Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары



бет11/162
Дата11.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#136963
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   162
Әдебиеттер :

  1. Айдаров Ғ., Құрышжанов Ә. Томанов М. // Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. А., 1971.

  2. Аталар сөзі. // Мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер. А., 1989.

  3. Жарықбаев Қ. // Аталар сөзі-ақылдың көзі. А., 1980.

  4. Закиров С. // Кыргыз элинин макал, лакаптары. Фрунзе, 1961.

  5. Кеңесбаев І. // Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. А., 1977.

  6. Нұрмаханов А.Н. // В.В. Радловтың « Түркі сөздігіндегі» мақал-мәтелдердің дамуы мен қалыптасуы. // Қазақ тілі мен әдебиеті. 1994. №1.

  7. Языки мира. Тюркские языки. Бишкек, 1997.

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН – ШАҒЫН ӘҢГІМЕ ШЕБЕРІ




Исабекова Әлия Амангелдіқызы


Алматы облысы, Іле ауданы, Байсерке ауылы
«№ 12 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Арыкова Гүлдана Есенжоловна


Алматы облысы, Қарасай ауданы,
«Еңбекші» ауылы орта мектебі

Қазақ халқының дара ұстазы– дала қоңырауы атанған Ыбырай Алтынсарин балаларға білім беруді, қазақ халқының санасына білім сәулесін шашып, көзін ашуды қолға алды.


Мектепте қазақ балаларына білім мен тәрбие берудің басты құралы - оқулық деп қарады. Оқулық жазуға кірісті. Балаларға ана тілін таза және ұқыптылықпен үйретіп, шағын көркем шығармалар арқылы оларды жақсы мінез-құлыққа баулуды көздейді. Шағын шығармалар жазып, балалардың білімін көтеретін, тақырыбы қызықтыратын кітаптарды қазақтың өз тілінде басып шығару керек деп білді. Өзі 1876 жылдан бастап "Қазақ хрестоматиясын" жазуға кірісіп, оны 1879 жылы Орынборда бастырып шығарды. «Бұл кітапты кұрастырған кезде хрестоматиясының алғы сөзінде, – біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын көздедім» деген. «Қазақ хрестоматиясы» балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгімелерден құрастырылды. Олардың біразын өзі жазды, біразын сол кездегі орыс жазушыларынан аударып жазды. Хрестоматияға қазақтың халық ауыз әдебиетінің үлгілерін де іріктеп кіргізді. Ыбырай Алтынсарин кітапхана ісінің де негізін қалаған тұлға. [1]
Ыбырай Алтынсарин шағын – әңгіме шебері. « Қазақ хрестомотиясына» кірген қаншама өлеңдері мен шағын әңгімелері балаларға берер нағыз тәрбие көзі болды. Шығармаларының барлығы қысқа, өмірден алынған, мазмұнды, көркем, баланың жас ерекшелігіне сай, түсінуге жеңіл, тәрбиелік маңызы зор шебер құрылған. Әр әңгімесін жазғанда алдына үлкен мақ- саттар, талаптар қояды. «Мен қазақ балаларын ұқыптылыққа, тазалыққа, отырықшы тұр- мыстың артықшылығына үйретудің өзі қазақ даласына тәрбиелік мәні бар жұмыс деп білемін» - дейді. Баланы оқыту барысында тәрбиелеу керектігін түсіндіреді. Негізінен, әңгімелері балаларға арнап жазылған ақыл-кеңес, үлгі-насихаттан құралады. Шығармасын оқи отырып, бала өзі түйінді ойды ойлап, салыстырып, қорытынды шығара алады. Ықшам жазылған қысқа әңгімелерінің бірнешеуін талдап көрсек.
«Жаздың бір әдемі күнінде» бір кісі өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағашты көріп жүрді. «Мына ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неліктен кисық біткен»? – деп сұрады баласы. «Ата-анаңның тілін алсаң, ана ағаштай сен түзу кісі болып өсерсің. Бағусыз кетсең, сен де мына қисық ағаштай болып, бағусыз өсерсің. Мынау ағаш – бағусыз өз қалпымен өскен», – деді атасы. «Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой», – деді баласы. «Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым, бұдан сен өзің де ғибрат алсаң болады, сен жас ағашсың, саған да күтім керек. Мен сенің қате жеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы, түзу кісі болып өсерсің», – деді. Ыбырай «Бақша ағаштары» атты әңгімесінде осылай деп жазды. Яғни тәрбиенің үлкен рөл атқаратынын көрсеткен. Соның бірі – талап. Талап етіп талпынбаса, адам баласы алға
баспаған болар еді. «Талапты ерге нұр жауар» деген халық мақалы да өмір тәжірибесінен туған. Өсиет нақыл сөздердің мақал-мәтелмен үйлесімділігі осында. Жастық шақ – жігер- қайраттың мол кезі, бойдағы жақсы қасиеттерді жарыққа шығарып қалатын кез, ол үшін талап керек. Талаптан да, өмірден керегіңді ал. «Талаптың пайдасы» деген әңгімесінде Ыбырай сол идеяны көтереді. I Петр патша шіркеуге барып ғибадат етіп тұрғанда, арт жақта бір баланың сурет салып тұрғанын көріп, қасына келіп, не салып жатқанын сұрағанда бала:
«Сіздің суретіңізді салып жатырмын!» – дейді. Петр суретті көрсе, мәз еш нәрсесі жоқ екен. Бірақ ақылды Петр патша ол баланың суретке талабы бар екенің аңғарып, сурет салатын оқуға бергізеді. Кейін сол бала үлкен суретші болады. Автордың бұл арадағы көздегені - жас баланың талабын, сол талаптың арқасында неге қолы жеткенін көрсету, талаптанса, сол мақсатына жететіндігін дәлелдеу. Мейірімділік баланың отбасына деген махаббатынан басталады. Әркім алдымен өз ата-анасын, туғандарын жақсы көреді, сыйлайды. Ыбырай ата- ана мен бала арасындағы осындай жылы қарым-қатынасқа ерекше мән береді. «Мейірімді бала» әңгімесінде 13 жасар қыздың әкесінің орнына, өз қолын кесуді сұрағанын жазады. Қыз:
«Тақсыр, жұмыс істеп, бала-шағаларын асырайтын атамның қолын қалдырып, мына менің қолымды кесіңіз», – дейді. Жазушы «Аурудан аяған күштірек» деген әңгімесінде аяғы сынған Сейіт деген бала, ауруы қанша батса да, анасын қиналтпау үшін қабақ шытпағандығы айтылады. «Ауырмақ түгіл, жаным көзіме көрініп тұр, бірақ менің жанымның қиналғанын көріп, әжем де қиналып, жыламасын деп жатырмын», – дейді ол. Алғашқы әңгімедегі қыз да, соңғы әңгімедегі Сейіт те шын мәніндегі мейірімді қылықтарымен ерекшеленеді, мұның негізінде жалпы адамды сүйетін жақсы сезімдер жатыр. Ыбырай Алтынсарин жазған әңгімелерінің өсиет нақыл сөздер мен мақал-мәтелдердің үйлесімділігі де ерекше. Сол нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер үйлесімділігі адамды өмірге тәрбиелейді. Өмірге ғана тәрбие- леумен қатар жазушы әңгімелері адамгершілік, тәрбиелік, қамқорлыққа бағытталып жазыл- ған.
Еңбекті сүю және қадірлеу – Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы. Оны жазушы шағын әңгімелерде үгіт, өсиет түрінде берсе, кей шығармаларында халықтың қоғамдық сана- сын тәрбиелейтін реалистік суреттер арқылы бейнелейді. "Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш" әңгімесінде Ыбырай ең кішкентай жәндіктердің өзі де тіршілік үшін тыным таппай еңбек етіп жүргендігін көрсете келіп, оларды балаларға үлгі етеді. «Қарлығаш, өрмекші ғұрлы жоқпысың, сен де еңбек ет, босқа жатпа», – дейді. «Атымтай жомарт» әңгімесінде жазушы халық арасындағы Атымтай жомарт туралы аңыздарға жаңаша мазмұн беріп, өзінше қорытады. Атымтайды ол еңбек адамының үлгісі етіп көрсетеді. Еш нәрсеге мұқтаждығы жоқ болса да, Атымтай ылғи жұмыс істейді. «Күн сайын өз бейнетіммен, тапқан пұлға нан сатып алып жесем, бойыма сол нәр болып тарайды. Еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі өзгеше болады», – дейді ол. Осындай мысалдар келтіре отырып балаларды өмірге бейім- делуіне, өз бетімен өмір сүруге итермеледі. [2]
Шығармалары оқушыларды неге тәрбиелейді?

  1. «Әке мен бала» әңгімесі «Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың, азға қанағат етпесең,көптен құр қаларсың», - дейді.

  2. «Асыл шөп» әңгімесі - Ол шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын, аты «сабыр» деген, - дейді. Сабырлылық, шыдамдылық, төзімділік, ұстамды болуға үндейді.

  3. «Бақша ағаштары» әңгімесі тәрбие бағу-қағудан басталады деген ойды меңзейді. Тәрбиелі болуға, адамгершілікке, үлкенді сыйлауға үйретеді.

  4. «Байұлы» әңгімесі «Батаменен ер көгереді», «Баталы ұл арымас» - деген халық қағидаларының өміршеңдігін әңгімеге арқау етіп, ізгі жүректі болуға, жоқ-жітікке қамқор- шы болуға үндейді.

  5. «Алтын шекілдеуік» әңгімесі «не нәрсенің де құр сыртына қарап қызықпа, асылы ішінде болар» қалдырады.

  6. «Мейрімді бала», «Шеше мен бала», «Аурудан аяған күштірек» Мейірімділік, рақымды болу, адамға жаксылық ету, төзімділік сияқты жақсы қасиеттерге баулиды. Бала әке-шеше алдында өзін мәңгі қарыздар сезінуі керек.

Ыбырай Алтынсариннің әңгімелерін сабақтарымда оқыта отырып нәтижесінде, білім алушылардың өміріне, табиғатына жақын мәтіндердің тиімділігі, оқушылардың сөздік қорларының көбеюіне, тіл дамыту жұмыстарын жүргізуде пайдасы мол. Үздіксіз өзгерістер мен жаңа технологиялар заманында, оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуда мәтінмен жұмыс, көркем шығарманы түсініп оқу маңызды. Мәтінмен жұмыс жасауда:ақпаратты түсіну, тақырыпты таңдау, тірек сөздерді таба білу, негізгі ойды анықтауы керек. Мысалы: Ыбырай әңгімелерінің идеясын ашу үшін топтар кезектесіп бір –біріне сұрақтар қояды, «Бай мен жарлы баласы» шығармасындағы кейіпкерлерге салыстырмалы түрде талдау жасату арқылы Асан мен Үсен бейнесін ашады.Әңгімелерін оқу барысында, бойымызға қандай асыл қасиеттерді жинақтадық, нені ұқтық, нені үйрендік деген сауалға өз пікірін білдіреді.
Оқушылар қазіргі таңда шығарма оқуды қойып, ғаламтор желісінің шырмауынан шыға алмауда. Смартфонмен ойын ойнаудың алдын алып, кітап оқуға шақырып, білім алуға бағыт бағдар берудеміз. Ол үшін телефон арқылы ұлы ағартушының әңгімелерін ғаламтор желісінен оқуды бастадық. Шағын әңгімелерді үнсіз оқу, дауыстап оқу, кезекпен оқу, музыка әуенімен оқу, QR штрих код сканерден өткізіп оқу, kitap.kz сайтынан оқу, аудиодан тыңдау арқылы жүзеге асырудамыз. Оқушылар онсызда ғаламтор желісінен бас алмай отырған сәтте ерекше тәсіл болды. Қазіргі эпидемиологиялық ахауалға байланысты, қашықтан оқу кезінде QR штрих код сканерден өткізіп оқу, kitap.kz сайтынан оқу, аудиодан тыңдау арқылы оқушылар әңгіменің мазмұнын түсініп, өздерін жаман әдеттен сақтауға, жақсылыққа бет бұруға көп септігін тигізуде. Жаңартылған білім беру бағдарламасында осындай әдіс- тәсілдер арқылы оқу барысында оқу жылдамдықтары артып, үлгерімі төмен оқушылардың білім сапасы көтерілуде. Оқуға деген құштарлықтары оянып, тіл байлығы, функциональдық сауаттылығы, оқу сауаттылығы артты. Тәрбиелік мәні зор шағын шығармаларын осындай тәсілдер арқылы оқытып, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын оятып, әңгімедегі кейіпкерлердің мінез-құлқы мен, олардың іс-әрекетін бейнелеп, әңгіме желісімен сахналау, кейіпкерлердің рөлін сомдау арқылы көркем сөз шеберлігі артты.
Қорыта келгенде, Ыбырайдың шағын әңгіме шебері екенін оқушылар оқу барысында түсінеді. Әрбір әңгімелеріндегі адамды еріксіз адамгершілікке бағыттайтын, адалдыққа жете- лейтін, өмірлік ұстанымына айналдырар үлгі болатынын біледі. Адамның жанына ізгілік сезімін ұялатып, үлкенге құрмет көрсетуге, кішіге үлгі болуға талпындырады. Шығармала- рының құндылығы - өміршеңдігінде. Ыбырай Алтынсарин мұраларын бүгінгі күннің таптыр- мас қазынасы, тәлім-тәрбие бастауының алтын діңгегі деп білемін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет