Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары


Міндеттерді шешу әдістері



бет103/162
Дата11.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#136963
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   162

Міндеттерді шешу әдістері:


  • креативті әдіс-тәсілдердің түрлерін жинақтау;

  • қазақ тілін үйретудегі нейрогимнастиканың, артикулляциялық жаттығулардың түрлерін топтастыру;

  • білім алушылармен тәжірибе жүзінде қолдану;

  • өзіндік ой топшылау, нәтижесін анықтау.

Жұмыстың жаңашылдығы:


Жаңартылған білім беру мазмұнының негізгі міндетінің бірі – креативті ойлайтын тұлға дамыту. Тіл және әдебиет пәндері кіріктіріле жүргізілетін сабақтарда креативті ойлау тәсіл- дерін қолдану арқылы төрт дағдыны: айтылым,оқылым, тыңдалым, жазылым дағдыларын дамыту жүзеге асырылады. Жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы креативті ойлауды дамытудың жолдары өзіндік тәжірибемен ұштастырыла қарастырылды.

Жұмыстың практикалық маңызы:


Креативті әдіс-тәсілдерді қазақ тілі мен әдебиеті сабағында қолдана отырып, қазақ тілі- нің төл дыбыстарын дұрыс айтуға, жазуға, оқуға көмектеседі, есте сақтау қаблетін жақ- сартып, жаңа сөздерді тез жаттауға, еркін ойлап, ойын еркін жеткізуге мүмкіндік береді,білім алушының көңіл-күйін жақсартады, акцентпен жұмыс жасап, оны түзетуге өз септігін тигізеді.
Қазіргі таңда «креатив» сөзі қоғамда ең көп қолданысқа ие сөздердің қатарында. «Креа- тивті сөйлеу», «креативті киіну», «креативті қолдану» деген сөз тіркестерін қолданып жүр- міз. Ал креативті коммуникация дегеніміз - бұл адамға әсер қалдыратын, стандартты емес, әрекетке итермелейтін ақпаратты тарату әдісі болып табылады. Оның басты мақсаты- адам-ның назарын аударту, оны қызықтыру және берілген ақпаратты толықтай қабылдауына ық-пал ету. Ол дегеніміз мұғалім оқушының назарын ең алдымен өзіне қарату арқылы, пәнге деген қызығушылығын арттырады. Ғылыми тілде айтқанда «креатор» болуымыз керек. Креатор-креативті коммуникацияны жүзеге асыратын адам. Креатор барлық назарды аудару емес, өзіне аударту керек, содан кейін барып тіл үйренуге бағыттайды. Кейбір оқушылар мұғалімді жеке тұлға ретінде сыйлайды немесе сол адамның сөйлеу мәнері, киім кию үлгісі, түрі, мінезі сияқты жеке қасиеттерін ұнату арқылы, соған назар аудару арқылы пәнге деген қызығушылығы артады. Креативті ойлау қабілеті- әдеттегі қалыптан шығып, еркін ойлау, мәселенің шешімін өзгеше ұсыну, елдің бәрі жасап жатқан жаттанды істі басқаша орындап, тұтынушыларға өзгеше өнім ұсына білу.
Нейрогимнастика немесе ми гимнастикасы қарапайым, әрі оңай болса да кез-келген жастағы оқушы бойындағы мүмкіндікті аша білуге көмектеседі. Аз ғана минут (5 - 7) жат- тығу миға біраз энергия береді. Білім алушы жазуды, оқуды ұнатпаса, жалпы сабаққа құл- шынысы болмаса ми гимнастикасы арқылы олардың сабаққа қызығушылығы оянады. Бұл жаттығуларды топтық немесе жеке сабақтарда қолдану керек. Бұл жаттығулар мидың 2 жақ бөліктерінің қатар жұмыс істеуін жақсартады.
Сонымен қатар:

  • есте сақтау қабілетін жақсартады;

  • сол қолдың синхронды жұмыс істеуі ЕQ жұмыс істеуіне,шығармашылыққа,креативті сөйлеуге жол ашады.

  • сөйлеу аппараттарын жақсартады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет