Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары



бет22/162
Дата11.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#136963
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   162
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Қайдар Ә.Т. Этнолингвистика. –Алматы, “Білім және еңбек”, 1985, № 10, 18-22 б.

  2. Жанпейісов Е. Этнолингвистика. –Алматы, 1994.

  3. Копыленко М.М. Основы этнолингвистики. –Алматы, 1995,178 с.

  4. Қайдар А.Т. Основы этнолингвистики. –Алматы, 1995, 15 с.

  5. Қайдар Ә.Т. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. –Алматы, 1998, 18-24 б.

  6. Оспанбеков Ж. Шопан сыры. – Алматы, 1980, 18 б

  7. Қайымов Қ. Балықтар әлемінде. –Алматы, 1981, 36 б.

КӘСІБИ-БАҒЫТТАЛҒАН ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ




Қоңырова Ақбота Тұрағұлқызы,


ф.ғ.к., доцент,
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Алматы, Қазақстан


Аңдатпа. Мақалада мамандарды кәсіби даярлау мәселесі және жұмыс берушілер мен білім беру ұйымдары үшін қажеттілігі талқыланады. Жұмыс берушілер тарапынан болашақ мамандарға қойылатын талаптар – олардың іскерлік, дағды және құзеріттілік деңгейіне дейін көтерілуде. Зерттеудің мақсаты – кәсіби-бағытталған қазақ тілін оқыту әдістемесін анықтау және сипаттау. Жұмыста отандық және шетелдік педагогикалық тәжіри- беде кәсіби-бағытталған қазақ тілін оқытудың теориялық негіздері талданады. Кәсіби-бағытталған қазақ тілін оқытудың негізгі мақсаты – студенттердің тұлғалық және кәсіби дамуына жауапты кәсіби-коммуникативтік құзыреттілікті, оның ішінде когнитивтік, тілдік-мәдени, әлеуметтік-мәдени субқұзыреттіліктер қалыптастыру және дамыту. Ол ушін кәсіби қарым-қатынас дағдыларын дамыту, қазақ халқының мәдениетімен, салт-дәстү- рімен, әдет-ғұрыптарымен таныстыру, шет тілдік қарым-қатынас жағдайында өндірістік есептерді шешу қабі- летін қалыптастыру қажет. Мақала кәсіби-бағытталған қазақ тілін оқыту әдістемесіне арналған. Мақалада қазақ тілін кәсіби қарым-қатынас саласында оқыту мәселелері көрсетілген. Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі бола отырып, болашақ маманның кәсіби бағдарын қалыптастыру құралы қызметін атқарады. Мазмұны жағынан «Кәсіби қазақ тілі» пәні студенттердің танымдық ой-өрісін кеңейтуге, болашақ мамандар- дың тұлғасын әлеу-меттендіруге, көпұлтты және көпмәдениетті әлемде өмір сүруге дайындауға арналған. Мақа- лада кәсіби-бағытталған қазақ тілін оқытудың жаңа тәсілдері ұсынылған: бүкіл оқу процесіне кәсіби-бағдар- ланған бағыт беру; оқушының коммуникативті, ынталы әрекеті; кәсіби қарым-қатынаста болашақ маманның нақты коммуникациялық қажеттіліктерін ескеру; жазбаша және ауызша қарым-қатынас кезінде де кәсіби ерек- шеліктерді ескеру. Жоғары оқу орында-рының студенттерінің кәсіби қазақ тілінде коммуникативтік дағдыла- рын қалыптастыру мамандық бойынша сөздік қорын дамытумен қатар қазақ тіл білімінің лингвистикалық ережелерінің қағидаларын жетік білуге тікелей байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет