119
меңгерушісі, 1964-1968 жж. Қазақ КСР Мəдениет министрлігінде репер-
туар лық-редакциялық коллегия мүшесі қызметтерінде болды. 1970-1975 жж.
«Қазақ фильм» киностудиясында бас редактор, 1975-1984 жж. Қазақстан Ком-
партиясы ОК мəдениет бөлімінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі, 1984-1986
жж. Қазақ КСР Мəдениет министрінің орынбасары, 1986-1988 жж. Қазақстан
Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы, 1988-1990 жж. Қазақ КСР тарих
жəне мəдениет ескерткіштерін қорғау қоғамы Орталық Кеңесі президиумының
төрағасы. 1990 жылдан бастап Қазақстан Компартиясы ОК бөлім меңгерушісі,
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің мəдениет, тіл жəне
ұлтаралық қатынастарды
дамыту жөніндегі комитетінің төрағасы (1991), «Егемен Қазақстан» газетінің
бас редакторы (1992-1993), ҚР Мемлекеттік кеңесшісі (1992-1993), ҚР
Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1994-1995), ҚР Парламенті Мəжілісінің депута-
ты, комитет төрағасы (1996-1996) болып жұмыс атқарған. 1996-2002 жж. ҚР
Мемлекеттік хатшысы, 2002 жылдың ақпанынан ҚР Парламенті Сенатының
депутаты болды.
Əбіш Кекілбайұлы бүкіл саналы ғұмырын, еселі еңбегін туған халқына
арнады. Қазақ əдебиеті мен қазақ тілінің дамуына орасан үлес қосты. Атап
айтқанда, заманымыздың заңғар суреткері Əбіш Кекілбаев – иісі қазақтың
асылы да, мақтанышы, өнегесі де тау тұлғасы. Əбіш жазушыға берілген атақ –
тек қана Əбіш ағаның ғана емес, əдеби майданда қызмет жасап жүрген, еңбек
етіп жүрген қауымға берілген баға деп айтуға болады. Көрнекті мемлекет жəне
қоғам қайраткері, сөз өнерінің сардары, қазақ əдебиетінің саңлағы мағыналы
ғұмырының мазмұнды шақтарын, өнегелі өмірбаянының
өміршең шектерін
табиғи талантымен өрнектеген, еңбек жолдарын халқының ғұмырнамасымен
өрнектеп берген айтулы дарын. Алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» 1962
жылы жарық көрді. Содан бері проза, əдеби сын саласында елеулі еңбек етіп
келеді. «Бір шөкім бұлт» (1966), «Дала балладалары» (1968), «Тырау-тырау
тырналар» (1973), «Бір уыс топырақ» (1974), «Құс қанаты» (1975), «Баллада
степей» (1975), «Баллада забытых лет» (1979), «Үркер» (1981), «Елең-алаң»
(1984), «Мартовский снег» (1985),» Плеяды – созвездие надежды» (1987),
«Заманмен сұхбат» (1994), «Азаттықтың ақ таңы» (1998), т.б. əңгімелер мен
повестері, эсселер мен романдары, əдеби-философиялық, публицистикалық
жинақтары бар. Ол Л.Н.Толстой мен К. Гоцидың, Г. Мопассан мен Г. Ибсеннің,
А.Чехов пен И.Буниннің бірқатар туындыларын қазақ тіліне аударған. Немістің
«Фольк унд Вельт» кітап баспасы жүргізген сауалнама хаттамасында оның
есімі «XX ғасырдың таңдаулы жазушылары» тізіміне енгізілген. Кеңестік
кезеңде
Одақтық жазушылар алқасының, халықаралық «Лотос» жазушылар
сыйлығы қазылар алқасының, орталық «Художественная литература», «Друж-
ба народов» баспалары редакциялық алқаларының мүшесі болды, Азия-Афри-
ка жазушылары халықаралық комитетінің мүшесіне сайланды. «Абылай хан»
драмасы Қазақ драма театры сахнасында қойылды. «Дүние ғапыл», «Дала бал-
ладалары» (2 том, 2001) кітаптары жарық көрді. «Үркер», «Елең-Алаң» роман-
120
дар циклі үшін 1986 жылы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығына ие болды.
«Құрмет Белгісі» мен «Отан» ордендерінің, тəуелсіз «Тарлан» сыйлығының
иегері (2003). Əбіш Кекілбаевқа Қазақстанның Еңбек Ері,
Отан ордені, На-
зарбаев ордені, ҚР Тəуелсіздігіне 10 жыл медалі, «Құрмет» белгісі ордені,
«Достық» ордені, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының иегері, Елбасының
бейбітшілік жəне рухани келісім сыйлығының иегері, Қазақстанның Халық
жазушысы, Маңғыстау облысының құрметті азаматы марапаттары тапсырыл-
ды.
Қазақстанның Еңбек Ері,
Халық жазушысы, Əбіш Кекілбаевтың 80
жылдығына арналған «Əбіш Кекілбаев – замананың заңғар тұлғасы» атты
Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы болып өтті. Конфе-
ренция барысында Филология жəне əлем тілдері факультетінде мемлекет
жəне қоғам қайраткері, xалық жазушысы Əбіш Кекілбаевтың атына арналған
аудиторияның ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатына əл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университетінің ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанұлыны
қатысты: «Ендігі жерде парасат-пайымы бөлек, білім-білігі ерен, зейін-зердесі
ерекше заңғар суреткер, ірі мемлекет жəне қоғам қайраткері Əбіш Кекілбаевтың
екінші өмірі басталды. Өзі бір дəуірге тұрарлық мазмұны терең мəңгі өлмес
дүние жазса, бүкіл саналы ғұмырын ізгілікті, адамгершілікті, ұлт мұраттарын
ұлықтауға жұмсаған Əбіш ағамыз туралы да енді саясат пен əдебиет əлемінде
шыңдалған шəкірттері том-том еңбектер жазбақ. Бүгін əл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университетінде Қазақстанның Еңбек Ері,
Халық жазушысы
Əбіш Кекілбайұлы атындағы дəрісхана ашылды. Бұл дəрісхана алдағы уақытта
ұлы қаламгер мұрасын насихаттайтын танымдық əрі ғылыми-əдістемелік
орталық болары сөзсіз».
Конференцияның төрінен Əбіш Кекілбаевтың жары Жұмабаева Клара апай
орын алды. Клара апайымыз: «Жазушының əйелі болған өте қиын, жазушының
барлық жағдайын жасау керек. Мына залда тыңдап отырған қыз балалар отыр
екен, ер балалар аз, бірақ қыз балалардың ақылына орнықтырып, құлағына
хабарлау керек. Жазушының əйелі болу үшін – менің жазушының əйелі емес,
анамыздың келіні болу керек. Анамыздан тəрбиесінде қырық жыл бірге өмір
сүріп, 98-ге келіп қайтыс болды. Ол кісі көп сөйлемейді. Бір ауыз айтқан сөзі
ақырғы сөзі еді (осында тыңдап отырған Смағұлдар мамамды біледі...) Сондай
ақылды кісі еді, анамыз бір сөз айтса сіздердің он сөзіңізге татитындай еді. Біз
тату-тəтті өмір сүрдік. Сондай ақылды ананың баласы жаман болмайтыны сірə
да белгілі ғой...
Ал, əкесі үш жасында соғысқа кетті. Одан хабар келген жоқ. Əкесін қатты
күтіп жүрді. Əкесі туралы талай өлеңдер жазды. Бірақ, əкесін биыл таптық.
Биыл тауып, бейітін кемпірінің қасына алып барып қойып, құран оқытып, ас
бердік.
Əбіш бала кезінде кітапты көп оқитын еді. Перерывқа шыққанда тек
Əбіштің қасына барлығымыз жиналып соның сөзін тыңдап тұратынбыз. Содан
121
студенттер кезінде жастар одағының бастығы болып жүргенде институт бала-
ларымен жиналып белгі тұлғамыз Мұхтар Əуезовпен танысып, сұхбаттасып,
жазған дүниелерін көрсеткен... Əбіш бір сағатқа
жуық доклад жасағанда
Əуезов ортаға келіп отырып тыңдайды. Сол кезде Əуезовтен естіген жақсы
сөзі: «Мына баладан адам шығады» депті... Осындай болып өсті Əбіш!», – деп
алып анадан туатынын тағы бір дəлелдегендей жұбайына деген сағынышын
ақтара отырып жылы лебізін білдірді.
Кеш университетіміздің конференц залында пленарлық мəжіліспен жал-
ғасты. Дулат Исабеков, Смағұл Елубайұлы, Ақберен Елгезек т.б. клас сик-
теріміз жылы лебіздерін білдірді. Жанғара Дəдебаев, Темірғали Тебегенов т.б.
сынды профессорларымыз Əбіш Кекілбаев жайлы баяндамалар жасады.
Əбіш Кекілбаевтың атына арналып ашылған аудиторияда күнделікті дəріс-
терді өткізу арқылы қазақтың бірегей жазушысының
шығармашылығымен
етене таныстыру жоспарланған. Шара «Əбіш Кекілбаев – замананың заңғар
тұл ға сы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциямен жал ғас-
ты. Басқосуға белгілі ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері мен студенттер
қатысты.
Достарыңызбен бөлісу: