Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары


ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДА БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ – САПАЛЫ ОҚУ КЕПІЛІ



бет96/162
Дата11.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#136963
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   162

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДА БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ – САПАЛЫ ОҚУ КЕПІЛІ




Ергонисова Багдат Ералиевна Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектебі

Тәуелсіз елдің негізгі тірегі – білімді ұрпақ. Қазіргі таңда білімдінің алға түсіп, бәйгеден озып келетін заманы енді туды. Мемлекет болашағының кепілі – жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Қазақтың кемел талантты ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетудібала оқыту ісін түзетуден бастау керек», - деген.


Қазақстан Республикасының білім беру реформаларының негізгі мақсаты – білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. Болашақта өркениетті, дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Ал, дамудың негізі білім мен ғылымға келіп тіреледі. Сон- дықтан да, әлемдегі дамыған елдер сияқты Тәуелсіз елімізде білім жүйесі сапасын жетілдіру
ең негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Осыған орай, білім беру жүйе- сінде жастарға сапалы білім беріп, олардың үйлесімді дамуы мен тұлға ретінде қалып- тасуында ұстаздың кәсіби шеберлік көрсеткіштерінің бірі – жалпы педагогикалық, ғылыми- теориялық, әдістемелік жаңалықтар менозық тәжірибені жетік меңгерудің маңызы зор.
Қазіргі ұстаздар алдындағы міндет: ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес оқу- шының білімі терең, іскер және ойлауға қабілетті, әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Мұндай талапқа сай қызмет істеу үшін ұстаз үздіксіз ізденісте кәсіби білікті болуы тиіс.
Қазіргі таңда жаңа буындағы болашағымызға заман талабына сай білім және тәрбие беру ең маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Болашағымыз өскелең ұрпақты білімді де білікті, жаңашыл рухта бағыттап, бәсекелестікке түсе алатындай етіп тәрбиелеу әрбір ұстазға жүктелген парыз деп түсінемін.
Күнделікті сабақта тақырыпқа байланысты бейнетаспаларды пайдаланып «Жүз рет есті- геннен, бір рет көрген артық» деген сөздерді ескере отырып, сабақтарымызда мүмкіншілі- гіне қарай жүйелі өтсе өз нәтижесін берері анық.
Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде мұғалімнің өзі толерантты, білімді болуы керек. Қазіргі мұғалімді: педагогиканың қыр-сырын жақсы меңгеріп, балалардың жүрегіне жеткізіп білім мен тәрбиені қатар ала жүруі керек. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Қазіргі оқушы: дүниетаным қабілеті жоғары дарынды, өнерпаз; іздемпаз, талапты өз алдына мақсат қоя білу керек, оқыту барысында осындай әдістерді пайдалану мұғалімнің өзінің шеберлігі қарай жүзеге асады. Қазіргі болып жатқан саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік өзгерістер халыққа білім беру жүйесінің барлық буындарында білім беру ісін жаңа сатыға көтеруді талап етіп отыр. Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технология- ларды меңгеру. Педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекет жиынтығы. Техно- логия мен әдістеменің мақсаты бір – «қалай оқыту мәселелерін қарастырады». «Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» деп Ж.Аймауытов айқандай бү- гінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық техно- логиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойынының дамуында басты рөл атқарады. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін.Біз ұстаздар қауымы қандай болмасын жаңалыққа құлақ түре жүретініміз айқын. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық. Қазіргі кезде білім беру үрдісінде көптеген технологиялар қолданылады. Соның бірі «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» техногиясын басшылыққа алдым. Бұл бағдарламаның мені қызықтырғаны сол баланың өзі ізденіп, дәлелдеуі. Ол бұрын тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер. Бұл бағдарламаның басты міндеті – мұғалімдерге педаго- гикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалай білуге көмектесу, сындарлы ойлауға бағыттау. Бағдарлама жеті модульден тұрады:

  • Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

  • Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

  • Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайда- лану.

  • Талантты және дарынды балаларды оқыту.

  • Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

  • Оқытудағы басқару және көшбасшылық. Осы 7 модуль бойынша сабақтарды

қызықты етіп өткізу үшін үнемі оқушылардың сабақтан жақсы әсер алуына байланысты инновациялық технологияны қолдану қажет. Әсіресе әдебиеті пәнінде бұл әдіс өте маңызды. Әдеби оқиғаларды балалар түсініп, өз ойларын әдеби тілмен өз көзқарастарын саралап жет- кізуді қалыптастырады. Қазіргі кезде ҰБТ-ға байланысты балалар жаттанды сөйлеуді әдет етіп алған. Біздер оларды сын тұрғысында сол болған көркем әдебиеттегі оқиғаны жіктеп өз тілдерімен айтуға дағдыландыруымыз керек.
Білім – қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, қоғам үшін де жоғары құндылық. Оның ең негізгі қызметі – адам бойындағы адамгершілік қасиетті арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту. Білім беру парадигма- сының орын алмасуы: жаңа мазмұн, өзгеше жағдай, өзгеше қарым-қатынас, өзгеше тәр- тіп, өзгеше педагогикалық менталитет қалыптасуда. Білім беру мазмұны жаңа ақпарат алмасу, ғылым мен нарық практикасындағы проблеманы шығармашылық түрде білім беру процесінде жеке тұлғаға бағытталған дағдылармен байытылуда. Педагогикалық технология- лар, жалпы білім берудеңгейіне барабар ғылымның рөлі артып келеді. Жаңа инновациялық технологияларды пайдалану – заман талабы.
Ұлы ағартушы К.Д.Ушинскийдің: «Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат», – дегені білім мен тәрбие саласындағы мұ- ғалімдерге терең ой салады. Сондықтан қазіргі заманда оқушының білім алуға құштарлығын ояту үшін мұғалім көп ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне жағдай жасауы тиіс. Білім сапасы оқушының білімге деген құштарлығы мен қызығушылығына тікелей байланысты. Оның бастысы – оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушының оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу, әрекет ету. Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы іске асады.
Қазіргі жаңа талаптар оқушыға емес, қазіргі заман мұғаліміне қойылады, мұғалімдер тек
«сабақ беруші» ғана емес, баланың оқу ортасын құра алатын адам болуы керек. Жаңа заман мұғалімдерінің білім мазмұнына өзгеріс енгізе алатын, оқыту мен тәрбиеге жаңа әдістер мен технологияларды енгізе алатын зор шығармашылық әлеуеті бар. Осы орайда, критериалды бағалау-сапалы оқу кепілі деп айтсақ артық емес.
«Критериалды бағалау» терминін алғаш рет Роберт Юджин Глейзер (1963) қолданған және бұл термин оқушылардың оқу жетістіктерінің қол жеткізген және потенциалды деңгейлері арасындағы сәйкестікті анықтауға мүмкіндік беретін үдерісті сипаттайды.
Критериалды бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерін білім беру мақсаттары мен маз- мұнына сәйкес, ұжым ішінде өңделген, оқушыға, ата-анаға және мұғалімге түсінікті нақты анықталған критерийлерге негізделген үдеріс. Критериалды бағалау оқушылардың жетіс- тіктерін бір-бірімен салыстырмайды және бір-біріне тәуелді етпейді, сонымен қатар әр оқу- шының құзыреттілік деңгейі туралы ақпарат беруге бағытталады.
Критериалды бағалау жүйесінің мақсаты:
Бағалау критерийлерінің негізінде оқушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақ- парат алу және оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсы-ну. Кри- териалды бағалау қалыптастырушы, жиынтық болып бөлінеді. Қалыптастырушы бағалау – оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалаудың түрі болып табылады. Сабақ мақсатына жету үшін оқушылардың уәж дағдыларын дамытуға жағдай жасау керек. Бұны іске асыру үшін:

  • сабақта түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану;

  • әр оқушының сабақ процесіне белсене қатысуына жағдай жасау;

  • оқытуда саралап және даралап оқытуды қолдану;

  • бейімделушілік қабілеттерін, құрдастарымен және жеке жұмыс жасай алу қабілет- терін дамыту керек. Оқушылардың өздері оқуға қатысқанда ғана оқу қызықты әрі тамаша болып шығады: жобалау, құрастыру, зерттеу, ашу, осы сөздің шынайы мағынасында жаңа- лық ашу болып табылады. Мұның бәрі тек заманауи педагогикалық технологиялар негізінде өз бетімен білім алу жағдайында ғана жүзеге асады.

Жаңа оқыту технологиясы арқылы оқушы қандайда болмасын ақпаратты өздігінше игеріп, өз
өміріне жарата алатын әмбебап тәсілдерді үйрену керек. Технологиялық жүйелікті сақтай отырып, қазіргі сабаққа қойылатын талапарды қатаң ескерген мұғалім, оқушылар шығармашылығын арттырып, білім бәсекелестігіне дұрыс бағыт-бағдар бере алады.

  • Оқушылардың жұмыс әдісін.

  • Оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқаларын құрастыру.

  • Топтық жұмыс үшін тапсырмалар дайындау.

  • Жаңа технология бойынша жүргізілетін әртүрлі типтегі сабақ жоспарларын жасау.

  • Жаңа технологияны пайдаланатын жекелеген әдістермен тәсілдерді қолдану.

  • Өткізілген сабақтарға талдау жасау, жіберілген кемшіліктердің себептерін анықтау.

  • Оқу жобалары бойынша оқушыларға арналған тапсырмалар құрастыру.

Қорытындылай келгенде, жаңартылған білім беру мазмұны алған білімге сын көзбен қарау, іздену, оның ақиқатын дәлелдеу, яғни, білімді саналы түрде алу. Бұл оқушының құзыреттілігін арттырып ғана қоймайды, сонымен қатар:
Жаңартылған білім беру мазмұнының әдіс-тәсілдерін сабақтарымда қолдана отырып тұлға қалыптастырудың тиімді жақтары өте көп екендігіне көзім жетті. Жалпы сын тұрғысынан ойлау технологияның жетістіктері мынандай болып табылады: Қорыта айтқанда біздер әр заманның тек жақсы, жақтарынан сабақ алуымыз керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет