Атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары 26 қазан 2019 ж


Бір анық – егемендікті елдестіруден іздеді



Pdf көрінісі
бет17/92
Дата22.05.2023
өлшемі1,94 Mb.
#96037
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   92
Байланысты:
A Кекилбаев (1)

Бір анық – егемендікті елдестіруден іздеді. 
Екінші анық – тəуелсіздікті татулықтан тапты. 
Үшінші анық – бодандықтан бостандыққа барар бағытты ұлттық 
болмыс пен кəсібиліктен тартты. Гəп, Əбіш – кемел кезеңінде осы 


98
ғасырлық, халықтық арман-тілектің орындалуында биік мінберден сөз алып, 
көсемсөзділікпен атсалысқан айбынды автордың бірі болды, бірі болса – өзі 
болды. Олай болатыны сөзгердің алғашқы қалыптасу кезеңі дəуірлеу кезеңіне 
жасаған дайындық – шолу қаракеті болды. Сол арқылы əр кезеңнің кездейсоқ 
оқиғаларының себептерін қоғамдық қатынастан, мəдени аралықтан қарастырып 
отырды. Мəселен, «Аш бөрі», «Ең бақытты күн», «Ажар», «Бір шөкім бұлт», 
«Жүндібарақ», «Күй» əңгіме-повестерін осындай теңізден мұхитқа түсер 
бұғазаралық аялдамасының өткелі іспеттес туындылар еді. Сондай-ақ, «Ақ 
қайың», «Кек», «Көз жасы», «Галстук сатушы қыз туралы хикая», «Ор теке», 
«Есболай», «Тасбақаның шөбі», «Ақырғы аялдама», «Міне керемет», «Бəйге 
торы», «Құс қанаты» еңбектері, Əбіш Кекілбайұлы көсемсөзінің алғашқы 
қарлығашындай ой мен қиялдың, шындық пен шырғалаңның өмір таразы-
сына айналған еңбектері əлеуметтік қоғамдық маңызы зор көркем көсемсөз 
үлгісінде танылды.
Мəселен, «Аш бөрі» əңгімесінің əсерлі шығуы заман шындығының көріні сін 
айғақтайтын туынды екендігінде. Күйші Құрманғазының күңіренісі – заманға 
білдірген назасы еді. Сібірге айдалып азапты абақтыдан азатты кең далаға та-
баны тигенде домбыраның қос шегі солқылдай жөнеледі. «Мұң шаққан əуез. 
Бірақ, егіліп-төгілмейді. Бір түрлі өрекпіген өр күңіреніс». Домбыраның үні, 
қасиетті қос шектің тілі – еркіндікті аңсау күмбірі. Сонау ауыр кезеңді сипат-
тау, бейнелеп баяндау асыл мұра домбыраның еншісіне тисе, орындаушысы – 
Құрманғазы, баяндаушысы – Əбіш. Рухы Алатаудай асқақ екі тұлғаның араға 
бірнеше дəуір салып сұхбаттасуы. Ал енді, сөзгердің «Көз жасы» əңгімесінде 
өмір ағымымен қайталанып келіп жатқан орайлы сəттерді, ұлы сезімді 
ұлтарақтай сөзбен əдемі жеткізеді. Ойдың қабысуы, шындық дүниесімен орай-
ласа өрбиді де шынайы өмір көркемдігімен беріле отырып, шымыр сөздермен 
айшықтала түседі. Мысалы, «... – Апа-ау, ана Сəбит бар ғой, əкем Жанқожа 
десем, шын əкеңнің атын айт деп кітабымды бермей қойды. Анасы отырған 
орнынан тырп ете алмай қалды. Басын жуып отыр екен. Қып-қызыл жүзін 
ұлынан төгілген қою қара шашы ғана жасырып тұрды».
Алайда, Əбіш шындықты жасырмады. Ол адам тағдырын тəлкек еткен осы 
бір ауыр жылдардың көрінісін заманның келбетінен іздейді. Өмір шындықтың 
айнасы – сөзгер соны танып білу үшін оның себептерін халықтың басы-
на түскен ауыртпалықпен байланыстырады. Уақыт өткен сайын қайғы мен 
қуаныш артта қалады да, еске алу кездері ұлғая түсіп сағынышқа айналады. 
Сонысымен өмір көші жалғаса бермек. 
Əбіш Кекілбайұлының еңбегіндегі ерекше сипатқа ие боларлық жайт 
– ол өмірдің өзі. Сол заман кесірінен келген кесапат сезім Нұртай баланың 
жүрегінде қалып қояды. Алайда ол кімді жазғырарын білмейді. Бала намыс, 
бала жүрек, құпия көңілдің азабын тартып, азалы күндерді бастан кешіреді. 
Мəселен, «Ертесіне ол тағы мазақтар деп мектепке балалардың ең соңынан 
кешігіп келді. Класқа кіре бергенде мұғалім:


99
– Неге кешіктің? – деп сұрады.
Өңі жылы. Нұртай үндеген жоқ.
Мұғалім журналды алды.
– Жарайды, атың кім?
– Нұртай.
– Фамилияң?
Нұртай үнсіз.
– Фамилияң кім? Көкеңнің атын айта қойсаң болады.
Бала жалт бұрылып есікке зыта жөнелді. Мұғалім аң-таң.
Нұртайдың столдың үстінде қалып қойған дəптерінің бетінде екі тамшы 
мөлдірейді.
Міне, асау өмірдің аумалы-төкпелі кезеңдерінен теперіш көріп, тепкі жеген 
жас ғұмырдың көз жасын – Əбіш шындығы əділет тұрғысынан баяндайды. 
Сөзгер баз біреуді айыптап, əлде біреуді күндеуден аулақ. Тек соғыс дəуірінің 
ащы кермегін, ел ауыртпалығының алуан қиындықтарын сол кезеңнің 
күнделікті оқиғаларынан алады.
Автордың «Бір шөкім бұлт» шығармасының идеялық өзектілігі де дина-
мика лық қуатынан өрбіп отырады. Ол турасында Сағат Əшімбаев былай дейді: 
«Автордың шығармадағы негізгі идеясы – бір шөкім бұлттай шағын семьяның 
басында болған қабырға қайыстырар трагедиялық өткір драмалық шиеленіске 
толы өмір эпизодтары, сол кездегі баршаны шарпыған, баршаның басындағы 
ащы шындық екенін көрсету». Демек, Əбіш қаламының дəуірлеуі қоғамдық 
шындықты көрсете білуімен өріс алды дей аламыз. 
1969 жылы «Жұлдыз» журналында жарияланған «Күй» повесі əлеуметтік 
əділетсіз көріністердің қоғамдағы белең алған кезеңдерін сөзгерлейді. «Ұя мен 
жебе» сапарнама очеркі де 1968 жылы «Лениншіл жас» газетінде жарияланды.
«Өмірмен өрелес өмір» (1965), «Өрісін тапқан талант» (1963), «Жыр мерейі» 
1964), «Мұратына жеткен адам» (1966), «Сын неге сынала береді» (1965), 
«Романдағы адам» (1966) секілді еңбектері алғашқы жылдардағы Əбіштің 
тырнақалды туындылары делінгенімен, бұл тақырыптардың көтерер жүгі 
мен атқарар қызметі, берер тағылымы ұшан-теңіз. Жай сөз, жалаң сөйлемдер 
емес, сын, сараптау, талдау, салыстырмалы ретінде самғауға құлаш, созып, 
қанат сермеген ізденіс ілкімі болып есептелді. Алғашқы сүрлеудің арнасы 
кеңіп, толғақты дүниелер төңірегіндегі тақырыптар іріктеліп, толғандырған 
заман туындылары ақтарыла берді. Романдарға жол ашылып, арыны күшейіп, 
екпінге күш, қуатқа дес қосыла берді. Алайда, мұның өзі ізденушіліктен кел-
ген табыс. Шалдықпаған шабыс Əбішті жаңылдырмай жаңа соқпақтарға тарта 
берді. Кейінгіге мұра, ұрпаққа ұлағат бере кесек туындылар, кемеңгер ойлар 
сөзгердің қарымын кеңейте түсті.
Сондай-ақ, «Есболай», «Бір шөкім бұлт», «Көлденең көк атты», «Жүн-
діба рақ», «Ең бақытты күн» атты еңбектері соғыс уақытындағы ауыл, ел 
тұрмысының күнделікті тіршілігін шынайы көрсетумен қатар адамдар өмірін 


100
де қаз қалпында еш боямасыз көрсетеді. Сөзгердің «Ор теке» еңбегіндегі 
табиғи жаратылыстың тауқымет тартып, қырғынға ұшырауын аянышты бол-
са да айғақты жазған. Көсемсөзгер алмағайып заманның көрінісі мен күрделі 
күйкі тірлігін тамаша келтіреді. Бір топ киік. Жазыққа шықса да, жайылым 
жайласа да, суатқа түссе де, тіпті жан сауғалап биік аңғарлардан асса да екі 
аяқтылар тыныштық бермейді. Кəнігі кəрі теке қартайып, қалың қарда омбы-
лап ол өлді. Жас теке – Ор теке үйір киікті игеруге тырысады. Алайда, екі 
аяқтылар мен төрт аяқты азулыларға жем болып, озбырлықтың құрбанына 
ұшырайды.
Енді, қаламгер даланың келбетіне шырай кіргізген сұлу мүсін жаратылыстың 
психологиясын адамзат мінезімен арасалмақтайды. Олар да өмір сүргісі келеді. 
Еркіндікті, мамыражай тіршілікті аңсайды. Тыныштыққа аңсары ауады. Бірақ, 
армандары алыстап кетеді. Осыны Əбіш идеологиялық тұрғыдан алады да 
адамзат дүниесінің ашкөзділігімен салыстыратын нысанаға айналдырады.
Айталық, Ор текенің ойын былай береді. «Осылардың жайбарақат жай-
ларына жайылып жүрген жабайы үйірдегі шаруалары қанша екен?.. Кең 
дүниені қарадай тарылтып, қарадай қараң суға алдыратын да жүретін бұл не-
ткен кесір нəсіл еді?!» ... Қара жердің бетінде қаптай жайылып өз төлдерім 
жүреді ғой деп еді. ... Жақсы үміттің адымы неткен қысқа еді. ... Неткен келте 
дəурен еді! ...Тіпті алдындағы үйірін жаңа бауырына түгелдей қысып шығып 
та үлгере алмапты. ...Үлгергендері де аяқ астынан жалп-жалп тыраң асты. 
Енді оларға бастарын қосып бір үйір, бір қауым боп бірге өріп, бірге түнеп 
жүрер дəурен қайда!» – деген Ор текенің ішкі монологы – сыртқы дүниенің 
қапысыз қайранына өкіндіріп, ғапыл өмірдің қапелімде қысқа тартып кеткенін 
шындықпен алмастырады. Көсем еді, көш бастай алмады. Көсіліп бауырын 
жаза алмады. Бас болғысы келген бала теке «... дымға түсінбей бейкүнə қос 
жанар айнала тосқан тажалдан басқа ештеңе ұсынбаған жарық жалғанды 
қимағандай тесірейіп жатыр...». 
Дала тағысының ішкі жан дүниесінің күйзелісі – табиғат ана тағылымының 
бұзылуын, тепе-теңдіктің, қоршаған орта жарасымдылығының ойран 
асыр алапатқа айналуының қоғамдық сипаты еді. Географиялық орта мен 
экологиялық жəне биологиялық түрдің тепе-теңдік мөлшерінің жойылуы 
еді. Айталық, «Екі аяқтылар сеңгір-сеңгір қара қошқыл таудың екі бөктерін 
де қасқыр тиген қотандай бөрліктіріп бірдеңелерді қазды, бірдеңелерді үйді. 
Күнде дүрсіл, күнде тарсыл», – деген шалғайдағы шарасыз текенің жарық 
дүниеге деген құштарлығын, сөзгер тізбектелген ой өрімдерімен еңсеріп, 
кестелі жұмсақ сөйлемдермен жұмырбасты пенделердің түйсігіне салады.
Сөзгердің «Құс қанаты» повесіндегі идеялық көркемдіктің қаншалықты 
салмақ көтеріп, қаншалықты кезең сүреңдерінің жүгін арқалап тұрғанын 
аңғарған сайын аңсарың ауа түседі. Мазмұны – қарт ана, жалғыз ұл, қыз 
тұрмыстанған.
«Марқұм осы үйдің адамы осы баласы туғанда қолындағы жалғыз қашарын 
кіндік кесерге беріп еді». ...Баласы екіге толмай жатып майданға кетті. ...Сол 
кеткеннен мол кетті». 


101
Ұлы ержетіп, оқу бітіріп қызымет істейді. Қалаға шешесін қолына алады. 
Қарт ананың ауылдас, құрбылары əзілдеп «қолыңды жылы суға маларсың,» 
дейді. Ұлы үйленеді. Анасы көп жыл осыны арман еткен еді. Қар жауады. 
Қыстың соңы. Кемпір оны «Құс қанаты», – дейді. Кейіпкерлердің аты атал-
майды. «Осы үйдің адамы», «Əй біздің үйдің əйелі», Атасы, əжесі деп қана 
алынады. Мəселен: «Анада шашын алып беріп кеткен ақсақ қоймашы: «Мына 
патшағардың басы қызық екен. Маңдай жағы жаңа піскен тəмші қауындай 
дөңгеленіп жатыр да, желке жағы қазанның асқабағындай қыртыс-қыртыс. ... 
Мынауың əйтеуір мен көрмеген бас екен!», – деген «Шопан қайнағасы» деп 
аттарын атамайды.
«Баласы кішкентайында əуейілеу еді. Мал сауып жатқанда қой қосақтас деп 
жіберсең, ауылдың шетінде батып бара жатқан күннің шапағына қарап аузы 
аңқайып тұрар еді. Соны көрген Шопан қайнағасы:
– Айтпады деме осы балаң адам болмайды. Малдың қарасынан қашқан қай 
қазақ оңып еді. ...Кешке жатарда баласы бұның құлағына сыбырлайтын:
– Апа мен адам болмағанда не боп кетем?
– Е, не боп кететіні несі? Енді бір он жылда мынау деген жігіт боласың!»
Қарт ананың ойы. Күйеуі отыз үш жасында соғысқа кетіп оралмады. Өзі 
сері еді. Той-томалақ ойын-сауық онсыз өтпеуші еді. Ауылдан аттанарда: « – 
Көз көрген сары аяқ келіп едің, мына оқымысты неме ит арқасы қиянға алып 
барады», – деп аумалы-төкпелі заманның ырқы солай болса, жалғызымның 
жанында болайын деген қарт ананың ойын қаламгер ширата келіп, «Қия 
шеттегі бөтен қала, бөтен молада атасы жатыр. Қай бұтаның түбінде қалғаны 
белгісіз əкесі жатыр. Менің жаным, менің сүйегім солардан артық боп па: 
Жер таңдайтын, мола таңдайтын жайым жоқ. Жалғызымның қолынан бір уыс 
топырақ бұйырып, қара жердің астына кірсем армансызбын», – деп кедір-
бұдыр жолда сылдырақ машинаға қосыла тербеліп бұл келе жатты».
Қаламгердің көсемсөзділігі де осы арада көркемделіп қарт ананың ой- 
көзқарасы арқылы уақыт келбетін аша түседі. Нақтылық деңгейін тану үшін 
де стильдік ерек қолданысқа да ие. Əрі ұлттық, дəстүрлі бабалар жолының 
ардақталып, мұрагерлік бейнетін көтеру, оны сақтау, сол жолдағы кедергілерге 
де бас тігу оқиғалы емес, саналық тіні қаламгердің дəуірді меңзелеп сипатын 
аша түскен.
Əбіштің алғашқы шығармаларының арқауы – сұрапыл соғыстың зара-
ры. Қоғамның көрінісі бағы ашылмаған жандар, зарлаған аналар, көз жасы-
на малынған қыз-келіншектер, басқыншылықты басынан өткеріп отырған 
жұртшылық пен тұқыртқан тұрмыспен алысқан тұрғындар, тоқыраған 
шаруашылық, тоқмейілсіген дұшпанның басымдығы бəрі тұтасып келіп 
топалаң түзге айналған дəуір жүгін ел иығына аса салған.
Міне Əбіштің көрегенділігі мен пайым-пішімділігі кезеңдер кесапатын, 
адам жанының ішкі күйзелісін психологиялық əлеуметтану тұрғысынан та-
нып білуінде.


102
Сөйлемдері тік шаншылып, ашуға батпайды, тезге берілмейді. Арзанға 
ұтылып, мінезге жеңілмейді. Бұл Əбішке ғана тəн қасиет. Шайқалған дүние, 
шашылған ел-жұрт, сүреңсіз сұрғылт заман, адамдар төзімінің төрешісі болған 
уақыт шіркіннің ұзақтығы бəрін қалжыратып тастаған. Өйткені, азапты күнің 
жылға парапар, ал қуанышты сəтің түс көргендей-ақ. Сондықтан, алыстағы 
арманың қыр асқан сайын жақын көрініп, таяған сайын ұзара түсетіні де со-
дан. Ақыры онымен қауышарың хақ. Қоғамның өзгермелі кезеңдеріндегі орын 
алған адамдар санасындағы күйзеліс-қиналысты тудырып, табиғи тұрмыс сал-
тына қайта оралудың жолдарынан алшақтай береді. 
Уақыт дүрбелеңі əкелген қым-қуыт бұралаң белдерді басып, жазыққа 
шығып жансақтау тəсіліне көшкен қарапайым ауыл адамдарының ішінде 
Əбіштің жан дүниесі де қоса қабат жүруі осындай заңдылықтың ережесіз 
қабылдануында еді. Көсемсөз иесінің қисынды ойларының негізі де осындай 
шындық шеңберіндегі кəсіби тұжырымға жетуі.
«Құс қанаты» еңбегінде қаламгер кейіпкерлерінің аты-жөнін атамайды. 
Оның екі жақты себебі бар. Біріншісі, Герольд Бельгер айтқандай «ол көш пен-
ділер өмірінің қазір ұмытыла бастаған этнографиялық детальдарына ерекше 
мəн береді. ...Сол детальдардың əлеуметтік – философиялық мəн мағынасына 
үңіліп халық өмірін, адам жанының ішкі иірімдерін ашуға тырысады». Бұл 
пікірді құптай отырып, қазақтың бабалар салған дəстүрлі үлгі-өнегесінің за-
ман шындығының айнасы екендігінде шүбə жоқ. Екіншіден, қаламгер кейіпкер 
атауының бəлендей маңыздылығын айтқалы тұрған жоқ. Мəселе, əңгіменің 
бас-аяғы аралығындағы қоғамдық тарихи құбылыс тудырған тағдырлар 
тақсыреті. 
Автордың «Бір шөкім бұлт» шығармасын оқығанда да күрделі шырғалаңға 
шырмалмай көркемділігіне көңіл тояды. Қаламгер еңбегінің жемістілігі зіл 
батпан уақыт салмағының аяусыз сəттерін айшықты суреттеуінде. Жүздерінде 
мұң, көкіректерінде шер, тек ертеңгі күнге деген үміт ұшқынын жоғалтпаған 
ауыл адамдары бір-бірімен тағдырлас еді. Əр таңды «аһылап» атқызып, əр кешті 
«үһілеп» батыратын сол бір шыдамды да төзімді қарапайым жандардың жүдеу 
жүздері əр сəт қуанышты күтті, əр сəт күлімдеп жанарына жалт етіп, сəуле 
шашар шуақты минуттарды аңсады. Тек ертелі-кеш еңбекпен ғана еңселерін 
түзеп, есірік заманның епсіз күндерін сенімділікпен серпіп, сергектілікпен 
жеңе білді. Күнде атың өшкір «қара қағаз», күнде бір жанұя күңіренуде, үлкен 
кіші үдірейіп, бала-шаға үрпиіскен қарасы батқыр қара заманның ақыры бар-
ма екен, – деп күйзелгенімен, күңіреніп кетпей, ұйымдасып, ұйыса түседі. 
«Осы ауылда жалғыз қорқатыны почташы Түсіп, – Бұл күнде бұл ауылдың 
Китлері Түсіп болды ғой», – дейді Теңге кемпір. Аласапыран айқастан қан 
төгіліп, қылыш сермер, оқатарлар оқиғасын көрмейсің. Ол сыртқы дүние. 
Алайда, Аққаймақ, Шайзада, Жаңылсын, сынды кейіпкерлерді жеке дара тану 
үшін дидарласып отырасың. Қаламгер шығармашылығының тақырыптық 
идеясы бір текті тұжырымдылығымен ашық мазмұнда дами түседі де 


103
жұмырбасты пенденің басындағы жұмбақ дүниені емес, Аққаймақтың жəне 
оның төңірегіндегілердің ішкі жан құбылыстарындағы терең толқынысты та-
рихи тауқымет шындығымен сабақтастыра отырып, қоғамдық көріністің ди-
намикасын поэтикалық суреттеумен өзіндік қолтаңба қалдырады.
Ізденіс аясындағы Əбіштің тапқырлығын аңдыр болсаң, Аққаймақ жоқ іздеп 
шығады. Құбыла жолмен жоталардан асып, əртүрлі ойдың жетегінде кетпей, 
«өмір өткен күн емес, есте қалған күн» – дегендей артта қалған «мың күнді» 
көз алдынан тізбектейді. «Бұрнағы күні шығарда ашу үсті абайламай күйзеліп 
кетіпті. Ермекжан: «Апа, қайда барасың?», – деп жабыса берген соң, – «Түйе 
іздеп... Осы үйде ол жамандатқырды мен іздемегенде кім іздейді», – деп қонып 
еді атқа. Осы арада автор өз кейіпкерімен үзеңгілес қатар келе жатқандай. Оның 
көңіл күйі де, іс-əрекеті де сөзгердің мінез құлқымен ортақтасып, қарама-
қайшылықтың заңдылығынан жапа шегеді. Алайда, сөзгер мен заманның 
дəуірлестігін қоғамдық ара-қатынастан тауып отырасың. 
Əңгіме, сыр-сұхбат құрғандай, оның көңіл күнделігін ашады. Ал, Аққай-
мақ тың «көңіл күнделігінде» шерлі заман шежіресі жатыр. Ол шежіре бейбіт 
елдің қасырет белесінің айнасы. Бейнетті күндердің берекелі шақтары 
жақындағандай болғанымен «Бір шөкім бұлт», «тек бұның үстінде ғана бір 
шөкім бұлт тұр» еді деп содыр дəуірдің солқылын таңбалайды.
Əбіш Кекілбайұлының «Жүндібарақ» еңбегіндегі шағын ауылды қаумалаған 
қиындықпен қоса тауқыметі көп жылдардың келбетін адамдардың көңіл-күйін, 
табиғаттың құпия мінезімен байланыстыра нанымды береді «Шашып тұрған 
сəулесі де ақ теңбіл, көк теңбіл, сары теңбіл боп əлемтапырақтанып кетіпті». 
Таутасырдың тасасында жасырынған аюлар да адамдарды тас лақтырып мерт 
қыла бастайды. «Желтөбенінің етегіндегі ...кішкене қыстақты шошытатын-
дай сұмдық-ақ көп екен бұл дүниеде», – десе қыспақта қалған қыстақтың 
соғыстан оралмаған тұрғыны Текес, «Аюдың терісін бауырына басқан күйі 
баяғы үңгірдің аузындағы қара тасты құшақтай құлаған». Оның жары Ажар 
ажал құшқанда – үрейден жанпидалыққа барды ма? Жоқ. Əрине, мына зар 
заманнан баз кешкен Ажар Текеске деген сағыныштың сары уайымына түсіп, 
онымен о дүниеде кездесуге бел буған болды.
Осы шығарманың психологиялық тұрғыдан өрбуі сол кезеңнің ауыртпалығын, 
адамның жан-тəніне, тіпті, санасына əсер етіп уайым-қайғының құрсауында 
қалдырғаны шындық дүниесі еді.
«Көз жасы» еңбегіндегі күйеуі майданнан қайтпай қалған Ажардың тағ-
дыры Əбенмен байланғанда «жігіт қызуы бірте-бірте молайып денесі де 
жақын сезілді» деп шынайылық сюжетімен əдемі келтіргенде оның нəтижесі 
«Қып-қызыл жүзін ұлынан төгілген қою қара шашы ғана жасырып тұрдыға» 
əкеп соқтырды.
Алайда, бүгінгі көзқарас тұрғысынан алынған таңдау таразысы мен тал-
дау талабына ден қояр болсақ, Əбіш Кекілбайұлының, «Ең бақытты күн», 
«Аш бөрі», «Көлденең көк атты», «Есболай», «Ор теке», еңбектері бір қолдан 


104
шыққан бірыңғай типтес, мазмұндас болғандықтан дəуір панорамасын кең 
ауқымда көз алдыңа елестете аласың. Себебі, заман шындығын боямасыз 
бұлтартпайтын астарлы ақиқат. Əрі философиялық ұғымды өмірдің өзінен алып 
береді. Өйткені, тіршілік – ғұмыр философия. Қалтарыс қамбылына малтыққан 
тірінің күні үнемі қимыл-қозғалыс, іс-əрекет үстінде сомдалады. Қиырдағыны 
көріп, қиядағыны шалады. Секемшіл, сонысына қарай сақ. Қиындықты қарсы 
алып, қайырымдылықпен шығарып салады. Өмір деген ұлы дауылдың жел 
жағына шығып, аяусыз тағдырдың ажырамас бөлігі адам екенін ұғынып, ол 
үшін мүсіріктенбей пендешілігін алға тартып, ардақты жаратылыстың ай-
бынды күрескері ретінде асауланады. Осындай көсемсөзділікпен жазылған 
Əбіш философиясы тулаған толқындай шабыт алады да заман тербелісінің 
тетігін тапқандай кейіпкерлерінің жан даусы – дəуір дүбірі, тəн жарасы – за-
ман сызаты, – деген ой түйсікке түйінделеді. Сондықтан да Əбіш еңбегінің 
биік мұнарасына жетуді мұрат етіп, ондағы кейіпкерлердің көлеңкесіне бірге 
тоңып, көз жасына бірге малынасың.
Жалпы, Əбіш Кекілбайұлының тəуелсіздік, егемендік тақырыбындағы 
көсемсөзділігі кездейсоқ дүние емес. Қаламгер идеясының түп мақсаты 
халықтық драмаға айналады да оның төркінін тағы да жалпы халықтық, 
қоғамдық тенденциядан іздейді. Демек, Əбіштің пайымы тарихи теңсіздіктің 
кеспірі əлеуметтік əділетсіздікті тудыратындығын айқындай түспек. Алай-
да, осының өзі қоғамдағы шешуші факторға айналатынын дəлелді келтіреді. 
Мəселен, «Елең-алаң» «Үркер» тарихи романдарында дерекнамалық аху-
алдарды көркемсөзбен өре отырып, оның маңызды əлеуметтілігін арттыра 
түседі. Сатыр-сұтыр сойылдар мен қынсыз қылыштардың жарқылын үнемі 
көз алдыңа əкелмейді. Əлеуметтік қатыгездікті адамдардың, би-сұлтандардың 
мінез-құлқымен, айла-шарғысымен ашады. Хан Əбілқайырдың орыс елшісі, 
Тевкелевті астыртын шақыртуы, ханның өзін, ел ағалары мен ру-тайпа 
басшыларының қарсылығына ұшыратады. Осы бір жоңғар шапқыншылығы 
кезеңіндегі тарихи шындықты Əбіш трагедиялық көрініспен емес қисын 
(логика) мөлшерімен сипаттайды. Əбілқайыр ханның арманы жоңғар 
басқыншылығынан бас сауғалау емес, елді қантөгіс апатынан аман алып 
қалу. Тұтас бір ұлттың келешегін сақтап қалу үшін де Бөкенбай, Есет батыр-
лар қолдау көрсетті. Сөйтіп, ауыр да болса ертеңгі ұрпақ өзі таразылай жа-
тар деп тəуекелге бел буды. Ұлы Ералыны кепілге берді. Қандай жағдайда, 
қалай ойласаң да басқаша шешім жоқ. Жеке бастың, арам пиғылдың шешімі 
емес. Жұтылып бара жатқан жұртын, жоғалуға айналған елді мекенін, даңғаза 
дүбірден тозған даласын адақтап алу мақсатында би сұлтандар алдында ба-
сын бəске де тікті. Міне, Əбіш Кекілбайұлының романдары желісіндегі 
көсемсөзділік нышанды – Əбілқайырдың тəуелсіздік жолын іздеу амалынан 
байқаймыз.
Дəуірлеу кезеңі – 1970-1990 жылдар аралығы деп айта аламыз. Əбіш 
Кекілбайұлының жазуға қатты ден қойған жылдары. Өмірдегі беймəлім 


105
құбылыстарды сол кезеңнің өзінен, оқиғаларынан, адамдардың көңіл-күй 
сезімінен іздеді. Тіршілік дүниесінің ұңғыл-шұңғылына терең үңіліп, оның 
психологиялық құпия сырларын ашуға ақыл-жігерін жұмсады. Сөйтіп, 
философиялық пайымдауларға қол жеткізді. Күнделікті қабысқан күрделі 
қозғалыстан, уақыт ағымын, өзгеріс бағытын аңғарып отырды. Алайда, мұндай 
жетістіктерге төзім мен табандылығының арқасында қол жеткізді. Сөйтіп, 
оның қаламынан «Бағзы мен бақиды жалғастырар сара жол» (Жұлдыз, 1988, 
№12), «Ортеке», (Жалын, 1989, №6) «Ауыз», (Жалын, 1989, №6) «Бір уыс 
топырақ», (1974) «Көлденең көк атты» (Лениншіл жас, 1975), «Есболай», «Ең 
бастысы – ел тағдыры» (Лениншіл жас, 1990), «Əділет бар жерде ынтымақ 
бар» (Қазақ əдебиеті, 1989, 11 тамыз), «Ел еңсесі биік болсын» (Халық кеңесі, 
1990, №1), «Тасбақаның шөбі» (Жұлдыз, 1978), «Міне керемет» (Жұлдыз, 
1978), «Құс қанаты» (Жалын, 1978), «Бəйгеторы» (1974), «Ақ қайың» (Жа-
лын, 1989 №6), «Тырау-тырау тырналар» (1973), «Ұйқыдағы арудың оянуы» 
(Жұлдыз, 1975) сапарнама очерктері мен повестері жарық көрді. Сондай-ақ, 
«Бір шоқ жиде» (Жұлдыз, 1978), «Самғау мен құлдырау» (1976), «Өмір, талант, 
шығарма» (Жұлдыз, 1982), «Бунинмен жолыққанда» (Лениншіл жас, 1970), 
«Өлең көкжиегі» (Жұлдыз, 1971) сияқты талдау, сараптау еңбектерін жазды. 
«Асқар биік əлі алда» (Жалын, 1987), «Қалтқысыз шындық жыршысы» (Қазақ 
əдебиеті, 1988), «Шабыттың шалқар өрісі» (Қазақ əдебиті, 1989), «Шыңырау» 
(1971), «Шеткері үй» (1978), «Өнердің өрен жүйрігі» (1987), «Үркер» романы 
(1981), «Елең-алаң» романын (1984) атап айта аламыз.
Ұлт тағдырының ауыр да қилы кезеңдеріндегі тарихи оқиғалар желісін 
бүгінгі тəуелсіздік аңсаған елдің ұлы арманымен ұластырып жатқан қоғамдық 
идеясын аңғарып отырасың. Əділетсіздікке жұтылған қаншама бейбіт адамдар 
моральдық, материалдық, саяси-əлеуметтік құлдыққа ұшырап, қаншама жан 
құрбан болды. Бұл тарихи прогресс емес, тарихи жұтаңдық, тарихи озбырлық 
ойраны. Сол заманның əттегенайын бүгін жөнге келтірсе, бүгін қолға алса, 
бүгін тəуелсіздік туын көтерсе, тарихи əділдіктің орнағанына əлемнің көзін 
жеткізер едік деген аңсау тілегін ұғынасың. Намыс пен күрескерлік рухы-
мыз қайта жанданып, жадымыз жаңарып, бабалар аруағына тағзым еткенде 
ұрпағының мақтанышын айтып, еңсемізді ел қатары биік ұстар едік деген 
сөзгердің тереңде жатқан ой-ниет тұтастығына өзің де оқырман ретінде кірігіп 
кетесің.
Əбіштің кейіпкерлері қоғамдық, елдік деңгейде ой ұзата білетін тарихи 
тұлғалар. Олардың өздерінше ойлануы, белгілі бір мақсатпен сапарға шығуы, 
сөйлеген сөздері мен істеген іс-əрекеттері қоғамдық сипат алып отырады. 
Мəселен: Əбілхайырдың толғанысы, Есет пен Бөгенбайдың оны мақұлдауы 
немесе автордың Құттымбет, Сейітқұл, Қарабас пен Мəтіні əңгіме арасына 
қисынды кіріктіруі олардың ішкі монологтарының бірлігін əлеуметтік алаңға 
шығарады. Осының өзі ойлау негізінде қалыптасқан публицистикалық сарын-
ды дəлелдейді. Яғни, Əбіш Кекілбайұлының сомдалған батыр да батыл, ел 
басқарған ойшылдары үшін көп дүние жұмбақ, алайда, істің дəл тығырыққа 


106
тірелгендегі шамасы тарихи шешімдер қабылдауға итермелейтіні айғақ. Осы 
негізде автор шегініс жасап, тарихи баянды, құжаттамалық тарихқа енгізіп 
отырады. Мəселен: «1715 жылы орыстар Бекович – Черкасский атап кеткен 
Дəулеткерей Бекмұрзин 1760 адаммен Астраханьға келді. Март айында қасына 
6350 адам ертіп 20 кеме, 150 түйемен Касспийдің терістік шығыс жағалауын 
зерттеп қайтуға Гурьевке қарай жолға шығады.» «...Бекович – Черкасский 
Астраханьға қайтып келіп екінші жорыққа əзірленді. Жүз отыз сегіз кемеге 
артынып-тартынып шыққан сол экспидицияның құрамында Тевкелевтің өзі де 
бар еді», – деп Əбіш Кекілбайұлы тарихи деректерге сүйенеді. 
Сол кезде орыс елі қайраткер, ал, автор үшін кейіпкер Иван Кирилов «...
сандыққа үңіліп, екі қалың фолиант алып шықты». «Фолиант үлкен формат-
ты көнелікті қалың кітап». Осы кітаптың басында «орысша жəне латынша» 
«Үкімет басындағы Сенаттың обер – секретары Иван Кирилов 1734 жылы 
Санкт-Петербургте хал-қадар əлінше еңбектерін құрастырып шығарған Рос-
сия империясының бас картасы», – деген жазуы бар дейді автор. 
Əбіш Кекілбайұлының романдарындағы осындай деректілікке мəн бер-
сек, оның фактілерді қолдана отырып, көркем шығарманың құнын көркем-
деректі публицистикалық əдіспен де көтере алған дейміз. Себебі, осылайша 
құжатпен айғақтау, дəлелмен сөйлеу, дерек пен келтіру сөзгердің еңбегіндегі 
шынайылықты арттырып, ойлау, жетілдіру, қисын (логика) формаларын 
жоғарылата береді. Айталық «Петербургтен 1725 жылдың декабрінде шыққан 
Рагузинский 1726 жылдың 24 авгусында шаршап-шалдығып Қияқтыдан ат 
шаптырып, 21 октябрьде өліп-талып Пекинге де жетті. Келіссөз столының 
басындағы кергілестің қасында алыс жолдың азабы ойыншық боп қалды. 
...Екі жақ жеті айдың ішінде болашақ келісім-шарттың жиырма түрлі жобасын 
жасады». 
Міне, Əбіш Кекілбайұлының көсемсөзгерлік шеберлігі турасында айтқанда 
оның романдар желісіндегі негізі үйлесімділік – мемлекетаралық, еларалық 
келісім-қатынас оқиғаларының аумалы төкпелі кезеңдегі алар орнын айтпасқа 
болмайды. Өйткені, қоғамдық байланыс пен ел бірлігі, жер тұтастығы бодандық 
пен бостандық тартысы үлкен бір дəуірді қамтыған тарихи-құжаттамалық, 
көркем публицистикалық көрінісі бар еңбектің эпопеялылығы да осында. 
Бұл тұтас бір дəуірдің саяси қатынасын, əлеуметтік тұрғысын, экономикалық 
пиғылын зерделеген, сараптама еңбек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет