Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары



бет19/162
Дата11.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#136963
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   162
Байланысты:
annotation214581

Әдебиеттер:

  1. Всеволодова М.В. Теория функционального коммуникативного синтаксиса: Учебник. М., 2000.

  2. Бондарко А.В. Теория функционалной грамматики: Локативность. Бытийность. Посессивность. Обус- ловленность. СПб., 1996.

  3. Күзекова З.С. Қазақ тілінің функционалды практикалық грамматикасы., Астана., 2015.

  4. Золотова Г. А. и другие. Коммуникативная грамматика русского языка. М., 1998.

КӨНЕ ӘДЕБИЕТ ҮЛГІЛЕРІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР

Канапина Жанар Жумашовна,


Абай облысы, Аякөз қаласы,
№ 7жалпы орта мектеп КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушылары

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы туралы білім беру саласындағы маңызды жоба аясында еліміздегі білім беру ошақтарында дамудың түрлі әдістемесі мен бағдарламалары дайындалып, қолданысқа енуде. Бұл білім беруді заманға сай, озық елдер тәжірибесіне сүйене отырып, тамыры тереңге жайған ұлттық сабақ- тастықты дамыту арқылы жүзеге асырып жатырмыз деп ойлаймыз. Осы кезге дейінгі мем- лекеттік бағдарламаларда білім берудегі жаңару, білікті мамандармен тәжірибе алмасу, ортақ мәселелерді талдау, алға үздік тәжірибелерді ұсыну қолға алынуда.


«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының «Ұлттық және әлемдік ғылыми ой сана- ның мәдениет пен әдебиет басылымдарының дестелерін әзірлеу» атты бөлімінде: «Тіл бі- лімі» топтамасындағы осы бағыттың қазақ әдеби тілінің дамуы жөнінде жан-жақты мәлімет беретін және оның лексикасының баюына ықпал ететін қазақ тілінің түсіндірме сөздіктері, синонимдер сөздігі, диалектологиялық және этимологиялық сөздіктер беріледі», делінген.
Қазақ тілінің құнарлы қорына жататын, көркем сөз бен шешендік өнердің қайнар бұлағы болып саналатын тұрақты тіркестердің бір саласы - фразеологизмдер. Бұл тіліміздегі тұ- рақты тіркестердің мағыналық астарында халықтың ерте уақыттан бергі өмірінің бүкіл болмысы сақталып, зерттелген. Халықтың күн көріс, тұрмыс-тіршілік, негізінде жан-жақты өрбіген түсінік пайымдаулары, соған байланысты қалыптасқан салт-дәсүрлер, әдет- ғұрып- тардың өзгешеліктері тілдік қолданыстағы тұрақты тіркестерден көрініс табады. Сондық-тан тұрақты тіркестер - халқымыздың ұлттық ерекшелігін бойына сіңірген басты мәдени байлығымыздың бірі. Әр ұлттың тілінде фразеологизмдердің тұтас жиынтығын сол ұлт тіліне тән өзіндік бейнелі сөз орамдары арқылы оның бүкіл заттық, рухани, мәдени өмірінен хабардар етеді. Сонымен қатар, тілімізде көкейге қонымды, көркем, орамды алуан түрлі тұрақты сөз тіркестері кездеседі. Мұның барлығы халық өз орнымен жүйелі пайдалана біл- ген және пайдалана да біледі, әрбір сөз қолданысының өз дәуірі болады. Алайда, қазақ тіл білімін қалыптасқанда, түркологияда, орыс тіл білімінде фразеологизмнің жалпы проблема- лары бұл күнге дейін түбегейлі зерттеліп, өзінің тиянақты шешімін тапқан жоқ. Сондықтан да соңғы жылдарға дейін мұны жеке пән ретінде арнайы зерттеушілер тым аз болды, көбі- несе лексикалық қор ретінде сөз байлығы деген топқа жатқызып, лексикалық көлемде тек- серумен шектеліп келгендігі мәлім. Тұрақты тіркестер дегенде олардың өзінің тұрақты және еркін тіркес деген түрлеріне қарай бөлінеді де, сол тар шеңберде шектеліп қалған. О баста оның тамыры сонау көне түркі жазба ескерткіштерінен, орта ғасыр әдебиетінің інжу-мар- жандарынан бастау алатынына аса мән бермей келеміз. Бұл да кең көлемде, терең зерттеуді қажет ететін бөлім. Сөз тіркесінің бұл түрі аса үлкен ерекшеліктерге толы, құрылысы күр- делі, кем дегенде екі немесе одан да көп тіркестерден тұратын, компоненттерінің арақаты-
насы, оған ұйытқы болып тұрған сөздердің амал-тәсілдері жағынан да бір-бірінен дат еместігін, негізі бір болатынын білеміз. Басында төркіні бір, заты сөз тіркесі болғанмен, тұрақты тіркес одан ажырау барысында бір-біріне ұқсамайтын белгі қасиеттерге ие болып, ақыры басқа категориялар қалыптасқан. Содан еркін тіркес затында синтаксистің қарайтын оъектісі болады да, тұрақты тіркес лексикологияның объектісі болады. Демек, олар тілдің әр саласына жатады деген сөз.
Қазақ тіліндегі сөздік қордағы сөздер халықтың өзімен бірге өмір бойы қоса жасалып, тілдегі жаңа сөздер мен тың мағыналарды, соны тіркестерді тудыруға әрдайым ұйтқы бо- лады. Тұрақты сөз орамдары немесе фразеологизмдер тілдің құрылымдық жүйесіндегі аса күрделі тілдік бірлік ретінде лингвистикалық зерттеулерде жан-жақты қарастырылып келеді. Көптеген тзерттеулерде тұрақты сөз орамдарыныңғ әсіресе жеке сөздермен салыстырғанда, бейнелі, экспрессивті - эмоционалды қасиетке ие екеніне мән беріледі. Көбіне көп көркем шығарма тілінде көріктеуіш құрал ретінде жиірек жұмсалуы да осы қасиетке байланысты болса керек. Тұрақты сөз орамдары әдетте сөйлеу кезінде жасалмайтын, «даяр» күйінде қолданылатын, тұлғасы жағынан сөз тіркесі немесе сөйлемге, мазмұн жағынан дара сөзге ұқсас тиянақты тілдік бірліктердің қатарына жатады. Сондай ақ, олар фразеологиялық мағы- насынан басқа мәдени ұлттық мазмұнға, өзге тілдік бірліктерге қарағанда аса бай болады. Теңдесі жоқ ұлы суреткер А.Құнанбаев, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, сияқты өзге сөз зергерлері де өздерінің шығармаларына сонау көне жәдігерлерден үлгі ретінде өз шығармаларына арқау еткен.
Қазақ тіл білімінде тұрақты тіркестер XX ғасырдың екірші жартысынан бастап бүгінге дейін әр қырынан зерттеліп келе жатыр. Бүгінде жеке лингвистикалық сала ретінде қалып- тасқан фразеологизм Р.Сарсенбаев, Ө.Айтбаев, Н.Уәлиев, Г.Смағұлова, Б.Қалиев сияқты ғалымдардың атымен тығыз байланысты. Түркітануда фразеологизм туралы еңбектер 40-жылдардың ортасында жариялана бастады. Қазақ фразеологиясының көш басында І.Кеңесбаевтің іргелі еңбектерінің орны өте зор. Қазақ тіл білімінің көшбасшысының бірі проф. С.Аманжоловтың өз тұсында «Қазақ тілі идеомалар мен фразеологиялық тіркестерге өте бай. Біздің ойымызша идеомалық және фразеологиялық оралымдар қазақ халқының ойлау жүйесін және тілдегі мазмұн мен форманы қарастырудың тамаша нысанасы бола алады» деген сөзінің маңызы өте зор.
Фразеологизмдер - тілдің көркемдігін, бейнелілігін көрсететін тілдік бірліктер. Халықтың тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі,көзқарасы, ойлау жүйесі осы фразеологизмдердің бойынан анық көрінеді. Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің даму жолдарын жазба ескерткіш тілін-дегі фразеологиялық тұлғалармен сабақтастыра зерттеу ісі кешенді түрде қолға алынбай отыр. Орта түркі тіліндегі фразеологизмдерді зертеуде біз бүгінгі қазақ тіл білімінде қалып-тасқан қағидаларға сүйенеміз. І.Кеңесбаев фразеологизмдерді танып білудің басты үш бел-гісін: 1) Қолдану тұрақтылығы. 2) Мағына тұтастығын. 3) Тіркес тиянақтылығын ұсынады. Яғни, фразеологизмдер құрамындағы жеке сөздердің бірігіп бір мағына білдіруі – мағына тұтастығы болса, фразеологиялық мағынаны құрайтын сөздерді өзгертуге немесе орнын ауыстыруға болмайтыны – тіркес тиянақтылығы ал фразеологизмдердің үнемі даяр қалпында қолданылуы – қолдану тұрақтылығы.
Ал тарихи жазба естерткіштер белгілі бір тақырыпқа жазылғандықтан олардың тіліндегі фразеологизмдердің өн бойынан жоғарыдағы белгілердің бәрі бірдей табылуы мүмкін емес. Сонда да осы белгілерге сүйене отырып орта түркі тіліндегі фразеологизмдерді анықтауға, саралауға болады.
Ескерткіштегі фразеологизмдерді лексика – марфологиялық тұрғыдан топтастырғанда есімдердің тіркесінен жасалған ,етістіктердің тіркесінен , сондай ақ бірнеше сөз таптарының тіркесінен жасалған тұрақты тіркестер деп бөліуге болады.

  1. Есімді фразеологизмдер әр түрлі сипата екі немесе үш есім сөздердің тіркесінен жа- салған.

а) Зат есім мен зат есімнің тіркесуімен құралған. Мысалы, бағыры таш – тас бауыр. Йүзі гүл – әдемі,сұлу; қулан көңүл – еркін қылық.
б) Сын есім мен зат есімнің тіркесуінен жасалған тұрақты тіркестер. Мысалы, Йаман ат – жаман атақ; сары алтын - күн сәулесі; сынуқ көңүл – көңлісіздік.
в) Сан есім мен зат есімнің тіркесуінен жасалған тұрақты тіркестер. Мысалы, бир заман – сол уақытта; бир йоло – бір жолы; йеті қат йер – жеті қат жер.

  1. Етістікті Фразеологизмдер көбіне есіммен етістіктің тіркесінен жасалған. Мысалы, айы тұтылды – жаман хабарды меңзейді; от салды – араз қылды; еліні тутты – қолын ұстады.

  2. Бірнеше сөз таптарының тіркесуынен жасалған Фразеологизмдер онша көп емес. Мысалы, йашы узүн болады – жасы ұзақ болсын; уйқуға уйуб қалды – ұйқыға берілді.

Мағаналық жағанан алып қарағанда ескерткіштерде кездесетін фразеологизмдерді сино- нимдік, антонимдік және көп мағаналы деген топқа бөліп қарастыруға болады. Мысалы, айы тұтылды//вақты йетті//жан берді//жаны учты – өлді; күйді//бағы бішті//ічі күйді – ғашықтықтан іші-бауыры елжіреді;(синоним).сабыры йырады «сабыр қылу» мағанансын берсе, сабыр қылды «сабыр қылу, шыдамдылық көрсету». Көп мағаналық (полисемия) құбы- лысы жеке сөздерге тән құбылыс.Мысалы, айы тұтылды – 1) жолы болмау; 2) бақытсыздық белгісі; 3) өлу; ат қоймақ – 1) жолға шығу; 2) шабуыл жасау.
Бұл фразеологизмдер тілдегі қолданылуы, жұмсалу салдарын, даму өрісін, түркі тайпа- ларының жеке ұлт болып қалыптасу үрдісін анықтауға мүмкіндік береді.
Фразеологизмдердің ішіндігі кейбір сөздер симатикалық жағынан ерек байқалып, негізгі қызымет атқарады.
а) Жәдігерлікте фразеологизм жасауға дене атаулары қатысады. Олар: ағу тіллі –у тілді;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет