Атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары 26 қазан 2019 ж



Pdf көрінісі
бет25/92
Дата22.05.2023
өлшемі1,94 Mb.
#96037
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   92
Пайдаланылған əдебиеттер:
1. Кекілбаев Ə. Үркер. – Алматы: Жазушы, 1981.


132
Ф. Тілеулес,
əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
филология жəне əлем тілдері факультетінің 4-курс студенті
(Қазақстан)
Ғылыми жетекші – Р.С. Имаханбет, қазақ əдебиеті жəне 
əдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы, 
филология ғылымдарының кандидаты 
ƏБІШ КЕКІЛБАЙҰЛЫНЫҢ «ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ» 
БАЯНДАМАСЫ ХАҚЫНДА
«Біздің заманымыз өткен заманның баласы, келер заманның атасы» деп 
айтып кеткен қазақ даласының марғасқа біртуар ұлы, қазақ тіл білімі мен қазақ 
əдебиеттану ғылымының ұлттық негізін қалаған Ахмет Байтұрсынұлының ая-
улы есімінің оралғанына 31 жыл болыпты. Ширек ғасырдан астам уақыт өтсе 
де ғазиз жанның атын ардақтап, əруағын ұлықтауда кешегі тарих беттерінде 
қатталған «нақақтан қараланған» саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Алаш Ары-
старын күйзеле еске алып, келешекке толғана үлкен үмітпен қараймыз.
1998 жылы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 125 жыл толуына арналған 
халықаралық ғылыми конференцияда сол тұстағы Мемлекет хатшысы, жа-
зушы Əбіш Кекілбайұлының ұлық тұлғаға арнаған «Ұстаз ұлағаты» атты 
салтанатты сөзінің мəнісіне тереңнен бойлап, қаламгердің сөзімен айтсақ: 
«кескекті кезеңде келелі істер тындырған кемел ердің кемеңгерлігіне бір 
қанық болдық» деп тамсана толғайды. Жазушының қаламынан өрбіген тари-
хи тұлғаға арналған ой-толғақтың желісіне тұлға келбетін сипаттауы қиюласа 
кеткені соншалық, тек деміңді ішіңе терең тартып, қайта-қайта оқи бересіз. 
Суреткердің сұлу тіркестерін бөліп-жару мүмкін еместей, мəселен: «...
Жиырмасыншы ғасыр адамзатты елеңдетіп, елегіздіріп кеткен заман бол-
ды. Келелі дамуға ұмтылғысы келген, өз мүдделері үшін аянып қалмай 
жанталасқан қоғам азды көпке, əлсізді күштіге біржолата жығып беру 
арқылы жаһандық жарастыққа тезірек жетуге асықты. Жалпақ адамзат 
əлі түгел мойындап үлгермеген бұл ақиқат арасында қазақ қауымы да бір 
тұяқ серпері сөзсіз еді. Дəл осы тұста ұлттық төл элитаның көсемдерінің 
табылғаны таңданарлық жайт болды. Тəуелкелге бел байламақ түгілі оны 
ойлаудың өзі ақымақтық болған тұста ауыл мұғалімінің қалай жүрегі 
тұрғанына таңғаласың. Бұл жағынан келгенде Ахмет Байтұрсынұлы тари-
хымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ұлы тұлға» [1, 52-б.].
«...Ахметті күрес жолына өзінің қайраткерлігіне қоса дəуірдің та-
рихи жағдайлары дайындады» дейді қаламгер қарапайым оқырманына 
қайраткердің тарих сахнасына қалай шыққанын баян ете келіп. Ол көрген 
өмірдің ауыртпашылықтары, патша өкіметінің отаршылдық қысымы ойлы жас 


133
бойындағы халықтық қасиеттерді оятты. Патша шенеуніктерімен қақтығысқа 
келгені үшін əкесі Байтұрсын мен оның үлкен ағасы Ақтастың сотталып 
жер аударылуы, жазалаушы отрядтың елге жасаған зорлық-зомбылығы жас 
Ахметтің жүрегіне жара болып түсті. Осы жара ұлғая келе, оны күрес жолына 
дайындағаны да ақын туындыларынан көрінетінін «Анама хат» атты өлеңінен 
үзінді алып, талдай, талғай түседі. Мысалы,
«...Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп,
Бітпеген жүрегімде бар бір жарам.
Адамнан туып, адам ісін етпей,
Ұялмай не бетіммен көрге барам?!» [1, 56-б.].
Бұл өлең жолдары қаншама рет талай ғалым, талай ақынның жазбала-
рына арқау болды десеңізші! Бірақ, Ə.Кекілбайұлының баяндамасында 
басқаша өрнек тапқандай, адамға өзшеге əсер беріп, басқаша сезім сыйлайды. 
Жазушының пайымында «азамат ақын сол дерттің халық басына түспеуін, 
одан азат болуын армандайды». Өлеңнен адамшылық пен азаматтықтың ақ 
туын жоғары ұстап, ел мүддесі үшін бар өмірін арнаған адамның биік идеалын 
анық танып, дөп басуға болатынын межелей əрі шегелей айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет