Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары



бет121/162
Дата11.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#136963
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   162
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Г.Әбдірайымова. Жастар жаңарып жатқан қоғамда: кеше, бүгін, ертең // Саясат- 2004 ж. №9

  2. Жастарды тәрбиелеудегі қазақ ұлттық саяси элитасының ықпалы // Саясат №2003ж.

  3. Әбдікәрім Т.М. «Әліппе» мен «Ана тілі»оқулықтарында мәтін түзудің ғылыми-әдістемелік негіздері. ПҒД дис., авторефераты.2007ж. 48-б.

  4. Мұхамбетқалиева М. Оқу мәтіндері арқылы қазақ тілін үйрету әдістемесі. 2001ж. 22-б.

  5. Самарин Ю.А. Очерки психологии ума. Особенности умственной деятельности школьников. – М: АПН РСФСР, 1962.

  6. Бейсенбаев А.А. Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесын ұйымдастыру. Оқу құралы. – Алматы. Республикалық баспа кабинеті, 1995. – 117б.

  7. Беленский Г.И. Интеграция // Литература в школе. – 1998. - №8. – С. 86-90.

  8. Зверев И.Д. Максимова В.Н. Межпредметные связи в срвременной школе. – М. 1981.

ЗЕРТТЕУ СҰРАҒЫН ҚАЛАЙ НАҚТЫЛАУҒА БОЛАДЫ?




Кыдырбаева Газиза Нуркадилкызы


Ақтам ауылы, Ақтам орта мектебі, Ұйғыр ауданы, Алматы облысы


Lesson Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақ-тағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Ол ХІХ ғасырдың 70-жылдарында Жапонияда бастау алып, осылайша Батыста қолданылатын «Іс- әрекеттегі зерттеу» тәсілінен 70 жыл бұрын қолданыла бастаған.Lesson Study-ге шараны бірлесе жоспарлап, өткізетін, қадағалайтын, оқыту мен оқуды талдай отырып, өз қоры-тынды ларын қағаз бетіне түсіретін мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study циклін өт-кізу кезінде мұғалімдер оқыту тәжірибесіне жаңа әдістер енгізеді немесе оны жетілдіреді, кейін ашық
Lesson Study өткізу немесе жұмыс сипатталған құжатты жариялау арқылы әріп-тестеріне таратады.
Егер мұғалім айтылған ұстанымдарды қолданса олардың кәсіби әрекеттері «Бірлесу, ақылдасу, қолдау» ұғымдары аясында жүзеге асырылады. Осылайша Сабақты зерттеу (Lesson Study) әдісі мұғалімдерді тұрақты түрде, толассыз кәсіби шеберлігін дамытуға ынта- ландырып, ұжымдағы ынтымақтастықты дамыта түседі. Сондықтан қазіргі кезде көптеген мектеп оқытушылары өз жұмыстарын осы әдіске негіздей бастаған. Бұлда дұрыс болар, өйткені бұндай топтардағы ұстаздар өзін-өзі басқарып, өз әлеуметін өзі дамытатын ортасын қалыптастырады. Осылайша Сабақты зерттеу (Lesson Study) топтарын тұрақты түрде өзін-өзі реттейтін, өзін-өзі дамытатын мектептің құрамдас бөлігіне айналдырған дұрыс және де бұн- дай топтарға барша ұстаздар қауымын араластырған дұрыс. Lesson Study әдісін пайдаланған мұғалімнің сабаққа дайындалуы да сабаққа қатысу мәдениетіде өзгерері сөзсіз. Мәселен, мұғалімдер сабаққа «түнде, үйде, жалғыз» форматында дайындалса, енді олар сабақ жос- парларын «күндіз, мектепте және бірлесе» форматы ауқымында дайындайды. Қазіргі күні көп мектептер осы қағиданы ұстанып, сабақ жоспарларын бекітуді әр күннің кешіне қалдыруда. Бұның өзі ұстаздар қауымы үшін тиімді.
Lesson Study топтары өз жұмыстары барысында мынандай дүниелерді назарға алуы қажет:
Біріншіден, Lesson Study топтарының жасақталуы мұғалімдердің өз еркі бойынша жүзеге асырылғандығы дұрыс. Осы арқылы оларда өз жұмысының нәтижесіне деген жауапкер- шіліктің артатындығы анық.
Екіншіден, әрбір оқушы сабаққа белсене ат салысуы үшін оқушыларды сабақты жоспар- лауға қатыстыру қажет. Ол үшін сабақ басталмастан бұрын таңдалған сыныппен не бірнеше оқушымен сұхбаттасу қажет. Сұхбаттасу барысында оқушыларға мынандай сұрақтар қойған дұрыс болар: «Алдағы сабақтан не күтесіз? Не білгіңіз келеді? Осы тақырыптың ең басты ұғымдары қандай деп ойлайсыз? Осы сабақта қандай әдіс-тәсілдерді қолданған тиімді болады деп ойлайсыз? Топтарға қалай бөлу керек? Сіз кіммен бір топта болғыңыз келеді? Сізге сыныпта кім жақсы көмектеседі? Сабақтың нәтижесі қандай болуы керек деп ойлай- сыз?. Айтылған ұсыныстар мен жауаптар параққа не болмаса оқушы рұқсатымен аудио- жазбаға жазылуы керек.
Үшіншіден, Lesson Study топтары мұғалімдердің ұстаздақ шеберліктерін арттырудың негізгі құралы болғандықтан, туындаған проблеманың теориялық мәселелерін зерттеп, оны шешудің амалдары мен тәсілдерін сабақтар топтамасы басталмай тұрып айқындау қажет. Енді зерттеу сұрағын нақтылауға тоқталсақ.
Зерттеу сұрақтарын талдамас бұрын, ең бірінші «зерттеу» деген сөздің мәніне көңіл бөл- сек. Жалпы, зерттеу – бұл жаңа білімді қалыптастыру процесін құрайтын таным іс-әре- кетінің бір түрі. Яғни, жаңа білімді қалыптастыру үрдісі.
Зерттеу сұрағы – бұл нақты, топталған, ықшамды, кешенді, және дәлелді талап ететін сұ- рақ. Ф.Киркман. Зерттеу сұрағының жауабы - бұл зерттеу нәтижесінде мұғалімнің алатын білімі. Яғни, білім алушы сұрақтың жауабын табу барысында зерттейді, ізденеді, басқалар- мен біріге жұмыс жасайды, тәжірибе жинайды. Мұның нәтижесінде, білім алушының тақы- рып бойынша білімі артып, өзіндік нақты бір көзқарасы қалыптасады. Теориялық әдебиеттер мен интернет көздерін талдай келе, зерттеу сұрақтарның негізгі 4 түрін жіктеуге болады.

  • Сипаттамалық (Мысалы, оқушылыр мұғалімнен қаншалықты жиі көмек сұрайды?);

  • Өзара байланыстырушы (Оқушылырдың эмоциялық интеллект деңгейі мен өзін басқара білу қабілеті арасындағы байланыс қандай?);

  • Салыстырмалы (Адал немесе авторитарлы көшбасшы кезінде команда жұмысының айырмашылығы қандай? ) ;

  • Себеп-салдарлы (Белсенді стратегияларды қолдану оқушының қызығушылығын арт- тыруға қалай әсер етеді?)

Ең бірінші тақырыпты таңдауымыз қажет. Бұл-тәжірибеде жетілдіргіміз келетін бағыт. Егер біздің зерттеу тақырыбымыз, мысалы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту болатын болса, зерттеу сұрағымыз да осыған сай болуы қажет. Ары қарай, алдын ала зерттеу жұмысын жүргізіңіз.
Зерттеу сұрағы қалай жасалады?

  • Зерттеу тақырыбын таңдаңыз;

  • Таңдалған тақырыбыңыз бойынша алдын-ала зерттеу жүргізіңіз;

  • Таңдаған тақырыбыңыз бойынша Қалай? және Неге? деген ашық сұрақтар қойыңыз;

  • Әртүрлі типтегі сұрақтарды ойластырыңыз;

  • Өз аудиторияңызды зерделеңіз;

  • Ең жақсы сұрақты таңдаңыз.

Ең жақсы сұрақ – зерттеушіні тәжірибені терең зерттеуге итермелейтін сұрақ Іс-әрекетті зерттеуді жоспарлаудың ең күрделі бөлігі-жақсы сұрақ қою Зерттеу сұрақтары
Зерттеу тақырыбы-оқыту үшін бағалау
А) Оқыту үшін бағалау оқушылардың оқуын жақсартуға көмектесе ме? ; Ә)Оқыту үшін бағалауды мектепте жақсарту үшін не істей аламыз?;
Б) 7 сыныпта математика пәні бойынша оқытуды жақсарту үшін оқыту үшін бағалауды қалай пайдалануға болады?
Келесі типтегі сұрақтардан аулақ болу қажет :
«Иә» немесе «Жоқ» деп жауап беретін сұрақтардан; Әдебиеттерді оқи отырып жауап беруге болатын сұрақтардан; Жауабы сұрақтың ішінде болатын сұрақтардан.
Мұғалімдерде тәжірибе барысында туындайтын, жауап алуды қалайтын бірқатар өзекті сұрақтары болатыны сөзсіз, алайда сұрақтардың арасынан күнделікті жұмыста аса маңыз-ды және қызықты болып табылатын бір мәселені анықтап алу өте маңызды. Бұл іс-әрекеттегі зерттеудің бірінші кезеңі болып табылады. Бұл кезеңде жан-жақты жоспарлау зерттеуді бас- тағанда қателікті болдырмауға көмектеседі, әрі мәселені зерттеу барысында көңілі қалмай, ынтамен жұмыс істеуге септігін тигізеді. Проблеманы зерттеуді бастар алдында бірнеше критерийлерді ескеру қажет болады.
Зерттеу сұрағын таңдау бұл ең маңызды әрі күрделі кезеңдердің бірі.
Себебі жұмыстың әрі қарай қалай жүретіні сұрақтың дұрыс таңдалуына тікелей бай- ланысты.
1. Зерттеудің жалпы фокусы. Қандай проблеманы зерттейтініңізді, жалпы атауын жаза- сыз. Мысалы, бағалау. 2. Жалпы фокустың аспектісі. Бұл жерде таңдалған проблеманың шағын бір бөлігін, ең маңызды деп тапқан тұсын жазасыз. Себебі проблема аясы неғұрлым тар болса, зерттеу нәтижесі соғұрлым дәл болады. Мысалы, қалыптастырушы бағалау.
3. Мақсаты/ықпалы. Қандай құрал арқылы проблеманы шешкіңіз келетінін көрсетіңіз. Мы- салы, кері байланыс. 4. Зерттеу мәнмәтіні. Нені зерттейтініңізді жазасыз. Мысалы, қазақ тілі сабағы, оқу үлгірімін жақсарту 5. Қатысушылар. Кімді зерттейтініңізді жазыңыз. Мысалы: 5-сынып оқушылары. 6. Сұрақ. Зерттеу сұрағын құрастыру үшін сұрақ таңдайсыз: Қандай? Қалай? Неге ?
Ендігі кезекте осы анықталған факторларды біріктіре отырып зерттеу сұрағын құрас- тырасыз. Мысалы, жоғарыда жазғандарымызды біріктірсек, мынадай сұрақ шығады: «Қазақ тілі сабағында 5-cынып оқушыларының қалыптастырушы бағалауды жүргізу дағдысын кері байланыс арқылы қалай арттыруға болады?»
Зерттеу сұрағын құрастыру әдістері: Сайман Браунхил ұсынған «Балмұздақ» әдісі. Халли С.Б. ұсынған «FINER файнер критерийі».
Енді бұл әдістердің құрылымын қарастырайық: «Балмұздақ» әдісін қолданар кезде 5 пункт негізделеді. Бұл жердегі ерекшелік, үлкеннен кішіге қарай жүру. Ең бірінші зерт- теудің жалпы фокусын анықтау - бұл ауқымды бағыт болуы мүмкін. Екінші кезекте, жалпы
фокустың ішіндегі бір аспектісі таңдалады; Одан соң осыған сай мақсат анықталады, мақсат анықталған соң зерттеу контексті қалыптасады, контекст анықталған соң қатысушылар таңдалып, сұрақ қалыптастырылады.
«FINER критерийі- Feasible, Interesting, Novel, Ethical, Relevant- Мүмкін, Қызықты, Жаңа, Этикалық, Өзекті)/ Бұл әдіс жалпы зерттеушіге оның зерттеу жүргізуге деген қызығушы- лығы, мүмкіндігі бар ма екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Және оның ертенгі қажет- тілігін баға бере алады. Жеке факторлар бойынша қарастырсақ: Fiasible-Қолжетімді. Бұл проблеманы шешу мүмкін бе? Бұл сұраққа қатысты Сізде қажетті білім мен дағды бар ма? (егер жоқ болса, мүмкін оны дамыту қажет немесе басқа әріптестермен бірігу қажет болар) Interesting-Қызықты. Бұл проблеманы шешу Сізге және басқаларға да қызықты ма? Novel- Жаңа және оригиналды. Бұл проблеманы шешу қандай жа жаңа идея, жаңа шешім, жаңа білім алуға ықпал етеді ме? Бұл проблема аясында басқа зерттеулер бар ма? Ethical-Эти- калық. Бұл проблеманы шешу іс-әрекеттегі зерттеуіне қатысушыларға жағымсыз ықпал етеін қандай да бір қатерлер бар ма? Relevant-Релевантты. Бұл проблеманы шешу қандай да бір дамуға әкеледі ме? Күтілетін нәтиже: Мұғалімдер Lesson Study үдерісін оқытуды жетілдіру және онын сапасын арттыру құралы ретінде мектептерде Lesson Studyді пайдалану үшін әріптестермен қалай ынтымақтастық орнатуға болатынын; Lesson Study кезінде әріптестерге қалай қолдау көрсетуге болатынын түсінуді үйренеді, мұғалім әрбір жеке оқушының оқуына қатысты өзінің оқыту тәжірибесі туралы ойлануға мүмкіндік алады; Lesson Study циклінде сабақтың оқушылар қажеттілігіне сәйкес келуі мақсатында мұғалімдер жаңа әдіс-тәсілдерін жетілдіруге немесе оның сапасын арттыруға мүмкіндік алады.
Түйінді идеялар

  • Lesson Study-сыныпты зерттеу нысандарының бірі. Мұғалімдердің педагогикалық білімдері мен тәжірибесін дамытуға арналған.

  • Lesson Study-мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақ- тастық тәсілі.

  • Lesson Study – оқу сапасын арттыруды көздеген тәжірибені жақсарту үшін демокра- тиялық тәсіл

Қорыта айтқанда, қай кезде де мұғалім білім мекемелерінде негізгі тұлға болып қала бе- реді, себебі оқушыға білімді өз бетімен үйренуі үшін жетекшілік қызметін атқарады. Мұға- лім тек қана өз шәкірттеріне ғана емес,жан-жақты, білімді, заман ағымына сай жаңашыл ұс- таз болса, өз идеяларымен, ой-мақсаттарымен өз әріптестері үшін соңынан ілестірер көшбас- шыларына айналады. Lesson Study-оқушыларға саналы білім берудің көздеген бір мақсатқа жұмсалған ұстаздар шеберханасы десекте артық етпейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет