Атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет71/79
Дата06.03.2017
өлшемі15,09 Mb.
#7978
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   79

Əдебиеттер: 

1.

 

Ванслова Е.Г. Музей и школа. – М.: Просвещение, 1985. 



2.

 

Банэг  К.  Приобщение  к  современному  искусству:  совместные  усилия  сотрудников  музея,  учителей  и 



школьников. // MUZEUM, 1984. 

3. Музееведение. Музей исторического профиля: Учеб.пособие. – М.: Высш.школа. 1988.  

 

 

 


419 

 

А.К. Шаяхметова 

А. Иманов атындағы Амангелді мемориалдық мұражайының  

қор сақтаушысы (Қостанай облысы) 



 

МУЗЕЙ ҚОРЫ – ХАЛЫҚТЫҢ БАСТАН КЕШКЕН ТАРИХЫ 

 

Табиғи  тарихи,  материалдық  жəне  рухани  мəдениет  ескерткіштерін  табу  жəне  сақтау – əр 

музейдің қызметінің түпнегізі болып табылады.  

Əдетте,  зат  өздігінен  аз  ғана  ақпарат  бере  алады,  бірақ  қалай  болғанда  да  мұражайдағы  барлық 

заттар  қандай  да  бір  тарихи  оқиғаның  немесе  үдерістің  куəсі  болып  табылады  жəне  мұражайлық 

құжаттамаларда  жазып  алынған  анықтамалық  жолдары  болады.  Мұражайлық  заттың  анықтамалық 

мүмкіндігін  оңтайлы  қолдану  оның  ғылыми  сұрыпталуына,  яғни  қор  құжаттамаларындағы  заттың 

зерттелуі мен ғылыми сипаттамасының сапасына байланысты. Тек осыдан соң мұражайлық зат білім 

мен  эмоционалдық  ықпал  көзіне,  тəрбиелеу  мен  білім  беру  құралына  айналады.  Мұражайтануда 

«мұражайлық зат» деген түсініктің тек нысанның өзін ғана емес, оған қатысты  арнайы мұражайлық 

қор құжаттамасын қамтитыны бекер емес. 

Мұражайдың  есепке  алу-сақтау  қызметінде  құжаттандыру  зерттеу  мен  ғылыми  сұрыптаудың 

барлық  кезеңдерінің  нəтижелері  көрсетілген  мұражайлық  заттың  жазбаша  сипаттамасы  болып 

табылады. Заттарды есепке алу мен ғылыми сипаттаудың мақсаты – олардың құқықтық қорғалуы мен 

зерттелуінің қортындыларының ғылыми тіркелуін қамтамасыз ету. 

Ғылыми  сипаттау,  халық  өнері,  аудан  тарихы.  Қазақстан  Президентінің  тікелей  бастамасымен 

жүзеге асырылып жатқан «Мəдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылған іс-шаралар 

толымды.  Барымызды  баптап,  жоғымызды  түгендеп,  ата-бабамыздың  аманатына  қиянат  етпей, 

ұлттық  жəдігерлерімізді  жанымыздай  қорғап,  құндылықтарымызды  қастерлеу – бүгінгі  міндет, 

ертеңгі ұлағат. 

Таным  мен  ғылыми-ағартушылық  мекеме  ретінде  музейге  кез  келген  қоғамда  айрықша  орын 

берілген. Бірақ, тəуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан музейлерінің мəні ерекше. 

Қостанай  облысы,  Аманкелді  ауданындағы  Аманкелді  Үдербайұлы  Иманов  атындағы 

мемориалдық  музейі  Қазақ  ССР  Министрлер  советінің  №1258-р  Өкімімен 1969 жылдың 9 

желтоқсаны күні ашылды. Музей алғашқыда Совет көшесінде (қазіргі М.Дулатов) саманнан салынған 

шағын үйде орналасқан; кейін аудан жұртшылығы мен аудандық партия комитеті атқару комитетінің 

қолдауымен  қазіргі Майлин  көшесі  №17 үйдегі  ғимаратқа  қоныс  аударған. 1976 жылы  пайдалануға 

берілген ғимарат. 2 қабаттан, 5 экспозициалық залдардан, 1 кинозалдан, 2 жұмыс камитетінен жəне 

қор қоймасынан тұрады.  

Музей  профилі  бойынша  мемориалдық  музей  болып  саналады.  Сондықтан  Торғай  даласындағы 

1916–1917 жж. болған Ұлт-азаттық көтеріліс басшысы – А.Имановтың өмірі, ұлт-азаттық көтерілісіне 

қатысқан  Торғай  халқының  ерлігін,  жорық  жолдарын  жəне  бүгінгі  батыр  атындағы  аудан  тарихын 

баяндайды.  Қостанай  облысы  əкімдігі  мəдениет  басқармасының  «А.Иманов  атындағы  Амангелді 

мемориалдық  музейі»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі  өзінің  қызметін  Қазақстан 

Республикасының Конституциясы мен ҚР Үкіметінің актілеріне жəне ережеге сəйкес жүзеге асырды.  

Музей  қызметкерлері  қоғамдық  жəне  мəдениет  ұжымдарымен  тығыз  байланыста  жұмыс  атқарады, 

экскурсиялық  қызмет,  айтулы  жəне  даталы  күндерге  арналған  іс-шаралар  өткізеді.  Мəдени  іс-шаралар 

қатысушылардың  талап  тілегіне  сай  жүргізіліп,  мақсаты  мен  міндеті  келушілерге  алдынала 

таныстырылады.  Музей  қай  халықтың  болмасын  ұлт  ретінде  жойылып  кетпеуі  үшін  қызмет  етеді. 

Өйткені  ол  халықтың  төл  мəдениеті,  тілі  мен  салт-дəстүрін  сақтап,  одан  əрі  дамытудың  алтын  көпірі. 

Қазақстан музейлері ұлттық асылдарымыз бен қазыналарымызды сақтап, одан ары дамытудың кепілі. 

Елбасымыз  Н.Ə.  Назарбаевтың  Жарлығымен  бекітілген  Мемлекеттік  «Білім  бағдарламасында: 

«балалар  мен  жастарды  тəрбиелеудің  ең  көкейкесті  мəселелері  ретінде,  музейлерде  оқушылардың 

этностық-мəдени  ерекшеліктерін  ескере  отырып  тəрбиелеу,  білім  берудің  жүйесін  жасап,  өмірге 

ендіру  қажеттілігі»  атап  көрсетілген.  Музей  экспонаттары  арқылы  жас  ұрпақтың  бойына 

ұлтымыздың мəдениетін, өнерін, салт дəстүрін, əдеп-ғұрпын сіңіруге мол мүмкіндік туып отыр. 

Қазақ  халқының  тұтынған  заттары  көз  алдымызда  тарихымызды  тірілтіп,  көптеген  тұрмыстық 

салттарға жан бітіретіндігін көруге болады. Сондай-ақ заттай деректерден ата-бабаларымыздың киіз 

үйлерінің ішін, киім-кешегі, саз  аспаптары, ас дайындау  үлгілерін көруге  болады.  Қолөнер – халық 

өмірімен,  тұрмысымен  бірге  жетіліп,  біте  қайнасқан  өміршең  өнер.  Шеберлердің  қолынан  шыққан 

қолөнер туындыларын халықтын өмірі мен тұрмысынан бөліп алып қарау мүмкін емес. Өйткені, бұл 

заттар ел тұрмысына сəн берген. Қолөнер дүние жүзінің əр халқына тəн, бұл-халық қазнасы, ғасырлар 

мұрасы.  

Торғай  даласындағы  ұлт-азаттық  көтерілісінің  айбынды  қолбасшы-сардарбегі,  тарихи  тұлға – 

Аманкелді  Үдербайұлы  Имановтың  құрметіне  арналған  мемориалдық  музейдің  қызметіне  тоқтала 



420 

 

кетсек,  үзілді-кесілді  бірыңғай  мемориалдық  музей  жасау  мүмкін  емес.  Сол  заманғы  тарихи  тұлға 



тұтынған  заттар  жеткіліксіз  болған  жағдайда,  сол  заманда  тұтынған  этнографиялық  заттар 

экспозиациалық  қойылымда  көрсетіледі.  Музейге  келушілерге  Аманкелдінің  өзі  жəне  үй – іші 

пайдаланған  заттардың  жəне сол  тарихи  кезеңде  халықтың  пайдаланған  тұрмыстық  бұйымдарының 

көрсетілуі  үлкен  əсер  қалдырады.  Олар:  ХІХ  ғасырдағы  қалың  кілем,  ағаш  кереует,  төсек 

жабдықтары, соғыс құралдары, айбалта, қылыш, найза, мылтық, ұстахана құралдары жəне зергерлік 

бұйымдар. 

Қазақ  халқы – кең-байтақ  жеріміздегі  ертеден  қалыптасқан  көне  мəдениетінің  тікелей  мұрагері 

жəне  сол  дəстүрді  жаңғыртушы,  дамытып  байытушы.  Осындай  толасыз  дамудың  нəтижесінде  ХІХ 

ғасырдың  екінші  жартысы  мен  ХХ  ғасырдың  басында  Аманкелді  ауданы  атырабында  жасалған 

зергерлік жəне ұста бұйымдары музей залдарынан өз орнын тапты. Музей экспозициясында Торғай 

облысы Аманкелді ауданында туып өскен 15 жасынан зергерлік өнермен айналысқан бесаспап шебер, 

аймаққа  əйгілі  ұста  Көгентаев  Садуақастың  қолынан  шыққан  таза  күмістен  жасалған  қыз-

келіншектердің  əшекей  бұйымдары,  былғары  теріден  жасалған  кебістер,  саптама  етіктер,  жəне  ер 

адамдардың  күмістелген  кісе  белбеуі,  ең  құнды  экспонаттары  болып  табылады.  Біз  халқымыздың 

көне заманнан келе жатқан қолөнерінің көркемдігі, əсемдік бұйымдары мен олардың жасалу тəсілдері 

жайлы,  халқымыздың  асыл  мұрасын  сақтап,  біздің  қазіргі  заманымызға  дейін  алып  келушілер 

жайында əңгімелейміз.  

Жергілікті  қолөнер  шеберлері 1916 жылы  ұлт – азаттық  көтерілісіне  белсене  қатынысып, 

отаршылдыққа қарсы күресте Аманкелді батырдың соңынан ерген сарбаздарға қажетті қару-жарақтар 

соқты.  Мысалы,  батырдың  ағасы  Бектепберген  Үдербаевпен  бірге  Баязит  Төлегенов,  Молдабек 

Байтөреев, Сыздық Қызыров, Ибраев Əбдірахман сияқты ұсталар көтерісшілерді білтелі мылтықтар 

мен  айбалта,  қылыш,  сүнгі-найзалармен  қаруландырды.  Көтеріліс  кезінде  қара  темірді  қамырша 

илейтін қазақ ұсталарының қару-жарақ соғудағы рөлі айтарлықтай болды.  

Торғай  облысының  Амангелді  ауданында  туып  өскен  Елікбаев  Мырзахмет  өнерді 12 жасынан 

үйреніп,  халық  ішінде  атағы  көпке  тараған  қалаулы  ұста,  белгілі  шебер  атанды.  Азамат  соғыс 

жылдарында  Амангелді  сарбаздарына  ағасы  Қожахмет  екеуі  қатар  тұрып  қылыш  соқса.  Ұлы  Отан 

соғысы  жылдарында  тылдағы  техника  тетігін  қолдан  жасап  ауыл  шаруашылық  машиналарын 

тоқтатпаған ұстаның ұрпақтары ұлттық өнерді одан əрі жалғастыруда.  

Жергілікті  кəсіби-мүсінші  Ұзақов  Əбілбек 1995 жылы  музей  экспозициясын 1916 жылғы 

Торғайдағы  ұлт-азаттық  көтерілісіне  байланысты, «Ұстахана»  макетімен  толықтырды  мұнда 

«Ұстахананың»  ішкі  көрінісі  мен  ұсталардың  жұмыс  сəтіндегі  іс-əрекеттері  шынайы  бейнеленген. 

Музейде халық шеберлерінің темір мен мыстан жасап əдемілеп көркемдеген үй бұйымдары да өзінің 

лайықты орнын тапқан. Ұсталардың қолынан шыққан төс, көрік, қысқыш, егеу, құлып, үлкен балға, 

қайла, қырықтық, қақпан, жез леген, құман т.б. заттар халық арасында əлі де қолданылуы маңызын 

жойған  жоқ.  Халық  өнерінің  түрлері  мен  орындау  тəсілдері  заман  талабына  сай  үнемі  жетілдіруді 

қажет  етеді.  Кілем  тоқу,  киім  үлгілері,  зергерлік,  ағаштан  жасалатын  бұйымдар,  тері  илеу  ел 

арасында  əлі  де  кездеседі.  Халқымыздың  ою-өрнегіне  бай  шабадан,  қоржын,  көрпелер  мен  киіз  үй 

жасауларын дайындау күні бүгінге дейін сақталған. 

Музей  қор  сақтаушылары  ел  арасынан  көне  мұраларды  тауып  олардың  тарихымен  музейге 

келушілерді  таныстырып  отырады.  Музейда  халықтың  ағаш,  тас,  керамика,  металл  түрлерін 

көркемдеп  өндеу,  кілем,  кесте,  былғары  сияқты  қолөнер  бұйымдары  қойылған.  Төмендегі  заттық 

экспонаттардың сипаттамасы мынадай:  

Мосы – үш аяқты темірден немесе ағаштан жасалған, жоғары жағында ілмегі бар, жинамалы, ас 

дайындауға ыңғайлы ХІХ ғасырда жасалған бұйым. 

Шымшуыр – шоқты қысып ұстауға арналған темір қысқыш. Оның аяқжағы, қырлары иілген, ХІХ 

ғасырда əсемделіп соғылған. 

Қалақ – жиектері иректеліп, ұстағышы безендіріліп темірден жасалған бұйым. 

Шөңке – қазанның орнына қолданылған түбі сүйірлеу, ас əзірлеуге арналған ыдыс, ол ХХ ғасыр 

ортасында қолданыстан шығып қалған. 

Келі-келсап – жиектері иілген, түбі тар, дəн тазалауға пайданлатын ағаш ыдыс. 

Қант-шот – түйір қатты ұстауға арналған кішкене темір балға. 

Күбі – киелі ыдыс саналған. Ішінде қымыз тұрсада немесе бос болсада оған аяқ тигізбеген. 

Піспек – күбі ішіндегі сұйық (қымыз немесе іркіт) толған ыдысты пісуге арналған құрал. 

Ағаш  тегене – қымыз  араластыруға  арналған 5–6 литірлік  ыдыс.  Қымызды  сапырып  ыдыстарға 

құю үшін ағаш ожау қолданылады. 

Шара – араласқан қымызды құятын 2–3 литірлік ыдыс. 

Аяқ – қымыз ішетін бір литрлік ыдыс. 

Тостаған – қымыз ішетін 0,5 литрлік ыдыс. 

Сандық – киім-кешек, əр түрлі бұйымдар салу үшін пайдаланған. 


421 

 

Ертедегі  қазақтар  ас  ішетін  ыдыстарды  теріден  жасайтын  болған.  Уақыт  өте  келе  қайын 



ағаштардан  жасалған  ыдыстар  үй  тұрмысына  пайдаланыла  басталды.  Музейдағы  күбінің  тарихын 

түсіндірген  кезде  халықтың  салт-дəстүріне  сай  мынадай  анықтама  береміз: «Қазақ  халқының 

ұғымында  ең  дəмді  қымыз  ысталған  ыдыста  дайындалған.  Кейін  қымызды  ағаш  күбіге  ашытатын 

кезде арнайы тобылғының түтінімен ыстау əдетке айналдырылған. Алғашқы қымызды жұрқа ішкізу 

(тарттыру) мақсатында жасалған жоралғы «қымыз мұрындық» деп аталған.  

Қазақ  ұсталары  тұтас  ағаш  кесіндісінен  ішін  үнгіп  əртүрлі  ыдыстар  жасайтын  болған.  Ағаш 

шеберлерінің  көптеп  жасайтын  ыдыстары  ет  тарататын  жайпақ  табақтар,  көлемі  əр  түрлі.  Оларды 

əдемі көркемдеуге онша мəн берілмегендігі байқалады. 

Ежелгі заманнан бері ағаштан жасалатын саз аспаптарының ішінде қазірге дейін ең көп тарағаны 

–  домбыра.  Домбыраны  шайыры  аз  қарағайдан  жасайды.  Қазақ  домбырасы  əдетте  онша  үлкен 

болмаған.  Жалпы  ұзындығы 1 метр  шамасында.  Экспозицияда  осындай  қолдан  жасалған  табиғи 

түріндегі, 2 домбыра қойылған. Бұл саз аспаптардың иелері еңбек ардагері Ш.Медебаев жəне сазгер 

А.Мұздаханов.  Ағаштан  жасалатын  шаруашылық  бұйымдары  мен  үй  жиһаздары  жоғарыда 

сипатталған  түрлерімен  ғана  шектелмейді.  Қазақ  ұсталары  бұлардан  басқада  көптеген  құрал-

саймандар əр түрлі жабдықтар жасаған. 

Біз  жоғарыда  халық  шеберлерінің  көне  заманнан  келе  жатқан  қолөнерлерінің  бірнеше  түріне 

тоқталып  өттік.  Аталған  бұйымдардың  барлығы  да  музей  қорының  заттай  жиынтығын  құрайды, 

олардың  келешек  ұрпақты  отаншылдыққа  тəрбиелеуде  атқаратын  рөлі  зор.  Қазақстан 

Республикасындағы тілдер күні, Жыл басы «Наурыз» мейрамында, түрлі мерекелерге байланысты іс-

шараларды  өткізуде сахнаны безендіруге музейлік экспонаттық бұйымдар қолданылады. Оқушылар 

қымыз,  айран  құйылған  тостағандарды,  бауырсақ,  ет  салынған  ыдыстарды,  киіз  үйге  арналған 

жабдықтарды өз көздерімен көріп тамашалайды. Бұл ұлтымыздың салт-дəстүрін құрметтеуге, өнерде, 

өмірде кездесетін ұлттық нақыштарды сақтауға, тілді сүюге ынталандырады. 

Аманкелді ауданындағы А.Иманов атындағы музейдің құрылғанына 45 жыл толады. Ұлт-азаттық 

көтерілісінің сардары құрметіне ашылған музей қорында 5 мыңнан артық музейлік заттар тіркелген. 

Музейдің  қор  сақтау  қызметі – бір  қарағанда  қарапайым  көрінеді.  Бұл  мамандық  мұқияттылық  пен 

ұқыптылықты,  жауапкершілікті  қажет  етеді.  Ешқандай  университетте  музей  сақтаушысы 

мамандығын  оқып  үйрену  мүмкін  емес,  оны  тек  музейде  жылдар  бойы  қызмет  атқара  жүріп 

мамандықтың қыр-сырын түсінетін адам меңгере алады. Музей қор сақтаушысының мақсаты тарихи 

жəдігерлерді  сақтау,  музей  қорын  бағалы  жəдігерлермен  толықтыру,  сол  арқылы  музейге  келуші 

жастардың  бойында  ұлттық  мəдениет  пен  дəстүрге  деген  адалдық,  құрмет  көрсету  құндылығын 

насихаттау. Адам баласының қолымен жасалып  жинақталған тарихи-мəдени мұралар – мəдениеттің 

асыл қазынасы, бастау алар бұлағы. Бұл байлықтарымыз болашақтан болшаққа аманат ретінде жете 

беретін болады.  



Əдебиеттер: 

1.

 



Х. Арғынбаев. Қазақ халқының қолөнері. – Алматы «Өнер» 1987 ж. Шебердің қолы ортақ. 85–87 бет. 

2.

 



«Мəдени мұра» журналы № 2. наурыз – сəуір 2011 ж.  

3.

 



А.Иманов мемориалдық музейі қоры материалдары. 

 

Г.Б. Бакитова 

м.н.с. экспозиционного отдела Западно-Казахстанского областного  

историко-краеведческого музея (г. Уральск) 

 

ПРОЕКТЫ ДЛЯ ДЕТЕЙ И МОЛОДЕЖИ В ОБЛАСТИ КУЛЬТУРНО-

ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ РАБОТЫ МУЗЕЯ 

 

Западно-Казахстанский  областной  историко-краеведческий  музей  один  из  старейших  музеев  в 

Казахстане.  Как  свидетельствуют  архивные  документы,  он  был  организован  в 1832 году  по 

инциативе  местного  учителя  Курилина.  Редкий  областной  музей  может  соперничать  с  Западно-

Казахстанским  музеем  по  содержательности,  научной  глубине  и  правдивости  материалов 

экспозиционного  ряда  отражающих  события, 100 тысяч  с  лишним  экспонатов  составляет 

уникальнейшее  собрание  фонда  музея.  Сегодня  наш  музей  идя  в  ногу  со  временем  проводит 

различные проекты по привлечению молодого поколения к истории родного края и привитию у них 

патриотического  чувства  к  Родине.  Жизнь  музея  определяется  сегодня  не  только  традиционными 

функциями  собирания,  хранения,  изучения  и  популяризации  памятников  культуры  и  искусства. 

Музей  давно  и  прочно  занял  свое  место  в  образовательном  процессе.  Организация  временных 

выставок – одна  из  форм  просветительской  деятельности  музея.  Наряду  со  взрослыми,  все  чаще 

организуются  детские  творческие  выставки.  И  если  раньше  музеи  лишь  предоставляли  свои  залы 

детским организациям для устройства и проведения таких выставок, то сегодня уже немало примеров 

того, как музеи инициируют, создают концептуальные проекты и организуют их проведение.  


422 

 

 Выставка  как  самостоятельный  организм  живет  и  фукционирует  по  своим  законам,  а 



экспозиционно-выставочная  деятельность  осуществляется  по  специальным  правилам  и  включает  в 

себя  не  только  развеску,  этикетаж,  освещение,  но  и  ряд  других  составляющих.  Специфика  любой 

выставки определяется тем, что она показывает, с какой целью организуется, как выстроена и каков 

характер  ее  воздействия  на  посетителей.  Идейный  стержень  выставки,  принципы  ее  эстетического 

оформления  и  способ  содержательно-тематической  группировки  представленных  произведений 

должны  быть  тщательно  и  всесторонне  продуманы.  В  этом  заключается  основа  профессиональной 

экспозиционной культуры ее устроителей и залог успеха выставки. Это в большей степени актуально 

для  детских  выставок,  так  как  выставочный  материал,  авторы  и  зрители  требуют  к  себе  особенно 

чуткого, компетентного и тактичного отношения.  

«Детское»  не  означает  малое,  простое,  несерьезное,  неважное-  скорее  наоборот.  Лицам, 

собирающим  устраивать  выставки  детского  творчества,  особенна  тем  чтобы  подготовленная 

экспозиция  в  полной  мере  выявила  привлекательные  стороны  представленных  произведений. 

Незнание же этого порождает многие трудности и неуверенность при создании детских выставок.  

Разрабатывая концепцию, устроители выставки, в первую очередь, определяют ее цели, задачи, и 

адресата. Цель выставки – показ творческих достижений детей или раскрытие проблем, связанных с 

детским творчеством; задачи – привлечь внимание определенных слоев общества, найти поддержку, 

реализовать  содержательный  потенциал  выставки  и.т.д.;  адресат  –  дети  и  взрослые,  широкий  круг 

зрителей.  

Уяснение концепции дает возможность организаторам четко сформулировать принципы сбора и 

комплектования экспозиционного материала. К каждой выставке обычно прилагается число работ, но 

обычно  приносят  больше  чем  указываешь,  и  поэтому  приходится  осуществлять  тщательный  отбор. 

Это определяется прежде всего тематикой работ и экспонатов, их образной выразительностью. 

Отобрать  коллекцию  детских  произведений  к  выставке – это  только  часть  работы.  Представляя 

образцы хуожественного творчества в русле определенной концепции, выставка должна служить для 

них целостным эстетическим пространством, воспринимаясь как метаобраз- ансабль образов многих 

произведений.  Это  значит,  что  ее  экспозиция  задумывается  и  создается  как  единое  целое  в 

соответсвии  с  предложенной  идеей  и  обладает  как  познавательными,  так  и  эстетическими 

качествами.  То  же  относится  и  к  выставке  детского  творчества.  Такая  выставка  должна  быть 

убедительной в раскрытии своих целей, интересной, красивой, запоминающей.  

Для юных авторов участие в выставке- это возможность увидеть плоды своего творческого труда 

в особой обстановке выставочного зала, переживание своей причастности к общему делу, осознание 

значимости  своей  личности  с  ее  индивидуальными  оценками  и  предпочтениями  для  окружающего 

общества.  

Что  касается  детей-зрителей,  то  посещение  выставок  детского  творчества  и  знакомство  с 

работами  сверстников  открывает  им  удивительные  пространства  для  собственного  личностного 

проявления. 

Всем  известно  что 2011 год  ознаменовался  празднованием 20-летия  Независимости  Республики 

Казахстан.  За  эти  годы  Казахстан  признали  как  суверенную,  независимую  Республику.  В  честь 

юбилея  Независимости  Казахстана  по  всей  стране  прошли  акции,  мероприятия,  праздничные 

концерты, посвященные этому событию. И в нашем музее прошли различные проекты под названием 

«Жауказын» посвященный 20-летию Независимости нашего государства, «От рукоделия к бизнесу», 

«Музей-  халық  қазынасы», «Музей  жəне  балалар».  Целью  первого  проекта  «Жауқазын»  было 

выявить 20 молодых  талантов  к 20-летию  Независимости  Республики.  В  проекте  участвовали 

районные  детские  центры  творчества,  и  просто  талантливые  молодые  люди  города  и  района. 

Специально  каждому  району  от  нашей  администрации  было  выслано  письмо  с  правилами  проекта, 

каждый район выставлялся строго по составленной нами таблице. Проект начался с апреля месяца и 

завершили  мы  его  в  декабре,  в  канун  празднования  Независимости  Казахстана.  По  решению 

специально созданной комиссии лучшие 20 работ были оставлены в фонд музея. На выставке были 

предоставлены  на  обозрение  посетителям  предметы  прикладного  искусства,  быта,  картины, 

гобелены,  композиции  из  дерева,  глины,  кожи,  бисера  и  многое  другое.  Некоторые  экспонаты 

выставки  достойны  были  особого  внимания  уже  потому,  что  сделаны  они  были  руками  детей  с 

ограниченными возможностями.  

В  представленных  на  выставке  работах  были  художественно  воспроизведены:  история  родной 

земли,  возрождение  национальных  обычаев,  традиций,  люди  страны,  достижения  современного 

Казахстана. Проведение таких мероприятий поддерживает стремление детей к творчеству, развитию 

их  способностей  и  талантов  ведь  каждый  ребенок  надеелся,  что  именно  его  работа  войдет  в 

двадцатку лучших, отобранных по итогам выставок, представленных всеми районами области.  


423 

 

Выставление детских работ в областном музее- это была большая честь для сельских школьников. 



Проект  вдохновил  их  на  покорение  новых  вершин,  раскрывая  их  творческий  потенциал,  уча 

патриотизму и любви к родному краю.  

Работы юных талантов поражали разнообразием и мастерством исполнения. На выставке можно 

было  увидеть  творения,  выполненные  в  самой  разной  технике.  К  примеру,  школьники  Аксая 

выставили  немало  работ,  выполненных  в  технике  «квиллинг»,  показали  навыки  работ  с  костью, 

продемонстрировали  способности  моделирования.  Нельзя  не  отметить  старания  воспитанников 

авиамодельного  кружка,  которые  привезли  на  выставку  самодельные  радиоуправляемый  самолет  и 

ракетную  установку.  Зрители  с  интересом  ознакомились  с  работами  ребят  из  кружка  «Юный 

конструктор», которые специализируются на изготовлении различных макетов.  

 Вообще,  выставка  показала,  работы  и  старания  центров  внешкольной  работы,  как  в  нашей 

области  хорошо  ведется  групповая  работа.  Национоальные  куклы  из  папье-маше,  оригинальная 

картина «Тайна волшебных нитей», «Байтерек» из кости-великолепные работы, над которыми ребята 

из разных групп трудились всем коллективом.  

Расцвет  творческих  дарований  наших  школьников,  предоставленная  возможность  показать  их 

творения  широкой  публике – это  тоже  было  своеобразное  достижение 20-летия  Независимости.  В 

начале  декабря  мы  подвели  итог  нашему  проекту,  для  этого  были  приглашены  все  представители 

десяти районов, пришли руководители детских центров, ребята чьи работы были выставлены, акимы 

некоторых  районов,  заведующие  районо,  почетные  граждане  районов.  От  имени  администрации 

управления культуры все участники проекта были награждены памятными грамотами и подарками, 

20 работ были отобраны комиссией и оставлены в фонд нашего музея. Чувство гордости переполняло 

ребят что их работы были почетно выбраны и оставлены в фонде такого старого и богатого музея.  

 Примерно  такого  же  плана  прошла  выставка  «От  рукоделия  к  бизнесу».  Цель  выставки-

ознакомить  гостей  и  жителей  города  с  работами  современных  казахстанских  мастеров  прикладного 

искусства, показать уровень развития прикладного искусства в Казахстане, приобщить подрастающее 

поколение к истокам народного искусства, а также активизировать деятельность мастеров региона. В 

выставке принимали участие мастера декоративно-прикладного искусства нашего города, участники 

многих республиканских, зарубежных и международных выставок. Выставка прикладного искусства-

это было красочное и яркое событие в жизни музея. Искусство создавать необыкновенные по красоте 

детали  интерьера  и  одежды  в  различных  стилях  передается  нам  из  поколения  в  поколения.  При 

появлении  современных  технологий  работы  мастеров  прикладного  искусства  стали  представлять 

наибольшую ценность. В выставочном зале были представлены работы из текстильных материалов: 

вязание,  вышивка,  макраме,  ковроделие,  гобелены,  а  также  изделия  из  кожи,  дерева,  бисера, 

керамики.  В  числе  оргинальных  и  своеобразных  работ-развивающие  книжки  для  детей  Ольги 

Никитиной  и  тряпочные  интерьерные  куклы  Марии  Хохловой.  При  изготовлении  кукол  мастера 

используют  в  основном  натуральные  ткани.  Художественная  авторская  кукла-востребованное  в 

современном мире творчество. 

Посетители  выставки  покупали  такие  куклы,  картинки,  браслетики.  Также  нашим  музеем 

успешно были проведены 2 проекта: «Музей –халық қазынасы» и «Музей жəне балалар». План хода 

проекта  «Музей  и  дети»  разрабатывался  совместно  с  центром  туризма  и  спорта.  Цель  проекта – 

выявить  лучший  школьный  музей  по  району.  К  участию  в  проекте  были  привлечены 12 районых 

школьных музеев и один городской центр творчества школьников «Атамекен». В общем участников 

было тринадцать, проект начал свою работу в канун празднования дня музея 17 мая и завершилась 30 

ноября прошлого года. В проекте учитывалось все: тематика экспозиции, должны были соблюдать по 

всем  правилам  вплоть  до  этикетажа.  Также  большое  значение  придавалось  экскурсоводам,  ведь 

каждый музей должен был подготовить своего экскурсовода который бы рассказал об экспонатах на 

двух языках: казахском и русском. Экспозиционный отдел наблюдал за правильностью оформления 

научных  паспортов  школьных  экспонатов,  все  это  учитывалось  при  оценке  определения  лучшего 

музея.  Немало  было  интересных,  уникальных  экспонатов  привезенных  ребятами  в  наш  музей. 

Каждый пришкольный музей был интересен по своему своей экспозицией, к примеру Акжайыкский, 

Каратюбинские  районные  школьные  музеи  привезли  мужскую  шубу-  жадагай,  это  длиный 

полушубок  которые  одевали  мужчины  чабаны  спасаясь  от  холодного  ветра,  Сырымский  район 

привез  старинную  маслобойку  которыми  пользовались  наши  бабушки,  Бокей  Ординский  район 

выделился такими экспонатами как печатная машинка «Прогресс» 1965 года выпуска, платьем 50-х 

годов сшитой тогдашней местной мастерицей. Всем известно что Западный Казахстан являлся тылом 

для  фронтового  Сталинграда.  По  району  Джаныбек  в  те  суровые  года  проезжали  поезда  с 

боеприпасами,  с  провизией  для  бойцов.  Часто  немецкие  самолеты  бомбили  поезда  проезжающие 

через  этот  район.  Ребята  привезли  на  выставку  осколки  немецких  самолетов,  остатки  от  бомб, 

немецкие каски.  

Выставка детского изобразительно-художественного и прикладного творчества – особое явление 


424 

 

в  музейной  среде,  имеющее  самостоятельную  ценность  как  итог  творчества  детей,  как  обьект 



художественного восприятия и искуссвоведческого анализа, как действенный механизм воспитания и 

формирования  мировоззрения  детей,  как  возможный  предмет  педагогических,  социальных  и 

психологических исследований детского творчества. 

В  наступившем 2013 году  сотрудников  Западно-Казахстанского  музея  ожидают  новые 

интересные выставки и проекты.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет