Атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары 26 қазан 2019 ж



Pdf көрінісі
бет85/92
Дата22.05.2023
өлшемі1,94 Mb.
#96037
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   92
Байланысты:
A Кекилбаев (1)

Пайдаланылған əдебиеттер:
1. Асылбекұлы С. Қазіргі қазақ повестеріндегі заман шындығы (1970-1989 
жылдар). Фил. ғыл. канд. дисс. – Алматы: Абай атындағы АМУ, 1997.
2. Шаштайұлы Ж. Қызыл қар. Повестер мен əңгімелер. – Алматы: Жалын, 
1984.
Д. Мақсұт,
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 
1-курс магистранты
(Қазақстан)
Ғылыми жетекші – З.Н. Сейтжанов, 
қазақ əдебиеті жəне əдебиет теориясы кафедрасының профессоры, 
филология ғылымдарының докторы
«ДЕМЕЖАН» ЖƏНЕ «ЗУХА БАТЫР» 
ЖЫРЛАРЫНЫҢ ТАРИХИ СИПАТЫ
Қазақ халқының бір бөлігі Шыңжаң өлкесінің солтүстігін мекендейді. 
Шыңжаң атауы – XVIII ғасырдың 50 жылдары мəнжүрлік Цин əулеті жаулап 
алған Шығыс Түркістан мен Жоңғария даласына берілген қытай атауы «Жаңа 


289
шеп» немесе «Жаңа шекара» деген мағына береді. Бүгінде Қытай мемлекетінің 
құрамдас бөлігі. Қазақтар негізінен Іле, Алтай, Тарбағатай аймақтарына 
шоғырланған. Соңғы санақтарға қарағанда Шыңжаңда бір млн. екі жүз мың 
қазақ бауырларымыз өмір сүріп келеді екен [1, 240 б.]. 
Қытай отаршылдары қазақтарды уысынан шығармау үшін сан түрлі амал-
айла қолданып келді. Сондықтан Қытайдағы қазақтар озбырлықтың небір 
қорлық-зорлықтарын бастарынан өткерді. «Қытай билеушілері қазаққа ауыр 
алым-салық салу арқылы күшпен ұстаймыз деп сенді. Бірақ қазақ халқы 
қытайдың мұндай қанау, дінсіздендіріп ассимиляцияға ұшырату, қолындағы 
құрал-сайманын тартып алып, ел бастайтын ерлер мен халықтың ар-ожданын 
қорғайтын көсемдерін, рухани дем беруші ақын-жазушыларын абақтыға 
жабу, олардың көзін біржолата жою, құнарлы жерлерге ішкі қытайдан «тың 
игерушілерді» қоныстандыру… [2, 81 б.]. –
сияқты жан түршігерлік қорлық-
зорлығына қарсы күресті. 
Отаршылдардың түрлі жолдармен жүргізген қысым-қиянаттарына шыда-
маған халық əркез азаттық, еркіндік үшін арпалысқа түсіп, атқа қонып отыр-
ды. Олардың ішінен ел бостандығы, жер тұтастығы жолында күрескен ерлер 
шыға бастады. Демежан, Бөке, Зуха, Оспан, Елісхан, Əкбар, Сейіт, Бүркітбай, 
Сұлубай, т.б. батырлар тұлпар жаратып, ту көтерді. Елді бастап, озбырлықтан 
құтылуға ұмтылды. Бірақ басқаның басымдығына шыдамай елінің ертеңін 
ойлаған батырлар мақсат-мұраттарына жете алмады. Ұлт азаттығы жолында 
мерт болды. 
Халқының қамын ойлаған батырлардың ерлік əрекеттері көп көңілінде 
қалды, ұрпаққа өнеге болды. Сондықтан халық ішінен шыққан ақын-жыршылар 
батырлардың ерліктері жайында көптеген өлең-жырлар тудырды. Ұлтының 
азаттығы үшін күрескен ерлерді дəріптейтін мұндай тарихи жырлар ауызша 
тарап, халықтың рухани қажетін өтеп келеді. Зерттеу жұмыста ұзақ уақыт 
ақтаңдақ қатарында қалып, зерттелмей келе жатқан Қытайдағы қазақтардың 
ұлт-азаттық көтерілісіне байланысты туған тарихи жырлардың пайда болып, 
қалыптасу жолдарын белгілі кезең шындығымен байланыстыра қарап, сипат-
тама беруге жəне маңызын ашуға тырыстық. Қытайдағы қазақтардың азаттық 
жолындағы көтерілісіне байланысты туған тарихи жырларды жүйелеп, ғылыми 
айналымға қосу жəне оларды жан-жақты бүгінгі күн талабы тұрғысынан зерт-
теу жұмысының көптеп қолға алына бастауы қуанарлық жай. 
ХІХ ғасырдың екінші жəне ХХ ғасырдың бірінші жартысында туған тарихи 
жырлар халықтың азаттық, бостандық жолындағы күрестерінің фольклордағы 
көріністері екендігі қазір дəлелдене бастады. Халық үшін қан майданға шығып, 
қаһармандық-ерлік көрсеткен батырлар жайында туған тарихи жырлардағы 
ұлт-азаттық идеясы сол тұстағы саяси-əлеуметтік жағдайлармен, тарихи 
факті-деректермен салыстырыла, сабақтастырыла қарастырылуы –көтерілген 
мəселенің маңыздылығын, ауқымдылығын байқатады. Есімдері ел тарихында 
мəңгілік жатталатын батырларымыз хақындағы тарихи жырлардың тарихқа 


290
қарым-қатынасы мен поэтикалық ерекшеліктерінің əдебиеттану ғылымы 
тұрғысынан талдануы ғылым үшін мəні бар мəселе екендігі даусыз. 
Қытайдағы қазақтардың рухани мұрасы жалпы қазақ фольклорынан ба-
стау алады, тамырлас деп қаралып, «…кейінгі туған фольклорында өзіне тəн 
ерекшелік бар. Екі елдің арасына шекара сызығы тартылғаннан кейін сол 
жақтағы жағдайларға байланысты эпикалық жырлар қайта өңделіп жырланды, 
жаңа эпикалық жырлар да туа бастады. Атап айтқанда «Манас», «Сабалақ», 
«Бердіқожа батыр», «Қабанбай батыр», «Жəнібек батыр», «Арқалық батыр», 
«Əлібек-Бор батыр», «Əтікей-Нұржекей», «Зуха», т.б. батырлық, «Ахмет-
Кəшім», «Садық-Салиқа» сияқты лиро-эпостық жырлар болған Шыңжаң 
қазақтарының осы тұстан (шекара бөлінгеннен кейін) бастау алған тари-
хи жырларын шартты түрде бірі – сыртқы жауға (жоңғар), екіншісі – ішкі 
жауға (гоминдаң) қарсы күрес негізінде туған жырлар деп екі топқа бөлініп 
қарастырылды» [3, 328 б.].
Қытайдағы қазақ əдебиетінде тарихи жыр мен шындықтың арақатынасы 
Демежан, Зуха, Жақыпберді, Елісқан сынды батырлардың өмірін өзек ет-
кен «Демежан батыр», «Зуха батыр», «Жақыпберді батыр», «Үркін-қорқын» 
жырларының тарихи шындыққа жанасымдылығы тұрғысында қарастырылды. 
Аталған жырлардың бəрі де ұлт азаттығын көксеп, елі үшін басын бəйгеге 
тіккен асыл ерлер жайында. Бұл жырлардың қай-қайсысын алсақ та, жыр 
кейіпкерлері тарихи өмір кешкен ерлігімен дараланған қарапайым жандар. 
Мысалы, «Демежан батыр» жырындағы Демежан – керей, найманның үш мың 
үйлі жанын билеген, айналасындағыларға өте сыйлы болған жан, əрі мəнжүр-
қытай отаршылдарының озбырлығына, ел ішіндегі жемқор, мəнсапқұмар 
басшылардың кері əрекеттеріне қарсы күрескен өз дəуірінің саяси қайраткері 
болған. Əке-шешеден ерте айрылып, нағашы жұртында тəлім-тəрбие алған. 
Жастайынан өжет, қайсар болып өсіп, ел ісіне ерте араласады. Отаршыл үстем 
тап өкілдері шонжарларының талап еткен ауыр алым-салығына, озбырлығына 
қарсы күреседі. Осы тұста қазақ пен мəнжүр, сібе, солаң, дағұр шонжарлары 
арасында бір-бірімен қырғи қабақ жиі болып тұратын. Мал үшін, жер үшін 
дау-дамайдың өрбіп тұрған дəуірі еді. Мұның үстіне мəнжүр билеушілерінің 
қазақ пен қазақтың арасына іріткі салып, бірін-біріне айдап салу тəсілін 
қолданып отырғанын қазақтар өзара білмей, түсінбей қырқысып жатқан за-
ман болатын. Демежан осы екі қыспақтың екеуін де көрген, əсіресе, мəнжүр 
билеушілерінің əділетсіз айла-сұмдығына қарсы күрескен халық қаһарманы, 
ел ардағы. Ел қорғаны бола білген асыл ер əділетсіз басшылардың тарапы-
нан дарға тартылып өлтірілген. Зерттеуші Зейнолла Сəнік: «Архивте Демежан 
1861жылы дүниеге келіп, 1908 жылы шаһит болғандығы мəлім. Бұл деректі 
Тарбағатайда өткен үлкен ағартушы Сұлтан Қанапин өзінің «Демежан үкірдай 
хақында естелік» деген қолжазбасында да анық жазып кеткен. Қолжазба 
Шəуешектің бұрынғы «ортақ тіл» деп аталатын аралас тілінде жазылған, онда 
былай делінеді: Демежан 1908 жылы 47 жасында өлтірілді. Сүйегін консул 


291
көшесінде тұратын Жақыпжан ақсақалдың қорасына (өзбек) əкеліп, денесінен 
қ ан шығып кеткендіктен имам-моллалары «шаһит» деп бағалап, жаназасын 
шығарып, қанды киіммен қойды» [4, 192-193 бб.], – деп көрсеткен дерегіне 
сүйенеді. Ал зерттеуші Мəкен Баймоллаұлы: «Демежан 1907 жылы қазанның 
9-ы күні өлтірілді» – деп жазады. Қалай болғанда да: 
«Ойласам өз күнімді бүйтер ме едім,
Қайғысыз рахатта өтер едім.
Жамандық ардан безіп ойлағанмен
Дүниеден өлмей тірі кетер ме едім.
Жұртым-ау, ел сасқанша жан қияйын,
Өлместей із қалдырып, сөз болайын.
Берсем егер жеріңді сұрағанда
Берсем егер малыңды тілегенге
Абырой бұдан артық табар едім.
Мəтендер қияр жанын мен дегенде.
Қорғадым қорқаулардан байлығыңды,
Ел үшін өлсем шейіт боламын деп
Жүргіздім қайтпай қарсы билігімді.
Сақтаймын өле-өлгенше ерлігімді» [5], – деп өткен.
Демежанның артында қалған ұрпағы əке ерлігін мадақ тұтып, зерттеушілерге 
құнды мəліметтер беріп келеді.
Демежанның тарихи өмір кешкен ел азаттығы үшін өмірін қиған асыл ер 
екенін батырдың тұстасы, жақын жүрген досы Əсет Найманбаев пен Əріпжан 
Жанұзақұлы ақындардың жоқтауларынан көруге болады. Əсет ақын: 
«Ассалаумағалейкум, беу Қарағаш,
Саяңа шұбырған ед тамам алаш…
…Жəйіліп төрт тарапқа даңқы кеткен
Кешегі ер Демежан иең қайда?
…Қарадан хан боп туған қайран Декем,
Бір саған қас қылғанды құдай атар.
Жарасқан ақ ордаға қайран Боздақ,
Көшірді-ау құдайдан соң солаң қозғап.
Ханым мен ханыша болған қатын-балаң
Қолында əлде кімнің кетті-ау боздап…» [4, 111 б.]. – деп
жоқтаса, Əріпжан Жанұзақұлы жанына жара салған қайғылы қазаға өкінеді. 
Демежанды халықтың қалаулы азаматы ретінде жоқтайды: 
«Сабазым, артық туған кемеңгерім,
Солаңның тұмсыққа ұрған жемеңгерін.
Көре алмай төрт үкірдай болды күндес
Мəртебең дутыңменен теңелгенін.
Ханзудың ерте біліп тіл мен заңын,
Халықтың жоқтап едің мұң мен зарын.


292
Түбінде маған сенен бір зауал деп
Түбіңе жетті ақыры Мəтен залым.
Жазықсыз дарға асып төкті ғой қан,
Қайысты қабырғасы естіген жан.
Ат байлап ағашыңның саясына
Жоқтаған күңіреніп мен Əріпжан» [4]. – деп ақын өз
күйінішін білдіреді.
«Зуха батыр» жырының бас кейіпкері Зуха қажы да нақтылы өмірде болған 
адам. Тарихи деректерге сүйенсек, ХХ ғасырдың 20 жылдарының аяқ шеніне 
келгенде Алтай өңірінің қоғамдық жағдайы тіпті де асқына түсті. 1928 жылы 
жазда Алтайдың қосымша қорғаныс елшісі болып Ви Жыңго дейтін біреу 
келді. Ол келе сала Алтай халқына қанды шеңгелін салды. Халықты қан 
қақсатты. Əскери күшпен озбырлық жүргізіп, алым-салықты шектен тыс ау-
ырлатып, елді ерекше қатты күйзелтті. Ви Жыңгоның бұл зұлымдығына шы-
дамай қарсы күрескендердің бірі – Зуха Сəбитұлы болды. Зуха Сəбитұлы 1866 
жылы шығыстағы Қалба тауының етегінде дүниеге келген. Абақ керейдің 
Ителі руынан шыққан ол – аталарының жолын қуып, діни дəріс алған. Атасы 
Нұрмұхаммед бүкіл орта жүзге таныс абыз атанған. Өз əкесі Сəбит те абақ 
керейдің ішінде мешіт-медресе салып, бала оқытқан, «Дамолла» деген атақ 
алған діни оқымысты адам болған. Солтүстік Шыңжаңның ұлан-ғайыр елінде 
40 жылға жуық имамдық жолында ұстаздық еткен. Төрт ұлы – Зуха, Білжай, 
Дəкен, Шəкірат əкеден жастай қалып, көзі ашық, көкірегі ояу шешесі татар 
қызы Бəтиманың тəрбиесінде өседі. Зуха 1903 жылы Меккеге қажылыққа 
барып, сонда біраз жүріп, 1906 жылы 40 жасында қажылықтан оралады. 
Қажылықтан кейін 23 жыл өмір сүріп, 1929 жылы басы алынып шейіт болған.
Енді Зуха батырдың жырдағы бейнесін жыршылар:
«…Ішінен бұл керейдің бір ер шықты,
Дұшпанын ерегескен жерге жастап.
...Келгенде жиырма жасқа атқа мініп,
Ішінен өз елінің шыққан екен» [6]. – деп хабарлайды. 
Жырда Зуха тек батыр ретінде ғана емес, əр қырынан көрініс береді. 
Мəселен, ел ішінде беделді адам екендігін:
«Алтай, Боғда, Үрімжі, Жайыр, Сауыр,
Тұрушы ед ортасында бір асқар бел, – деп сипаттайды. 
Оның халық қамын ойлаған, əділетсіздікке қарсы шығып, бай-шонжар-
лармен, билік басындағылармен үзеңгі қағыстыруларын: 
Пақырлар күліп қайтар, жылап барып.
Шаһит қой Зуха батыр жүзі жарық.
Қорлығы өткен халықтың қас жауынан
Еліне берем деуші еді теңдік алып» [6]. – деп суреттейді.
Жырда болған оқиға бұрмаланбаған. Қайта жыр мен дерек бірін-бірі 
толықтырып отырады. Жырда Зуха қажының басын денесінен бөліп алып 
кеткендігі турасында мынадай жолдар бар:


293
«Қауіпсіз жатқан шағында
Шеріктің қамап алғаны.
Басын кесіп қажының
Қу қоржынға салғаны» [6].
«Зуханың басын денесінен бөліп алып, қоржынға сала қашқан Ма да-
рын тізгін ұшымен Сарысүмбеге жетеді. …Уи дауиң Сарысүмбенің Қыран 
өзеніне салынған үлкен көпірдің кіре берісіне Зуханың басын іліп қойып, 
«кім бағынбаса осыны көреді» деп үгіт жүргізеді» [6]. Міне, тарихи жыр мен 
шындықтың арасы алшақ емес екендігі осы жырда да көрініс берген.
«Демежан батыр» жыры жəне оның нұсқалары туралы» деген Ұ.Аязбаеваның 
мақаласында Демежан батыр жайындағы жырлардың бес нұсқасын түгел 
бір-бірімен (Қ.Орынбасарұлы, Т.Құсайынұлы, А.Татанайұлы, Ə.Қоңқаұлы, 
Ə.Əмірұлының нұсқалары) салыстырылып, текстологиялық талдау жасауы 
үлкен еңбек болып табылады. 
Жырдың барлық нұсқаларында оқиға желісінің баяндалуы əрқалай 
болғанымен, ішкі мазмұны ұқсас. Əр нұсқада оқиғаларды баяндауда өзіндік 
айырмашылықтары кездесіп отырады, 1-оқиғаның баяндалуында /толық, 
толық емес/, 2-оқиғаның орын тəртібінде, 3-тіл көркемдігінде. Жырдың ком-
позициялық сюжетінде кездесетін оқиғалар жырдың көп нұсқасында кездеседі. 
Мысалы жырдағы мына эпизодтар нұсқалардың бəрінде де ұшырасады.
1. Демежанды таныстыру;
2. Мəтеннің Шəуешекке амбы болып келуі;
3. Мəтен мен Ысқақтың жақтас болып, елді азғыруы;
4. Мəтеннің алым-салығы, Демежанның қарсы келуі;
5. Демежанның Ішбетіден Алтайға кетпек болуы;
6. Демежанның Мəтенге келуі, қолға алынуы;
7. Демежанның елге хаты, абақтыдан қашуы;
8. Батырдың қайта ұсталуы;
9. Мəтеннің Демежанды дарға асу үкімі, консулдың араша түсуі;
10. Демежан өлімі;
11. Батырды жоқтау, оған деген халық құрметі;
12. Жыр соңы.
Осы нұсқалардың бəрінде кейіпкерді таныстыратын шағын кіріспе бар. 
Ақын-жыршылар батырлардың елі мен жері жайында қысқаша мəлімет 
береді. Əр жыршы білгенін-естігенін өзінше баяндағандықтан кіріспенің 
көлемі де əртүрлі болып келеді. Сондай-ақ бейнелеу құралдарын пайдалану 
шеберлігі, ұйқасы, көлемі, баяндау стилі жағынан да нұсқалардың айтарлықтай 
айырмашылықтары бар. Дегенмен Мəтеннің Шəуешекке амбы болып келуінде, 
Мəтеннің алым-салығында, Демежанның елге хатында, Бітіридің жоқтауында 
жол ұқсастықтары жиі кездесіп жатады. Ал, шумақ ұқсастықтары сирек 
кездеседі. Сонымен қатар біз сөз етіп отырған бес нұсқаны бес түрлі вариант 
деуге келмейді. Жырлардың вариантталуы турасында ғалым З.Сейітжановтың: 


294
«Жыршылар – белгілі бір оқиға жайында бір ғана емес, бірнеше өлең-жырды 
білуі мүмкін; жыршы оларды қатарынан жырлаған кезде, бір батырға неме-
се сол оқиға болған бір жерге байланысты бірнеше өлең-жырдың тобы пайда 
болады» [7] деген пікірін негізге алып, жырдағы оқиғалардың бір-біріне өте 
жақын екенін анықтап, оларды бірнеше версия, екі нұсқа деп қараймыз.
Тарихи жырлардың композициясы, сюжеттік желісі классикалық жырларға 
ұқсамайды. Басқаша айтқанда, мұнда негізгі оқиғаға мəн беріледі. Батырлық 
жырлар сюжетінің бөлшектері ұлт-азаттық қозғалысына байланысты туған 
тарихи жырларда өзгеріске ұшырайды. Басқаша айтқанда батырлық жырлар-
да кездесетін (перзентсіз ата-ана, олардың хал жағдайы, кейіпкердің кере-
мет болып туылуы, баланың өте күшті батыр болып ерекше өсуі, батырдың 
əйел іздеп шығуы, ғашығын (қалыңдығын) іздеп табуы) ғұмырнамалық 
эпизодтар тарихи жырда айтылмайды, батырлардың жас кезі, мекен жайы-
нан қысқаша мəлімет беретін шағын кіріспе болады. Негізінен ел азаттығы 
жолындағы іс-əрекеттері айтылады. Ұлт-азаттық көтерілісіне байланысты 
туған жырларда ұлан-асыр той да жоқ. Керісінше, басты кейіпкерлер мерт 
болады. Оқиға қайғылы аяқталады. Оқиға қалай болса, сюжеттік желі де со-
лай болады. Қалыптасып тұрақтанған сюжет жоқ. Оқиға өмірдің өзінен туын-
дайды. Батырлар образын ашуда көркемдік бейнелеу құралдарының қызметі 
зор. Өйткені, «батыр образы – халықтың ең асыл арман-мұратының көркем 
жинақталуы». Ал, тарихи жырларда батырын асыра мақтау жоқ. Сондай-ақ, 
тарихи жырлардың мазмұндары өмірде нақты болған оқиғаларға не тура, не 
жанамалай болса да, байланысып жатады. Сондықтан тарихи жырларда сурет-
телген оқиғалардың қай дəуірде, қай кездерде болғандығына, тарихи құжаттар 
мен шежіре айғақтарына сүйеніп, анықтауға болады. Демек, тарихи жырларды 
белгілі бір оқиғалар жөніндегі халықтың айтқан сөзі, пікірі деп айтуымызға 
негіз бар. Сол себепті, тарихи жырды – тарихи оқиғалардың дəлме-дəл көрінісі 
деуге келмейді, əйтсе де, қаһармандық эпостарға қарағанда оқиғалар тарихи 
шындықтың айналасында өрбиді. Сондықтан тарихи жырларда аз мөлшерде 
болса да ұлғайтудың болатынын жоққа шығаруға болмайды. Өйткені тарихи 
жыр классикалық эпостың поэтикасын пайдаланады. Мысалы, біз нысанаға 
алған жырларда («Демежан батыр», «Зуха батыр) гипербола кездеседі, бірақ 
батырлық жырмен салыстырмалы түрде алғанда жоқтың қасы деуге бола-
ды. Демежандай ерін эпикалық батыр дəрежесіне көтергісі келген. Жыршы 
Ə.Əукіш Демежанды дарға асып өлтіруінде:
«Тартқанда жеті қайта шықты жаны
Тəнінің əр жерінен ақты қаны» [4, 231 б.].
Немесе:
«Мəтеннің Демежанға салған салығы:
Бай дейді жұрттан асқан ер Демежан
Төрт жүз ат, бес пұт алтын берсін» [5, 104 б.]. – дейді.
Əрине, Демежанның ауқатты екені де рас, Мəтеннің Демежанға салған 
салығы да тарихи шындық, бірақ, төрт жүз ат, бес пұт алтын сұратуы мүмкін 


295
емес. Жыршы Мəтеннің ерекше жемқорлығын көрсетпек болған оймен 
тым асырмалап жіберген. Олай дейтініміз, бір пұт алтын он алты келеге 
тең болғанда, бес пұт алтын сексен келеге тең болады. Əрине, мұнда жыр-
шы батырдың мықтылығын дəлелдеу мақсатында дарға жеті рет тартқызса, 
Мəтеннің елден асқан жемқорлығын төрт жүз ат, бес пұт алтын сұратуымен 
əсірелеп ұлғайта көрсеткен. Біз Демежан салықты төлей алмағаннан емес, 
салыққа қарсы келгендіктен абақтыға алынғанын ескерсек жетіп жатыр. 
Мұндай гиперболалық тəсіл Зуха, Жақыпберді, Елісқандардың іс-
əрекеттерінде аздап ұшырасады. Мысалы, «Жақыпберді батырдың» С.Дал да-
баев нұсқасында: 
«Көздің жасын көл қылып қатын-бала
Ешкімнен рахым келіп қарамаған.
Осы жырдың екінші нұсқасында: 
«Жер жарған Будутыңның құр атағы,
Қанымен төрт дауалды сылатады» – деген сыпатты əсірелеулер кездеседі. 
Бұл мақсатсыз қолданылған тəсіл емес, мұндай əсірелеулер адамның көңіл-
күйі мен шығарманың əсерлілігін арттыруға септігін тигізеді.
Халықтың ауыр күйі ауыз əдебиетінің қай жанрын болса да айналып 
өтпеген. «Халық поэзиясында ежелден ауыр жағдайды, апатты, қайғыны, 
қазаны «айдын көл су алды», «қас бəйтерек құлады», «жаңған шырақ өшті» 
деген сияқты тұспалдап айтып келген» [8, 38 б.]. – дейді ғалым З.Ахметов. 
Классикалық жырларда кездесетін мұндай көріністер біз нысанаға алған жыр-
ларда да кездеседі. Мысалы, Демежанды жоқтаған əйелінің жоқтауында:
«Сарғайып зағпырандай қайғы жедім
Гүлім солып, заманым қуырылды ғой,
Есілім, тірі болсаң бүйтер ме едім.
Немесе:
Күнім батып, заманым қуырылып,
Қайтейін арт жағыңның тайды бағы.
Немесе: 
Қорғанымыз құлады,
Бəйтерегім сұлады» [4, 235 б.], – деп келетін жолдар көп.
Жыршылар мұнда елдің мұңын айтқанда ұлғайту формасын пайдаланған. 
Мұндай ұлғайту тəсілін пайдалану арқылы шығарманың көркемдік жəне 
идеялық мазмұнын ашып қана қоймай, халық басына түскен нəубетті əсірелей 
түскен. Белгілі бір тарихи оқиғаға байланысты туған екі түрлі шығарма болса 
да, үндестік байқалады.
Жыр қаһармандары қарапайым болғандықтан олардың əйелдері де елден 
асқан сұлу немесе пері қызы да емес. Сонымен қатар бұл батырларда ора-
сан динамикалық қимылдар жоқ. Өйткені, олардың жаулары да алып күштің 
адамы емес, қатардағы адамдардан алшақ кетпейді. Яғни, тарихи жырлардың 


296
бас кейіпкерлері «типтік» образдағы сипатқа енбеген. Демежан Қобыланды 
сияқты қырық мың қызылбаспен жалғыз айқасқа келмейді. Қобыланды: 
«… Жалғыз өзі батырдың,
Жойып кетіп барады.
Қойға тиген қасқырдай
Сойып кетіп барады.
Үш мың атты бір сайға,
Төрт мың атты бір сайға
Аламын деп қайтарда
Қойып кетіп барады.
Ал, Демежан бір Мəтеннің алдына барғанда: 
Боларын бір сұмдықтың біліп алды,
Қасына он бес жігіт ертіп алды.
Демек, Демежан алдына келген қырық мың жасақты жайпап салатын Қобы-
ланды емес, ол кəдімгі қарапайым жанша күдіктенеді, қорқады. Дұш панына 
жалғыз бармайды, тіпті барған күнде де: 
Келген соң Мəтен амбы ашуланды,
Сары таяқ жерде жатқан қолына алды.
Мəтен Демежанды шоқпармен немесе айбалтамен емес, кəдімгі сары 
таяқпен ұрып абақтыға жабады. Зуха да бар ауылы болып Мадарын бастап 
келген 150 əскерге соққы бере алмайды. Ауылдағы «алпыс адамның» бəрі 
қарулы шеріктердің қолынан қаза табады. Ал, Жақыпберді болса, 
Қауіпсіз еш нəрседен отырғанда,
Ат қойды қырық шерік андағайлап.
Амал не, көпке қылар қайрат қайсы
Арқанмен түсе-түсе алды байлап – дейді.
Демек, тарихи жырлардың қаһармандары дұшпанына жалғыз қарсы келе 
алмайды. Қырық мың əскерді былай қойғанда, қырық əскерге де төтеп бере 
алмайды. 
Сонымен, көріп отырғанымыздай, тұтастанудың барлық сатыларынан 
батыр лық эпостар толық өткен, ал, тарихи жырлар əлі де болса өте қоймаған 
деген қорытындыға келуге болады. Себебі, батырлар жырында «батырлар 
қандай кездейсоқтық болса да жеңімпаз ретінде көрінеді» [9, 125-165 бб.].
Қорыта келгенде, біз бірінші, тарихи жырлар мен батырлық жырлар-
ды салыстыра отырып, сюжеттік, композициялық айырмашылықтарын 
анық тадық. Батырлық жырлардың кейбірі (Қырымның қырық батыры т.б.) 
тұтас танудың барлық сатысынан өткен, тарихи жырлармен салыстырғанда 
оқиғасы мен құрылысы ертегіге жақын. Тарихи жырлардың жанрлық 
ерекшеліктеріне, кейіпкерлеріне қысқаша сипаттама беріліп, тұтастанудың 
сатыларынан əлі толық өте қоймауының себептері ашылды. Этнографиялық 
құндылықтардың тарихи жырларда да көп көрініс беретіні байқалады. Ұлттық 
наным-сенімдер мен дүниетанымы, əдет-ғұрпы мен тұрмыс-тіршілігі өмірлік 


297
шындық деңгейінде көрініс тапқан. Жыр оқиғасы тарихи шындықпен орай-
лас бейнеленген. Жырлардағы көркемдік бейнелеу құралдарында дəстүр 
сабақтастығы байқалады, ақын-жыршылар ертеден келе жатқан эпикалық 
жырлардың бейнелеу құралдарын пайдаланған. Батырлық жырларда 
қолданылатын ұлғайтулар біз сөз еткен жырларда кездеспейді десе де бо-
лады, дегенмен аз ұшырасады. Өйткені мұнда кейіпкерлер қиял-ғажайып 
түрде дүниеге келмеген қарапайым адамдар болып табылады. Бұл жырларда 
қиялдың орнын тарихи шындық басқанын əрі қаһармандар да, оның жаула-
ры да алып күш иесі емес. Кейіпкерлердің қарапайым қатардағы адамдардан 
алшақ кетпейтінін, көркемдеуіш құралдардың ішінде ұлғайту-əсірелеудің 
мөлшері аз болатынын аңғардық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет