Зерттеу тақырыбындағы құрастырылған, жинақталған есептерді шығару нәтижесінде төмендегі мағлұматтарды алуға болады. Осы төменде көрсетілген есептерден экология мен математиканың байланысын көре аласыздар.
Тәжірибе№1. Оттегі адам өмірі үшін өте қажет екендігі белгілі. Жылына әр адам тыныс алу үшін 173 мың литр оттегі қажет, ал өсімдіктер жылына (ғаламшарда) 400млн. тонна оттегін бөледі. Сондықтан «Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жасыл желек отырғызу жөнінде жұмысты жалғастыру керек.
Ол үшін:
а) орман шаруашылығының ережесі бойынша жылына 1га орман алқабынан 1,38м2 көлемде ғана ағаш кесіледі.
ә) кесілген ағаштардың орнына қайтадан ағаштар отырғызылуы тиіс.
Су көздерін таза сақтау үшін:
а) Су көздеріне төгілетін өндіріс қалдықтарын тазартатын құралдар болу керек. ә) Тазартқыш құралдар дұрыс жұмыс жасауы қажет.
Атмосфераға шығарылатын зиянды қалдықтардың таралу мөлшері артса, жаңа технологияны пайдалану қажет.
§ 1 Тамаша табиғат – денсаулық пен қуаныш негізі.
§ 2 Таза ауа – дертке дауа.