Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары



бет99/162
Дата11.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#136963
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   162
Байланысты:
annotation214581

Список использованной литературы:

    1. https://ppt-online.org/532765

    2. http://edu.resurs.kz/metod/tehnologiya-modulnogo-obucheniya-zhanpeisovoy

    3. https://www.tspu.edu.ru/oldfiles/libserv/files/Artemenko_Teoria_i_metodika_obuchenia_russ_ayziku.pdf

    4. https://www.at.alleng.org/d/ped/ped028.htm

    5. https://stranatalantov.com/news/primenenie-innovaczionnyix-texnologij-v-obrazovatelnom-proczesse/

    6. https://da-azbyka.online/blog/10-lessons-criticalthinking

    7. https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D1%80%D0%B8%D1%82%D0%B8%D1%87%D0%B5%D1%81% D0%BA%D0%BE%D0%B5_%D0%BC%D1%8B%D1%88%D0%BB%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B5

ННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР – ӨМІРГЕ БЕЙІМ ОҚУШЫЛАРДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ БАСТЫ ҚҰРАЛЫ




Жайсанова Зухра Нуржановна Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектебі

Бүгін адамзат жаңа өнеркәсіптік революция дәуіріне аяқ басып отыр. Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талап- тарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды. Жаңа бағдарламада білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипат- талады. Қазіргі таңда қазақ тілі – мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды қолдану заман талабы болып отыр. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байла- нысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және техноло- гияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.


Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Сол себептен, зерттеу іс-әрекеттерін кеңінен қолданып, оқушылардың жетістіктерін бүгінгі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесі қажет етіледі. Ал, бағалаудың жаңа әдісінде оқушы бағаны қандай критерийлер бойынша алғанын, келесі сабақтарда қандай критерийлерге көңіл бөлу керек- тігін ұғынады. Бұл жүйеде оқушының нәтижесімен бірге іс-әрекеті де бағаланады. Онда басқа оқушыларды бағалауда мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана алады. Біріншіден, оқу- шының қызығушылығы артады, екіншіден, мұғалімнің жұмысы да жеңілдейді[1].
Білім сапасын анықтау құралдары ретінде оқуға ынталандыратын және оқушының жеке дамуын анықтауға мүмкіндік беретін қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалау түр- лері белгіленген. Жаңа стандарт оқуын өз бетімен құруға қабілетті өмір бойы білім алуға ұмтылатын оқушы тұлғасын дамытуды көздейді. Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында біліктілікті арттыру курсы жаңа стандартпен оқыту әдістемесін үйретумен қатар функционалды сауатты, сыни тұрғысынан ойлай алатын мұғалімдер қатарын көбейтуде.
Жаңа бағдарламаның басты мақсаттарының бірі де баланы оқыта отырып ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру және критериалды бағалау жүйесін енгізді. Сондықтан тек дәстүрлі оқытумен шектеліп қал- май, мұғалім әрқашан ізденісте болып, өзіне және шәкірттеріне тиімді жақтарын қарасты- рып отыруы тиіс. Жан-жақты, қызыға алатын қызығушылығы мол, өмірге талпынысы жо- ғары ұрпақ тәрбиелеу – жаңартылған білім мазмұны аясында толық өмірмен байланыстыра отырып, қарастырылған.
Қоғамның дамуы әр кезде де білім беру сапасына лайық болған. Қазіргі кезде білім беру- дің мазмұны балалардың оқу-танымдық іс-әрекеттерді өз бетінше жүргізу дағдысы қалып- тастыруға бағытталған. Мұны жүзеге асыру балаларды жинақтылыққа, өзін-өзі дұрыс басқа- руға үйретеді, білімді саналы түрде игеріп, оны танымдық шығармашылық және қарапайым тапсырмаларды орындауда дұрыс қолдана білуге жетелейді.
Сондықтан тәрбиешілер мен әдіскерлер баланың қызығуын толық түрде қанағаттанды- ратындай, өздерінің танымдық белсенділігі мен дербестігін жүзеге асыратындай жағдай туғызуы тиіс.
Педагогикалық қызметке ынтасы жоғары, білім беру саласындағы үнемі жаңарыпоты- ратын өзгерістерге икемді, жаңа технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде қолдана алатын мұғалім ғана қоғамдағы өзгерістерге бейім оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруда түйінді тұлға болып табылады. Бүгінгі таңда білім берудегі басты міндет – әртүрлі әдіс- тәсілдерді, жаңа технологияларды қолдана отырып оқушының пәнге деген қызығуларын арттыру және білім сапасын жақсарту [2].
Балалардың ынтасын арттыратын инновациялық технологиялар. «Инновация» термині ғылымға ХІХ ғасырда енді. ХХ ғасырдың екінщі жартысында инновация әлеуметтік өзге- рістердің жалпы үрдістерінің сатысы ретінде қаралып, оның негізігі элементтері атап көр- сетілді: «жаңашылдық», «жаңашыл», «бағалаушылар». Үрдістің сындарлы, өзгермелі мерзі- мін қандай да бір жаңа енгізілмелерге сәйкес «бағалаушылардың» іс- әрекетіндегі өзгерістер айқындайды. Жаңашылдық – нағыз құрал, ал инновация осы құралды меңгеру үрдісі. Сауат- ты түрде таңдап алынған жаңашылдық барынша мүмкін дәрежеде жаңа енгізілімнің табысқа жетуіне кепілдеме беруі тиіс. Инновациялық үрдіс деп жаңалықты жасау, меңгеру, пайда- лану және тарату бойынша жүргізілетін кешенді іс-әрекетті айтады. Бүгінгі жағдайда жаңа ғылыми, тәжірибелік білімді жасау және оларды меңгеру мен іске асыруды инновациялық тұрғыдан қарастыруға болады.
Педагогикалық технология оқу үрдісімен, яғни мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен, оның құрылысымен, құралдармен, әдістері және түрлерімен түбегейлі байланысқан. Жаңа технологияны меңгеру мүғалімнен асқан шеберлікті, арнайы дайындық пен ізденісті, сауат- тыдықты қажет етеді. Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар оқушыны оқу әре- кетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын оятады. Бұл жаңа технологиялар шығарма- шыл қабілеттің дамуына жағдай туғызады. Әр мұғалім қазіргі жаһандану саясатына сәйкес жаңа технологияны өз ыңғайына, пәніне лайықтап пайдалануға тиіс. Сабақты тартымды өткізу және оқушылардың оқуға деген қызығуын арттыру үшін әр сабақты түрлендіріп, арттыруы шарт. Ол үшін тек бір технологиямен шектеліп қалмай, әр түрлі технологияның сан қилы элементтерін пайдалану артық етпесі анық. Сабақта инновациялық технологиялар- дың тиімді әдіс-тәсілдерімен оқыту – оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың таным- дылығы мен шығармашылық икемділіктерін дамыту. Ерекшелігі: оқу материалында баланы қызықтыратындай құпиясы бар мәселе туғызу. Инновация көпсалалы, кең қолданыста. Педагогика ғылымында өзіндік категориясы болмаса да, зерттеуші ғалымдар білім беру жүйесіне жаңалық енгізу деп қолданып жүр. Инновация ұғымы ең алғаш мәдениет тану- шылардың зерттеулеріне енді, ал қазір барлық салада кеңінен қолданылады [3].
Соның бірі – орта білім беру мазмұнының жаңаруы болып отыр. Кәсіби тұрғыда жаңа сатыға қадам басып, Білім жүйесіне енген жаңалықтың барысымен таныса бастаған сәтімде арнайы курсқа баруым бағдарлама туралы туындаған сұрақтарымның жауабын табуға берілген мүмкіндік секілді көрінді. Қазіргі таңда оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан- жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану – заман талабы болып отыр. Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсіл- дерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу мін- деті тұр. Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құрал- дарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге
асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары [4].
Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша менің жүрегіме түйгенім: алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында шәкірттердің жүрегіне жол тауып, әрекет- тендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен елдің ұл-қыздары білімді де білікті болып шығаты- нына сенімім мол. Соның арқасында біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз. Ол үшін көптеген еңбек пен тер төгуіміз керек. Яғни балаларды бірінші бағалау жүйесіне икемде- геніміз дұрыс. Бағалаудың түрлері: Критериалды бағалау.
Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:

  • Заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, әскер, ойлау жүйесі дамыған, логика- лық тұжырым жасауға бейім, ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастырады;

  • жеке жұмыстар жүргізу арқылы білім дәрежесін, ой-өрісін әрі қарай дамытады;

  • оқушылардың білім сапасын арттырады;

  • оқушының тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттауға мүмкіндік беретін бірден-бір бағалау жолы;

  • тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізетін, шығарма- шыл бағалау жүйесі.

Критериалды бағалау екіге бөлінеді.1. Қалыптастырушы бағалау. 2. Жиынтық бағалау.
Қалыптастырушы бағалау – оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалаудың түрі болып табылады.
Қалыптастырушы бағалау қағидаттары:

  • оқу мен оқытудың бір бөлігі («оқу үшін бағалау»);

  • барлық оқу мақсаттары қамтылады (оқу мақсаттары барлық сыныптарда пәндер бойынша оқу жоспарларында нақтыланып белгіленген);

  • бағалау белгіленбейді.

Қалыптастырушы бағалау барысында мұғалім белгілі дағдыларды бағалаудың тиімді тәсілі ретінде топтық жұмыстарды қолдана алады.
Топтық жұмыс барысында мұғалім әрбір топтағы білім алушылардың талқылауын тың- дайды және бақылайды: кейбір білім алушылар бағалау критерийлеріне сәйкес оқу мақса- тына жеткендігін жылдам көрсете алады[5].
Мұғалім одан әрі оқу мақсатына жетуге ұмтылған білім алушылардың іс-әрекетін бақы- лауы және қосымша сұрақтар қоя алады. Топтық жұмыс барысында мұғалім барлық топ- тардың жұмысын бақылуы тиіс. Топты бақылауды тапсырманы орындауға қатысумен бірге жүргізуге де болады. Жауаптарды бағалаудан кейін мұғалім оқу мақсатына жетуге ұмтылған топтарға қайтадан келіп, олардың оқу мақсатына жетулеріне тағы бір мүмкіндік беруіне болады.
Мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, ондағы материалдар- дың күрделілігінің өсу ретін, мазмұнын және мақсаттарын біледі және түсінеді. Мұғалім- дердің орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жағартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті біліктері мен дағдылары қалыптасқан деп ойлаймын. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курсынан алған әсерім өтекөп. Жаңартылған білім беру бағдарламасы – озық технологиялардың барлық қыр-сырын білуга жетелейді.
Инновациялық технологиялардың негізгі мақсаты оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге құш- тарлығын ояту. Мұғалім сабақта әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс- пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүм- кіндік туғызып отыру қажет. Әдіс-тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлануына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балардың
ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан-жақты тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір мұғалімнің міндеті [6].
Жаңартылған білім аясында сұрақ қою, білім беру спираль бойымен жеңілден күрделіге қарай өсетінін, тапсырмаларды оқушылардың өздері орындайтындай етіп жоспарлауды үйреніп, түсіндік. Ең қызықтысы, жаңадан жаратылыстану пәні енгізіліп отырғандығы. Себебі, бұл пән түрлі зерттеу жұмыстарына негізделген, оқушының бойында тірі табиғатқа, заттардың қасиеттеріне, жер және ғарыш, табиғат физикасына деген қызығушылықтары зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып арттырады [7].
Жалпы қорыта айтқанда, аталған бағдарламаға сәйкес алынған тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізсеңіз, баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылар оқудың қызықты жеңіл өте- тіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақты- лығы артатындығын баяндайды. Яғни, оқушы өз ой-пікірін ашық еркін айтады, бірлесе отырып, жұптаса отырып жұмыс жасай алады, бір-бірін тыңдауға үйренеді сыныпта ынты- мақтастық aтмосферасы қалыптасады. Сондықтан басқа пәндердің де осындай оқыту фор- масымен оқытылса, тиімді болатындығын айтуға болады. Осы бағдарламаны меңгергенде ғана жан- жақты дамыған, болашағы айқын, бағдары анық, бәсекеге қабілетті рухани бай тұлға қалыптастыра алатынымызға сеніміміз мол. Бұл жағартылған білім беру бағдарламасы бойынша менің көкейге түйгенім: алдымызда бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында шәкірттердің жүрегінен жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен елдің ұл-қыздары білімді де, білікті болып шықпақ.соның арқасында біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз.
Ұлы ағартушы жазушы Ахмет Байтұрсынов айтқандай «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», – деген сөзі ізденімпаз, шығармашыл, жаңашыл ұстаздарға арналғандай. Осыны әрбір ұстаз жадында сақтауы тиіс. Ендеше, құрметті әріптестер, алға қойған мақсаттарыңыз бен жоспарларыңызға сәттілік пен табыс тілейміз! Маңызды бағдарлама туралы мәнді ойларыңызбен бөліскендеріңізге шын жүректен ризашылығымыз- ды білдіреміз. Ұстаздықтың ұлы жолында өзімнің бар күш жігерімді салып, еліме пайдамды тигізіп жатсам, бұл ғаламда одан артық бақыт жоқ деп ойлаймын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет