Пайдаланылған əдебиеттер:
1. Кекілбайұлы Ə. Он екі томдық шығармалар жинағы. Т. 1. – Алматы: Өлке,
1999. – 400 б.
2. Əбдіков Т. Өзгенің уайым-қайғысын өз жүрегіңмен сезіне бастағанда
ғана қол жүреді // Жас Алаш. – 1997. – № 134.
Б.Б. Баязитов,
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
PhD докторанты
(Қазақстан)
Ғылыми жетекшісі – А.Б. Темірболат, филология жəне
əлем тілдері факультетінің деканы,
филология ғылымдарының докторы, профессор
ƏБІШ КЕКІЛБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ
ПСИХОЛОГИЗМ БЕЛГІЛЕРІ
Əдебиетте көркем шығарма бойынан ұлттық ерекшеліктер, автор дүние та ны-
мына тəн сипаттар көрініс тауып отырады. Əдебиеттанушылар зерттеулерінде
жал пы адамзаттық рухани құндылықтарды басты назарға алғанымен де, автор
қолтаңбасына тəн, ұлттық ерекшелігіне тəн белгілерді айналып өте алмайды.
Бүтіннің бөлшегі ретінде қатар танылады.
Ұлттық психологизм белгілері дегендегі мақсат ұғым мағынасын тарылту,
меншіктеу емес, тиісінше тұтастықты құрайтын адамзаттық құндылықтардың
жүйесіне үлес қосып отырған ұлттардың мəдени белгілерінің көрінісін
айқындау.
Əбіш Кекілбаев қазақ əдебиетіне ХХ ғасырдың алпысыншы жылдары келіп
қосылған жазушы. Бұл кезді қазақ əдебиетіндегі дамудың жаңа белесі деп атауға
болады. Осы тұста бір сапта əдебиет əлеміне қадам қойған жазушылардың
қазақ елінің тарихын, салт-санасын, тұрмыс-тіршілігін сипаттауда жаңашыл
ой-өремен, биік парасатпен, соны талғаммен келгенін атап өтуге болады. Əбіш
Кекілбаев осы бір шоғыр ішіндегі өзгеше болмысты, бітімі бөлек қаламгер.
Ұлттық əдебиеттердегі сол ұлтқа тəн белгілер мəдениетаралық қарым-
қатынастың мəдени өресі жоғары түрі. Көркем туынды бір елдің тілінен екінші
бір елдің тіліне аударылғанда сол жазушының еліне тəн белгі, сипаттар қоса
аударылу арқылы ел мен ел арасындағы мəдени ауыс-түйістер, өнер үйренулер
жүзеге асады.
116
Жазушы Əбіш Кекілбаев шығармаларында қазақ халқына тəн мəдени, ру-
хани ерекшеліктер молынан кездеседі. «Тасбақаның шөбі» əңгімесі, «Күй»,
«Шыңырау», «Бəйгеторы» повестері, «Үркер», «Елең-алаң», «Аңыздың
ақыры» романдары негізінде осы бір белгілерді бір шолып өтуге болады.
«Тасбақаның шөбі» əңгімесінде қарапайым ғана екі құрдастың болмысын
сипаттай отырып қай қоғамда болмасын кездесетін типтік образдарды қазақы
бояумен суреттеп береді. Бірі əуел бастан өз ісіне пысық, жол тапқыш, еш-
жерден кері шегініп келмеген, ешкімнен беті қайтып көрмеген Оңбай болса,
екіншісі момын, ешкіммен қақ-соғы жоқ, сенгіш ұста Қарабала. Екі кейіпкердің
мінезін ашу арқылы қазақ қоғамындағы кісілік болмыстың кереғар екі түрін
қарапайым баян етеді. Оңбайдың өтініші бойынша ауданға барып машина
алып қайтқан Қарабаланың мінезі жол бойы ашла түседі. Ол жолда аудары-
лып жатқан тасбақаның аузынан шөп көріп, ол шөпті ырымдап қалтасына са-
лып алады. Содан қиялы шарықтап, көңілі өсіп, сапарының сəтімен болғанын
тасбақаның шөбін көргенінен деп білуі аңғал ұстаның мінезін танытады.
Оңбайға аудандағы шаруасын бітіріп, қуанып барған ол үйден құлазып шығады.
Сол қиял жетегінде жүріп əңгіме соңында ауданға барғанда əйеліне алып келуі
керек болған дəріні алмағаны есіне түскенде аздаған өкініші көрініс береді.
«Күй» повесінде адамзат атаулы ойлап тапқан жаза түрлерінің ішіндегі ең
қатыгезі, адамдық қасиетке жат жаза «тұтқын басына кепеш кидіру» көшпелі
тайпалар арасындағы ежелден келе жатқан шара ретінде суреттеледі. Басы-
на кепеш киген тұтқын жадынан айрылып мəңгүртке айналады. Мəңгүрттік
ұғымын қазақ əдебиетінде осы шығарма арқылы көріп, сипатын танысақ, жа-
зушы Шыңғыс Айтматовтың «Боранды бекет» («Ғасырдан да ұзақ түн») рома-
нында «Найман ана» аңызынан анасын өлтіруге дейін баратын қасіретін көріп
жанымыз түршігеді.
Күй – қазақ халқының өмірінде ерекше орын алатын өнер туындысы.
Адамның жан-дүниесін рухани байытып, көңілін көтеріп қуантатын да,
еңсесін басып күңірентетін де, жабыққан сəтте жұбантатын да қасиетке ие
өнердің бірі осы күйшілік болғаны анық. Қазақ халқында күй аңызы өз алдына
бір сала. Күй, күйшілік өнер туралы жазылған шығармалар қазақ əдебиетінде
молынан кездеседі.
«Шыңырау» повесі төзімділіктің, еңбекқорлықтың, кəсібіне адалдықтың
ескерткіші. Құдық қазушы Еңсептің бастаған ісін бітірмей тоқтамайтыны,
ол жолда көзіне ешнəрсе көрінбейтіні шығармада өз бояуымен баяндалған.
Қазақ қоғамының советтік кезеңдегі тұрмыс-тіршілігінің кішігірім көрінісін
осы повес айқын аңғартады. Повестегі психологиялық белгілердің астарлы
қабаттары көптеп көрінеді.
Автордың «Бəйгеторы» повесі қазақтың атбегілік өнеріне арналған
ескерткіш. Қазақ жазушылары ішінде тұлпарлар тарихын жазбаған жазушы
немесе ақын жоқ десе де болғандай. Əсіресе осы алпысыншы жылы əдебиетке
келген қаламгерлер арасында. «Бəйгеторы» сол циклді толықтырған туын-
117
ды. Қазақ халқының ұлттық психологиялық ерекшеліктерін айқындау бары-
сында екі өнер түрін жан-жақты білу аса қажетті. Бірі – күйшілік, екіншісі
– атбегілік. Осы екі өнердің қазақ қоғамының ажырамас бөлігі болғаны ақиқат.
Эстетикалық құндылығы жағынан жоғары сатыда тұрғаны да осы екі өнер.
Бəйгеге қосатын атты баптау, оны құлын кезінен тани білу өз ісінің маманы,
нағыз атбегінің қолынан ғана келетін дүние. Атбегінің қолынан келген барша
қазақтың қолынан келмесі анық. Атқа ықыласы ауған халықтың ішінде бұл
өте қастерлі іс.
Егер күтімі болмаса кез-келген жануардың азып-тозары анық. Ал тұлпарды
дұрыс бағалай білмеген, бабын таба білмеген адамның тұлпар бағын қайтарары
тағы анық. Мұндай тарихты бастан кешірген тұлпарлар жайлы баяндар қазақ
əдебиетінде молшылық. Дегенмен Əбіш Кекілбаевтың «Бəйгеторы» повесінің
орны ерекше.
Философиялық ой, эстетикалық талғам Əбіш Кекілбаев шығармаларында
өзіндік ерекшеліктерге ие. Əбіш Кекілбаев прозасы əдебиеттегі көркем туын-
дылар ішінде ойшыл, адамның жан-дүниесін ашып көрсететін терең мағыналы
мазмұнымен ерекшеленеді. Жазушының романдарында ел билеушілердің
бейнесі шынайы да, сырлы суреттеледі.
«Үркер», «Елең-алаңдағы» Əбілхайыр хан образы ақыл парасаты мол,
пікірі мен танымы кең ел басшысының үлгісі. Екі роман да тарихи таным мен
елдік мүдденің үйлесімінен туған туынды ретінде Əбіш Кекілбаев қаламының
ізін танытады. Романдарда баяндалатын елшіліктер, рулар арасындағы
қатынастар, ел тарихындағы маңызды оқиғалар, ханның ақылды, айлалы бол-
мысы, халықтық мінез бен салт-сананың ерекшеліктері жазушы шеберхана-
сын жақсы жағынан тануға мол мүмкіндік береді.
«Аңыздың ақыры» романы қазақ əдебиетіндегі ой мен сананың мұнарасы.
Жасы келген, оң мен солын, дүниенің ойы мен қырын жақсы таныған əміршінің
терең ойы, монологтары өмір шындығынан туған көркемдік шешімдер екенін
тану қиын емес. Ол бір жағы автордың дүниеге көзқарасын, танымын көрсетсе
керек. Романда суреттелетін ел мен ел билеген əміршінің бейнесі ел ішіндегі
аңыздарға сүйене отырып авторлық көркемдік шешім тапқандығы, оқырман
ой-өрісін кеңейтетін философиялық ой-толғамдармен, эстетикалық талғаммен
жазылғандығы атап өтерлік.
«Аңыздың ақыры» романының сюжеті шығыстық сарынға жатады. Алайда
аңыз қазақ даласында туған төл туынды десек те болғандай. Шығыс халық-
тарын дағы аңыздар желісіндегі ел билеушілерінің сиаптаталуы, махаб баттың
көрініс табуы, терең ойшылдық, тағылым аларлық оқиғалар желі сінің бо-
луы шығарманы орта ғасырлық туындылармен азды-көпті байланыстырады.
«Аңыздың ақыры» романын тарихи, əдеби жəдігерлердің классикалық үлгі-
сін де жазылған шығарма десек қателесе қоймаспыз.
Ел мен жер, халық пен билік, хан мен ханша, ұста мен мұнара секілді өзіндік
образдар жүйесін Əбіш Кекілбаев шығармаларынан ерекше сипатта көруге бо-
лады.
118
Автор шығармаларында көрініс табатын ой мен таным, салт-сана мен
тұрмыс-тіршілік мəселелері қазақ халқының ұғым-түсінігіндегі қарапайым,
елеусіз, күнделікті жайттар ретінде танылуы мүмкін. Ал оқырман ретінде ав-
тор тудырған образдар, табиғат суреті, кейіпкерлердің ішкі жан-дүниесі тірі
жанды бей-жай қалдырмасын түсінеміз.
Əбіш Кекілбаев шығармаларындағы ұлттық психологизм белгілерін анық-
тауда осы күнге дейінгі тұжырымдарға сүйенбестен, бар белгілерді жалпы
адамзаттық руханиат құндылықтарына қосқан үлесі тұрғысынан талдау мүм-
кін болмас. Қазақ əдебиетінің өзге тілге аударылуы жəне аударылған тіл елінде
оқыр ма нын табуы өз алдына бөлек əңгіме.
Əбіш Кекілбаев шығармаларының əлемдік əдебиет қорына ене отырып
қазақ қоғамын, қазақ тұрмысын жалпы адамзаттық құндылықтар қорына қоса-
тын дығын айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |