Пайдаланылған әдебиеттер
Кенджaевa Б. Жоғaры оқу орнындa cтуденттердің құзырлығын қaлыптacтыру мәcелелері // Қ.A.Яcaуи aтындaғы ХҚТУ Хaбaршыcы. –Түркіcтaн, 2009. - №2(67). – Б. 265-270.
Рaхметовa Р.C. Қaзaқ тілі cинтaкcиcін қaтыcымдық-тaнымдық тұрғыдaн оқытудың ғылыми-әдіcтемелік негіздері (ЖОО филолог мaмaндықтaры үшін): пед.ғыл.докт. ... aвтореф.: 13.00.02. – Aлмaты, 2010. – Б.59.
Дәулетбековa Ж. Оқушылaрдың тaнымдық қызығушылығын қaлыптacтыру. – Aлмaты: Реcпубликaлық бacпa кaбинеті, 1997. – Б.77.
Орaзбaевa Ф. Тіл әлемі. Мaқaлaлaр зерттеулер. – Aлмaты: Aн aрыc, 2009. - 368 б.
Рaхметовa Р.C. Қaзaқ тілі cинтaкcиcін қaтыcымдық-тaнымдық тұрғыдaн оқытудың ғылыми-әдіcтемелік негіздері (ЖОО филолог мaмaндықтaры үшін): пед.ғыл.докт. ... диc.:13.00.02. – Aлмaты, 2010. – 286 б.
Қошанова Н., Ергубекова Ж. Болашақ маман қалыптастырудағы қазақ батырлар жырларындағы этномәдени және ономастикалық концептілердің орны мен маңызы // «Маман тілі және кәсіби көркем сөз» aтты ғылыми мақалалар жинағы. –Алматы, 2014. - Б. 66-71.
КҮРДЕЛЕНГЕН ЖАЙ СӨЙЛЕМ МЕН ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДІ АЙЫРУ ПРИНЦИПТЕРІ
А.А. Ермагулова
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Бейіндік мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы
«Тайпақ жалпы орта білім беретін мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
«Күрделенген сөйлемдер» деген атау бұрын тілімізде болмағанмен де, осы ұғымды қамтитын сөйлемдер әртүрлі синтаксистік категориялардың қарамағынан орын алған еді. Олар өздерінің атқарып отырған функциясына орай, сөйлемдегі басқа сөздермен қарым- қатынасына қарай сол жердегі мәніне қарай аталып қалыптасты. Алайда осыған қарамастан біз жай сөйлемнің күрделенген түрін өз алдына жеке топтауды жөн көрдік. Өйткені кейбір күрделенген сөйлемдердің ішінен өз алдына жеке бір «сөйлемдер» бөлініп шығып жатады. Мұндай сөйлемдер оқшаулана айтылғанмен, олардың бойында субъект-предикаттық қатынас болмайды. Сондықтан олар әдеттегідей дербес сөйлемдер мағынасында түсіндірілмейді. Бұлар тек субъектінің түрліше көзқарастары мен сезімдерін не болмаса белгілі бір жайдың мән-жайын түрліше жақтардан саралау бағытында айтылады. Осыған орай мұндай мәндегілер сөйлемнің негізін құрамай, тек онда көмекшілік қызметте жұмсалады. Сөйлем құрылысынан көмекшілік мәндегі сөз таптарын (жеке бір сөйлем сияқтыларды) алып тастасақ, жалпы ой мазмұны, сөйлем іргесі бұзылмайды.
«Шындығында, күрделенген сөйлемдерді өз алдына жекеше топтау аса өажет-ақ. Өйткені бұлар – әдеттегі жай сөйлемдер емес, құрмаласпен екі аралықтағы өзіндік ерекше син- таксистік категория. Күрделенген сөйлемдердің мұндай ерекшелігі олардың өздеріне тән болып келетін құрылыстық өзгешелігімен байланысты келеді» [1, 16].
«Күрделенген сөйлем»деген атау тіл білімінде ертеден танылды. Бұл атау біздің түсіні- гімізде жеке термин ретінде емес, синтаксистік категория ретінде қарастырылып келді. Орыс ғалымдарының еңбектерінде, атап айтсақ Н.И. Греч, А.Х. Востоков, Ф.И. Буслаевтар- дың еңбектерінде сөз болды. Ал, «күрделенген сөйлем» деген атауды акад. А.А. Шахматов еңбектерінен көруге болады. Автор бұл жайлы сөйлемдердің бір құрамды (одно-состав- ное) және екі құрамды (двуставное) болып келетінін жіктеп, талдап көрсетеді [2, 111].
Күрделенген сөйлемдердің табиғаты тюркологияда да арнайы көңіл бөлінді. Проф. Ғ.А. Абдурахманов мұның өз алдына жеке конструкция болып табылатындығын, соған орай арнайы зерттеу керек екендігін алға тартады «Изучение синтаксиса тюркских языков» атты еңбегінде [3, 45].
Қазақ тіл білімінде синтаксистің ішінен күрделенген сөйлемдер ара-жігін ажыратуда М.Б. Балақаев, С.Жиенбаев, Қ.Жұбанов, Қ.Есенов зертеулерінде терең әрі түсінікті жет- кізілді.
Шыңдығында, күрделенген сөйлемдерді өз алдына жекеше топтау аса қажет. Өйткені бұлар – әдеттегі жай сөйлем емес, құрмаласпен екі аралықтағы өзіндік ерекше синтаксистік категория. Күрделенген сөйлемдердің мұндай ерекшелігі олардың өздеріне тән болып келетін құрылыстық өзгешелігінде. Мысалы, төмендегі сөйлемдерді бір грамматикалық категорияның аясында қарастыруға болмайды:
Ботабай оған алғашқы кезде аянышты көзбен қараған жоқ (Ә.Тарази).
Қарағаштың қалың жынысына бойлай сіңіп, тізгін тартқан жігіттер аттарын қазан суып кеткенше ұйықтамады (А. Сейдімбеков).
Алғашқы сөйлемде оқиға желісі бір предикаттық қатынасқа негізделген болса (Ботабай қараған жоқ), екіншісінде мұндай қатынастың көрінісі басқашарақ болып тұр. Мұнда да ой желісі бір грамматикалық бастауыштың (ол) төңірегінде қазықталғанмен де, қимыл-әрекеттің орындалу барысы бірден болмай, сатылай арқылы орындалып тұрғаны байқалады. Демек, осындай соңғы сөйлемдерде хабарланған оқиға барысының ең алдымен сипаттама түсінігі айтылып алады да, содан кейінгі негізгі ойды айқындай, толықтыра түседі. Осыдан болу керек, кейбір ғалымдар «күрделенген сөйлемдер екі предикаттық орталықтың негізінде құралады дейді» [3, 75].
Қазақ тілінің күрделенген сөйлемдері, басқа да тілдердегі тәріздес, коммуникативтік қызметтері мен құрылыстары жағынан біркелкі болып келе бермейді. Біреулері ішінара сөйлем мүшелері жағынан біркелкі болып қайталанса, енді біреулерінде баяндалған оқиғаға байланысты айтушы адамның түрліше көзқарастары білінеді. Енді бірде сөйлемнің негізгі желісі түрлі жақтардан сипатталып, қосымша мәндермен үстемеленіп отырады. Қайсысында болмасын сөйлем құрылысы күрделеніп, мазмұны жағынан күрделі ой туғызады. Бұлар бір- бірінен синтакситік тәсілдері мен іштей құрылыстары жағынан ажыратылады. Мына сөйлемдердің құрылысына назар аударалық:
1. Алыстан асау Асаның күркірі, көп жылқының пысқырғаны, тебінгені, анда-санда осқырынып алғаны сезіледі (Ә.Тарази). 2. Қорыта айтқанда, Әмір Темірдің бұл әрекеті қастандықтан да, жауапты істен екендігі көрінеді (Ә.Кекілбаев). 3. Шай ішкен соң купенің есігіп жауып алды да, терезені қараңғылып қайта жатып қалды (Ә.Тарази). 4. Соның бәрін көргенде, сол теңеулерді тапқанда Сағат екі күнгі жолдың азабын ұмытып-ақ кетті (Ә.Тарази).
Әдеби тіліміздің дамумен байланысты синтаксистік оралымдар да тілімізде көптеп қолданылады. Олар негізгі сөйлемде хабарланған оқиға желісінің мазмұнын толығырақ ашу үшін соның ір түрлі амалдық сипатын білдіре жұмсалады. Сөйлем мазмұнын жетілдіре, толықтыра қолданылатын оралымдар да жалпы сөйлем құрылысын күрделендіріп тұрады. Мұндай күрделенген құбылыс сол конструкцияны сабақтас құрмаласқа айналдырып жібермей, жай сөйлемнің ең жоғарғы түрі – күрделенген сөйлемді жасайды. Қ.Есенов өз еңбегңнде күрделенген сөйлемдерді былай жіктеп көрсетеді [4, 68].:
Күрделенген сөйлемдер
Қорыта айтқанда, күрделенген сөйлем – жай сөйлемнің күрделеніп келген ең жоғарғы түрі. Бұл сөйлем өз қолданысына лайық кейде жай сөйлемнің де, құрмалас сөйлемнің де кейбір заңдылықтарын көрсетіп тұрады. Күрделі сөйлемді тани білудегі қиыншылық та осыдан келіп шығады. Ал бұл конструкция жеке өз алдына топтастырылмаса, жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің ара-жігін ажырату одан да қиындай түседі. Жекелеген кейбір тілдерде (орыс, өзбек тілдерінде) сөйлем синтаксисінің үшке ажыратылуы – жай сөйлем, күрделенген сөйлем, құрмалас сөйлем -кездейсоқ қүбылыс емес. Мұның өзі күрделенген сөйлемнің өзіндік табиғатынан, құрылымдық барысындағы өзгешелігінен келіп шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |