Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары



бет51/162
Дата11.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#136963
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   162
Литература:
1. Митчелл П.Д., Ахтамбаев Р.П. Влияние военных контактов на французские заимствования в английский язык // Язык и культура. 2014. № 2. С. 69–73.

  1. Казакова Т.А. Художественный перевод. // Теория и практика: учебник. СПб.: ИнЪязиздат, 2006. С. 544.

  2. Юнусова М.О. Фразеологизмы в научных текстах на английском языке // Актуальные вопросы филологических наук: материалы IV Междунар. науч. конф Казань: Бук, 2016. С. 54–57.

  3. Воркачев С.Г. Концепт счастья в русском языковом сознании: опыт лингвокультурологического анализа.

- Краснодар, 2002. - 142 с.

  1. Воркачев С.Г. Счастье как лингвокультурный концепт. - М.: ИТДГК «Гнозис», 2004. – 192 с.

  2. Буянова Л.Ю., Коваленко Е.Г. Русский фразеологизм как ментально-когнитивное средство языковой концептуализации сферы моральных качеств личности. — Краснодар, 2004. – 89 с.

ТІЛ ҮЙРЕНШІЛЕРГЕ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ




Дүйсенбаева Р.И.


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру
дайындығы кафедрасының аға оқытушысы Алматы қ, Қазақстан

Қазақстанның өзге тілді азаматтары мен шетелден келген тіл үйренушілерге мемлекеттік тілді меңгертудің тиімді жолдарын дамыту мақсатында «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған меемлекеттік бағдарламасы ұсыны- лып отырғаны белгілі. Демек, қазір біз қазақстандық азаматтарға мемлекеттік тілді үйретудің аса маңызды және шешуші кезеңіне келіп отырмыз. Осынау мемлекеттік маңызы жоғары өзекті мәселе төңірегінде болып жатқан әңгіме ұшан-теңіз, жарық көріп жатқан оқулықтарда да сан жоқ. Мемлекеттік тілді оқытудың сан алуан тәсілдері мен жолдары да ұсынылуда. Жекелей алсақ, мемлекеттік тілді үйрету бүгінгі тәжірибемізде үш салада жүзеге асырылып отыр: олар – мектеп, жоғары оқу орны және түрлі курстар мен жеке оқулар. Бұлардың қай- сысында болмасын, тіл мамандарының алдында тұрған басты талаптардың бірі – әрбір тыңдаушыға мемлекеттік тілді шет тілі ретінде үйретумен қатар, оларды қазақ ұлтының төл мәдениетімен таныстыру және қазақтың ұлттық идеясын олардың бойына жете дарыту болмақ. Бұл үрдіс негізінде ұлтаралық байланыс және тіл үйренушінің түрлі мәдениетті салыстырып, қатар қоюы арқылы мәдениетаралық компетенциясы жүзеге асады. Мәдениет- аралық компетенция - мәдениетаралық қарым-қатынасты жүзеге асыратын факторлардың бірі. Сондықтан да мәдениетаралық коммуникацияға қатыса алатын тұлғаны қалыптастыру өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету әрекетінің басты мақсаты болып табылады. Біз, жоғарыда атап кеткендей, қазақ тілін тіл ретінде үйрету кезеңін бастан кешірдік.


Ал қазір қазақ тілін киім, тамақ, күнделікті тұрмыс, өмір т.б. мағынадағы тілдік компе- тенция ғана емес, сол тілдің иесі болып отырған елдің мәдени ерекшеліктерін білу жолдары ретінде (адамдар арасындағы қарым-қатынас, бала тәрбиесі, білім жүйесі, қарттарға деген көзқарас т.б.) оқытуымыз керек. Ұлттар арасындағы кейбір қарым-қатынастар (киім кию үлгілері, ас дайындау, салт-дәстүр, мәдениет те т.б.) ұқсастықтар болғанмен, әр ұлттың дүниеге көзқарасының өзіндік ерекшеліктері, әсіресе басқа ел мәдениетін өз мәдениеті тара- пынан қабылдау бұл мәселені шешуде үлкен қындықтар әкеледі. Сол себепті мәдениетара- лық коммуникация өздігінен тиімді бола бермейді, оған нақты жолдармен үйретіп отыру қажет. Ол үшін оқыту материалдары мақсатқа сәйкес болғаны жөн. Сол жағдайда ғана тіл үйренуші бағдарламалық материалды меңгеріп қана қоймай, өзіне бейтаныс мәдени құн- дылықтармен танысады, бұл олардың ұлт мәдениетіне деген қызығушылығын арттырады. Қазіргі таңда адамзат баласы түрлі елдердің, халықтардың өзара байланысының арқасында дамып отыр. Бүгінгі адамның мәдени деңгейінің жоғары болуы оның халқының тұтастығы мен мәдени бейнесінің сақталуына және дамуына жағдай жасайды. Демек, өзара тығыз байланысты және біртұтас адамзат өзінің мәдени қырларын жоймайды, қайта ұлттардың бірін-бірі ұғынуы бұрынғыдан да жетіле түседі. Қазақ тілін шет тілі ретінде оқытудың рөлі осы мәдениетаралық коммуникация құралы ретінде жоғары болып келеді, ол тілді білу шет елдік азаматтың әлеуметтік компетенциясын арттырады. Ғалымдардың: «адам мәдениет- аралық қарым-қатынас барысында неғұрлым көп тіл білген сайын оның сол елдің мәдени
ерекшелігі мен ұлттық менталитетін білуі жеңілдей түседі, ... өзінің өмірдегі орнын табу мүмкіндігі арта түседі»,- деген пікірімен келісеміз.
Ғылыми зерттеулерге қарағанда, ежелгі Грекияда адам бойына «ақсүйектік» және «аза- маттық» тәрбие дарытатын тек білім ғана болып саналған. Білімі бар бала ғана афин қоға- мының толық құқылы мүшесі болып есептелген. Білім беру арқылы адамның қоғамдық өмірге белсене араласуы үшін ережелер мен талаптар қойып отырған және оларды «даналық табыстар» - нома (заңдар) деп атаған. Бұл - адамды ойлауға және өз пікірін айтуға, пайымды- лық, салихалық, эстетикалық сезімдерді игеруге баулыды деген сөз. Осындай мәдени құнды- лықтар адамдар арасындағы мәдени қарым-қатынастардың философиялық бастауы болды. Осы негізде адам санасында мәдениет жайлы ұғым қалыптасты. «Мәдениеттілік» деген ұғыммен сабақтас келетін «өнер» ұғымы - адамның шығармашылық әрекетінің баламасы. Осы «өнер» ұғымын алғаш рет жүйелеген - Жүсіпбек Аймауытов. Ол «оқымыстылардың өнерді сөз (словесность), суретшілік (живопись), мүсіншілік (скульптура), үй ішілік (архи- тектура), ән-күй (музыка) деп бес түрге бөлетінін» айта келіп: «Бес түрлі өнердің артығы – сөз. Сөздің артықшылығы - өзге төртеуін сөзбен суреттеп айтуға болады. Басқа өнерлер қан- ша кәмелетке жетсе де, сөзді суреттей алмайды. Қазақтың «өнер алды – қызыл тіл» дегені терең тәжірибемен айтылған сөз»,- деп сөздің артықшылығына айрықша тоқталады.
ХХ ғасырдың белгілі философы М.Хайдеггер бұл тұрғыда былай деген: «Человеческая деятельность понимается и организуется как культура. Культура теперь – реализация верхов- ных ценностей путем культивирования высших человеческих достоинств. Из сущности культуры вытекает, что в качестве такого культивирования она начинает в свою очередь культивировать и себя, становясь таким образом культурной политикой». Ғалымдар мәде- ниетті қоғамның белгілі бір қасиеті, көрінісі, сипаты дей келіп, осы ұғымдардың негізінде қоғамдағы мәдениеттің бірнеше қызметін айқындайды. Олар:

  1. Мәдениеттің адамды қалыптастыру қызметі (мәдениеттің нәтижесінде адам өзін-өзі өзгерте де алады).

  2. Жалғастық және мәдениет мұрагерлік қызметі (ата-бабадан келе жатқан мәдени мұ- ралады игеру).

  3. Танымдық қызметі (мәдениет пен білімнің өзара қарым-қатынаста болатыны).

  4. Реттеу қызметі (мәдениетте әдеттегіден гөрі үлгіге, идеалдыға көбірек көңіл бөлу).

  5. Коммуникативтік, қарым-қатынастық қызмет (мәдени болмыстың тірегі – қарым- қатынас).

Сонымен бірге әр түрлі елдер мәдениетіндегі қимыл, ым-ишара қарым-қатынасын білу бұл тек мәдениеттер сұхбаттастығы мен адамдар қауымдастары арасындағы байланыстарды реттеу ғана емес, басқа мәдениет құрылымына ену, басқа елдер 135 мәдениетіндегі ым- ишара қарым-қатынасы белгілерін біле отырып, мәдениетаралық қарым-қатынасқа түсе білу, бұған қоса, өзінің рухани әлемін байытып, мәдениетаралық қарым-қатынаста ым-ишара белгілерінің мән-мағынасын білмеу салдарынан туындайтын дау-дамайлардан, тығырықтан шыға білудің қажеттілігі зор екендігін тіл үйренушілер жетік түсінеді. Сабақ барысында қазіргі Қазақстандағы жағдай мәдениетаралық құзыретті тұлғаны қалыптастыруға тамаша жағдай жасап отырғандығы, ал, оның мақсаты өзінің төл мәдениетін тұтастай: қарым-қаты- нас мәдениеті, сөйлеу мәдениеті, ақыл-ой еңбегі мәдениеті деңгейін жоғарылату мен мәде- ниетаралық қарым-қатынастың негізгі компоненті болып табылатын түрлі елдер мәдениетін- дегі ым-ишара, қимыл қозғалыс қарым-қатынасын жетік меңгертуге аса көңіл бөлінеді. Келесі кезең ол проблеманы шешу болады. Бұл кезеңде тіл үйренушілер тақтада көрсетілген суреттер мен бейнетаспа арқылы проблеманы айқындайды. Суреттер мен бейнетаспада этникалық қақтығыстар, этникалық үйлесімсіздік, интолеранттылық белгілері көрсетіледі. Берілген суреттер мен бейнетаспаға байланысты тіл үйренушілердің арасында әртүрлі ой пікірлер айтылады. Біз өз тарапымыздан оларға сұрақтар қоя отырып мәселені жетік түсінуге итермелейміз. Осы тақырып төңірегінде төмендегідей сұрақтар қойылады: Мына суреттер мен бейнетаспадан нені байқап отырсыздар? Суреттерде берілген ым-ишара белгілерін қалай
түсінесіздер? Бас бармақ пен сұқ саусақ арқылы жасалған шеңбер АҚШ, Канада, Ұлыбри- тания елдерінде нені білдіреді? Аталған ишарат белгісі Венесуэла, Түркия елдерінде неге түсініспеушілік тудырады? деген сұрақтар қойылады. Осы сұрақтар төңірегінде студенттер қасындағы жұбымен бірлесе отырып (1минут) ішінде, ой қозғайды. Тіл үйренушілердің осы сұрақтарға берген жауаптары төмендегідей болады.

  1. Ұлттық ерекшеліктеріне қарамастан кез-келген ұлт өкілдерімен қарым қатынасқа түсуге дайын болу;

  2. Өзге елдер мәдениетіндегі ым-ишара, қимыл қозғалыс қарым-қатынасын жетік мең- геру;

  3. Көрсетілген ым-ишара белгісі «жарайды», «ок» деген мағынаны үстейді;

  4. Венесуэла, Түркия елдерінде аталған белгі адамдар арасында түсініспеушілік туғы- зады, себебі бұл ишарат ол елдерде «құнын бес тиын» деген мағынаны білдіреді. Демек, біздің сабақ барысында алған жауаптарымызға байланысты түйген түйініміз түрлі елдер мәдениетіндегі қимыл, ым-ишара қарым-қатынасын білу– мәдениетаралық коммуникативтік құзыретті маманның маңызды бір міндеті. Ол тіл үйренушілердің өзге мәдениет, салт-дәстүр, өмір сүру тәртібі, халықтардың рухани құндылықтары туралы білімді игеруіне жағдай жасап, өзге мәдени жүйелерді сыйлау рухында тәрбиелейді, болашақ ұрпақтың этникалық сәйкестігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Адамзат дамуында пайда болған мәдениеттің таусылмас қазынасы – ол оның тілі. Жоға- рыда аталып өткен мәдениет қызметтерінің қайсысы болмасын тек тіл арқылы ғана жүзеге асады. «Тіл – қоғамның өмір қажеттілігін өтейтін, қоғам мүшелерінің өзара түсінісуінің, пікір алысуының, олардың барлық іс-әрекеттерінің құралы. Сонымен қатар, ол мәдениетке, әдебиетке, ғылымға, өнер-білімге және олардың дамуына, оқу-ағарту, тәлім-тәрбие, үгіт- насихат жұмыстарына қызмет етеді», - деген проф. М.Балақаев «Алыстан сермеп, жүректен тербеген», сөйтіп барып «шымырлап бойға жайылған» ата- баба мұрағаты – қасиетті ана тіліміздің таңғажайып сұлулығын жайлы қанша айтсақ та артық болмайды. Бұл тілді үйрену- шілер арасында сөйлеу және жазу мәдениетін жетілдірумен, қазақы ұғым мен түсінікті қалыптастырумен тығыз байланысты мәселелер. Шетел азаматтарына қазақ тілін оқытудың мәдениетаралық аспектілері ретінде біз танымдық, тәрбиелік және оқыту аспектілерін атай аламыз. Кез келген халық тәрізді, қазақ халқының да өмірінің мәдени мазмұны өте бай. Мемлекеттік тілді үйренушілер бұл халықтың рухани байлығын меңгеруі керек. Ол үшін олар алдымен халқымыздың ұлттық мәдени құндылықтары жайлы мағлұмат алады, келесі кезекте өз бетінше әрекет жасайды, ал, үшінші және соңғы кезеңде мәдени құндылық жайлы пікірі қалыптасып, оны өзінің төл мәдениеті деңгейінде ұғына алады. Бұл, әрине, ұзақ та болса, еліміздің даму перспективасында жүзеге асуы мүмкін болатын процесс. Тіл оқытудың тәрбиетік қуаты пайдаланылатын материалдың мәдени-ағартушылық мазмұнына мазмұны- мен тығыз байланысты. Оқытушы қазақтың ұлттық мәдени құндылығын жеткізуші ретінде қызмет етеді. Ал, оқыту аспектісі тіл үйренушінің қарым- қатынас құралы болып табылатын айтылым, тыңдалым, оқылым және жазылым сияқты тілдік дағдыларды құрайды. Тілдік дағдылардың қалыптасуы дегеніміздің өзі тұтастай тілдік механизмнің қалыптасуы , ал, тілдік механизмнің қалыптасуы – тұлғаның қалыптасу үрдісі болмақ. Бұл аспектінің әлеу- меттік мазмұны да бар, өйткені оның нәтижелері адамның әлеуметтік қажетіне - басқа со- циумда қарым-қатынас жасауға бағытталған. Қазақ тарихында орны айрықша тұрған Абай, Ыбырай, Шоқандар мен халықтың азаттығын аңсап, саяси жол бастаған алаш қайрат- керлерінің шығармалары ұлттық идеяның шоқтығы биік көрінісі дерлік. Олардың шығар- малары - әрдайым ойымыздың да, оқулығымыздың да көркі болмақ. Сол себепті ұлттық болмысымыздың әлгіндей кемістігін толықтыру мақсатында әрі қазақ тілін оқытудың жоға- рыда атап көрсеткен мәдениетаралық аспектілеріне сай әрекеттерді жүзеге асыру үшін қазақ тілін үйретудің жоғары деңгейінде бірнеше ақын-жазушыларымыздың көркем туындыла- рынан үзінді- мәтіндер талдауды ұйғардық. Талдау барысында ұлт мәдениетін танып-білудің танымдық, тәрбиелеу мен оқыту мақсатындағы аспектілерді қамтуды көздедік. Мәтін талдау
негізінен үш түрлі бағытта жүргізіледі, біріншісі – ойталқы сұрақтар қойып, оған нақты жауап табу, екіншісі қазақтың салт-дәстүрінен мағлұмат беріп, нақты мысалдармен ұғын- дыру, үшіншісі – талдау барысында тест сұрақтарына жауап беру арқылы мәтін мазмұнын бекіту. Сөздік жұмысын мәтін талдау барысында жүргізіп отырамыз


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет