Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары



бет107/162
Дата11.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#136963
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   162
Байланысты:
annotation214581

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Тизенгаузен В.Г. Сборник материалов относящихся к истории Золотой Орды. - М.-Л., 1941, т. ІІ, с. 129- 130.

  2. Қинаятұлы Зардыхан. Қазақ мемлекеті және Жошы хан. - Астана «Елорда», -2004. 228-б.

  3. Юдин В.П. ХІҮ ғасырдағы қазақ даласындағы биліктің тайпа билеріне және Тоқа-Темір ұрпақтарының белгісіз әулетіне өтуі // Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері. І том. Өтеміс қажы. Шыңғыс-наме. - Алматы, «Дайк-Пресс», 2005. С. 121.

  4. Әбілғазы. Түрік шежіресі. - Алматы, 1992. С. 119.

  5. Абусеитова М.Х. Казахстан и Центральная Азия в ХY-XYII вв.: история, политика, дипломатия. - Алматы, 1998. С. 77.

  6. Пищулина К.А. Жанібек пен Керей / Қазақстан тарихы .Бес томдық. – А., 1997. С. 328-329.

  7. Ускенбай К. М. Тынышпаев о некоторых спорных вопросах казахского средневековья и современная историография // Отан тарихы, 2000, № 1-2. – С. 121.

  8. Исин А.И. Трактовка политической истории Кок-Орды // Вестник Университета «Семей». 1997, № 1. – С. 102-103; Ибрагимов С.К. Новые материалы по истории Казахстана ХV-XVI вв. // История СССР. 1960, № 4. – С. 154; Мингулов Н.Н. К некоторым вопросам изучения истории Ак Орды / Казахстан в эпоху феодализма (проблема этнополитической истории). – А., 1981. – С.81, 85; Султанов Т.И. Правители первого казахского государства (1470- 1718). – С. 23-24; Пищулина К.А. Главы в кн.: История Казахстана (с древнейших времен до наших дней). В пяти томах. – А., 1997. С. 115-116, 320.

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ОҚЫТУДАҒЫ ДИАЛОГ ПЕН МОНОЛОГТІҢ МАҢЫЗЫ




Ибраева Ж.М.


«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы, Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ Қазақстан, Алматы

Мақалада орыс тілді мектептерде қазақ тілін үйретудегі диалог пен монологтің маңызы, сауатты жазудың, сауаттылықты қалыптастырудың негізі – емле ережелері туралы айты- лады.


Орыс мектептерінде қазақ тілін үйрету, білу қазіргі таңда басты мәселе болып отыр. Қазақ тілі сабақтарында бұл мәселені шешу жолдарының бірі – әр түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану, жаңа технологияларды енгізу. Сабақта оқушылардың тілін диалог, монолог арқылы дамытуға болады. Диалогтық, монологтық сөйлеу барысында туындайтын қиын- шылықтар да бар:

  • Диалогтық сөйлеуде қабылдаушы баяндаушының айтқан ойын, көзқарасын бірден түсі- нуі қажет.

  • Қабылдаушы бірден аяқ асты жауап беруы тиіс.

  • Сөйлеу барысында қабылдаушы тыңдалым мен айтылым әрекетін бір-бірімен сабақ- тастыра меңгеру керек.

  • Монологтық сөйлесу барысында қабылдаушы баяндаушының айтқан ойын, көзқарасын саналы түрде ұғынып, оны логикалық жүйеікпен айтуы керек.

Монолог арқылы оқушылардың мынадай іскерліктері қалыптасады:

  • белгілі бір тақырыпқа өз көзқарасын білдіреді

  • белгілі бір тақырып бойынша ақпарат береді

  • сөз тіркесі мен сөйлем құрай білу дағдылары қалыптасады

  • сөйлеу тілін байтады

  • сөздік қорын байытады

  • нақты, дәл, анық жауап беруге үйретеді

  • әдеби тіл нормасында сөйлеуге дағдыландырады.

Бір пән – бір мұғалім. Қазақ тілі пәнін оқытуда – ең алдымен мұғалімнің шеберлігі мен кәсіби құзыреттілігі туралы айтып өткен жөн.
Әр сабақты сөйлеу тілімен бастаған жөн, себебі оқушылар тілді есту арқылы тез үйренеді. Сабаққа керекті көрнекті құралдар, дидактикалық материалдар іздестіріп, әр кезеңің ойлас- тыру керек. Сабақ тартымды, қызықты болу үшін, оқушыларды қалай белсене қатыстырамын деген сұрақтарға мұғалім жауап іздейді. Осы мақсатта сабақты ұйымдастыру барысында оқушылардың алған білім дағдыларын өмірлік тәжірибеде қолдана білуге үйретудің тиімді жолдарының бірі диалогтық және монологтық сөйлесім болып табылады. Диалогтың сөйлесім тіл үйренушінің ақпаратты дұрыс қабылдауына, яғни адресаттың адресанттың айтқанын дұрыс түсінуге, сөйлеу тілін дамытуға көмектеседі. Монологтар сөйлесіммен қатар айтылымның, адамның ой-пікірін еркін жеткізуіне септігі мол.
Айтумен қатар, сауатты жазудың да рөлі зор. Сауатты жазудың қоғамдық мәні зор.
Сауаттылықты қалыптастырудың негізі – емле ережелері.
Мектептегі жазба жұмысы алдына бірнеше ұстанымдар қояды:

  1. Тілдің фонетика, морфология, синтаксис салаларын тығыз байланыста оқытады.

  2. Әртүрлі тілдік құбылыстарды бір-бірімен салаластыра оқыту (дыбыс пен әріпті, фоне- маны позиция тұрғысынан).

  3. Мағыналық-құрылымдық ұстаным (морфемалардың құрамы мен мағынасы туралы бі- лімді тірек ету).

Қазақ тілін сауатты үйрету үшін оқушыларға берілетін жазба жұмыстарын дұрыс жос- парлаудың маңызы зор.
Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектепте оқушылар қазақ тілінің дыбыстық құрамын, дыбыстардың айтылу нормасын, дыбыстық заңдылықтарын, грамматикалық құрылысын меңгеруге, ойын еркін жеткізуге, жеткілікті дәрежеде сөздік қорын меңгеруге, сонымен бірге қазақша сөйлеуге жаттығып, қазақ тілінде қарым-қатынас жасай алуы қажет. Оқушыны мұн- дай дәрежеге жеткізу үшін педагог-мамандар түрлі жаңа технологиялардың тиімді жақтарын алып, оқушыны жеке тұлға ретінде дамыту жолында жұмыс жасай алулары қажет.
Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектеп оқушыларының қазақ тілінде тілдік қатынас жасау деңгейін жетілдіруде, әсіресе жазылым әрекетін дамытуда арнайы қарастыруды қажет ететін мәселелер бар.
Мектеп оқушылары мемлекеттік тілде өз ойын нақты, дәл жеткізе алмайды, олардың жаз- баша сауаты нашар, тіл тазалығы мен сөйлеу мәдениеті талапқа сай емес.
Мектеп бағдарламасының талабына сай сауатты жазу дағдысын қалыптастыру үшін бір- неше жазба жұмыстар жүргізілуі тиіс. Мұндай жазба жұмыстарына жататындар:



  1. Жазбаша жаттығулар

  2. Қысқа мәтіндер

  3. Жазбаша бақылау жұмыстары

  4. Диктанттың түрлері

  5. Жазбаша ойындар

  6. Іс – қағаздарының үлгілері

  7. Мазмұндама

  8. Сөздікпен жұмыс

  9. Шығарма




Кесте 1. Мектеп бағдарламасының талабына сай сауатты жазу дағдысын қалыптастыру үшін ұсынылатын жазба жұмыстарының түрлері туралы.


Оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамытуда орфографиялық дағды қалыптастырып, өз ойын жазбаша дұрыс бере білуге дағдыландыратын және үйрететін жаттығу жұмысының тәжірибелік әдістерінің бірі - диктант жаздыру жұмысы.


Жазбаша сөйлеу тілін дамыту бағытында жүргізілетін диктант жұмысының ең тиімді түрлері сұрыпталып, оқу бағдарламасында берілген модуль мазмұны бойынша аталған
диктант түрлеріне мәтін қоры дайындалды:сөздік диктанты, жатқа жазу диктанты, терме диктант, бақылау диктанты, шығармашылық диктант.
Орыстілді оқушылардың жазбаша тілін дамытуда жүргізілетін жазба жұмысының тағы бір түрі – шағын эссе.
Шағын эссе жұмысын орыс тілді сыныптарда жүйелі түрде ұйымдастырып, нәтижесін бақылап отыру қажет.
Мәтін мазмұнын түсініп, ауызша баяндап беруге даярлауда жеке сөйлемдерден бастаған орынды.
Оқушылардың жеке сөйлемдерді жаттап алу дағдысының қалыптасуы диктант пен эссе жұмыстарын орындауда көмектеседі, есте сақтау қабілеттерін дамытады.
Жеке сөйлемдермен жұмыс істеу дағдысы қалыптастырылғаннан кейін оқушыны шағын, қысқа мәтінмен жұмыс істеуге дағдыландырады. Мәтінмен жұмыс алдында мәтінге дейінгі жұмыс түрлерін де қсынуға болады. Мәтіннің тақырыбын айтып, осы тақырыптың төңірегінде қандай ақпарат немесе мәселелер сөз болуына болжам жасату. Сонымен қатар мәтіннің тақырыбына сай ақпараттарды білетіндігі туралы сұрау арқылы монологтың сөйлеуді дамытуға және де мәтіннің мазмұны бойынша берілген кілт сөздерді немесе тезисті оқушылардың назарларына ұсыну арқылы да мәтіннің мазмұны туралы шолу жасатуға болады.
Мәтін мәнерлеп оқытылып, мазмұны айтқызылады. Мәтінмен жұмыста орындалатын жұмыс түрі:



Кесте 2. Мәтінмен жұмыстың негізгі де жиі қолданылатын түрлері туралы.


1. Мәтінді мәнерлеп оқу; 2. Мәтінді жаттау; 3. Мәтінді ауызша мазмұндау секілді орын- далатын жұмыстар оқушылардың дұрыс сөз саптау, сауатты сөйлеу дағдыларын қалып- тастырады.


Ал оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамытуда орындалатын жазба жұмысының бір түрі – шығарма.
Қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне меңгертуде де жазылым әрекетіне жаттықтыруда жүр- гізілетін шығарма жұмысының ерекшеліктері оқу-әдістемелік, ғылыми еңбектерде қарас- тырылған.
Жазылым әрекетін жетілдірудің ең жоғары сатысы болып табылатын шығарма жұмысын орындауға, жаттығу арқылы тақырып мазмұнын әңгімелеуге, жоспарды өз бетімен құрас- тыруға, ой қорытындысын жасауға үйренеді.
Шығарма – тіл дамыту жұмыстарының ішіндегі оқушылардың өзіндік ойын, тілін, сөйлеу мәнерін қалыптастыру ісіне тікелей қатысы бар тілдік қатысымды дамытатын жұмыс түрі.
Жаттығу жұмыстары қазақ тілі пәнінен жинақтаған теориялық білімді бекітуде, дұрыс жазу емлесі мен дұрыс сөйлеу өлшемдерін қалыптастыруда, оқушылардың тілін ұстарту, байланыстырып сөйлеуге үйретуде ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамыту дағдыларын қалыптастырады.
Алдыма қойып отырған мәселенің бірі – оқушыларға қазақ тілін игеруге жағдай тудыру, қазақ халқының мәдениетінмен, салт-дәстүрімен жалпы таныстыру. Қазақ тілінде еркін, сауатты, сапалы оқу, іс-қағаздарды жаза білуге дағдыландыру, сан алуан мемлекеттік қоғам- да, ортада сөйлей білуге үйрету. Тілді үйретуде оқушының қарым-қатынастық мәдениетін қалыптастыру, танымдық, инабаттылық, эстетикалық мәдениетін дамыту – ең басты орын алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет