Атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары 26 қазан 2019 ж


ƏБІШ КЕКІЛБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ МƏҢГІЛІК



Pdf көрінісі
бет8/92
Дата22.05.2023
өлшемі1,94 Mb.
#96037
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   92
Байланысты:
A Кекилбаев (1)

ƏБІШ КЕКІЛБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ МƏҢГІЛІК 
ҚҰНДЫЛЫҚТАР
Əбіш Кекілбаев – қазақ əдебиетінде прозашы болып танылғанмен, поэзия, 
проза, драма, сын, публицистика (көркем сөз), аударма жанрларының бəріне 
бірдей үлес қосқан қаламгер. Алғашқы жыр жинағынан елді елең еткізген 
қаламгер бар күш жігерін қазақ елінің бүгіні мен болашағы үшін жұмсады. 
Оның «Алтын шуақ» (1962), «Дүние ғапыл» (1999) жыр жинақтарына енген 
лирикалық өлеңдері қазақ халқының басынан өткен (ХХ ғасырдағы) ірі-ірі та-
рихи оқиғаларды сезіне білген ақынның ой толғанысын білдіреді. Олай болса, 
ақын поэзиясына ел мен жер мəселесі арқау болғанын баса айтқан жөн. 
Балалық шағы Ұлы Отан соғысының ауыр кезеңімен тұстас келген оның 
«Сол жылдар əлі жадымда», «Танктер», «Əйел күлкісі», «Біздің бала шағымыз», 
«Қарындасым Нұрғайша», «Жүректе əлі жатыр мұң» өлеңдері сұрапыл соғыс 
салған ауыртпашылықты шынайы бейнелейді. Елдің де, жердің де жазылмас 
жан жарасын:
…Майдандағы танктердің ізінен
Маңдайларға талай-талай түсті əжім[1, 9 б.] –
деп жырласа, сол жылдардағы тылдағы əйел-аналардың тылдағы 
жанқиярлық еңбектерін жоғары бағалады:
Сол жылдар əлі жадымда,
Сонда үйренген өз басым.
Батырдың пəк қанындай,
Қадірлеп əйел көз жасын [1, 10 б.].
Соғыс зардабы сол тұста дүниеге келген балалардың да жүрегін жаралағаны 
ақын назарынан тыс қалмайды. 
Жүректе бірақ жатыр мұң,
Жатыр сол бір кесір күн.
Тыртығында батырдың,
Əжімінде жесірдің [1, 12 б.], –
деген образды бейнелеу осы идеяны аша түседі. 1937-1938 жылдардағы 
жаппай қуғын-сүргінді еске алуы да заман ауыртпашылығы жайлы ойын 


32
толықтыра түседі. Ол «Көрдім мен көзі іскен жылаумен АЛЖИРлік ана 
күйігін» деп, атылып кеткен азаматтардың АЛЖИР лагеріндегі азабын да еске 
алады. 
Ақынның «Əке» атты шоғырлы өлеңдері – лирикалық кейіпкердің көргендері 
мен сезгендерінің сырын аша түседі. Қарындасы Нұрғайша дүниеге келген 
күні түске дейін құтты болсын айтқан жұрт түстен кейін қаралы қағазға бата 
оқуға жиналады. Осы оқиғаны ол: «Иесін тапса бір бесік, Оққа ұшыпты бір 
солдат» деп еске алады. Жас бала ылғи да əкесін ойлайды, асығы алшы түссе 
өзін «көкем келеді» деп жұбатады. Əкесінің домбырасы мен шаңырақтың 
иесіз қалуы, тұлымы желбіреген бүлдіршіннің маңдайынан сипар адамның 
болмауы, жеңіс күні үй-үйде болып жатқан қуаныштың да бұл шаңырақты 
жұбата алмауы жаныңды сыздатып, жүрегіңді езеді.
Өзге үйде тойдың əні шарықтаса,
Булығып қайғы уына біз жыладық…
…Көп төрге ілінсе де сұр шинельдер,
Тек қана біздің төрге ілінбеді…
…Өзге үйді күлімдеткен жомарт бақыт
Тек қана біздің төрге үңілмеді [1, 26 б.], – 
деген жолдар жетім баланың екі көзі төрт болып, əкесін күткен сезімін 
көз алдымызға əкеледі. Жалғыз тұяғының ат жалын тартып азамат болғанын 
көре алмау əкеге арман болса, перзентіне əке қабіріне топырақ сала алмай, 
зиратының қай төбеде қалғанын біле алмау да үлкен қасірет, орындалмас ар-
ман екені өлеңнің ойшылдығын көтеріп тұр.
Бұл жинақтағы Махамбет туралы өлеңдер өз заманында бостандық, теңдік 
іздеген, сол үшін күресіп өткен ақынның арманын жырлауға құрылған. Əбіш 
патшаның отарына айналған елдің күйін «қыл арқан абжылан боп қысып жатыр, 
Оралып оның көкжал өр төсіне», – деп кейіптеу арқылы бейнелейді. Махам-
беттей арысынан айрылған қазақ еліне, жер-анаға түскен ауыртпашылықты 
адам мен табиғаттың ажырамас бірлігі негізінде жырлайды.
Қайғыдан қар жамылып қасқа дала,
Қыр кəрін біржолата ақтара ма?
Жетіріп айналаға уыс-уыс,
Ақ шашын жұлып жатты аспан-ана [1, 42 б.].
Аз сөзге көп мағына сыйғызу, сөз құдіретін түсіну, образды сурет жасау, тіл-
сізге тіл бітіру сынды ерекшеліктер Əбіш өлеңдерінің көркемдігін байытқан. 
Ал, оның «Дүние ғапыл» жинағына əр жылдардағы өлеңдері енген. 
Жинақтың басындағы «Таңғы кəлима» өлеңінде ол таңғы кəлимасын Фатиха 


33
сүресінен бастап елге, жерге амандық тілеп, хақ жолдан адастырмауды Алла-
дан сұраса, кітаптың соңғы өлеңі «Түнгі кəлимамен» аяқталған. Онда да ел 
амандығын тілеген ақын: 
Қасіреті асқан қасқа маңдай қазаққа,
Көнтері боп көндігіп алып азапқа,
Көншімей жатқан көңілі бостан азатқа
Ұшырата көрме масқара мен мазаққа [1, 135 б.], –
деп, өлеңді «Ықылас», «Нас» сүрелерімен аяқтайды. Өлеңнің негізгі ерек-
шелігі де Құран сүрелерінің толық келтіруінде. Бұл – қазақ поэзиясындағы 
жаңа сөз. Ақын хақ жолынан адастырмайтын «Аллаға» жатса да, тұрса да 
жалбарына сөйлейді.
«Туған жер», «Жол жыры», «Туған жерге барғанда…» өлеңдерінде туған 
жерге деген ыстық сезімін асыл анаға деген махаббатымен ұштастыра білген: 
«Анамның жұпар исі көкірегіндей, Жусанға тұмсығымды тыға түсем».
«Бағзы бабаларға ода», «Обалар» өлеңдері тарихтан сыр шертеді. Лирикалық 
кейіпкердің соғыс салған қасіретті жарасы туралы ой «Іңір сембей іргеге кеп 
құлаған», «Əкем түске кіреді» өлеңінде жалғасады. Мұнда да əке мен бала 
арасындағы сағыныш лирикалық кейіпкердің арманы күйінде суреттеледі. 
Оның бірсыпыра өлеңдері 1986 жылдың желтоқсан оқиғасына арналған.
Шыдай алмай шайқалыпты шаңырақ,
Майыстырып тіреу қылған бақанды.
Желтоқсанның желі сапты аңырап,
Бұрын-соңды естілмеген мақамды [1, 92 б.], –
деген шынайы сурет қазақ халқының азаттықты аңсаған арманы жолындағы 
жаңа қадамды еске түсіреді. Өмірден көрген қайғы-қасіретін біраз өлеңге 
арқау еткен лирикалық кейіпкер сол көргеннен түйгенін «Тіршілік қай күнде 
де құбылмалы», «Ел болмақтың орнына», «Қайдағы қайда жоқтан дау шығып 
жүр», «Жамыраспай, жағаласпай, жарандар-ай, тоқтаңдар» деген өлеңдерінде 
көпке арнау ретінде ақыл-өсиет айтумен түйіндейді. Ол əумесерлерді ел болуға 
шақырады. Өмірден көргенін, түйгенін өсиет ретінде көпке арнау Абайдың 
өсиет өлеңдерінің дəстүрлі жалғасы сияқты көрінеді.
Жазушының əңгіме, повестерінде адамдар арасындағы адамгершілік, 
моральдық мəселелер көтерілген. Жазушы тосын орта, тосын оқиға із-
деп əуре болмайды, күнделікті өмірде болып жатқан жайттарға терең үңілу 
нəтижесінде заман, адам, оның тіршілігі жайлы философиялық түйін жасайды. 
Оның əңгімелерінде Ұлы отан соғысы жылдарындағы тыл өмірі, сол заман-
нан қалған адам бойындағы тəн жарасы мен жан жарасы, қазақ ауылының ке-
шегі тұрмысы, бүгінгі қала қазақтарының тыныс-тіршілігі сынды мəселелер 


34
қозғалады. Қазақ ауылы мен оның тұрғындары суреттелетін шығармаларда 
қазақ даласының исі мен қазақ баласының ұлттық мінез ерекшелігі, өзіне 
тəн əдет-ғұрпы мен салт-дістүрі анық танылады. Жазушы кейіпкер бейнесін 
сомдауда психологиялық талдаудың тың жетістіктеріне қол жеткізді. Бұл – 
жазушының ғана емес, қазақ прозасының елеулі табысы. 
Оның кейіпкерлері – ұлттық дəстүр мен əдет-ғұрып заңына сүйенген, қазақы 
мінезді, кішіпейіл, ата-ананы сыйлаған əдепті жандар. «Ең бақытты күндегі» 
ата мен ене алдында əдеп сақтап, өз ибалығымен көрінген Торғын жары май-
даннан аман келгенде қанша сағынса да, бірден жақындай алмайды. Əдептен 
озбау – қазақ келініне ғана тəн қасиет. Бір кештің арасындағы оқиғаны арқау 
еткен əңгіме шегіністермен тыл өмірінің көп жайларын еске салады. Қыз-
келіншектерге қырғидай тиген бригадир Берден – кешегі ел өмірінен алынған 
типтік бейне. Ал, оған ыңғай бермеген Торғынның жазықты болуы да заңды. 
«Бəсекеде» «қыз ұзатуға» қатысты əдет-ғұрып, салт-дəстүрді əдемі бейне-
леген. Қазақтың бүгіндері ұмыт бола бастаған қолөнер əшекейлері де қолмен 
қойғандай. «Күй» повесінде қазақ, түрікмен елдерінің əдет-ғұрпы салыстыра 
суреттелген. Өлікті шығару рəсіміне қатысты екі елдің əдет-ғұрпын бүге-
шүгесіне дейін суреттеу – жазушының осы ғұрыпты жақсы білетіндігінің 
көрінісі.
Жазушы шығармаларына негіз болған тақырыптың бірі – өнер. «Аш бөрі» 
əңгімесіндегі Құрманғазы, «Күй» повесіндегі Абыл күйші, «Шыңырау» пове-
сіндегі Еңсеп бейнелері оған мысал. Жазушы сонымен бірге ашкөздікті жеріне 
жеткізе шенейді. 
1970-1980 жылдардағы қазақ прозасында фольклорлық аңыз əңгімелер 
негізінде лиро-эпикалық стильдің қалыптасқаны қазіргі зерттеулерде əңгіме 
болып жүр. Бұл əсіресе Ə.Кекілбаевтың тарихи тақырыптағы прозасынан 
анық көрінеді. «Күй» фольклорлық аңызды жазба əдебиетте шеберлікпен 
бейнелеудің жақсы үлгісі саналады. Мұнда, екі елдің шапқыншылығы, адам 
өлімі бəрі де күй құдіретімен астаса суреттелген. Тақырыбы аңыз болғанмен, 
жазушы кейіпкердің жандүниесіндегі тебіреніс пен толғанысты терең аша біл-
ген.
Ол – адам табиғатының зерттеуші психологы. Шығармаларында өткір 
оқиғалар негізінде кейіпкер болмысына терең үңіле білді. Əдебиетте «мəңгүрт» 
деген ұғымды бірінші қолдануды да Əбіштің осы повесінен көреміз. 1967 
жылы «Дала балладалары» кітабына енген бұл повесть Ш.Айтматовтың 
1980 жылы шыққан «Ғасырдан да ұзақ күн» романындағы мəңгүрттен ерте 
жазылғаны жөнінде əдебиеттанушылар біраз зерттеулер де жасады [2, 164-
167]. Ш.Айтматов осы терминді «Жан пида» (1986) романында да қолданып 
қазақтың кешегі тарихының келеңсіз жағдайлары арқылы бүгінімізге ой 
салған-ды. Халқының, ұлтының мүддесін ойламайтын, тілін, ділін, ді-
нін, салтын, тарихын білмейтін мəңгүрттерді əшкереледі. Алайда Шыңғыс 
шығармаларында үлкен образдық дəрежеге көтерілген мəңгүрттікті ұғым есе-
бінде алғашқы пайдалану Əбіште кездесетініне дау болмаса керек.


35
«Ханша-дария хикаясы» (1968) повесінің идеясы – жауыздықты, қанішер-
лікті, тойымсыздықты əшкерелеп, адалдықты, пəктікті, адамдықты ардақтау. 
«Шыңырау» (1971) повесінде құдық – шын мəнісінде сыртқы фон, автордың 
негізгі айтпағы – адамдардың жүйкесін жеген даңғойлық, көрсеқызарлық, 
іштарлық, дүниеқоңыздық, бəсекелестік секілді дерттері. Өз өнері өзіне сор 
болған Еңсеп тағдырынан өнер адамдарының өнері қашанда өз бағасын 
ала алмайтынын ғана емес, өткінші дүниедегі əлсіздікті, жалғандықты, 
баянсыздықты, парықсыздықты көруге болады. Жазушы Еңсептің өмірі мен 
өліміне əлеуметтік, психологиялық талдау жасайды. 
Автор құдықшының өмірі мен өлімі арқылы философиялық ой түйеді. 
Бірінші көзге түсетін – өнер иелері еңбегінің бағаланбауы, екіншісі – адам 
бойындағы астамшылық пен эгоизм. Еңсепті де жұтқан осы. Себебі ол елде 
жоқ құдық қазып атын шығармақшы болады. Бар тəжірибесі оның өз басын 
жұтуы арқылы автор сол бір даңғазалық, мақтаншақтық, эгоизмді əшкерелеген. 
Автордың негізгі айтпақ ойы – осы.
«Бəйгеторы» (1974) повесінде жазушы тұлпар арқылы адам тағдырын, 
қоғам шындығының көркем бейнесін жасайды. Тұлпарлар туралы жазылған 
шығармалардан «Бəйгеторының» өзіндік ерекшелігі – оқиғаның жүйрік 
жануардың түйсік сезімі арқылы баяндалуында. Көзден де, құлақтан да қалған 
жүйріктің трагедиясы – адам трагедиясы. Кезінде «ақ дегені алғыс, қара дегені 
қарғыс» болып, бүкіл елді өзіне қаратқан жандардың жас келе, уақыт өте, осы 
жануар секілді мүсəпір күй кешуі – дүние жалғандығының бейнесі. 
Жазушының əңгіме, повестерінде қазақ ауылының шындығы негізінде жаңа 
характерлер ашуға құрылған. Оның əрбір кейіпкерінен қазақтың ұлттық мінез-
құлқы анық көрінеді. Олар халықтық аңыздан бастап, бүгінгі заманда өзі көріп 
таныған адамдар бейнесін жарқын суреттейді. Қазақ қоғамында орын алған 
əділетсіздік, күштінің əлсізге жасаған зорлығы өнер иелерінің қорлықпен, 
азаппен жаншылуы, адамдар арасындағы бəсеке таластық, т.б. бұл повестердің 
негізгі оқиғаларын құрайды. Бəріне тəн ортақ идея – қараны ақтан, жендетті 
жауыздан күштіні əлсізден айыра білудің қажеттігі, адамгершілік, жақсылық 
сияқты мəңгілік құндылықтарды бағалай білуге үйрену тəлімі. 
«Аңыздың ақыры» (1971) романында жазушы тарихи тақырыпты иге-
рудегі жаңа қадамын танытты. Ол Алмас ханның болмысын ашу жолында 
адам жанына үңіле білді, психологиялық талдауға ден қойды. Бұл ізденіс-
тер сол тұстағы қазақ прозасының табысына айналды. Авторлық ұстаным 
мен кейіпкер ойының, баяндаушы мен қаһарман үнінің кейде қосылып, кей-
де кезектесіп кететіндігі, «адам психологиясының иірімдерін көрсету, талдау 
молдығы жағынан» романның əдебиетімізге тың жаңалықтар алып келгеніне 
əдебиетшілер баса назар аударды [3].
«Елең-алаң», «Үркердің» заңды жалғасы. Қазақстанның Ресейге қосылуын 
көркем бейнелейтін бұл екі роман бөліп жаруға келмейді. Ондағы кейіпкер-
лер де, оқиға да ортақ. Романның негізгі бас кейіпкері – Əбілқайыр. Жазушы 


36
Əбілқайырды қол бастаған батыр, ел басқарған билеуші, халыққа, оның 
мүддесіне жақын жан ретінде көрсетуге тырысқан. Мəселен, С.Сматаевтың 
«Елім-ай» трилогиясында ол – мансапқор, құзғын пиғылды көп сұлтанның бірі 
болып суреттеледі. Ал, Қ.Жұмаділовтің «Дарабозында» қазақты орысқа сатқан 
алаяқ, баққұмар сұлтан ретінде бейнеленсе, І.Есенберлиннің «Жанталасында» 
дарақы, əпербақан, өркөкірек жан болып кескінделген. Ə.Кекілбаевтің ерек-
шелігі – Əбілқайыр бейнесін жасау үшін тарих қойнауына үңіліп, сол тұстағы 
қазақ халқының əлеуметтік, экономикалық хал-ахуалына талдау жасай отырып, 
кейіпкердің сондай қиын заманда елін аман-сақтап қалу жолында шешуші 
қадамдарға батыл барғанын көрсетеді. Аталған романдар жарық көргеннен 
бері сыншылар мен əдебиеттанушы ғалымдар бұл туындыларды əр қырынан 
сөз етуде.
«Үркер» де, «Елең-алаң» да реализмі бай шығармалар. Жазушы өмірде 
болған адамдарды, тарихта болған оқиғаларды екшеп алуға тырысқан. Оның 
көп ізденгендігі əрбір оқиғаны бүге-шүгесіне дейін тəптіштеп суреттеуінен 
көрінеді. 
Шығарма қазақ халқының басынан өткен ХҮІІІ ғасырдағы тарихи 
оқиғаны белгілі тұрғыда саясаттандыра суреттейді. Оқиғалардың кейіпкер 
көзімен суреттелуі олардың психологиялық, эмоционалдық сезімдерін аша 
түскен. Оқиғалардың Əбілқайыр, Тевкелев көзімен суреттелуі олардың саяси 
көзқарасын да ашады. Сондықтан да оны – тарихты əр қырынан зерделеп зерт-
теген саяси роман деуге болады. Автор қазақ халқы өз еркімен орысқа бодан 
болды деген ұстанымға сүйеніп, оның əлеуметтік, экономикалық, саяси сан 
қырлы астарын ашуға тырысады. 
Əбіш Кекілбаев драматургия жанрына да біршама үлес қосты. Оның əлем 
əдебиетінен тəржімалаған драмалық туындылары қазақ театрларында ана ті-
лінде сөйлеп, көпшілік көрерменнің ыстық ықыласына бөленген. Қазақтың 
М.Əуезов атындағы Ұлттық академиялық драма театрында жəне басқа теат-
рларда Уильям Шекспирдің «Ромео мен Джульетта», «Кориолан», «Король 
Лир», Валехо Антонио Буэроның «Бүгін мейрам, бүгін той», Карл Гоццидің 
«Туранбике ханшайым», А.Чеховтың «Ваня ағай» жəне Макс Фриштің «Ғылым 
қуған Дон жуан» сынды драмалық туындылар репертуардан берік орын алса, 
Генрик Ибсеннің «Үрей» атты үш перделі отбасы оқиғасы Қазақстан Мəдениет, 
ақпарат жəне қоғамдық келісім министрлігінің репертуарлық қорына кірген. 
Жазушының «Абылай хан» атты халықтық-қаһармандық сахналық дастаны 
еліміз тəуелсіздік алған тұста жазылды да, сол тəуелсіздік жолында қызмет 
еткен ел басшыларын көркем бейнеледі. Туынды 1998 жылы қазақтың 
М.Əуезов атындағы академиялық драма театрында қойылды. Ə.Кекілбаев 
прозалық шығармаларында қазақ халқының ғасырлар бойы арман етіп аңсаған 
тəуелсіздігін негізгі мəселе етіп көтерсе, сол асыл армандарды енді сахнаға 
алып келді. 
Пьесадан ұлттық мінез бен болмысты тану да оңай. «Сыбыр-күбір, пыс та 
пыс. Жыбыр-жыбыр, пыш та пыш. Шонжарлар жүр, шоқыдай боп шоңқиып. 


37
Батырлар жүр бұрқ-сарқ, бурадай боп қомпиып, Пысықтар жүр, қол-аяғы сып 
та сып, үйден-үйге, топтан-топқа, табақ тасып, сөз тасып» [1, 250-251] де-
ген жолдарға қарап отырып, ХҮІІІ ғасырдағы шонжарлар мен батырлардың, 
пысықтар мен жанкештілердің күні бүгінге дейін арамызда жүргеніне 
күйінесің. Жалқаулық, кертартпалық, аяқтан шалу, іштарлық, т.б. жағымсыз 
қылықтар біздің қазақи мінезімізді көрсетер жазылмас дерт екені де даусыз. 
Ал, «Шуылдаған көп қазақ. Сен бұйдалы боз тайлақ, мен бурамын шабынған. 
Сыртыңда тұрмын шырпынып, омыртқаңды опырып, жамбасыңды жапырып, 
шоңқайтқалы кеп тұрмын, қырық бүгіп тізеңді, тоңқайтқалы кеп тұрмын. Ит 
мұжіген асықтай, омпайтқалы кеп тұрмын»[1, 186] деген жолдардан қазақтың 
шалқар даласына сұқтана қарап, көз алартқан бүгінгі көршілеріміз мен 
мұндалап тұрғаны байқалады. 
Бұдан шығатын қорытынды, Ə.Кекілбаевтың «Абылай хан» пьесасы – 
қазақтың кешегісі арқылы бүгінін меңзейтін туынды. Ол Абылайдың аузына 
ел басының сөзін салса, жоғарыдағы мысалдар қазақты ел болуға шақырып 
тұрғаны даусыз. Пьесадағы түйдек-түйдек төгілген толғаулы ойлар, асылдай 
мөлдіреген сөздер – драматургтың қол жеткізген табысы. Əйгілі прозашының 
драматургия жанрын да еркін игергеніне осы шығарма дəлел. Ендеше, «Абылай 
хан» – ақын, сыншы, прозашы, публицист Ə.Кекілбаев шығармашылығының 
шарықтау биігін танытар туынды. 
Алғашында ақын, кейін сыншы болып танылған Ə.Кекілбаев қазақ əдебиеті 
сынының қалыптасып, дамуына да біршама үлес қосты. Оның «Дəуірмен 
бетпе-бет» (1972), «Əдебиет əлемі, өнер өрісі» (1999) кітаптарына енген сын, 
рецензия, мақалалары – осы тұрғыдағы еңбегінің жемісі. Сыншының негізгі 
жетістігінің бірі – ақын-жазушылардың əдеби портретін жасаудағы шеберлі-
гі. Оны біз сыншының Т.Əлімқұлов, Т.Ахтанов, Ə.Нүрпейісов шығармалары 
жайлы пікірлерінен танимыз. 
Сыншы қазақ əдебиетінің бүгіні мен келешегіне немқұрайлы қарай 
алмайды. Бүгінгі қол жеткізген табысымыздың төркінін, шыққан тегін сөз 
ету – оның қаламына тəн ерекшелік. Қазақ əдебиетінің қол жеткізген табысын 
əлем əдебиетімен қатар алып салыстыру негізінде ғана көрсетеді. Оның терең 
ойлы, сындарлы сын, рецензия, мақалалары қазақ əдебиеті сынына қосылған 
үлес.
Ə.Кекілбаевтың пубпицистикалық еңбегінің бір саласы – сапарнамалар. 
Бұлардың да тілге тиек етерлік өзіндік ерекшеліктері мол. «Ұя мен жебе» 
(1968), «Тырау-тырау тырналар» (1984), «Ұйқыдағы арудың оянуы» (1975 
жылы «Жұлдыз» журналында жарияланып, 1979 жылы жеке кітап болып 
шыққан) атты кітаптарының жазылу стилі бар. Ол əрбір елдің, жердің бүгінін 
айту үшін оның тарихына үңіліп, өткені мен бүгінін салыстыруға, жер, су 
атауларына қатысты аңыздар мен нақты деректердің көзін тауып сөйлетуге ше-
бер. Сол арқылы ол сапарда болған əрбір елдің экономикасына, географиясына, 
мəдениеті мен өнеріне, тарихы мен əлеуметтік жағдайына терең үңіле біледі.


38
Он екі томдық шығармалар жинағының 8, 9-томына кірген «Толғауы тоқсан 
тарих», «Ғасыр өтіп барады…» атты мақалалар – оның публицистикасының 
екінші қырын ашар дүниелер. Осындағы «Əйтеке би», «Жəнібек тархан 
жайлы» мақалаларының орны бөлек. «Тұла бойы тұнған жұмбақ жан» арабтың 
«Бейбарыс» («Əз-Зəкір Бейбарыс сұлтанның ғұмырнамасы») атты халықтық 
романының С.Əбдрахманов аударған қазақша баламасына алғы сөз ретінде 
жазылған. Мұнда 1968 жылы жазылған сапарнамадағы ойлар жаңа қырынан 
толыға түскен. Автор романда келтірілген деректердің шындыққа қаншалықты 
үйлесетінін зерттеуге тырысқан. Тарихи дерек пен аңызға сүйену негізінде 
Əз-Захир Бейбарыс сұлтан атанған Махмуд деген баланың Атырау маңында 
туғандығы, қыпшақтардың беріш тайпасынан тарағаны анықталған.
Ə.Кекілбаев өте ізденімпаз жазушы. Ол өзінің əрбір жазбаларына биік та-
лап қойып, биік деңгейден көріне білді. Ғылыми зерттеу негізінде жазылған 
əрбір мақала ғылымилығымен құнды. Қаламгер өзін көп толғантқан, шешімін 
таппаған өзекті мəселелерге қайта-қайта оралып отырады. Оны Əбілқайыр 
хан, үш би (Қазыбек, Төле, Əйтеке), сұлтан Бейбарыс, Махамбет жөніндегі 
жазбаларынан көруге болады.
Қорыта айтқанда, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың 
лауреаты Ə.Кекілбаев – қазақ əдебиетінің поэзия, проза, драматургия, сын, пу-
блицистика, аударма жанрларына бір кісідей үлес қосқан қарымды қаламгер. 
Оның поэзия жанрындағы алғашқы ізденістерінен бастап, соңғы жылдары 
жазылған сыршыл лирикасы, əңгіме, повестері, романдары қазақтардың кеше-
гі, бүгінгі өмірі жайында терең сыр шертеді. Оларда жасалған тарихи тұлғалар 
мен біздің замандастарымыздың толымды бейнесі оқырмандар тарапынан 
үлкен қызығушылық танытуда. Оның тілінің құмға да, тасқа да тіл бітір-
ген образдылығы, елі мен жерін сүйген отаншыл (патриот) азаматтың бүкіл 
шығармашылығының қазақ халқының азаттығы мен тəуелсіздігін негізгі идея 
етіп ұсынуы да қолдау табуда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет