188
тіліндегі жалғаулар 4 топқа бөлінетін болса: көптік, септік, жіктік, тәуелдік, орыс тіліндегі
жалғаулар «род, число, падеж (септік)» сияқты грамматикалық мағынада бөліне алады.
Соның ішінде орыс тілі мен қазақ тіліндегі септік жалғауларға қатысты мәселерді
қарастырсақ. Орыс тіліндегі «книга» сөзін септеп көрейік: именетилеьный падеж- книга,
родительный падеж - книги, дательный падеж - книге, венительный падеж - книга,
творительный падеж - книгой, предложный падеж - о книге. Бұл жерде орыс тілінен қазақ
тіліне машиналық аударма кезінде қиындық туындайды себебі, екі септікте де «е» жалғауы
кездеседі және «и» жалғауы «родительный» септігінде және атау септіктің көпше түрінде де
кездесе алады. Мысалы: «книги нет на месте» және «я забрала все свои книги». Бірінші
жағдайда бір ғана кітап жайлы және сол кітаптың орнында жоқтығы жайында сөз қозғалса,
екінші жағдайда бірнеше кітап және соларды алып кеткендігі жайлы баяндалады. Бұның
мағынасын біз жеңіл түсінгенімізбен, машинаның түсінуі екіталай.
Машиналық аудармадағы талдау тізбектелген және өзара байланасатын процесс болып
саналады. Морфологиялық талдаудың нәтижесі синтаксистік талдауға әсерін тигізеді, ал
морфология пен синтаксистік мәтіннің семантикасына ықпал тигізеді. Сондықтан мәтін
талдауының бастапқы кезеңіне дұрыс көңіл бөлуді қажет етеді.
Біздің зерттеу жұмысымыздыің негізгі бағыты: қазақ жалғауларының (аффикстерінің)
түрлері мен байланыстардың атқаратын рөлі және мәтіннің аудармасына тигізетін әсерін
көрсету. Орыс-қазақ машиналық аудармадағы морфологиялық талдаудағы қазақ тілінің
жалғауларын (аффикстерін) қолайлы жүйеге түрлендірудің әдісін ұсыну болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: