Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары


«Нан піскенше күлше күйеді»



бет110/162
Дата11.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#136963
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   162
Байланысты:
annotation214581

«Нан піскенше күлше күйеді». Неғұрлым қыздырылған дененің массасы аз болса, оған соғұрлым аз жылу керек. Таба нан салғанда нан жұқа болса, әрі кіші болса, ол күйіп кетпеу үшін отты аз қалау керек. (Меншікті жылу сыйымдылығы)

  • «Түндіксіз үйден түтін түзу шықпайды». Ертеде біздің ата-бабаларымыз көшіп- қонып жүргенде, киіз үйлерде тұрған, киіз үйдің төбесінде уығы болған, оны киізбен жапқан. Күндіз киізді ашып, жоғары жақтан салқын, таза ауа кіргізгенде, оны түндік деп атаған.

  • Отаның тыныш-сен тыныш. Бұл мақалдың физикалық мағынасын ашу үшін Ньютонның бірінші заңын қолданып көрейік; Ньютонның бірінші заңында: егер тыныш- тықта тұрған денеге сырттан күш әсер етпесе немесе әсерлері теңгерілсе онда ол ұзақ уақыт тыныштық күйін сақтайды делінген, яғни отаныңның іргесі тыныш болса, сен де тыныш өмір сүре бересің.

  • Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді. Диффузия құбылысын түсіндіруге болады. Диффузия – бір зат молекулаларының басқа бір зат молекулалары арасындағы бос кеңістікке енуі, немесе араласуы.

  • Батыр туса-ел ырысы, жаңбыр жауса-жер ырысы. Бұл мақалда будың сұйыққа айналу құбылысы конденсация жайында айтуға болады. Яғни жер бетіндегі өзен, көлдер, мұхит бетіндегі су буы кеуіп, атмосфера қабатына барған соң конденсацияланып жаңбыр болып жерге жауады.

  • Болат қайнауда шынығады, батыр майданда шынығады. Бұл мақалды «жылу құбылыстары» негізге түсіндіруге болады, яғни болатты қайнату, балқу температурасына дейін жеткізгенде оны ары қарай түрлі қалыпқа келтіреді, меншікті балқу жылуы тақыры- бында осы мақалды сабақта қолдана отырып түсіндіруге болады .

  • Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені, еменнің иілгені сынғаны. Бұл мақалдағы «емен- нің иілгені» созылу деформциясы жайында айтуға болады, мысалы әр заттың қаттылығы болады. Яғни дененің қаттылығынан артық күш түссе ол сынады, бұл жерде физиканың Гук заңы орындалады.

  • Ерінбеген електен су ішеді. Елекпен су әкелуге және електен су ішуге бола ма? Әрине болады, бұл жерде физикадағы заттың агрегаттық күйлері негізге алынады, яғни елек тесік болғандықтан, мұз күйінде суды әкеліп, ерітіп су жасауға әбден болады.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   162




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет