Атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет68/79
Дата06.03.2017
өлшемі15,09 Mb.
#7978
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   79

 

Х.А. Айтқұл 

ҚР МОМ археология Орталығының жетекшісі (Алматы қ.) 



 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҚ МУЗЕЙДІҢ 

АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ НƏТИЖЕЛЕРІ 

 

2011  жылы  ҚР  МОМ-де  екі  топтан  тұратын  тұрақты  археологиялық  экспедиция  құрылды. 

Экспедицияның  Қаратау  тобы  ерте  темір  дəуірі  ескерткіштері  Талдысу,  Бөкебай  шоқы,  Бесарық 

шатқалдарына  зерттеу  жүргізген  болса,  Күлтөбе  тобы  т.ғ.д,  профессор  А.Н.  Подушкин 

басшылығымен  Ордабасы  ауданындағы  Күлтөбе,  Қылышжар  қоныстарында  барлау,  зерттеу,  қазба 

жұмыстарын  атқарды.  Қазба  жұмыстары  барысында  табылған  археологиялық  жəдігерлер  қаңлы 

мəдениетінің  өзіндік  ерекшеліктерін  айғақтайды.  Күлтөбе  қалашығы  солтүстікке  қарай 4 шақырым 

жердегі  Сарыарық  ауылы,  Арыс  өзенінің  сол  жағалауында  орналасқан.  Нысан  екі  бөлікті  аморфты 

рабад  іспетті  қалашық  болып  саналады.  Ескерткіштің  цитаделі  Арыс  өзенінің  жағалауында 

орналасқандықтан, оның ағысымен шайылып кеткен. Жотада биіктігі 10 м, көлемі 150 шаршы метр 

оңтүстік-батысқа қарай қалған бөлігі сақталған. Қылышжар қорымы Күлтөбе қалашығынан оңтүстік 

–  батысқа  қарай 1,5 шақырым  жерде,  Арыс  өзенінің  оң  жақ  алқабында  орналасқан.  Оба  үйінділері 

бір-біріне жүйесіз орналасқан, Қылышжар қорымында солтүстік-шығыс-оңтүстік-батыс бағытта 60–

80  обаға  дейін  созылып  жатыр.  Қорымдардағы  обалардың  орташа  өлшемі  диаметрі 8–10-нан 30 

метрге дейін, ал биіктігі 0,8 ден 2,5 м-ге дейін жетеді. Қазба жұмысының нəтижесінде археологиялық 

нысандардан  табылған  материалдары  бірегей  бедерлі  қыш  ыдыстар,  əшекейлер,  қару-жарақ,  тың 

жазба  деректерге  сүйене  отырып,  А.Н.  Подушкин  осы  аумақтың  материалдық  мəдениетінің 

ерекшеліктерін  саралап  Отырар - қаратау  мəдениетінен  жергілікті  бірегей  арыс  мəдениетін  бөліп 

шығарды. [1, 211–284-бб.]. 

Жалпы Қазақстан территориясында көптеп кезедесетін ежелгі көшпенділерден мұра болып қалған 

археологиялық  ескерткіштердің  бірі  обалар  үлкен  жəне  кіші  топтардан  құралып  тізбектеле 

орналассып ежелгі отырықшы, жартылай отырықшы орталықтары (оба, қоныстар). 

ҚР  МОМ  археологиялық  экспедициясының  Қаратау  тобы,  Қаратаудың  оңтүстік  беткейінде 

орналасқан  обалы  қорымдарында  жүргізілген  зерттеу  жұмыстарының  нəтижесінде,  бұрын  сонды 

ғылымға  белгісіз  болып  келген  сақ-үйсін  кезеңінің  ескерткіштері  туралы  көптеген  археологиялық 

материалдар табылды. Өйткені осы кезге дейін сақ-үйсін кезіңіне қатысты Сырдарияның орта ағысы 

мен Қаратаудың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан ескерткіштер аз зерттелген болатын.  

Алайда ата кететін жəйт 1969–1972 жж. М.Қ. Қадырбаевтың жетекшілігімен Қазақ КСР ҒА Ш.Ш. 

Уəлиханов атындағы Тарих, археология жəне этнография институтының Оңтүстік Қазақстан кешенді 

археологиялық  экспедициясы  Қаратау  өңірінің  ежелгі  көшпенділері  ескерткіштерінің  екі  түрін; 

обалар қорымы мен петроглифтерді зерттеді. Обаларды зерттеу тобы өз жұмысын оңтүстік-батыстан 

солтүстік-шығысқа  қарай  Түркістан-Шолаққорған  бағытында,  шығыстан  батысқа  қарай 

Шолаққорған-Дəуіт  тауы  (Қаратаудың  солтүстік-батыс  бөлігі)  бағытында  жүргізген.  Жалпы 

экспедицияның  бұл  кезеңдегі  зерттеу  жұмыстары  Түркістан  оазисі  жəне  оған  іргелес  жатқан 

аудандардың  қола  жəне  ерте  темір  дəуіріндегі  тарихы  мен  мəдениетін  кешенді  түрде  зерттеудің 

бастамасы болды жəне ол ерте көшпенділерге қатысты үлкен маңызға ие мағлұматтар берді [2, 9–232-

бб.]. 1969 жылы  Оңтүстік  Қазақстан  археологиялық  экспедициясының  Оңтүстік  Қаратау  тобы 

(А.Г.Максимова)  Ойық  ауылынан  солтүстік-шығыста,  шағын  тауалды  қыраттарда  орналасқан  Ойық 

қорымында  қазба  жұмыстарын  жүргізген.  Қазба  жұмыстары  барысында  алынған  деректердің 

негізінде бұл ескерткіштерді б.з. І м. ж. І-ші жартысы деп мерзімдеген. [3, 156–165-бб.]. 1973 жылы 

Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясының тобы (Б. Нурмуханбетов) Қаратаудың 

оңтүстік беткейіндегі Ермексу, Құмайлықас, Баялдыр өзендерінің бойында зерттеулер жүргізген. [4, 

74-б.]. 1975–1980 жж.  Оңтүстік  Қазақстан  кешенді  археологиялық  экспедициясының  Бесарық 

обаларын зерттеу тобы (С.М. Ақынжанов., А.К. Ақышев) Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейінің ерте 

көшпенділері  ескерткіштерінде  зерттеу  жұмыстарын  жүргізді.  Зерттеу  жұмыстары  Тұрлансай, 

Байылдыр,  Шылбыр,  Иқансу  сияқты  өзендердің  бойындағы  су  қоймаларының  құрылысы 

жоспарланған  аудандарында,  Кентау  қаласы  аймағындағы  барлық  шатқалдарда,  Бесарық  өзені 

алқабында, Қаратаудың солтүстік беткейінде жүргізілді. Зерттеу жұмыстарының нəтижесінде өңірдің 

ерте  көшпенділеріне  қатысты  Бесарық  шатқалындағы  Бүркітті,  Қобланды,  Тұрғанбай,  Алтысу, 

Егізқара,  сондай-ақ  Иқансу  обалы  қорымдары  анықталып  есепке  алынды,  қазба  жұмыстары 

жүргізілді.  Ғалымдар,  зерттелген  обалардың  жерлеу  рəсіміне  қарап  (мəйіттердің  басы  батысқа 

қараған) жəне табылған археологиялық табыстарға (қыш ыдыстар мен темір пышақтар) сүйеніп б.з. І-



403 

 

ІІІ  ғғ.  мерзімдеген. [5, 88–90-рр.]. 1998–2001 жылдары  Қожа  Ахмет  Ясауи  атындағы  ХҚТУ-ң 



археологиялық  экспедициясының  петроглифтерді  зерттеу  тобы  (Д.Ф.  Винник,  С.С.  Мурғабаев) 

Қаратау  жотасының  Түркістан  ауданына,  Қызылорда  облысының  Жаңақорған  ауданына  қарасты 

аймақтарда 20-дан  астам  петроглифтердің  ірі  орындарын  анықтап,  Жыңғылшық,  Майдантал 

петроглифтерін жан-жақты зерттеді жəне оларға қосымша бірнеше сурет орындарын ашып, ғылыми 

айналымға  енгізді. [6, 165–169-бб.]. «Əзірет  Сұлтан»  мемлекеттік  тарихи-мəдени  қорық  музейімен 

Ə.Х. Марғұлан атындағы археологиялық институтының Түркістан археологиялық экспедициясы 2000 

жылы  Шойтөбеден  оңтүстік-батысқа  қарай 2 км  жерде  орналасқан  алып  құм  төбеде  барлау 

жұмыстарын жүргізген. Археологиялық зерттеу жұмыстарының барысында бұл ескерткішке Шербай 

қорымы деген ат беріліп оның қола дəуірінде қалыптасқандығы дəлелденді. [7, 82–85-бб.]. 2004–2005 

жж.  Қ.А.  Ясауи  атындағы  халықаралық  Қазақ-Түрік  университеті  Археология  ғылыми-зерттеу 

орталығының Тұран археологиялық экспедициясы (М. Елеуов) Түркістан ауданының археологиялық 

картасын жасау мақсатында археологиялық барлау жəне зерттеу жұмыстарын жүргізді. Жүргізілген 

зерттеу  жұмыстарының  барысында  Түркістан  ауданының  Жаңа  Иқан,  Шаға,  Оранғай,  Қарнақ, 

Жүйнек,  Бабайқорған  ауылдық  округтерінің  жерінен  бұрын  есепке  алынбаған 132 топтан  тұратын 

жалпы  саны 2080 обалар  мен  обалар  қорымы  ашылып  есепке  алынған [8, 127–133-бб, 68–73-бб.]. 

2009  жылы  «Əзірет  Сұлтан»  мемлекеттік  тарихи-мəдени  қорық  мұражайы  ұйымдастырған  Жүйнек 

археологиялық  барлау  тобы  Шыпан  қорымында  зерттеу  жұмыстарын  жүргізді. [9, 251–256-бб.]. 

Түркістан  өңірінің  осы  кезеңдерге  қатысты  ескерткіштерінде  жүргізілген  зерттеулерден  тек  жеке 

қорытындылар  алынғаны  болмаса,  аталмыш  тарихи  кезеңде  тіршілік  еткен  тұрғындардың  жерлеу 

ғұрпы,  шаруашылығы,  мəдениеті  туралы  зерделенген  арнайы  тұжырымды  ғылыми  зерттеу  еңбек 

жоқтың қасы.  

Осыған байланысты ҚР МОМ Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан Қаратаудың 

оңтүстік-батыс  таулы  аймақтарымен  қатар  Сырдың  орта  ағысы  жазығында  бірнеше  жылдар 

қатарынан  археологиялық  зерттеу  жұмыстарын  жүргізуде.  Аталмыш  зерттеу  жұмыстардың  негізгі 

мақсаты  өңірдің  көне  тарихынан  терең  мағлұмат  беретін  ескерткіштерді  зерттеу,  орналасқан  жерін 

анықтау,  сызбаға  түсіру,  олардың  қалдырған  діни  нанымдары,  шаруашылығымен  мəдениеті  жəне 

жерлеу үрдістерін анықтап қана қоймай оны ғылыми айналымға еңгізіу болып табылады. 

2011–2012 жж. ҚР МОМ археологиялық экспедициясының Қаратау тобы Бесарық жəне Талдысу 

шатқалдарында  (ОҚО,  Түркістан  қаласы,  Майдантал  ауылдық  округы)  ежелгі  көшпелілер 

мəдениетінің ескерткіштерін зерттеді. Талдысу өзенінің ескі арнасының оң жағалауындағы Талдысу-

1  қорымында  екі  обада  археологиялық  зерттеу  жұмыстары  жүргізілді.  Обалар  үйіндісі  тас  пен 

топырақтан  тұрғызылған,  сыртында  өзен  тастарымен  шеңберленген  қоршауы  бар.  Қоршауды 

аршығанда оның үлкен тастардан қаланған ірге-табаны байқалды. Оба үйінділерін аршығанда таспен 

қаланған  «жамылғы»  анықталды.  Жамылғыны  аршығанда  көлемі  4х2,1  м.  көр  шұңқыры  жəне  екі 

қаңқа  анықталды.  Көр  шұңқырының  жоғарғы  қабаттарынан  күл,  құрбандыққа  шалынған  уақ  мал 

сүйектері  табылды.  Қазба  барысында  басы  алтын,  сабының  өзегі  темір  тетіктен  тұратын  аса,  ұзын 

сапты мыс айна, мыс, темір түйреуіштер, ғұрыптық текше тас, ғұрыптық зат бор кесегі табылды.  

Аса  басы  шар  түрінде,  қабысыңқы,  қабырғалана  қырланған,  төбесі  дөңгелек  ұяшық  сияқты, 

ұяшыққа дəнекерленген үш білеу оны үшбұрышты төрт көзшеге бөлген. Көзшелердің екеуіне перуза, 

біріне маржан тас қондырылған. Бастың артқы жағына екі саңылау түсірілген, саңылаулар жақтауға 

бекітуге  лайықталса  керек,  бас  өзегі  темір  тетікке  қондырылған  (тетіктің  сыртқы  сабы  алтынмен 

қапталған  болу  керек,  обаны  тонау  барысында  жоғалған).  Мыс  түйреуіш  ұзынша,  жұмырлау,  ұшы 

сүйірленген  білеу  түрінде,  басына  түйнек  қондырылып  үшбұрыштармен  əсемделген.  Пышақ 

біржүзді,  жүзінің  ұшы  тік  төртбұрышты,  жүзі  біртіндеп  сапқа  ұласқан.  Саптың  ұшы  сүйірленген. 

Моншақтар  дөңгелектеу,  ақ  түсті  көгілдірлеу,  көзшелі.  Ғұрыптық  текше  тастың  үстіңгі  беті 

қырналып,  шеттері  тегістелген.  Айна  дөңгелек,  беті  тегіс,  тұтқасы  ұзын,  тұтқаның  ұшы 

дөңгелектенген.  Бор  кесегі  тікбұрышталған,  шеттері  дөңгелектенген,  үсті  үйкелгені  байқалады. [10, 

265–271-бб.].  Қабірден  табылған  заттарды  зерттеу  барысында  алынған  мəліметтерге  сүйеніп  обаны 

б.з.д. V-IV ғғ.  мерзімдеп  (Ə.К.  Ақышевтің  мерзімдеуі  бойынша),  скиф-савромат  мəдениеті 

ескерткіштерінің  қатарына  жатқызуға  болады.  Скиф,  сақ,  савромат  құндылықтары  арасында 

ұшырасатын  ұзын  сапты  айналар  прохоров  мəдениетінің  ерте  кезеңіне  тəн.  Бұндай  айналар  алғаш 

Алдыңғы  немесе  Орта  Азиядан  таралған.  Түйреуіш,  басы  алтыннан  құйылған  асаға  ұқсас  заттар 

көркемделуі  тұрғысынан,  скифтердің  көне  дүниелері  арасында,  сондай  ақ, 1-Петрдің  Сібір 

коллекциясында  (қатпарланған  ірі  алтын  моншақтар,  екі  жартыкештен  дəнекерленген  тізбелер) 

кездседі. Талдысу қорымынан табылған асаға ұқсас зат бұған дейін Теңлік обасынан табылған, К.А. 

Ақышев оны б.з.д. III-II ғғ. мерзімдеді. [11, 76–77, 21–23, 121, 3–65-бб.]. 

Қаратау  тобы  Бөкебай  шоқы  алқабында  орналасқан  Қызылсу  обалы  қорымы  «Қорқыт»  атты 

мұртты  оба,  Орталық  Қазақстандағы  Тасмола  мəдениеті  ескеркіштеріне  архитектурасы  мен 

құрылысы жағынан ұқсас сақ мəдениетінің қалыптасуына əсерін тигізген археологиялық кешендерде 


404 

 

зерттеу жұмыстары жүргізілді. [12, 292–298-бб.]. Қызылсу обалы қорымынан (б.з.д.V-III ғғ. – б.з. III-



IV  ғғ.)  табылған  салмақты  қоладан  құйылған  балық  бейнесіндегі  білезік  бөлігі,  сүйек  пен  қоладан 

жасалған жебе ұштары бірегей құнды материалдар ретінде ерекше назар аудартады. [13, 229–234-бб.] 

2013 ж. зерттелген обалардың басым көпшілігі тас шеңбермен қоршалған болып шықты. [14, 422–

425-бб.].  Негізінен  шеңбері  бар  обаларды  екі  түрге  бөлуге  болады:  ескерткішті  көзбен  бақылау 

барысында  шеңбері  көрінетін  обаларды  біріншісіне  жатқызамыз,  екіншісіне  тек  қазба  барысында 

табылатынын  жатқызамыз.  Бірінші  түрге  жататын  обалар  көбнесе  ерте  дəуір  қорымдарында 

кездеседі. Үш өзен обалы қорым ескерткіштерінде табиғатқа табыну белгілері байқалады. Көптеген 

оба үйіділерінің айналасынан табылған шеңберленген қоршаулар ерте көшпенділер өмірінде ерекше 

орын  алған,  аспан  денелеріне – күн,  ай,  жұлдыздарға  табыну  белгілері  болып  табылады.  Аспан 

денелері  жыл  санаудың  негізі  болды,  олар  арқылы  жайылымнан  жайылымға  көшу  уақытын 

анықтады, жол табуға бағдар болды, діни рəсімдерді өткізуді реттеді. [15, 478–493-бб.]. 

Шеңберленген  қоршаулар  аспан  денелері  туралы  түсінікпен  қатар  тиым  салу  (табу)  элементі 

болып  табылады.  Тұйық  шеңбер,  яғни  жерленгендерді  мазалауға  болмайды [16, с. 145]. Үш  өзен 

обалы  қорымында  жүргізілген  археологиялық  зерттеу  жұмыстары  нəтижесінде  №3  обаның  қабір 

шұқырында  от іздері байқалды. Негізінен отпен тазалау сиқырлық сенімі  ерте (б.з.д. ІІІ-ІІ ғғ.)  жəне 

кейінгі (б.з. І-ІІІ ғғ.) дəуірлердегі үйсін ескерткіштерінде кездеседі.  

Ерте  кезең  ескерткіштерінде  (Кызыл-Эспе,  Унгур-Кора  І,  Бесшатыр  ІІ  қорымдары)  отқа  табыну 

(отпен тазалау) жерлеу орнында жасалған. Мұндай тазалаудың екі мақсатты болды - өлген адамның 

бойынан жəне жерлеу орнынан жамандықтарды жою [17, 22–23-бб.]. 

Кейінгі кезең ескерткіштерінде (Тайгак І, Калкан І, ІҮ қорымдары) отпен тазалау негізінен жерлеу 

орнының алдында кездеседі. Бірақ, бұл кезде отпен тазалау дəстүрімен қатар құрбандық шалуда кең 

тараған. 

2013  ж.  қорымда  жүргізілген  зерттеу  жұмыстары  кезінде  обалардан  табылған  ірі  қара,  уақ  мал 

сүйектері  құрбандық  шалу  дəстүрінің  қалыптасқанын  көрсетеді.  Құрбандық  шалу  сиқыршылық 

дəстүрінің элементі ретінде үйсіндерге тəн болды. Тайгак І, Калкан І, ІҮ қорымдарындағы обаларды 

зерттеу  кезінде  табылған  ыдыстарды  құрбандық  шалу,  зұлымдық  жəне  тылсым  күштерге  сенудің 

белгілері ретінде қарастыру керек. 

Үйсіндер  арасында  діни  көзқарастардың  жаңа  дамыған  түрі – аталық-рулық  қатынастардың 

ыдырап таптық қоғамның қалыптаса бастаған кезеңіне тəн əруақтар мен табиғат күштеріне сену кең 

тарады. 


1.

 

Жасажырық  алқабы  Үш  өзен  обалар  қорымында  археологиялық  қазба  жұмыстары, 



ескерткіштердің негізгі жəне үстемдік етуші түрі – қарапайым жерлеу орны болып келетін обаларда 

жүргізілді. Жерлеудің бұл түрінде ерте кезеңде қосымша құрылыс болған. Ол мəйіттің үстін немесе 

жерлеу орнының бетін ағашпен жабу. Қазба кезіңде қабір шұқырларынан табылған ағаш қалдықтары 

мұны  растайды.  Сонымен  қатар  мұнда  қабір  шұқырының  ішіне  лақатты  жерлеу  құрылыстары  да 

шыққан  болатын.  Лақатты  жерлеу  орны  Орталық  Азия  мен  Қазақстанның  оңтүстігіндегі 

мұсылмандардың  арасында  кең  тараған  жерлеу  орындарына  ұқсас  болып  келеді.  Үйсіндердің 

молаларындағы  лақатты  мұсылман  молаларындағы  лахатқа  ұқсас. [18, 429–434-бб.].  Ежелгі 

үйсіндердің жерлеу орындарының мұсылмандық жерлеу орындарынан айырмашылығы жерленгендер 

мен жерлеу орнының бағытында жəне əртүрлі заттар қоюында.  

Жетісулық жерлеу орындарында лақат оңтүстік қабырғамен қатар солтүстік қабырғаның бойында 

да  орналасады,  ал  Орта  Азия  мен  Поволжьяда  олар  батыс,  шығыс  қабырғаларының  бойында  да 

кездесе береді. 

Ертедегі  үйсін  қорымдары  тек  қана  қыстау-қоныстардың  маңына,  тау  етектеріне,  шатқалдардан 

жазыққа  шығар  жерлерге  орналасқан.  Үйсіндер  қоныстануды  ұнататын  жер  бедері  қорымдарды 

олардың мəдениетіне тəн меридиандық «тізбекте» жоспарлауды анықтап берді. Қыстау-қоныстар тау 

шатқалдарының  түбіне  орналасқандықтан,  қорымдар  тау  өзендері  мен  жылғаларының 

жарқабақтарына  салынған.  Мұның  өзі  оба  құрылыстарының  өзара  орналасуы  судың  солтүстіктен 

оңтүстікке жəне керісінше ағу бағытына катаң сəйкес келіп отырады. [19, 25–214-бб.]. 

Алайда ертедегі үйсін қорымдарының ерекше жоспарлануын жер бедері туғызған деген тұжырым 

бір  қорым  құрамындағы  обалардың  əрбір  тізбегінің  бір  руға  немесе  үлкен  əулетке  жататындығы 

туралы əдебиетте бар қағиданың дұрыстығын əсте де теріске шығармайды. Ол былай тұрсын, біздегі 

жаңа материалдар, əсіресе Қаратау етегіндегі Жасажырық қорымдарының тобы рудың немесе үлкен 

əулеттің  ыдырауына  қарай  қорымдардың  жоспарлануы  қалай  өзгеретіндігін  айқын  дəлелдейді; 1. 

Ұсақ тізбектер түзіледі, 2. Шағын əулетке тиесілі əрбір кыстау-қоныстың жанынан өз қорымы пайда 

болады,  осы  мəселе  де  алдағы  уақытта  тереңірек  зерттеуді  талап  етеді, 3. Жүйесіз  орналасқан 

үйінділерден  тұратын  көлемді  қорымдар  кездеседі,  оларды,  енді  қандас  туыстық  байланыстары 



405 

 

бойынша  емес,  қайта  аумактық-шаруашылық  мүдделері  бойынша  біріккен  ұжымдар  тастап  кеткен 



болуы керек. 2013 ж. Жасажырық обалы қорымында зерттелген есекрткіштерді қорытындылай келе 

б.з.д. ІІІ – б.з ІІІ ғғ. деп белгілеуге болады. 

Сонымен  қатар 2014 ж.  ҚР  МОМ  археологиялық  экспедициясының  Ақтерек  тобы  Алматы 

облысы,  Жамбыл  ауданы,  Ақтерек  ауылдық  округына  қарасты  Ақтерек  жəне  Сүлу  қоян 

шатқалдарының  алқабында  орналасқан  обалы  қорымында  жүргізілген  археологиялық  зерттеу 

жұмыстарының нəтижесінде, -үйсін кезеңімен түркі дəуірінің ескерткішінен көптеген археологиялық 

материалдар табылды. Үйсін кезеңінің обасын зерттеу барысында оны тоналғаны анықталды, ерекше 

назар  аударатын  жəйт  көр  шұқырын  топырақтан  аршу  кезінде  алтын  сырғамен  түбі  дөңгелектенген 

қыш табақшаның табылуы. Осы табылған археологиялық заттарға сүйене отырып ескерткішті б.з.д. 

ІІІ – б.з ІІІ ғғ. мерзімдеуге болады. Түркі дəуірінің ескерткіштеріне жүргізілген археологиялық қазба 

жұмыстарының нəтижесінде өліктің жылқымен жерленгені анықталды, сонымен қатар көр шұқырын 

топырақтан  аршу  барысында  күміс  жүзік,  қоладан  жасалған  ат  əбзелдерімен  бірге  темір  үзенгімен 

ауыздық табылды. Қазіргі таңда аталмыш ескерткіштерден табылған археологиялық заттар зерттелу 

үстінде.  



 

Əдебиеттер: 

1.  Қазақстанның  ежелгі  көшпелілер  мəдениеті:  Археологиялық  коллекция.  Ғылыми  каталог. –Алматы,  Ди-Пи-Эс 

баспасы. – 2009. 211–284 бб.  

2. Кадырбаев М.К., Марьяшев А.Н // Наскальные изображения хребта Каратау. – Алма-Ата: Наука, 1977. 9–232-бб. 

3.  Максимова  А.Г.  Курумы  хребта  Каратау // Археологические  исследования  в  Казахстане. – Алма-Ата, 1973. – 

С156–165. 

4.  Нурмуханбетов  Б.  Раскопки  погребальных  памятников  в  Южном  Казахстане //Археол

огические  открытия 1973 

года. – Москва, 1974. – С. 74. 

5. Akishev K.A, Akishev A.K.Wissenschaft und menschheit. 1982. 88–90-бб.  

6.  Мұрғабаев  С.  Қаратаудың  оңтүстік  бөктеріндегі  тасқа  салынған  суреттер // Марғұлан  оқулары-14, – Алматы, 

2002. 165-169-бб. 

7.  Тұяқбаев  М.Қ.  Қола  дəуірінен  жеткен  ескерткіш // Қ.А.  Ясауи  атындағы  Халықаралық  қазақ-түрік 

университетінің Хабаршысы. – Түркістан, 2002. №3. 82–85-бб. 

8.  Əлжанов  Р.І.  Түркістан  оазисіндегі  обалар  қорымын  зерттеудің  кейбір  мəсел

елері // Ясауи  университетінің 

Хабаршысы.  №5. (қоғамдық  ғылымдар  сериясы) – Түркістан, 2005. 127–133-бб;  Əлжанов  Р.І.  Қаратаудың  оңтүстік-

батыс  беткейіндегі  «мұртты»  обалар // «Тұран-Түркістан:  тарихи-мəдени  сабақтастық  мəселелері  Ежелгі  дəуір  жəне 

ортағасырлар» атты халықаралық конференция материалдары. Түркістан, 2006. 68-73 бб. 

9.  Өсеров  Т.О.  Шипан  қорымы-қола  дəуірінің  ескерткіші //«Хан  Кененің  қасиетті  мұраты»  атты  халықаралық 

конференция материалдары. – Түркістан, 2010. – 251–256-бб. 

10.  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  Орталық  музейінің  Археологиялық  коллекциясы:  Сақтар  мен  үйсіндер 

мəдениеті. Ғылыми каталог. – Алматы. Өнер баспасы. 2011. – 265-271-бб. 

11.  Литвинский  Б.А.  Орудия  труда  и  утварь  из  могильников  Западной  Ферганы.  ГРВЛ, – М., 1978, – С. 76–77.; 

Руденко  С.И.  Сибирская  коллекция  Петра I, САИ,  Д 3-9, – С. 21–23.; Акишев  К.А.  Курган  Иссык.  Искусство  саков 

Казахстана. – М., 1978, – С. 121.; Акишев  А.К,  Айткул  Х.А.  Отчет  о  работе  Каратауского  отряда  Археологической 

экспедиции ЦГМ РК за 2011 г. – С. 3–65. 

12.  Айткұл  Х.  Қаратаудың  ежелгі  ескерткіштері. // «Қазақстан  тарихы:  қазіргі  зерттеулер  мен  оқытудың  өзекті 

мəселелері»  атты  «Қасымбаев  оқулары»  Республикалық  ғылыми-тəжірибелік  конференциясының  материалдары. – 

Алматы, Абай атындағы Қаз ҰПУ, 2012 жыл, 25 желтоқсан. 292–298-бб. 

13. Айтқұл Х., Өсеров Т.О. Қаратау археологиялық отрядының Қызылсу жəне Жасажырық қорымында жүргізілген 

археологиялық  зерттеу  жұмыстары // К-13 «Кадырбаевские  чтения – 2014». Материалы IV международной  научной 

конференции. – Астана: Мега принт, 2014. 229–234-бб. 

14. Айткұл Х. Қаратаудың оңтүстік жəне солтүстік сілемдерінде орналасқан ескерткіштердің зерттелуі // Материалы 

международной  научно-практической  конференции  «Актуальные  проблемы  и  переспективы  развития  Казахстанской 

науки»,  посвященной  к 85-летию  академика  НАН  РК,  д.и.н,  профессора  М.-А.Х.  Асылбека – Алматы, 6 июня 2014 г. 

422–425-бб. 

15. Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений, т. І. Алма-Ата. 1961. С. 478–493. 

16. Косвен М.О. Очерки истории первобытной культуры. – М., 1953. С. 145. 

17. Донини А. Люди, идолы и боги. М., 1962. С. 22–23. 

18.  Айтқұл  Х.  Қазақтың  жерле

уге  байланысты  жосын  жоралғылыры // Материалы  научно-практической 

конференции V Оразбаевские  чтения  «Отечественная  археология  и  этнология:  исследования,  открытия  и 

интерпретации». – Алматы: Каз НУ им. Аль-Фараби, 2013. 429-434 бб.  

19. Акишев К.А., Кушаев Г.А. Древняя культура саков и усуней долины реки Или. Алма-Ата. 1963. С.25–214. 

 

 



 

 

406 

 

 



Г.Ж. Кауланова 

зав. отделом фондов Западно-Казахстанского  

областного историко-краеведческого музея (г. Уральск) 

 

СБЕРЕЧЬ И СОХРАНИТЬ (ИЗ ОПЫТА РАБОТЫ ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКОГО 

ОБЛАСТНОГО ИСТОРИКО-КРАВЕДЧЕСКОГО МУЗЕЯ) 

 

С чего начинается музей? Ответ на этот вопрос зависит от того, кто его задает. Для гостей города 

–  с  интересного  архитектурного  сооружения,  для  посетителей  музея – с  особой  атмосферы 

экспозиционных  залов,  которые  ведут  к  знакомству  с  музейными  предметами.  Для  сотрудников - с 

основы основ, сердца музея - его фондов.  

Программа  сохранения  фондов  относится  к  числу  «приоритетных»  направлений  в  деятельности 

нашего  музея.  Научное  описание  музейного  предмета,  его  маркировка,  организация  мест  хранения, 

инвентаризация,  сверка  наличия - вот  основные  направления  фондовой  работы.  Из  всех  музейных 

функции,  в  число  которых  входит  комплектование,  хранение,  изучение  и  презентация  музейных 

предметов,  именно  хранение  можно  назвать  наиважнейшей.  Причем  хранение  музейных  предметов 

подразумевает  двуединство  понятий: «хранение  предмета»  и  «хранение  информации  о  предмете», 

которые  одинаково  важны.  Чтобы  сохранить  музейный  предмет  в  его  физическом  выражении, 

разработаны  специальные  приемы,  включающие  в  себя  организацию  помещений  для  хранения, 

оборудование этих помещений специальной мебелью, установку замков, систем сигнализации и т.д. 

Точно  также  в  музее  должна  действовать  единая  система  хранения  информации  о  предметах:  это 

учетные  документы,  структура  фондов,  методика  и  порядок  учетной  обработки  и  т.д.  Перед 

музейными  сотрудниками  стоит  задача  привести  систему  хранения  информации  о  предметах  в 

соответствие с современными требованиями. 

Один  из  старейших  музеев  Казахстана,  основанный  в 1836 году,  Западно-Казахстанский 

областной  историко-краеведческий  музей  расположен  в  историческом  центре  города  и  занимает 

самое красивое здание города – здание бывшей ремесленной школы, построенной в 1879 году. Музей 

располагает коллекцией, насчитывающей в своем составе более 120 тыс. единиц хранения. Коллектив 

музея ведет  работы, соответствующие современным веяниям  и находятся в постоянном творческом 

поиске. Каждый год из областного бюджета выделяются денежные средства для пополнения фондов 

и улучшения материально- технической базы. 

Взяв  за  образец  фондохранилища  Центрального  музея  РК  и  художественной  галереи  им.  А. 

Кастеева,  мы  обеспечили  свои  фондохранилища  специальным  оборудованием  для  хранения 

эскпонатов: были установлены выдвижные щиты со скольжением по полу на специальных полозках 

для  подвески  картин,  нумизматические  сейфы,  картотечные  шкафы,  стеллажи  для  хранения  икон, 

бюстов. Постепенно проводится оцифровка фонотечного фонда. 

В  фондохранилище  были  установлены  сейфы  для  огнестрельного  и  холодного  оружия:  для 

длинноствольных  оружий  вертикальное  хранение,  для  пистолетов-выдвижные  полки.  Приобретены 

шкафы  для  грампластинок,  оптические  компактные  диски (CD, DVD и  др.),  аудио  и  видео  кассеты 

хранятся  в  специальных  пластиковых  контейнерах,  которые,  в  свою  очередь,  размещаются  в 

предназначенном  для  них  шкафу.  Оборудовано  специальное  хранилище  предназначенное  для 

войлочных  изделий  и  юрт.  Для  правильного  хранения  графики  и  плакатов,  афиш  приобретены 

шкафы-драйверы  с  выдвижными  ящиками –лотками. Имеются  специальные  стеллажи  для хранения 

икон,  бюстов,  скульптур,  для  больших  размеров – подиумы.  Оборудование  фондохранилища 

способствует  обеспечению  максимальной  сохранности  предметов.  Для  поддержания  и  создания 

нужного  температурно-влажностного  режима  в  хранилищах  и  залах  установлены  психрометры  и 

кондиционеры,  регулируется  световой  и  биологический  режим.Устанавливая  и  поддерживая 

необходимые  режимы,  мы  уже  осуществляем  консервацию  предметов.  Мы  стараемся  применять 

раздельную систему хранения фондов, что позволит нам создать наилучшие условия для сохранения 

фондов.  

Сотрудники  фондового  отдела  ведут  работы  по  созданию  информационного  каталога  музейных 

коллекций. Экспонаты из фондов музея - это ювелирные украшения и посуда ХІХ–ХХвв, украшения 

из  драг.металлов,  найденные  во  время  археологических  раскопок  были  опробированы  в  филиале 

«Пробирная палата» АО «Национальный центр экспертизы и сертификации» г.Алматы.  

В целях обеспечения сохранности ценных экспонатов проводятся работы по созданию их копии, 

которые служат заменителем подлинников при выдаче их для научной работы и в экспозицию. Наш 

музей  тесно  сотрудничает  с  научно-реставрационной  лабораторией «Остров  Крым»,  руководителем 

которой  является  художник-реставратор  Кырым  Алтынбеков.  В  лабораторию  были  заказаны 

гальванокопии экспонатов относящихся с сакскому периоду: золотые височные подвески, ожерелье, 


407 

 

серьги,  нашивные  бляшки,  серебряные  фалары,  ритон  и  тд.  Используя  новейшие  технологии 



консервации,  реставрации  и  реконструкции  сотрудники  лаборатории  отреставрировали  уникальные 

экспонаты,  относящиеся  к  сакскому  периоду  и  сделали  скульптурную  реконструкцию  «Алтын 

ханшайым», найденной в результате археологических раскопок на курганном комплексе Таксай. И в 

сентябре этого года в нашем музее открылась новая экспозиция «Алтын ханшайым», где посетителям 

были представлены экспонаты, относящиеся к VІ–Vвв до н.э. 

Вот  такие  мероприятия  по  сохранению  культурного  наследия  проводит  наш  музей.  Но  надо 

признать  что  наш  музей  как  и  большинство  музеев  сталкивается  в  своей  деятельности  с  массой 

проблем.  Ряд  казахстанских  музеев  находятся  в  приспособленных  зданиях  и  специальных 

фондохранилищ  у  них  нет,  только  единицы  музеев  используют  специально  спроектированные 

сооружения  для надлежащего  хранения  фондов.  Нам, фондовикам, хотелось  бы  иметь  специальные 

помещения для хранения фондов по видам экспонатов, рабочие помещения для сотрудников фондов, 

хранения научного архива, резервные площади для регулярного пополнения коллекции.  

В  настоящее  время  хранитель  музея  является  «проводником»  в  жизнь  инструкции 1985 года  по 

учету  и  хранению  Государственного  музейного  фонда.  Потому  что  до  сих  пор  нет  единой 

нормативной базы по фондовой работе. Необходимо разработать систему инструкций и нормативов. 

К примеру – по единой  системе учета и хранению музейных экспонатов. Проект такой инструкции 

был представлен еще в 2010 году, но и поныне не утвержден.  

Дефицит  специалистов  по  проведению  экспертиз  и  реставрации  экспонатов,  их  нахождение  в 

городах Алматы и Астана создают для нас затруднения.  

Отсутствие  в  последнее  время  организации  со  стороны  государства  курсов  повышения 

квалификации кадров музейных сотрудников и семинар-тренингов огорчает нас.  

Нехватка креативных молодых специалистов со специальным образованием также является одной 

из  проблем  краеведческих  музеев.  Все  острее  стоит  вопрос  оказания  методической  и  экспертной 

помощи,  крупными  музеями,  которые  могли  бы  дать  правильное  направление  концепции  развития 

музея. 

Кто-то однажды и по какому-то случаю сказал, что знакомство со страной начинается с вокзала и 



музея, – главных  визиток  культуры  каждодневности  и  культуры  вечности.  Вокзал  как  символ 

людского  передвижения.  Музей  как  символ  человеческого  наследия.  Оба  индексируют  ситуации, 

связанные со всякого рода изменениями в обществе. И если вокзал, это пункт управления дорогами, 

то  музею  доверено  управлять  унаследованной  от  тысячелетий  информацией.  Это,  как  известно, 

требует особых знаний, мастерства и любви к своему делу.  

Решение  проблем  музея  обеспечило  бы  условия  для  полноценной  музейной  деятельности, 

развития  экспозиций,  музейных  коллекций,  осуществляя  музеефикацию  накопленных  историей 

артефактов, 

через 

активизацию 



научно-исследовательской 

деятельности 

и 

внедрение 



специализированных  информационных  технологии,  усиление  кадрового  потенциала,  мы 

сформировали бы основания для качественного скачка в развитии музейного дела. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет