Атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары 26 қазан 2019 ж



Pdf көрінісі
бет24/92
Дата22.05.2023
өлшемі1,94 Mb.
#96037
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   92
Байланысты:
A Кекилбаев (1)

Пайдаланылған əдебиеттер:
1. Бельгер Г., Ə. Кекілбаев. Екі томдық таңдамалы шығармалар. – Алматы: 
Жазушы, 1989. – T. I. - 6-8 б.
2. Айтматов Ш., Ə. Кекілбаев. Екі томдық таңдамалы шығармалар. – Алма-
ты: Жазушы, 1989. – T. I. – 10-11 б.
3. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. – Алматы: Ғылым, 1984. – 270 б.
4. Кекілбаев Ə. Екі томдық таңдамалы шығармалар. – Алматы: Жазушы, 
1989. – 400 б.
5. Сағындықұлы Б. Əз машайық // Қазақ əдебиеті. – 2000. – №28. – 14 шілде. 
– 11 б. 
6. Бочаров А. Бесконечность поиска. – М.: Советский писатель, 1982. – 380 
с.
7. Серікқалиев З. Ақ жол. – Алматы: Жазушы, 1999. – 464 б.
8. Сейдімбек А. Күй шежіре. – Алматы: Крамдс Яссауи, 1992. – 488 б.
9. Жақсылықов А. Образы, мотивы и идеи с религиозной содержательно-
стью в произведениях казахской литературы (типология, эстетика, генезис). 
– Алматы: Қазақ университеті, 1999. – 422 с.
М. Дауылбай,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
 университетінің магистрі
(Қазақстан)
Ғылыми жетекшісі – А.Е. Айтбаева, Қорқыт ата атындағы 
Қызылорда мемлекеттік университетінің доценті, 
филология ғылымдарының кандидаты 
Ə. КЕКІЛБАЕВТЫҢ «ҮРКЕР» РОМАНЫНДАҒЫ 
БӨКЕНБАЙ БАТЫР БЕЙНЕСІ
Жалпы қазақ романдары мəселесін сөз еткенде біз қаламгерлеріміздің тари-
хи тақырыпқа көбірек қалам тербейтінін аңғарамыз. Бұл, əрине, түсінікті де, 
өйткені – кешегі кеңестік дəуірде өткен тарих бұрмаланып жатқанда шындықты 
кейінгіге жеткізудің бір жолы осы көркем əдебиет болғаны анық қой. Бұл 


129
тұрғыдан қарағанда тарихи тақырыпқа жазылған қазақ романдары аса үлкен 
екі міндетті – тарихи шындықты, ел басынан өткен оқиғаларды кейінгі ұрпаққа 
шынайы жеткізу міндеті мен шығарма көркемдігін жүзеге асыру міндетін қоса 
атқарды деп айтуымыз керек. Бұл жағдай жазушыдан үлкен суреткерлік пен 
жүректілікті, батылдықты талап еткені хақ. Біз осы міндеттерді толық жүзеге 
асырған шығарма ретінде Ə.Кекілбаевтың «Үркер» романын атаймыз.
Əдебиетіміздің өткеніне шолу жасар болсақ, қазақ əдебиеті тарихында 
XVIII ғасырда орын алған тарихи оқиғаларды, сол кезеңде өмір сүрген тарихи 
тұлғалардың ғұмырын арқау еткен шығармалар Ə.Кекілбаевтың жоғарыда біз 
айтып отырған романынан бұрын да жазылғаны белгілі. Тіпті, оқиғалар желісіне 
саралау жасар болсақ І.Есенберлиннің, С.Сматаевтың, Ə.Əлімжановтың, 
Қ.Жұма діловтің тарихи романдары бір-бірімен сабақтасып та жатқан сияқты 
көрінеді. Алайда, кеңес дəуірінде дүниеге келген бұл туындылардың тыны-
сын тарылтқан заманның кыспағы автор ойларының көп жағдайда жасырын 
қалуына əкеп соқтырды, не болмаса мүлдем айтуына мұрша бермегені баршаға 
аян. 
Өткен ғасырлар оқиғаларына арналған, оның ішінде XVIII ғасырдағы тари-
хи жағдайды суреттеген романдардың көшбасшысы І.Есенберлиннің «Көш-
пен ділер» трилогиясының «Жанталас» романы болса, Қ. Жұмаділовтің «Дара-
боз» романы, Ə.Кекілбаевтың «Үркер», «Елең-алаң» романдары сол көштегі 
шоқтығы биік, белді туындылары деп есептеу қажет сияқты. 
Ə.Кекілбаевтың «Үркер» романы қазақ тарихының ең бір қиын да, қыс-
та лаң ды тұсы, ауыр кезеңі XVIII ғасырдағы тарихи оқиғаларды арқау еткен 
шығарма. Кезең шындығының көркем бейнеленуі дегенге қатысты айтып 
өткеніміздей Ə.Кекілбаевтың бұл романынан бұрын да қазақ прозасында 
осы ғасырға қатысты романдар болды жəне қазақ əдебиеті дамуында, оның 
шежіресі мен тарихында жоғарыда аталатын дəуірдің шындығы І.Есенберлин 
«Көшпенділер» трилогиясының «Жанталас» атты кітабында, С.Сматаев 
«Елім-ай» дилогиясында, Ə.Əлімжановтың «Жаушы», Қ.Жұмаділовтің «Дара-
боз» атты шығармаларында көркем шындыққа айналған болатын. Бұлар қазақ 
əдебиеті тарихында қазақ ұлтының өміріндегі ең бір қиын, жолайырық кезеңді 
алғаш суреттеген, көпшілікке, қалың оқырманға сол кезеңнің шындығын көркем 
əдебиетте тұңғыш жеткізуге тырысқан шығармалар ретінде əдебиетіміздің ал-
тын қорына енді. 
ХVІІІ ғасырдың өзінде де біраз батырларымыз, айталық Абылай хан, 
қаракерей Қабанбай, қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жəнібек, Ер Жəнібек, 
Есет батырлармен қатар аты айтылып, қазақ халқының мақтанышына айналған 
Наурызбай Құттымбетұлы (1706-1781), кейде шапырашты Наурызбай батыр 
атымен аталып жүрген баһадүріміздің ерен ерлігін де тарихи жəне ел ішінде 
ауызша таралып жүрген аңыз-əңгімелерден білеміз. Осы батырлардың да 
есімдері роман оқиғаларында əр түрлі сипатта көрініс береді. 
Жоғарыдағыдай қиын кезеңнен кейін, үш жүзге сауын айтқан Əбілқайыр 
хан қазақ батырларының басын қосып, жоңғар шапқыншыларына төтеп беріп, 


130
ұлы жеңістерге қол жеткізгені тарихи мəліметтер мен жыраулар толғаулары 
арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырған
Суреткердің адам жанының рухани ізгі қасиеттері мысалы мейірім, 
қайырымның ұлттық əдебиеттегі тамыр-тегі жаугершілік замандағы адамдар 
қарым-қатынасы арқылы берілген. Ел шетіне жау тиіп, тығырыққа тірелген 
сəттегі адамдар арасындағы қарым-қатынасты былайша суреттейді: 
«Теңіздей толқып тұрған көк майса жотаның сауырына қызылды-жасылды 
кілем жайылды.Үш ұлыстың еркек кіндігі тайлы-таяғы қалмай түгел жыйыл-
ды. Хан Тəукені ортаға алып, мəжіліс бастады. Бұрын əркімнің аузында шала 
бықсып жүрген күмілжі əңгімелер жалпақ жиынның жария ортасына түсті. 
«Қап тауы асып кетейік» деп біреулер шықты. «Башқұрт пен жоңғардың қай 
əлсізін шауып алайық!» деп біреулері шуылдасты. «Бəрін қойып, қонтайшыға 
беріле салайық. Олар бізді бəрібір өрісімізден айырмайды. Ту сырты тыныш 
болғасын, ар жағындағы шүршіттермен жағаласып кетеді», – деп тағы біреулер 
өзеуресті. Бір-біріне дес бермей, шықшыттары шытынап, қызыл кеңірдек 
болды да қалды. Əліптің артын баққан Əбілқайыр оқтын-оқтын Бөкенбай 
жаққа көз тастайды. Бөкенбай батыр сары үйрек жыландай шұбар ала дойыр 
қамшысын сылқ еткізіп ортаға тастай салды» [1, 84 б.]. Қалмақтарға қарсы 
тиіп-қашты соғыспен қашанғы өміріміз өксімек, жоңғарға қарсы ұлы ғазауат 
соғысына шығайық дейтін сəт қашан тумақ? – дейтін отты сөз Бөкенбай сын-
ды батырдың аузынан шығады. Романда даурығысқан қалың көптің бетін 
қайтарып аталы сөзге ұйыта білген батырлардың сөзі де, ісі де елдің ойынан 
шығады. Шын суреткер белгілі бір идеяны айту үшін характерлер мен образ-
дар жүйесін таңдайды. Образдарды сомдаудағы характер диалектикасының 
дамуында тұлғаның таным-түсініктерінің орны ерекше. Бөкенбай – ханы мен 
қарашасы арқа сүйер шын батыр, халық батыры.
– Жамағат ! – деді қажыңқы дауыспен жайбарақат тіл қатып.
– Мынау ұры жортар қалың бытқылдың ортасына неге келіп отырмыз? 
Қазақтың қай заманнан бергі дау-дамайын кідіртіп келе жатқан киелі төрлердің 
бірі бұйырмай шағыр мен жүзген арасында бұқпантайлап бұл отырысымыз не 
отырыс? Жетіскендіктен ғой дейсіңдер ме? Тостағандай ала көз біраз маңдайды 
ызғарымен жалап ықтырып өтті.
– Бойымызда ең болмаса, ашыған қымыранның қышқылындай қыжыл бол-
са, осы бір олақ қатынның ышқыр бауындай шұбалар да жатар кергіме дауды 
тоқтататын уақыттымыз жеткен жоқ па? Біз мұнда алшиып алшымыздан түсіп 
мəсилат құрып, қырмызы бет қызыл сөздің тайтаңдаған тақымын қызықтап 
отырғанымызда ана жақта артта қалған қатын-балаға қалмақ ділгірлеп 
жатпағанына көзіміз қайдан жетеді? Қылышын белдеуіне байлап, найза-
сын шаңырағына шаншып, іргеде жау жатқанда мың керлігіміз буаз қыздың 
құдалығында қалың малға дауласқандай ұят əңгіме көрініп отыр маған...
– Ау, сонда не қыл демексің? – деп айқайлады бір-екі шыдамсыз қызыл көз.
Тəуке оларға «тыныш отырыңдар» дегендей иек қақты. Алая қарап тоқтап 
қалған Бөкенбай əңгімесін қайта жалғады.


131
– Еркек кісі екі жерде: «Не қыл дейсің?» деп сұрамас болар. Біреуі ата 
дұшпаның қамшысын үйіріп алдында тұрғанда, екіншісі ажарлы қатын төсегін 
салып, шамын сөндіріп қасыңда жатқанда.
Бұдан былай əрі ырғалып, бері ырғалатын уақыт жоқ. Қап тауына жет-
кенше: «Е, сендер келе жатыр екенсіңдер ғой, үстімізден баса көктеп өте 
қойыңдар!» деп қоғадай иіліп, қамыстай жапырылып құлдық ұша қояйын деп 
отырған көршілерді сендер көріп отырмасаңдар, мен көріп отырғаным жоқ. 
Көк сүңгілерін көкіректеріне тіреп алар əлі. Өз жерін жауға алдырып ,жау-
рап келе жатқан жалаң иін қазақтарға жып-жылы баспанасын оп-оңай бере 
салып башқұрттардың басына ат тепті деп пе едіңдер? Ормандай орыспен 
осы күнге дейін тайталасып келе жатқанда, борбайлап босып келе жатқан боз 
өкпе қазаққа жүрегі шыдамай, оларға не көрініпті? Қашып бара жатып төгетін 
қанды біз неге осы ата-мекенімізде ақтық деміміз таусылғанша шайқасып 
жүріп төкпейміз? Қыршын боздақтарымыздың төгілген қаны мен ата-бабаның 
əзіз моласын аттай қашқанда, ол жаққа барып көсегелеріңіз көгере қоятынын 
қайдан біліп отырсыңдар? Өз басым осы ата қонысымда мола боп қаламын. 
Бірақ тірлігімде күн шығыстан босып келе жатқан қазақты көрсем де, мей-
манасы бөсіп келе жатқан ойратты көрсем де, қанжарым сынғанша қарнап, 
найзам сынғанша шаншып бағам, – деп ашуға булықты да, қолын бір сілтеп 
отыра кетті»[1, 85 б.]. 
Жазушы осы жолдар арқылы башқұрт, орыс, қалмақ əскерінің жымысқы 
бейнесі мен тіміскі əрекеттерін қатар ашқан. Себебі, психологиялық баяндау 
адамның ішкі жан дүниесіне тереңдей еніп, оның ой-арманын, түрлі сезімін 
білдіріп қана қоймай, оны сол ішкі, тысқы қайшылығымен, адам ойына келе 
бермейтін ой-сезімі, іс-əрекет, т.б. қақтығыстарымен беруге бейім. 
Қорыта айтқанда, жазушы бір ғана Бөкенбай батырдың əс-əрекеті арқылы 
Əбілқайыр маңындағы бірнеше батырлардың портретін шебер сомдаған
олардың ел мен жер үшін жанкешті ерліктерін ұрпаққа жеткізе білген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет