Әдебиеттер мен сілтемелер тізімі: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319 http://rmebrk.kz/journals/1650/498.pdf https://articlekz.com/kk/article/16002
Қазақстан Республикасындағы Білім туралы заңнама. Заң актілерінің жиынтығы. — Алматы: ЮРИСТ,
— 180 б.
Күлекеев Ж. Тілдік қарым-қатынас мәдениет айнасы // Қазақстан мектебі. — 2004. — № 4. — 3–7-б.
Ермахан Г. Нравственное воспитание школьников посредством казахской народной педагогики на уроке иностранного языка // Бастауыш мектеп. — 2004. — № 2. — 32–34-б.
Ильясова Эльмира Салихатовна
Физика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші
«15 орта мектебі» КММ,Талдықорған қаласы
Қиындығымен қызығы қатар жүрген физика пәні бүгінгі таңда тереңнен танылып, ойып орын алатын негізгі пәннің бірі болып отыр.Ұлттық біріңғай тестілеуде бір ғана емес, бірнеше түлекке таңдау болған бұл пәннің бір қыр-сыры мынада жатыр.
Жалпы физика тілі-ғылыми стильде жазылғандықтан күрделі болып келеді. Оқушының ойына оңай оралып,санасына сіңіп сақталуына оқытушысының орасан зор еңбегі керектігі негізгі мақсат қой. Ия, дана елім «Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы», деп тегін айтпаған. Осы орайда оқытушы ретінде өзімнің әдісіммен бөлісуді жөн көрдім.Физикалық құбылыс- тардың күнделікті қолданыста жүрген мақал- мәтелдермен мән мағынасының бір болуы сәйкестік пе, әлде пәннің кеңінен қанат жайғаны ма? Түйдектеген тірліктің түйгенін шешетін шешен қазақ елінің оқымаса да, түсінерге тоқитыны аз емес екенің аңғарарыңыз-ақиқат.
Иә, ауыз әдебиетінің бір бұтағы болған мақал -мәтелдермен физикалық құбылыстармен байланысы бар.
Енді белгілі бір тақырыпты өткенде, мақал-мәтелдерді қалай қолданғанымды екі-үш мысалдар арқылы түсіндіре кетейін. Жетінші сыныпта «Найза салу-ерліктен, ат жауыры-тер- ліктен». Тәрбиелік мәні елді қорғау,жауға тойтарыс беру, нар тәуекел жасу,біреуге шынайы жақсылық жасау тек нағыз ердің ісі- ерліктің белгісі екендігі, ал тапсырылған міндетке немқұрайды қарап, жауапкершілікпен орындамау ортақ іске кесірін тигізетіндігі меңзеледі.
Ал, физикалық мағынасын былайша түсіндірелік: ат жауырынының пайда болуы, ол аттың арқасына ердің қапталы батып үйкеленуінен. Осы үйкелісті болдырмау үшін және де терді сіңіру үшін қойдың жабағы жүнінен тоқымның астына терлік жасалады. Егер терлік
дұрыс салынбаса, ат жауыры осыдан болады, демек терлікті дайындауда оны атқа дұрыс жабу да үлкен өнер болып табылады. Сол сияқты «Саусақ бірікпей-ине ілікпейді» деген мақал-мәтелдерді талдап түсіндіруге болады.
Қазақстанның білім беру жүйесінің мақсаты-әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдас- тырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру болып отыр. Білім беру жүйесіндегі инновациялық процестердің жүзеге асып дамуы – бұл білім беру жүйесінің дамуы, оны жаңарту мен тиімділігін арттырудың шарттары. Сондықтан да қазіргі таңда балаға деген көзқарас пен қарым-қатынаста баланы обьект деп қарамай оны дамушы тұлға ретінде қабылдап, балалармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысы да осыған лайық өзгерістерге ұшырап, қазіргі педагогикадағы тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа технологияны енгізудің қажеттілігі туып отыр. Ал жаңа технологияны пайдаланудың мақсаты-міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейге жету. Ал физика пәнінде мақал-мәтелдерді қолданып оқыту, дәстүрден тыс инновациялық технологияға жатады.
Мақал-мәтелдер дегеніміз сөз арқылы ықшамды, өтімді түрде айтылатын белгілі бір күрделі ойлардың қорытындысы қоғамдық өмірдегі тұрмыс-салттағы болып өткен елеулі оқиғалар, мақал-мәтелдердің шығуына негіз қалаған. Өйткені көпшілік назарын аударатын кейбір іс-әрекеттер белгілі бір тиянақты ұғым, тұжырымды ой тудырып, мақал-мәтелге ай- налып отырған. Мақал-мәтелдер ықшам, бірақ толық бір ой-пікірді білдіріп, барынша жинақталған, бейнелі тіл байлығы болып есептеледі. Мақал-мәтелдер әркімнің құрғақ қия- лының туындысы болмастан, қайта тұрмыстағы алуан түрлі құбылыстардан нәр алған өмір тәжірибесінің қорытындысы. Онда халықтың данышпандығы, асыл тәжірибелері және өткір де шынайы талғамдары бейнеленген. Көшпелі ата-бабаларымыз сонау ерте дәуірден-ақ ма- қал-мәтелге ерекше мән беріп, оларды ақылмен байыптай алатын адамды қастерлеген. Көшпелі тұрмыс салтында мақал-мәтелдер мектеп пен мұғалімнің, кітап пен баспасөздің қызметін атқарды. Ол айнала дүние туралы білімнің сығынды жиынтығы, өзінше шағын ауызекі энциклопедия ғана болып қоймай, ұстаздық, тәлімгерлік міндетті де атқарды. Адам бойындағы барлық жақсылықты паш етіп, жамандық атаулыны жерлеп, күлкіге, әзіл-оспақ, келекеге айналдырды. Ал мұндай ақыл-кеңестер қысқа да нұсқа, әрі иланымды болды.
Сондықтан мақал-мәтелдердің оқушының сөйлеу қабілетін жетілдіруде рөлі өте зор. Мақал-мәтелдердің көбі өлең формасында ұйқасып келетіндіктен оны есте сақтау оңай бо- лады. Мақал –мәтелдердің барлығы мәтіндердің ішінде кездеседі және көптеген мәтіндердің соңына, мәтін мазмұнына сәйкестендіріліп, арнаулы орналастырылған. Оқыту барысында бұлардан аттап өтіп кетуге мүлде болмайды. Мақал-мәтелдерді оқытуда мыналарға көңіл бөлу керек:
Мәтіндердің соңына қосылып берілген мақал-мәтелдерді сол мәтіннің мазмұнымен бірлестіріп, түсіндіру керек. Түсіндіруде мазмұн көлемінен шығып кетуге болмайды.
Мақал-мәтелдер тіл жетілдірудің ықшам бейнелі бейнелеудің тамаша құралы, ол оқу- шылар тілін дамыуға анық та бай мазмұн қосады.
Мазмұндама жазғанда немесе сөйлегенде мақал-мәтелдерді лайықты пайдаланса, маз- мұндама немесе сөздің тілі жанданып, логикалық қуаты күшейіп, жалпыға бірдей түсінікті болып шығады. Сондықтан мақал-мәтелдерді оқыту арқылы оқушылардың сөздік қорын көбейтуге болады.
Белгілі бір тақырыпты өткен кезде мысал ретінде қажетті мақалды келтіре отырып, оның тәрбиелік және физикалық мәніне түсінің берген өте пайдалы. Мақалды тәрбиелік мәні, жіберген қатені екінші рет қайталамай дер кезінде қорытынды жасауға меңзесе, физикалық тұрғысынан мысалы ыстық нәрсені үрлесек, кебу процесі тездетіліп, оның температура- сының төмендейтінін ұғуға болады. Осы сияқты басқа да мақал - мәтелдерді тақырыпқа сай айтып отырса, оқушылардың ұлттық сана - сезімін оятуға, дамытуға берер әсері көп.
Физикалық құбылыстардың күнделікті қолданыста жүрген мақал- мәтелдермен мән мағынасының бір болуы сәйкестік пе, әлде пәннің кеңінен қанат жайғаны ма? Түйдектеген
тірліктің түйгенін шешетін шешен қазақ елінің оқымаса да, түсінерге тоқитыны аз емес екенің аңғарарыңыз-ақиқат. Иә, ауыз әдебиетінің бір бұтағы болған мақал -мәтелдермен физикалық құбылыстармен байланысы бар.
Жетінші сыныпта «Найза салу-ерліктен, ат жауыры-терліктен».Тәрбиелік мәні елді қор- ғау, жауға тойтарыс беру, нар тәуекел жасу, біреуге шынайы жақсылық жасау тек нағыз ердің ісі-ерліктің белгісі екендігі, ал тапсырылған міндетке немқұрайды қарап, жауапкер- шілікпен орындамау ортақ іске кесірін тигізетіндігі меңзеледі. Ал, физикалық мағынасын былайша түсіндірелік: ат жауырынының пайда болуы, ол аттың арқасына ердің қапталы батып үйкеленуінен. Осы үйкелісті болдырмау үшін және де терді сіңіру үшін қойдың жа- бағы жүнінен тоқымның астына терлік жасалады. Егер терлік дұрыс салынбаса, ат жауыры осыдан болады, демек терлікті дайындауда оны атқа дұрыс жабу да үлкен өнер болып табылады. Сол сияқты «Саусақ бірікпей-ине ілікпейді» деген мақал-мәтелдерді талдап тү- сіндіруге болады.
Ал, сегізінші сыныпта «Кебу және конденсация» тақырыбын өткенде мынадай мақал-мә- телдерді мысал келтіріп, талдадық. «Аузы күйген үрлеп ішеді» мақалдың тәрбиелік мәні жіберген қатеңді екінші рет болдырмауға, ол қатеңнен тиесілі қорытынды жасай білуге мең- зесе, физикалық тұрғыдан ыстық нәрсені үрлесек, содан кебу процесі тездетіліп, нәтижесінде оның температурасының төмендейтіндігін ұғуға болады.
Мақал-мәтелдер физика ғылымында
Достарыңызбен бөлісу: |