Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.
|
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағалау.
2.Топта жұмыс жасау ережені еске түсіру, топ басшыларына бағалау парақшаларын тарату.
3.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда бір-бірін шапалақ арқылы қолпаштау жүзеге асырылады.
|
Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз! Ұйымшыл боламыз десек 2 рет. Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!
3.Оқушыларды топтарға біріктіру.
Түрлі-түсті дөңгелек қағаздар арқылы 2 топқа бірігеді. Оқушыларға 2 түрлі қағаз таратылады. Өздерінің қалаған қағаздарын алып топтасады.
|
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне қолдау білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар көңіл-күйін көтереді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
|
Т үрлі-түсті дөңгелек
қағаздар
|
Жаңа сабаққа кіріспе
|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
Сұрақтар:
1.Баққожа Мұқайдың шығармаларын ата?
2. Қаламгер туындылары қандай тілдерге аударылды?
3. Жазушы қандай әдеби сыйлықтардың иегері?
4.Б.Мұқайдың туған жылы, жері?
5. «Өмірзая» романы қай жанрда жазылған?
|
Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
|
|