Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары


Түркиядағы қазақ қауымдастығы



бет42/162
Дата11.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#136963
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   162
Байланысты:
annotation214581

Түркиядағы қазақ қауымдастығы


Түркиядағы қазақ қорлары мыналар: Түрік қазақтары қоры, Шығыс Түркістан қоры, Йесеви діни қоры, Ауғанстаннан көшіп келген қазақтардың Қорқыт ата қоры, Қазақ Білім Алу және Зерттеу Қауымдастығы, Алтай ауылы қыздар қауымдастығы.
Алтай жерінен Анадолы жеріне қоныс аударған қазақтар 1960 жылы бас кеңсесі Ыстам- бұлда орналасқан «Шығыс Түркістан көшіп келушілер қауымдастығы» деген атаумен бір- лестік құрды. Бұл қауымдастық Шығыс Түркістан ісін қолға алып, осы істі және оның келеңсіз жайттарын түсіндіру үшін жергілікті және шет тілдерде басылымдар дайындады. Кейін Түркияда «Шығыс Түркістан иммигранттар қауымдастығының жаңалықтар бюлле- тені» атты бюллетень шығарыла бастады. Бұл бюллетень Түркиядағы түркістандық қазақтар- дың әлеуметтік және мәдени іс-әрекеттерін түрік бауырларына және әлемге жариялау мақсатында дайындалып, шығарылды; дегенмен, нысандардың жеткіліксіздігінен үш нөмір ғана шығарылды. Екіншіден, Ыстамбұлдағы Зейтинбурнудағы қазақтарға жан-жақты көмек көрсету; Қазақ түріктері қоры қазақтың әдет-ғұрыптарын насихаттау және қорғау мақсатында құрылды [9, 167- 228].
Қауымдастықты 2014 жылдың 3 шілдесінде Ыстамбұл қаласының Зейтинбурну ауданын- да тұратын 12 адам құрды. Абдулкелам Тюркер, Абдулселам Малкоч, Ахмет Четинкая, Байрам Гөксу, Бурак Кахраман, Ертолкын Гейнетуллах, Хасан Инан, Хүмейра Айча Дөн-мез, Кадрие пгюнеш, Өмер Кесіжі, Сүлейман Өзтопрак, Шабан Серкан Динчтүрк. Түркияда және әлемнің түрлі елдерінде және Түркияда тұратын қазақтардың бір-бірлерімен танысып, бір- біріне қол ұшын беру, ұлттық мәдениетімізді дамыту, ынтымақтастық пен ұлттық бір-лікті нығайту, азаматтық қоғам қызметін жандандыру, осы мәселе бойынша жұмыс істейтін адамдармен ұйымдардың бірлескен жұмысын ұйымдастыру. Сондай-ақ, Түркия мен Қазақ- стан арасындағы мәдени қарым-қатынастарды дамытуға және нығайтуға үлес қосу, Түр- киядағы қазақтарды бір орталыққа жинау олардың әлеуметтік жағдайын арттыру, Түркияның бизнес және түрлі салаларындағы мекемелермен қарым-қатынас орнатуға үлес қосу мақсатында құрылды [10].
«Қазақ елі» журналы Қазақ түріктері мен Білім және зерттеу қоры бірлесіп 2016 жылы шыға бастады. Қауымдастық 2021 жылы 21-ші басылымын шығарды. Қауымдастық 2021 жылы 21-ші басылымын шығарды. Журнал қазақ және түрік тілдерінде екі тілде шығады. Журнал жас ұрпаққа қолдау көрсетіп, қазақ тарихын, ұлттық санасын сақтауды мақсат етеді. Білім және зерттеу қорының жетекшілігімен 2020 жылы Ыстамбұлда Абай атындағы мәдениет үйі ашылды. Бірлестік академиялық және қоғамдық шараларды ұйымдастырады. Қазақтар туралы симпозиумдар мен конференциялар өткізуге белсене қатысады. Түркияда тұратын қазақтар үшін қазақ тілін үйрену курстары белсенді түрде ашылып жатыр. «Қазақ түріктері» мен «Білім және зерттеу қоры» баспасынан шыққан кітаптарды төмендегідей санауға болады:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет