Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары


Қазақ тілі практикалық грамматикасындағы тілдік материалдарды



бет18/162
Дата11.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#136963
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   162
Байланысты:
annotation214581

Қазақ тілі практикалық грамматикасындағы тілдік материалдарды


ұйымдастыру және зерттеу ұстанымы
Қазақ тілі практикалық грамматикасының концептуалды белгілері оның адресатымен, мақсат, міндеттерімен яғни оқытып үйрету сипатымен анықталған. Қазақ тілінің екінші тіл ретіндегі грамматикасының мақсаты – қазақ тілін, қазақ сөйлеуін оқытудың лингвистикалық негіздемесін құрылымдық-семантикалық және функционалды-коммуникативтік аспектісін бір тұтас бүтін ретінде, бірлігі ретіндегі ұстанымға құру, дайындау. Тіл ресурстары фонети- алық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік, сөзжасамдық жүйелердің құралдарынан құрылады, олардың комбинациясынан, бірігуінен тұрады. Практикалық грамматика қазақ тілінің грамматикалық базасын көрсете алуы тиіс: морфологиялық формалардың жасалуын, әр түрлі сөз таптарының грамматикалық ерекшеліктерін, сөз жасам жүйесін, сөйлем құру
ережесі мен заңдылықтарын, яғни тілдің синтаксистік базасын ұсына алуы керек. Сондай - ақ тілдік бірліктердің мағынасын да олардың семантикалық сипатын да көрсете алуы тиіс. Бұл құрылымдық семантикалық аспектінің рөлін, маңыздылығын білдіреді. Бұл ұстаным лингвистикада семасиология ретінде белгілі.
Практикалық грамматика негізінде тілді қатысым құралы, коммуникация құралы ретінде тану жатыр. Бұл функционалды-коммуникативтік аспектінің маңыздылығын анықтайды. Біз мынаған баса назар аударуымыз керек:тілдік бірлік мағынасы мен оның қызметі бір нәрсе емес, тілдік бірліктердің мағынасы мен оның функциясының айырмашылығы бар. Тілдік бірліктердің мағынасы тілдің мазмұндық жағына жатады, тілдік құрылымды түсінуге жата- ды. Ал тіл жүйесінің элементтерінің қызметі, жұмсалымы сөйлеуге шығумен байланысты. Басқаша айтсақ, тіл бірліктерінің қызметі, функциясы дегеніміз – бірінші кезекте, тілдік құралдарды қолдану шарты мен мақсаты болып табылады. Тілдік бірліктердің қызметі дегенімізде, ең алдымен осы бірліктер не үшін қолданылады, қандай жағдаяттарда қолда- нылады дегенді ойлауымыз керек. Мұнда оның ішкі мазмұнымен қатар нақты коммуни- кациядағы қолданысы ескеріледі. Осылайша тілдік бірліктердің жұмсалымы мағына мен қатысымның тілден тыс мақсатын біріктіреді. Функционалдық жол, бағыт, яғни тіл жүйе- сінен сөйлеу жүйесіне енгізілген тілдік фактілер сипаттамасы мыналарды білдіреді:

  1. тұтастай тілдік жүйенің ерекшеліктерін ескере отырып, нақты лексика-грамматикалық бірліктердің нақты сипаттарын , қолданысын ашу;

  2. тіл жүйесінің түрлі деңгейлерінде және сөйлеудің әртүрлі салаларында кездесетін лексикалық, грамматикалық және стильдік шектеулерді анықтау;

  3. сөйлеу тілінде қолдануға әсер ететін тілден тыс факторлардың әрекетін көрсету.

Тілдік бірліктердің функциясы туралы айтқанымызда, біз тілдік бірліктердің нақты қол- данысын, яғни тілдің, коммуникативтік әрекеттегі тілдің қолданысын, оның құралдарын пайдалануды айтамыз. Сондықтан «коммуникативтік» терминін «функционалдық» термині- мен қатар қолданамыз.
Функционалды-коммуникативтік аспект дегеніміз – белгілі бір ойды білдіруге қатыса-тын грамматикалық бірліктердің қызметі мен заңдылығын сипаттау, әр түрлі тілдік деңгей-дегі тілдік құралдардың, әр түрлі грамматикалық құралдардың өзара байланысы, мен жиынтығын көрсету. Осы бағыттың міндеті – тілдік элементтер жүйесінің шынайы сөйлеу процесінде қалай жүзеге асатынын көрсету. Сондықтан функционалды- коммуникативтік бағыт динамикалы тұрғыда сипатталуы мүмкін. Фокус сөйлеу әрекеттеріндегі тілдік бірлік-тердің « қызметіне, сипатына» арналады. [ 1.76- 77 б.]
Құрылымдық-семантикалық және функционалды-коммуникативтік бағыт тілді сипатта- ғанда бірін бірі жоққа шығармайды. Олар өз міндеттерін атқара отырып, бірін бірі толық- тырады.
Тілдік құбылыстарды функционалды-коммуникативтік тұрғыдан зерттегенде «сөйлеу әре- кеттері» деген ұғым бастысы болып табылады. Егер сөйлеуді нақты практикалық іске асыру, тілдің нақты жүзеге асуы, тілдің өмірі деп түсінсек, қазақ тілі шет тілі ретіндегі грамматикасы тілді де, сөйлеуді де сипаттайды.
Практикалық грамматиканың басты ұстанымдарының бірі тілдік құралдарды беру мен сипаттау синтаксистік негізде жүзеге асады. Бұл дегеніңіз барлық тілдік құралдар фонети- калық, лексикалық, морфологиялық, сөзжасамдық құралдар жеке-жеке оқытылмайды, сөз тіркесі, сөйлем құрамында оқытылады, қолданысы оқытылады. Бұл функционалды-комму- никативтік аспектінің маңыздылығын анықтайды.
Практикалық грамматиканың тағы бір басты ерекшелігі – семантикалық және функцио- налдық ұстаным негізінде материалды концентрлік тұрғыда беруі. Тілдік фактілерді синтак- систік тұрғыда қарастыру ұстанымы, концентрлік ұстанымы практикалық грамматиканың ерекшелігін айқындайды. Тілдік материалды сипаттау түрі де практикалық грамматиканың ерекшелігі болып табылады. Оның мазмұнында тек қана зерттеу нәтижесін көрсету ғана болмау керек, оның құрамында тілдік бірліктердің тілдік құралдардың құрылым заңдылығы
және сөйлеудегі сипаты да болғаны тиімді. Сонымен қазақ тілі практикалық грамматика- сының концепциясы құрылымдық-семантикалық және функционалдық-коммуникативтік аспектінің тілді тұтас бірлік ретінде сипаттау ұстанымына негізделген үйлесімінен тұрады. Яғни Қазақ тілінің практикалық грамматикасы негізінде тілдің сипаттамасы қатысым құ- ралы ретінде қаралады деген сөз.
Коммуникативтік оқытудың саналы бағыты тілді оқытып үйретудің басқа жүйесін талап етеді. Қазіргі мектептің маңызды мәселелерінің бірі - сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу, қаты- сым біліктілігін қалыптастыру, (тек қана сөйлеу, өзгені тыңдау ғана емес), өз көзқарасын мәнерлі жеткізуге, пікір таласқа қатысуға, тілді еркін меңгеруге алғы шарт жасау.
Тілдік тәрбие жүйесін жетілдірудің болашақты жолдарының бірі - лингвистика ғылы- мының жетістіктерін белсенді пайдалана білу. Оқытудың функционалдық - коммуникативтік бағытының күшеюі қазіргі лингвистиканың осы бағыттағы дамуының нәтижесіне де байланысты.
Н.Д. Арутюнова, А.В. Бондарко, Г.А. Золотова, Н.Ю. Шведова, Рю Құсайын, З.К. Ахметжанова, А.М. Алдаш, З.Ш. Ерназарва, М. Жолшаева, және тағы басқа лингвис- тердің еңбектері тілдегі функционалды-коммуникативтік бағытты дамытып, тереңдетіп ке- леді. Бұл ғалымдардың теориялық ойлары барлық тілге ортақ мәселені көтерген. Шет тілдерін оқытып, үйрету барысында функционалды-коммуникативтік бағыт табысты пайда- ланылуда. Осы бағытты қазақ тілін оқыту барысында да, оқу құралдарын жазу барысында да негіз етіп алатын кез келді.
Функционалдылық – тілді оқытуда мағынадан – тұлғаға – функцияға жүйесімен байла- нысты. (А.В. Бондарко, Г.А. Золотова) Осындай тілге деген жүйелілік, интеграциялық көз- қарас тіл жүйесінің концентрлік модельін құрайды. Бұл бағыт тілдің дәстүрлі деңгейлік құрылымына сүйене отырып, мағынадан оның берілуіне, одан әрі сөйлеудегі функциясына барады. Осылайша «функционалды семантикалық категория мен өрістің» грамматикасы қалыптасады. ( А.В. Бондарко мектебі) [2. c.47] логикалық, ұғымдық категориялармен сәйкес келеді. Олардың тізіміне субъект, предикат ( әрекет, қалып күй, сын белгілер және т.б.), обьект, сан, мезгіл, себеп және басқалар жатады. Мұндай категориялардың негіздемесі – сөз сөйлеу.
Практикалық грамматика тіл жүйесінде «өрістік» жолды пайдаланады, өріс ұғымы кең қолданыста болады.Тіл мұнда деңгейлік (фонетика, лексика, фразеология, морфема, морфо- логия, синтаксис) тұрғыда емес, функционалды семантикалық өріс (ФСӨ) жүйесі ретінде қарастырылады, Жүйедегі әрбір өріс тілдегі жақын немесе ұқсас мағыналарды білдіретін әр түрлі деңгейдегі тілдік құралдарды біріктіреді. Әрбір өрістің өз ішінде тек қана мағыналық ұқсастығымен ғана емес, сондай-ақ қызметтерінің сәйкестігімен де біріккен белгілі бір рет- тілік, әр түрлі деңгей құралдарының иерархиясы бар.
ФСӨ аясында негізгі, орталық болып бөлінуі нақты сөйлеу актісінде тілдік бірлікті таң- дауға мүмкіндік беріледі. Тілді оқыту практикасында, әсіресе мектепте тілдің дәстүрлі дең- гейлік жүйесінен бас тартудың мағынасы жоқ, алайда,функционалды және коммуникативтік грамматика саласындағы қазіргі зерттеулердің нәтижелерін де беру лингвистикалық білім беру мен тәрбиелеу жүйесінің жақсаруына жақсы импулсь беруі тиіс.
Тілдік бірліктерді жеке, бір - бірінен алшақ оқыту ұстанымы мектеп және жоғары оқу орнында тілді оқыту жүйесінде қалып алып кеткен. Біз оқушыларға тіл жүйесінің әрбір деңгейін – қабатын ( фонетикалық, морфемалық, сөзжасамдық, лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық), бірізділікпен таныстырамыз. Бастауыш мектепте, одан кейін орта буынға көтерілгенде осындай деңгейлік, кезеңдік оқыту түсінікті, заңдылықты да, ал бұл оқытудың кейінгі сатыларында тілді меңгерудің белсенділігін баяулатады, үш дүркін қайталанатын сияқты әсер қалдырады: бастауыш мектепте, орта буында, жоғары сыныптарда. Оқу мате- риалдары сыныптан сыныпқа көшкен сайын өзгеретіні, күрделілігіне қарай ажыратылатыны түсінікті, бірақ қайталау ұстанымы тілге деген қызығушылықты төмендетеді, сөйлеу әрекетін дамытуға көмектеспейді. Қайталау ұстанымында өзгешелік бқлғаны дұрыс.
Бастауыш мектеп функционалды-коммуникативтік тұрғыда оқыту үшін база бола алатын тіл туралы теориялық мәліметтердің қажетті көлемін беретіні анық. Осы негізде сөйлеу талабына байланысты тілді концентрлікпен оқу қажет және мүмкін. Осылайша біз сөз сөйлеу мен тілдің арасындағы алшақтықты жою мәселесінің шешілуіне жақындаймыз. Тілді оқудың осы екі жағы бірлестікте оқытылмай келді. Енді оның сөйлеудегі қызметін талдау негізінде тілді меңгерудің болашағы бар.
Мектептік және жоғары оқу орындарында оқытудың коммуникативтік бағдары тілдік жүйені басқаша сипаттауды талап етеді. Мектептік, Жоо практикасында тілдік бірліктерді талдау тілдің шынайы функциясын түсіну үшін синтезбен қатар жүргізілмейді. Ал осындай синтездік амалға уақыттың, өмірдің өзі алып келіп отыр: сөйлеуді, жазуды еркін меңгеру - тіл туралы білім интеграциясының жоғарырақ деңгейін талап етеді.
Функционалды грамматиканың негіздерін оқу әр түрлі деңгейдегі тілдік бірліктердің өзара әрекетін ғана көрсетпейді, сонымен бірге осы тілдік бірліктерді тілдік қатысым үшін таңдауды үйретеді.
Мысалы, бұйрықтың берілу құралдары жүйесін біле отырып, біз қатысым жағдаятына қарай тиістісін таңдай аламыз. Шақыруды-ақ алайық. Осының өзі әр түрлі нұсқамен берілуі мүмкін: Маған сағат 5-те кел. Маған келіп кете аласың ба? Маған келесің бе? Маған келіп кетсең болар еді. Маған келіп кетсеңші. Сағат беске қарай келіңіз. Сағат бесте келіңіз. т.б. Берілу құралдарын бірінен бірін артық көруде біз нені жетекшілікке аламыз? Сөз сөйлеу жағдаятының ерекшелігі (ресми – ресми емес), әңгімелесушімен қатынасы, (жақын, жақын емес), коммуникация бойынша әңгімелесушілердің жас ерекшелігі, әлеуметтік немесе кәсіби мәртебесі (мысалы, бастық – оның қарамағыңдағылар), тіпті, шақыру әрекетіне сөйлеушінің қызығушылығы да қатысты. Нәтижесінде, жақын нұсқалар қатарынан сөйлеушінің пікірінше жарамдысы, тиімдісі таңдалады.[3.120 б.].
Функционалды семантикалық бағдардың қажеттілігін пайдалануды қазіргі лингвистика, сөйлеу психологиясы, сабақ жүргізу әдістемесі тұрғысынан негіздеуге болады.
Лингвистикалық негіздеме: тілді үйрену үрдісінде тілдік бірліктерді коммуникация логи- касы бойынша да, мағынасы бойынша да байланыстылығын үзуге болмайды. Мезгілдік қатынастың берілу амалдарының бәрі шашыраңқы бір-бірінен алшақ жүргізіледі: етістіктің шақтық тұлғалары бір бөлек, мезгілдік құрылымды білдіретін септіктер жүйесі бір бөлек, мезгілдік үстеу бір бөлек, мезгіл мағыналы тұрақты тіркестер де мезгіл бағыныңқылы сабақ- тас та курстың әр түрлі бөлімдерінде беріледі. Ал сөйлеу практикасында біз ылғи қалай айту керек деген таңдаудың алдында тұрамыз. [4. c.255]
Біздің байқауымызда оқушылар, тіл үйренушілер қажетті таңдауды интуициясына, қа- тысым тәжірибесіне, тілдік сезімталдығына сүйене отырып, қажетті таңдауды жүзеге асыра алады. Сонымен қалайша осы мағыналық байланыстарды оқыту үрдісінде көрсетуге, пай- далануға болады (пайдалану керек!) Мағыналық жағынан байланысты осындай бірліктерді өрісте біріктіру, содан кейін олардың қолданысын коммуникативтік міндетке сәйкес таң- дауға үйрету - сөйлеуде осы білімді пайдалануға көмектеседі. Функционалды сауаттылық теориясы тілді оқытып үйретудің осындай ғылыми және әдістемелік негізін береді.
Әдістемелік негіздемесі: тілдің құрылымдық деңгейін оқи отырып, оған қозғалыссыз, статикалық жүйе ретінде қараймыз, сонымен бірге саналы түрде тілдің шынайы өмірінен алыстаймыз.Тілдің белсенді, динамикалы жүйесін оқуға көшу біздерді оның қызметінің шынайы жағдайына жақындастыра түседі. Сөйлеуде біз тілдің деңгейлеріне (қабаттарына) кездеспейміз, біздің пікірімізше, осы жағдаят үшін сәйкесірек келетін, әр түрлі деңгейдегі мағынасы жағынан ұқсас, жақын келетін бірліктерді таңдау ережесіне кездесеміз.
Тілдік деңгейлер арасындағы бар логикалық, мағыналық байланысты жандандыру тіл үйренушінің де ассоциативтік, логикалық ойлауының да дамуына әсер етеді. Әр түрлі дең- гейдегі мағыналық жағынан байланысты тілдік бірліктерді бір блокқа (өріске) біріктіру семантикалық жағынан жақын компоненттерді іздеу дағдысын тудырады, таңдау меха- низмдерін де оятады, тіл байлығын тиімді меңгеруге ықпал етеді. әр түрлі тілдік бірліктер
арасындағы байланысты аңғарғанда, оны оқытудың да жүйесі құрылады, оқытуға қажетті пассивті грамматикадан динамикалы грамматикаға өту болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет