Артикулляциялық жаттығулар. Бұл жаттығуларды орындатуда басты назарға алы- натын мәселе - қазақтың төл дыбыстарын дұрыс айту, қолдану, сонымен қатар акцентпен жұмыс жасау болып табылады. Қазақ тілін оқытуда басты туындайтын қиындық- білім алушылар қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтпайды немесе басқа әріптермен алмас- тырып қолданады. Осы мәселені сабақта алдын алу, болдырмау мақсатында бірнеше жаттығу түрлерін ұсынғым келеді.
«Тіл біліміне кіріспе» дәрістерінен білетініміздей, дыбыстар айнала бізді қоршаған ортаға еліктеуден басталып, оған арнайы «Дыбысқа еліктеу теориясы» деп атау беріп, зерттелінген. Мысалға «Қ» әріпін дұрыс қолданып, айту мақсатында білім алушыларға қаздың қаңғылын және тағы басқа әртүрлі жан-жануарлардың дыбыстарын топпен айтуды ұсынамын.
«Ы» және «І» дыбыстарын дұрыс, әрі орынды қолдану, оларды бір-бірімен ажырату мақсатында да түрлі жаттығу түрлерін ұсынамын. Орыс тілді аудиторияларда көбіне «І» дыбысын қолдануда оқушыларға қиындық туып жатады. Өйткені орыс тіліндегі «Ы» дыбысы қазақ тіліндегі «Ы» дыбысынан жіңішкірек қолданады. Мысалға орыс тіліндегі
«жили-были» сөзінде «Ы» дыбысы жіңішкелеу естілсе, қазақ тіліндегі «ыдыс» сөзінде ба- рынша жуан айтамыз.
Тағы да қазақ тілінің спецификалық дыбыстарын дұрыс айтуда «Тамағымызды сумен шаямыз»(Горло поласкаем), «Жөтелу» жаттығулары да тиімді болмақ. Тағы ерінді син- хронды алға шығару арқылы еріндік дауыстыларды (ө,ү,ұ), «Голливудская улыбка» әдісі ар- қылы езулік дыбыстарды (ә, і) дұрыс айтуды, айырмашылықтарын ажыратуды үйренеді. Нәтижесінде:
қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуды үйренеді;
акцентпен жұмыс жүргізіліп, оны мейлінше жою қарастырылады;
білім алушыларда еріксіз қабылдау қалыптасады.
Жаңылтпаштарды төрт түрлі жылдамдықпен айтқызу.Әдетте, сабақ өту барысында жаңылтпаштарды білім алушыларға оқытқызып, жаттатқызып жатамыз. Алайда оны айтуда жылдамдыққа аса назар аудармаймыз. Мен ұсынып отырған әдіс бойынша білім алушыларға уақыт аралығын белгілеу арқылы төрт түрлі жылдамдықта айтқызу ұсынылады. Жылдам- дықты арттыра отырып, бала жеңілден қиынға көшуге бейімделеді деп ойлаймын. Осы ретте
«Дирижер» әдісін қоса қолданса да тиімді болмақ деп ойлаймын. Қолмен, ыммен,түрлі қи- мылмен жаңылтпаштарды дұрыс, әрі жылдам айтып үйренеді. Мысалға, «Алғыр аттар- арғы- мақтар, Арғымақтарды әркім мақтар»деген жаңылтпашты төрт түрлі жылдамдықта айтқы- зып, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс,әрі жылдам айтқызуға тырысамын. Нәтиже-сінде,
білім алушылар тез әрі дұрыс сөйлеп үйренеді;
креативті коммуникация түзіледі;
мақам қалыптасады.
Қорыта келгенде, осындай түрлі деңгейдегі креативті әдіс-тәсілдерді ұсыну арқылы, мен өзіме келесідей ережелер мен мақсаттар тізімін құрастырдым:
Өзімнен бастау;
Білім алушыларға алдымен психологиялық зерттеу жасау;