Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары


Екі қолға арналған жаттығулар



бет104/162
Дата11.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#136963
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   162
Байланысты:
annotation214581

Екі қолға арналған жаттығулар. Әдетте адам миы екі бөлікке бөлінетіні белгілі:оң жақ және сол жақ. Екеуі қатар жұмыс жасай бермейді.Ал екі қол қолдың синхронды жұмыс жасау арқылы екі жақ қатар жұмыс жасайды. Мұнда бала ең бірінші ол жаттығулардың жасалып жатқандығын көреді және оны жасау үшін ойлануы керек, есте сақтау қажет және оны қимыл түрінде көрсете алуы керек. Бұл жерде тек мидың бір жарты шары ғана емес екі жарты жары да және қимылдардың үйлесімі дамиды.
Осы жаттығулар арқылы білім алушыны қызықтырып, оған мотивация беруге таптырмас құрал, себебі, бала келесі жаттығулар түрін немесе өзініздің жасатып жатқан нейрогимнас- тикалық жаттығуларды одан да жақсы жасаймын деген мотив пайда болады және баланың нейралогиялық жүйесін қалыптастырады, зейінін, қабылдауын, есте сақтау, дыбыс шығару қабілеттерін және өз денесін шынықтырады. Сонымен қатар жаттығу жасай отырып, түрлі қазақ тілінде атауларды, сәлемдесудің түрлерін, ай, жыл атауларын, әр саусақтың атауларын және тағы басқа да көптеген мәліметтерді қоса оқушыға бірлесе айтқыза отырамыз. Нәтижесінде:

  • эмоционалды интеллект қалыптастырамыз;

  • баланың қызығушылығын оятамыз;

  • қазақ тіліндегі лексикалық минимум мөлшерін ұлғайтамыз;

  • есте сақтау қабілетін жақсартамыз.

Ауада түрлі бейнелердің суретін салу. Бұл әдіс нейрогимнастиканың бір түрі болып саналады. Екі қолмен ауада синхронды түрлі математикалық фигуралардың суретін салу, же- містің түрлерін, көптеген заттардың пішінін бейнелей отырып, оқушыға қосымша қазақ ті- лінде сол туралы қатар сұрақтар қойып отырамыз. Мысалға алманың суретін салғыза оты- рып, оның пішіні, түсі, түрлері қандай екенін қоса сұрап отырып, сөз тіркесерін, сөз тіркесте- рінен сөйлем құратуға болады. Ал түрлі математикалық фигуралардың суретін ауада екі қол- мен салдырта отырып, оның қазақша атауларын, түрлерін, бір-бірінен айырмашылығын қа- тар сұраймыз. Тіпті оқушылар бір-біріне сұрақтар қою арқылы диалогқа да түсе алады. Нәтижесінде:

  • салынған сурет бойынша кеңінен мәлімет беріледі;

  • сол атауға байланысты білім алушылар оны сипаттап үйренеді;

  • сөздік қоры молаяды;

  • тыңдалым, айтылым дағдылары қалыптасады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет