Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары



бет20/162
Дата11.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#136963
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   162
бағры таш – бауыры тас; ақыл қулақы – ақыл құлағы; шәкәр ерін – тәтті ерін.
б) Жан-жануар атауымен байланысты тұрақты тіркестер. Олар: дәулет аты - дәулет аты;
құлан көңүл - жабайы жүрек;
в) Қоршаған табиғи ортаға байланысты қолданылатын тұрақты тіркестер. Олар: сабыр оты; Ай йүзі; сары алтун.
г) Мұрағаттардағы Фразеологизмдердің бір тобының пайда болуына адамдардың көңіл күйіне, яғыни психологиялық жан тебіреніске байланысты қолданылатын тұрақты тіркес. Олар: көңүлі тар; аһ қылды; бағы күйді; таш жанлығ.
Бұдан басқа салт-дәстүрге, әдет-ғұрып,діни сенімдерге байланысты ант ічті, бар қылды, құрбан қылды,кәмәр бағлады.
Қазіргі түркі тілдеріндегі Фразеологизмдерді клссификациялаудың бірнеше үлгісі бар. Олар негізінен біртұтас тілге арналған. Ал орта ғасырлық жазба ескерткіштерінің тілі қаншалықты бай болғанымен, арналған тақырыбына байланысты өз дәуіріндегі түркі тайпаларының бүкіл сөздік қорын қамтуы мүмкін емес. Әйтсе де жоғарыдағы жіктеу- лер ортақ түркі тілінің біршама байлығын, сын-сипатын фразеологизмдер арқылы көрсете алады.
Әдебиеттер:
1. 3. Қайдар Ә.Қыпшақтанудың бір бұтағы-тіл//ҚР БҒМ – нің,ҰҒА -ның хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы. Алматы, 2002. 3-5 б.

  1. Құрышжанов Ә.,Иартов А. Ежелгі түркі жазба ескерткіштері жайында// Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы мен дамыу жолдары. -Алматы; Ғылым, 1981-97-124 б.

  2. Сыздықова Р.Қазақ әдеби тілінің тарихы.-Алматы, 1993-319 б.

  3. Сағындықұлы Б. Қазақ тіл лексикасы дамуының этимологиялық негіздері. - Алматы; Санат, 1964.

-160 б.

ПАРЕМИЯЛАРДЫҢ НОМИНАТИВТІК МАҒЫНАСЫНА ҚАРАЙ ТАЛДАНУЫ




Қарсыбекова Шолпан Пернеқызы Филология ғылымдарының кандидаты, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің доценті Сапаева Гүлжан Едігеқызы
«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық
кафедрасының аға оқытушысы

Бұл мақалада тіліміздегі паремиологиялық дүние бейнесінің мағыналық дамуында екі ке- зеңді басынан кешіретіндігі қарастырылып, оның біріншісі – мақал-мәтелдердің әуел бастағы дүниеге келу сәтінде білдірген алғашқы мағынасы, екіншісі – даму барысында қалыптасқан ауыспалы мағынасы екендігі нақты мысалдар арқылы талданады. Басқаша айтқанда, паре- миологиялық дүние бейнесінің о бастағы жасалу уәждері нақты мысалдармен делелденген.


Осы қағида бойынша, тілдің кумулятивтік қасиеті арқылы атадан балаға мирас болып келе жатқан мақал-мәтелдердің этнолингвистика тұрғысынан танымдық қырын зерттеліп, талдау барысында олардың ұлттық болмысы мен мазмұнын, сонымен қатар мақал-мәтел- дердің қоғамда қалыптасқан ауыспалы мағынасын ғана емес, сол мағынаның қалыптасуына негіз болған о бастағы әр алуан номинативтік мағынасын анықтау қарастырылады. Әрине, кез келген мақал-мәтелдердің табиғатын этнолингвистикалық тұрғыдан ашып беру, олардың мағынасын терең түсіну оңай мәселе еместігін зерттеуші Ә.Қайдардың: “... барша тіл бай- лығына этнос танымы тұрғысынан мағыналық талдау жасау кез келген зерттеушінің қолынан келе беретін іс емес. ... мұның сыры: осыншама тіл байлығын “бір қазақтай-ақ” түсіне білу бар да, сол түсінікті басқаларға айтып, жазып жеткізе білу тағы бар” деген ойын қуаттай отырып түсіндіріледі.
Мақалада қазақ халқының малдың (төрт түліктің) түрлі ерекшеліктері мен қасиеттерін көрсететін мақал-мәтелдерге басқа халықтарға қарағанда бай екендігі айтылып, тірек ком- поненті (мақал-мәтелдердің) дүниеге келуі о баста малға байланысты болса да, бүгінде бәрі айналып келіп адамға тірелетіндігі, адамның іс-әрекетіне, жүріс-тұрысына, мінез-құлқына, жақсы-жаман қасиетіне, ішкі-сыртқы көрінісіне бағышталу мотивтеріне тоқталған.
Кілт сөздер: паремиология, мақал-мәтелдер, этнолингвистика, уәж, логикалық, мотивтік байланыс, тура және ауыспалы мағына, кумулятив, т.б.
Кез келген тілдік құбылыстың соның ішінде тұрақты тіркестердің табиғатын оның тілдік заңдылықтарына ғана емес, сонымен бірге халықтың дүниетанымына, салт-дәстүріне, ұлттық болмысына байланысты да қарастырған жөн. Осыған орай, халықтың ғасырлар бойы сақ- талған салт-дәстүрін, рухани өмірін, ұлттық болмысқа тікелей қатысты байырғы сөз қазына- сын қайта түрлендіруде ерекше орын алатын тіл білімі саласының бірі – этнолингвистика болып табылады.
Жалпы тіл білімінде этнолингвистика саласы теориялық тұрғыдан көптен белгілі. Қазақ тіл білімінде 1970 жылдан бері академик Ә.Қайдардың бастауымен [1], тілші-ғалым Е.Жанпейісовтың еңбектерімен [2] этнолингвистика саласының мақсат-мүдделері айқында- лып, зерттеле бастады. Сонымен бірге этнолингвистика ғылымының қалыптасу тарихын арнайы сөз ететін М.М.Копыленко монографиясының орны да айрықша [3].
Ерекше атап өтетін нәрсе қазақ тіл білімінде қазақ этнолингвистикасының негізін салушы Ә.Қайдардың ұсынған (“Адам”, “Қоғам”, “Табиғат”) негізінде жасалып жатқан “Қазақтар: ана тілі әлемінде” атты төрт томдық этнолингвистикалық сөздігінің ұстанған классифика- циялық принциптері негізінде қорғалған диссертациялардың (Ж.Манкеева, С.Сәтенова, Б.Уызбаева, А.Жылқыбаева, Ш.Сейітова, Қ.Ғабитханұлы, Б.Сағын т.б.) және тағы басқа жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулердің практикалық мәні зор. Демек, этнолингвистика –
этностың инсандық болмысын һәм дүнияуи табиғатын, оның даму заңдылықтарын басқа емес, тек тіл феномені арқылы танып-білудің ғажайып мүмкіншіліктерінен, яғни “этно- станым” мен “тілтаным” арасынан туындаған жаңа да дербес сала. Оның ММ-ге де тікелей қатысы бар.
Шындығында да, этнолингвистиканың негізгі міндеті – халықтың рухани өмірін, салт- дәстүрі мен ұлттық дүниетанымын тіл байлығы арқылы жан-жақты танып-білу. Әрбір халық тілінің бір ерекшелігі көбінесе сол халықтың даму барысында ғасырлар бойы қордаланып тұрақты тіркес түрінде қалыптасады. Тұрақты тіркестердің бір тобы – ММ-дерде де халық өмірінің сипаты, ұлттық психологиясы т.б. ерекшеліктері көрініс тапқан. Яғни “этнолин- гвистика – этнос пен оның тілінің сабақтастығын зерттеуден туындаған ғылым саласы”. “Бұл, – дейді академик Ә.Қайдар этнос пен оның тілі арасындағы табиғи тұтастықты саналы түрде сарапқа салып мойындау, “этнос жоқ жерде тіл болмайды, тілсіз этнос болмайды” деген қағиданы нақтылы зерттеуге өзек ету деген сөз” [4].
Осы қағида бойынша, біздің зерттеуіміздің де мақсаты тілдің кумулятивтік қасиеті арқылы атадан балаға мирас болып келе жатқан ММ-дердің этнолингвистика тұрғысынан танымдық қырын зерттеу, олардың ұлттық болмысы мен мазмұнын, сонымен қатар ММ- дердің қоғамда қалыптасқан ауыспалы мағынасын ғана емес, сол мағынаның қалыптасуына негіз болған о бастағы әр алуан уәждерді анықтау болып табылады. Әрине, кез келген ММ- дердің табиғатын этнолингвистикалық тұрғыдан ашып беру, олардың мағынасын терең түсіну оңай мәселе емес. Бұл туралы Ә.Қайдар былай дейді: “... барша тіл байлығына этнос танымы тұрғысынан мағыналық талдау жасау кез келген зерттеушінің қолынан келе беретін іс емес. ... мұның сыры: осыншама тіл байлығын “бір қазақтай-ақ” түсіне білу бар да, сол түсінікті басқаларға айтып, жазып жеткізе білу тағы бар” [5].
Қазақ халқы малдың түрлі ерекшеліктері мен қасиеттерін көрсететін ММ-дерге басқа халықтарға қарағанда бай екені белгілі. Алғашта әр түрлі нысанға қатысты айтылса да, замана талабына сай бертін келе адам бойындағы түрлі қасиеттерге байланысты ауыспалы мағынаға ие болған ММ-дер тілімізде молынан ұшырасады. Жалпы алғанда, тілімізде қолданылатын барлық мақал-мәтелдер өмірде шынайы болған іс-әрекеттердің көрінісі болып табылады. Жеке тұлғаның бойындағы жақсы да, жаман да қасиеттер, үлгі тұтар шынайы мінез бен адами қасиет ауыспалы мағынада астарланып беріліп, мақал-мәтелдің бойынан көрініс табады. Осындай қазақ мақал-мәтелдерінің түсіндірме сөздігін академик Ә.Қайдар жасады, оны ары қарай жалғастырушы шәкірті ф.ғ.к. Ш.Қарсыбекова ізденісте. Қай ұлт өкілдері болмасын, қазақ мақал-мәтелдерімен мағынасы орайласып, сәйкесіп жатады. Яғни олардың дүниеге келуі о баста малға байланысты болса да, бүгінде бәрі айналып келіп адам- ға тіреледі, адамның іс-әрекетіне, жүріс-тұрысына, мінез-құлқына, жақсы-жаман қасиетіне, ішкі-сыртқы көрінісіне бағышталады. Мысалы: Елімізде (Қазақстанда) кең дами бастаған кәсіпшілердің іс-әрекетін дәріптеуге, жаңа нарықтық қатынастың, шағын кәсіпшілердің шығуына байланысты: 1) (2003 жылдың басында) дүниеге келген: “Шағын кәсіп – елге нәсіп” деген, авторы да белгілі (Қ.Ашанұлы; “Қазақ әдебиеті”, 14-20 наурыз); 2) 2004 жыл- дың ортасында дүниеге келген Дінсіз өмір – күнсіз өмір” деген, авторы (Х.Есенғараева; “Ақ жол”, 16-17 шілде) адамның өзіндік ішкі толғанысынан туындап пайда болған ММ.
ММ-дердің туындап, олардың пайда болуына белгілі бір себептер, халықтың көп жылдық тәжірибесі мен тарихы әсерін тигізеді. ММ-дер – халықтың атам заманғы өткен өмір тіршілігі мен бүгінгі болмысын болашағымен жалғастыратын “алтын арқау”; олар – рухани, мәдени салт-дәстүрді жалғастырудың, адамдар санасында, қоғам жадында, тілінде, ділінде сақталуының бірден-бір кепілі. Бұл қазына-байлықтан айрылған этникалық қауым – өзінің өткен өмірінен айрылды деген сөз. ММ-дер – толассыз толығып отыратын өміршең де жанды құбылыс. Олар – ел арасына кең тараған, қазақ халқының жалпы тарихына және нақтылы тарихи тұлғалардың жеке басына, іс-әрекетіне байланысты қалыптасқан көне дүние. Ескі салт-дәстүрлер мен дүниетанымды уағыздау барысында қалыптасуы, олардың “архаикалық құбылыс” екендігін айқындай түседі. Керісінше, ММ-дердің бүгінгі заман талабына сай жаңа
үлгілері пайда болып, даналық қоры толассыз толығып, бірінің үстіне бірі жамалып, қат- қабат дамуда. Әдетте, ММ-дердің қолданыста жүргендері де, жүрмегендері де тілімізде кездеседі. Жаңадан шығарылған ММ-дер түгел сақталғанымен, белсенді қолданыста жүре бермейді.
Бір сөздің бірнеше мағыналас варианттары болуы мүмкін. Белгілі бір сөз өзінің тура но- минативті мағынасында екінші бір тіркестерде, сөйлем ішінде ауыспалы мағынада да қол- данылады.
ММ-дердің негізгі мағынасы халқымыздың ғасырлар бойындағы өмір тәжірибесінен алынады. Сол ММ-дердің тууына әсер еткен фактор, жағдайлар мен халқымыздың көп жыл- дық тұрмыс тіршілігінің бір көрінісі оның бастапқы мағынасының өзегі.
Сөз – тілдің ең кіші табиғи бөлшегі болып табылады. Сөз тек атауыш (тура) мағынада ғана қолданыла бермейді. Егер олай болса, сөз өзінің бастапқы атауыш мағынаны білдіруі- мен ғана шектелер еді. Шын мәнінде, атауыш (тура) мағынадағы сөздер шындық өмірдегі заттар мен құбылыстарды білдіретін басқа көптеген сөздер мен еркін қарым-қатынасқа түсіп, олармен тіркесіп отырады. Атауыш мағынадағы сөздердің мұндай қарым-қатынасы белгілі бір сөздермен ғана шектелмейді, әр түрлі сипаттағы сөздердің мол тобын қамтып, олармен тіркесімділігін арттырып отырады. Мағына ММ-дердің құрамында тұрып дамиды. ММ-дер екі түрлі бағдарда қолданылады: Біріншісі – тура мағынасы: “Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ” болатын болса, ешкімнің бет-жүзіне қарамайды, тура, әділ, шындық айты- лады. Екіншісі – ым, ишарат, тұспал арқылы астарлы, ауыспалы мағынада айтылады. Ауыс- палы мағынада: билер кешегі қазақ қауымында әділ қазылықтың символы (нышаны), ақиқат- шындықтың қорғаушысы саналды. Туыс-жақындыққа бұра тарту – тура би шешіміне жат қылық, ол туыс-жақынына бүйрегі бұрып, әділдіктен ауытқыған биді халық “иманы жоқ туғанды би” деп, қатал айыптап отырған. Мақал идеясы: қазылық айтатын билер (бүгінгі сот, прокурорлар) әрқашан да бұра тартары, бүйрек бұрары жоқ. Зерттей келгенде, ММ-дердің негізгі идеясы – бірінші тура мағынада айтылатын ММ-дермен ұштасып, ұласып жатады. Енді осы құбылысты нақтылы мысалдар негізінде қарастырып көрейік. Мәселен, қазақ тілінде: “Ұяда нені көрсең, ұшқанда соны ілесің” деген мақал өте жиі қолданылады. Оның абстракты ауыспалы мағынасы да жұртқа мәлім. Ол: (1) Ұяда (2) нені (3) көрсең (4) ұшқанда


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет