантана-пресс», 2012. – 400 б.
3. Əлметова Ə.С., Лингвомəдениеттану негіздері. - Алматы, «Кие» баспасы, 2011.
4. Қазақтың дəстүрлi ас-тағам мəдениетi. –Алматы: ҚМӨҒЗИ, 2002.
5. Садықов Б., Сариев И., Отарбаев А. Ақ дастарқан. –Алматы: Қайнар, 1987.
6. Бопайұлы Болат Жотақажы. Қазақ кəдесі. – Алматы: Бастау, 2003.- 192 б.
7. Уəли Н. Қазақ сөз мəдениетінің теориялық негіздері: филол.ғыл.докт. дисс.авторефе-
раты. – Алматы, 2007. -56 б.
«Қазақ тіл білімі: жаңа ғылыми бағыттар жəне оқытудың заманауи əдістері» атты ха-
лықаралық ғылыми-əдістемелік конференцияға қатысушының
ӨТІНІМІ
Аты-жөні (толық)
Сейтбекова Айнұр Аташбекқызы
Жұмыс орны
Санкт-Петербор Гуманитарлық Кəсіподақтар Университеті
Алматы филиалы
Қызметі
оқытушы
Ғылыми дəрежесі, атағы
филол.ғыл.кандидаты, доцент
Мекенжайы, индексі
-
Байланыс телефоны
87751032800
Электронды мекенжай
Ainurseit@mail.ru