111
«Азаттық берсем басына,
Іргеме тыныштық келер ме екен,
Басына күн туғанда,
Ту сыртымнан тұра ұмтылмас,
Қолтығымнан демер ме екен?!
Не де болса, нар тəуекел...», –
деп Қалдан Серен одан сескеніп, оның бір ауыз сөзіне тоқтайды. Бір
жағынан, бұл жерде Қалданның да текті əулеттен шыққандығын көрсетіп тұр.
Болар бала екенін танып, жауласып емес, «қолтығымнан демер» деп шығарып
салып, абыройы арта түсті. Бұл туралы Ж. Дүйсенбаева былай дейді: «Екінші,
«Арбасуда» зындан азабын тартып, Қалдан Серенмен арбасады. Қиын-қыстау
кезеңде дұшпанына басын имеген, елдіктің туын жықпаған қайсар да аду-
ын, табанды ұлдың, тарихи тұлғаның өмірін кейінгі жасқа үлгі етеді. Өзінің
шешендігінің, ой ұшқырлығының, тапқырлығының арқасында ойдағыдай
шешеді. Қалдан да тек кісі емес екен. Ол салмақты айтқан сөзіне тоқтайды»
[2, 220 б.].
Жазушының драмаға қосқан əрбір кейіпкері ерекше көркемдік, əрі шы-
найы болмыспен танылады. Олардың барлығы – тарихта болған адамдар.
Абылайдың тартысты тағдырында осы тарихи тұлғалардың барлығы болған.
Олардың əрқайсысының драмадағы өзіндік орны мен образы бар. Əбіш осын-
дай тарихи тұлғалардың барлығын пьесаға кіргізе отырып, қазақ халқының
егемендік жолындағы тарихының қаншалықты ауыр да қиын болғандығын
көрсетіп тұр.
Көп қатпарлы тарихи шындықтың астарын ашуға тырысқан Əбіш Кекіл-
баевтің «Абылай хан» драмалық дастанының өн бойында елге, жерге деген
құрмет, өткен тарихқа деген тағзым, ерлік пен елдікке тəрбиелейтін рух бар.
Мұнда сан жылдар бойы тəуелсіздікті ту еткен халықтың ұлы арманы, елдің
бүтіндігі мен тұтастығын аңсаған бабалар аманатына адалдық танытудың
ғажайып үлгісі асқан көркемдікпен шынайы көмкерілген. Үш жүздің ба-
сын біріктіріп, ұлт бірлігін ұйыстыруда ерен еңбегімен танылған, азаттықты
аңсап өткен Абылай ханның аласапыранға толы өмірін баяндауда Кекілбаев
драмасы оқырманды баурап алары сөзсіз. Ханның өр тұлғасы мен биік па-
расаты, ақылды шешімі мен салиқалы саясаты оны күрделі бейне, шынайы
қаһарман деңгейіне жеткізіп тұр. Шындыққа суарылған, шеберлікпен өрілген
қаламгердің драмалық дастанының тағылымы мен ғибраты тереңдігімен
құнды, қыры мен сыры көркемдігімен нəрлі.
Достарыңызбен бөлісу: