Сәуір болмай тәуір болмас. Күн эклиптика бойымен жылжи отырып, аспан экватрын 21 наурыз және 23 қыркүйекке сәйкес келетін күн мен түннің теңелуі деп аталатын нүк- телерді екі рет қиып өтеді. Сәуір айында күн ұзарып, жылынып жерге көк шығып жақсара түседі.
Тоқты тоймас, Шөміш кеппес. Бұл мақал арқылы оқушыға кебу процессін түсінді- руге болады. Шөміш су алып басқа ыдысқа құюға арналған ыңғайлы ыдыс. Ол әрқашан сұға малынғандықтан, кеуіп үлгермейді. Ал кебу сұйықтың буға айналып ауаға ыдырауы.
Мақал-мәтел адам баласының тұрмыс тіршілігіне терең еніп, халықтың өмірін, еңбек әрекетін, оның табиғат құбылыстарымен қарым қатынасын дөп басып шынайы көрсетіп отырған. Мақал мәтелдердің ескірмес, тот баспас қасиеті оның бейнелеу, теңеу, суреттеу ерекшеліктеріне жете көңіл бөлінгендігінде. Сондықтан да, олардың зор дидактикалық және тәрбиелік мәні бар.
Мақалдың тәрбиелік мәні, әрбір алға қойылған іс әрекеттің ойдағыдай, табысты орын- далуы үшін бірліктің, ынтымақтастықтың қажеттілігі туралы болса, ал физикалық тұрғыдан адам жылуды алақаны арқылы бере алатындығы және жылу берілудің дененің ауданына тәуелділігі, қол жұмылғанда жылудың ұзағырық сақталатындығын байлпныстые болады. Тағы бір мақал «Жұпарды жасыра алмайсың».
Тәрбиелік мәні жақсының жақсылығын жасырғанмен ел таниды. Адал адам қашан- да жақсы ықыласқа бөленетіндігі меңзеледі. Ал, физикалық мәнін былый түсіндіруге бо- лады.
Жұпардың иісінің молекулалары ауа молекулаларымен араласып таралатындықтан диффузия құбылысы болып өтеді, сондықтан жасырылған жұпарды иісінен тануға болады. Мақал-мәтел адам баласының тұрмыс тіршілігіне терең еніп, халықтың өмірін, еңбек әреке- тін, оның табиғат құбылыстарымен қарым қатынасын шынайы көрсетіп отырады. Мақал мәтелдерде теңеу, суреттеу жете көңіл бөлінеді.
Мақал-мәтел қолданылған сабақ физикалық білімдерді жақсы түсіну және бекітуге көмек- тесіп қана қоймай адамгершілікке, эстетикалық тәрбие алуға көмектеседі, физика пәні «құр- ғақ» деп есептеп келген кейбір балалардың түсінігін жоққа шығарады. Сондықтан мақал- мәтелдерді оқыту арқылы оқушылардың сөздік қорын көбейтуге болады.