Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары



бет10/162
Дата11.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#136963
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   162
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

    1. Выготский Л.С. Мышление и речь – 1934.

    2. Жақыпов С.М., Аймағанбетова О.Х. Адамзат ақыл-ойының қазынасы VII том. – Алматы: Таймас баспа үйі – 2006. – 480 б.

    3. Буслаев Ф.И. О преподавании отечественного языка. – Либроком, 2010.

    4. Күмісбаев Ө. Шығыс шайырлары І том – Алматы – 312 б.

    5. Сыздық Р. Тілдік норма және оның қалыптаcуы. – Астана: Елорда, 2001. – 230 б.

    6. Пассов Е.И. Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению – 1991.

ТҮРКІ ТІЛДЕРІ МЕН ҚАЗАҚ ТІЛІ ЛЕКСИКАСЫНДАҒЫ


МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР САБАҚТАСТЫҒЫ


Иманбергенова Гүлзия Клышбаевна


Алматы облысы,Талғар ауданы, Қызыл ту-4, № 24КММ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Кусанова Алиман Серикбайқызы
Алм.облысы, Қарасай ауданы, Райымбек ауылы,
Кенен Әзірбаев атындағы мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Түркілер дүние жүзінің төрт бұрышына тегіс тараған, ескі тарихы, мәдениеті, әдебиеті дамыған ұлы халықтар болып есептеледі. Өткен трихымызға назар аударсақ, ойшыл ғалым- дарымыздың, ақындарымыздың, шешендеріміздің түркі тілінде сөйлегенін, артына мол мұра қалдырғанын көреміз. Оған Абу-л-ғазидің «Шаджара-и түрк» және «Шаджара-и таракимада» келтірілген сөзі мысал бола алады: «Мен бұл кітапты түркі тілінде сөйлеушілерге түсінікті болу үшін тек қана түркі тілінде жаздым. шағатай-түркі тілін де, парсы және араб сөздерін де қолданбадым».


Ұлы Әлішер Науаи өз шығармаларының басым көпшілігін түркі тілінде жазғандығы белгілі. Ол өзінің «Мезанул авзан» деген еңбегінде: «Парсы ақындары мен парсының сөз өнері шеберлері әр сөзді қалыңдықтай қадірлеп, барынша нұр жайнатты да, әсемдікке бөлеп берді. Мен болсам түркі тілінің құдіретіне сүйендім, олар сүйікті қыздай қып аялаған ойларын жеткізіп берген сөздерді мен Шағатай авзанымен жаздым. Бұл тіл-ешқандай ақын пайдаланып, ешбір жазушының қолы жете қоймаған әдеби тілдің негізі»,-деп жазды.
Араб зиялылары түркі тілдерін зерттеп, олардың лексикасына, грамматиканың өзекті мәселелеріне айрықша көңіл бөлген, түркі тілдерін білуді зор білімпаздықтың белгісі деп түсінген. Араб-парсы тілдерін зерттеген Л.З.Рустемов арабтардың арасында көп қолданыл- ған: «Түрікше білмеген-Алладан қорықпаған»-«Мән ла й әрифә әл-луғата-т түркийә уә ан ләм йәхәф Алла» деген мәтелді келтіреді. Бұл арабтардың түркілерден (Мамлюктерден) қорыққаннан айтылған сөзі емес,сыйлағанынан айтылған сөзі деп түсіну керек. Деректерге зер салсақ,бұрын да арабтар мен түркілердің өзара қарым-қатынасы жоғары деңгейден көрі- ніп отырғандығы сезіледі.
Немістің ұлы ақыны Гете шығыс поэзиясына ден беріп:«Шығыста жеті ұлы ақын бар. Солардың ең төмені-менен анағұрлым артығырақ», - деген болатын. Ал, ұлы Абай сол Гете айтқан жеті ақынды атап-атап көрсетеді:
Фузли, Шамси, Сәйхали, Новои, Сағли,Фирдауси, Хожа Хафиз – бу һаммәси Мәдәт бер я шағири фәрияд.
Түркі халықтары өздерінің мақал-мәтелдерін «аталар сөзі», «ақыл сөзі», «нақыл сөзі»,
«даналық сөз», «көсем сөз» дей отырып, «атаңның сақалына қарама,айтқан мақалына қара»,
«мақал-мәтел маржан сөз,қоса көрме арзан сөз» десе, өзбекте «Оталар сузи-ақилининг кузи», қырғызда, «Сөз көркү – макал, эр көркү-сакал», түркіменде, «Акылың бармы, акыла эер, акылың екмы-накыла эер» т.б. деуі - халықтың берген әділ басғасы.
Түркі халықтарының ең көп шоғырланған тобы – Орта Азия мен Қазақстанда тұады,әрі барлық түркі тілдес тілдердің негізгі үш тобын толық қамтиды. Қыпшақ тілдер тобының өкілдері-қазақ, қырғыз, қарақалпақ; қарлұқ тобының өкілдері-өзбек, ұйғыр; оғыз тобының өкілдері-түркімендер де осы Орта Азияда мекендейді.Ал,түркімен тілі арқылы әзербайжан, түрік, ғағауыз тілдерінің лексика-граматикалық ерекшеліктерімен танысуға болады.Сол сияқты,қырғыз тілі арқылы сібір түркі тілдерін түсіну,білу қиынға соқпайды. Бұл жөнінде түркі тілдерін зерттеушілер аз пікір айтқан жоқ.
Міне, осындай тегі бір түркі халықтарының ұрпақтары жан-жаққа тарап,ру тайпалықтан халық, ұлт тілдеріне жетіп қалыптасты, дамыды. Олар кейбір лексика-грамматикалық өзге- рістерге түссе де тіл өзінің тамырластығын, тектестігін сақтаған. Бұл – түркі тілдерінің құдіреті! Олар мақал-мәтелдерді салыстыра зерттегенде,мазмұнынан да,лексика-грамматика- лық құрлысынан да байқалады.
Түркі халықтарына тән қасиеттердің бірі-өз Отанын, туған жерін сүю, құрметттеу.
В.В. Радловтың «Түркі сөздігінде» Қазақта:

Қырғыздарда:
Кісі елінде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол.

Биреенүн элинде султан болгунча, Өз элинде ултан бол.



Татарда: Чит илдә солтан булганчы,
Үз илиңдә ултан бул -
деп бесіктен белі шықпаған баланы үйретіп отырған.
Қазіргі түркі халықтарының мақал-мәтелдерінде бұл тақырып одан әрі дами түскен.
Бірлік туралы Қазақ тілінде:

Қырғыз тілінде: Өзбек тілінде:
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса,төбедегі келеді.

Алтооң ала болсоң создогуну алдырасың, Төртөөң түгөл болсоң төбөдөгүнү аласың.


Олтовлон ола булса,оғиздағини олдирар.



Түркімен тілінде:
Алтың агзы бир болса, асмандакыны индерер, Алтымышын агзы ала болса,
Агзыңдакыны алдырар.
Әбу Хаийанда:
Алтау ала болса-алдындағыны алдырар, Төртеу түгел болса-төбедегіні түсірер.
Демек бұл мақал XIV ғасырларда белгілі болған.
Махмұт Қашқаридің "Диуани лұғат ат-түрк" еңбегінде де халық арасына осыдан мың жылдай бұрын кең тараған мақал-мәтелдер, афоризмдер жиі ұшырайды. Ұтымды айтылып, қысқа қайырылатын даналық сөздер адамның сан ғасырлық өмір тәжірибесінен туатыны мәлім. Мақал мен мәтелге айналып кеткен ғибрат сөздер – өмірдің қыры мен сырына әбден қанығып жасалған қорытынды пікірлер ретінде қабылданады.
Батыр - майданда, ғалым - әңгімеде сыналар. Күздің келетіні жаздан-ақ белгілі.
Бақыт белгісі - білім мен ақыл. Әдептің басы - тіл.
Арыстан қартайса тышқан інін күзетер.

Қылымси білсе - қызыл киер, Жарамсақтана білсе - жасыл киер.
Міне, осы секілді мақал-мәтелдер біздің әдебиетімізде де дәл осы күйінде, кейде сәл ғана өзгерген түрінде көп қолданылып келеді. Сонымен қатар, қазіргі қазақ тілінде айтылып жүрген мақал-мәтелдердің бірқатары сонау көне заман жәдігері. "Диуани лұғат ат-түрктегі" осындай мақал-мәтелдерге қарап, бұдан он ғасыр уақыт бұрын айтылған даналық ойлар бүгінгі күнге дейін өзінің алғашқы мән-мағынасын жоғалтпағанына куә боламыз. Мысалы:
Кеңесті іс келісе береді, Кеңессіз іс кері кетеді. Құс қанатымен,
Ер атымен.
Көрікті тоның өзіңе болсын, Шырын асың өзгеге болсын. Алымшы - арыстан, Берімші - тышқан.
Кіс аласы ішінде, Жылқы аласы сыртында. Ұлық болсаң, кішік бол,
Інген ыңыранса, бота боздайды. Арнасыз ат жүрмес,
Арқасыз алып жеңбес.
Махмұд Қашқари еңбегінде бұдан басқа да көптеген мақал-мәтел оқырманын әділдікке, ар-намысты жоғары ұстауға, махаббатқа адал болуға, мейірімділікке, ізгілікке үндейді. Сөйтіп, бізге бұл еңбек арқылы көне заман куәгеріндей болып кеткен өлең-жырлар, мақал- мәтелдер, нақыл сөздер халық көңіліндегі қайғы-қасірет пен қуаныш серігі екені даусыз.
Ал, "Диуани лұғат ат-түрктегі" әдебиет үлгілерінің көркемдік сипатына келер болсақ, түркі тайпаларының әртүрлі поэтикалық жанрларда көркем туындылар жасағанын көреміз. Мысалы, Махмұд Қашғари жинағындағы еңбек, ерлік, сүйіспеншілік т.б. мәселелерге арналған өлеңдердің барлығы лирикалық жанрдағы шығармалар болып келеді. Сондай-ақ мұнда дидактикалық сарындағы поэзияның алғашқы нұсқалары да ұшырасып қалады. Бұл жырларда көбінесе мораль-тәрбие мәселелері сөз етіледі. Мұның бәрі халықтық фальклор мен жазба әдебиет жанрларының көптігіне ғана емес, сонымен бірге, кейбір поэтикалық формалардың түп-тамыры тереңде, алғашқы қауымдар қойнауында жатқанын көрсетеді. Махмұд Қашғаридің осы еңбегіндегі өлең-жыр үзінділері фальклор мен жазба әдебиеттің үлгілері болып жазылған. Жинақтағы поэзиялық туындылар өзінің құрылысы жағынан, буын саны, бунағы, ұйқасы тұрғысынан қазіргі қазақ өлең-жырларына тым жақын болып келеді. Халық ауыз әдебиеті өзінің тақырыптық жағынан да, идеялық тұрғысынан да сол кездің өзінде-ақ мейлінше дамып жетілгені даусыз. Ең бастысы бұл өлең-жырлар қоғамдық-әлеу- меттік өмірдің сан түрлі, маңызды мәселелерін қамтып, олар жөнінде нақты пікірлер айтады. Қорыта айтқанда, Махмұд Қашғаридің теңдесі жоқ бұл шығармасы біздің еліміздегі түркі тілдес халықардың бәріне бірдей ортақ асыл қазына, тілдік, әдеби, тарихи, этнографиялық тұрғыдан қарастырғанда ұрпақтан ұрпаққа жеткен бай мұра. Салыстырғанда тілдерде бұл мақалдың мазмұны біреу:адамдарды бірлікке,достыққа шақыру.
Бұл сабақтастықтар түркі тілдерінің қарым-қатынас құралы ретінде дәрежесінің биіктігін, ой тереңдігін, сөздік қорының байлығын, грамматикалық құрылысының икемділігін көрсе- теді. Түркі халықтарының фразеологиясын ,мақал-мәтелдерін,қанатты сөздерін бір сөзбен айтқанда «аталы сөздарін» зерттеу-уақыт күттірмес заман талабы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет