Атты І халықаралық конференция ЕҢбектері


Г.К. ЕЛИБАЕВА, Б.З. АНДАСОВА



Pdf көрінісі
бет214/326
Дата07.01.2022
өлшемі8,57 Mb.
#19269
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   326
Байланысты:
Болатбек М. (1)

Г.К. ЕЛИБАЕВА, Б.З. АНДАСОВА 
 
 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан 
 
 
МӘТІНДІК ҚҰЖАТТАРДЫ КЛАССИФИКАЦИЯЛАУДА ОНТОЛОГИЯНЫ 
ҚОЛДАНУ 
 
Бүгінгі  таңда  әр  түрлі  саладағы  электронды  құжаттар  санының  қарқынды  өсуі  және 
олардың  Интернет  желісінде  қолжетімді  болуы  ақпараттың  басым  бөлігінің  компьютерде 
электронды мәтіндік құжаттар түрінде сақталуына әкеп соғады. Көптеген ұйымдарда қажетті 
білімдердің  едәуір  бөлігі  құжаттық  деректер  қорында  болады.  Осындай  жағдай  мәтінді 
талдау  (Text  Mining)  саласына,  яғни  мәтіндік  құжаттардан  білімдерді  автоматты  түрде  алу 
мен  өңдеу  әдістеріне  жоғары  қызығушылық  танытып  отыр.  Табиғи  тіл  мәтіндерінің 
құрылымымен автоматты түрде білімдерді алу қиын. Мұндай білімдер сараптамашы арқылы 
жеңіл алынады, бірақ электронды құжаттар санының аса көп болатынын ескерсек, олардың 
адам  арқылы  тиімді  өңделуі  жұмсалатын  уақыт  пен  ресурстар  тұрғысынан  шығынды    көп 
қажет етеді.  
Білімдерді алудың түпкі мақсаты – жобалық шешім қабылдау барысындағы сарапшының 
немесе  автоматтандырылған  жүйенің  ақпараттық  қолдауы  болып  табылады.  Мамандармен 
құрастырылған  құжаттарда  әр  түрлі  мәселелерді  шешуге  арналған  әдістер,  параметрлерді 


211 
 
таңдауға арналған ұсыныстар және ұйым қызметінің түрлі саласында пайдалы болатын т.б. 
білімдер сипатталуы мүмкін. Осылайша, білімдерді алу жүйесінің негізгі қызметі  құжаттар 
қорындағы  пайдалы  мәліметтерді  ақпараттық  іздестіру  болып  табылады.  Алайда,  осы 
есеппен  қатар  автоматты  классификациялаудың,  кластерлеудің  және  құжаттарды 
аннотациялаудың аралық есептері де шешілуі тиіс. Осы  уақытқа дейін  осындай табиғи тіл 
мәтіндерінің  есептерін  шешудің  көптеген  жаңа  әдістері  жасалынды,  сонымен  қатар 
қолданыстағы бар әдістердің тиімділігі де жоғарылап жатыр. 
Көптеген  ұйымдардың  білімдерді  басқару  (Knowledge  Management)  жүйелерінде  осы 
ұйымдардың 
мамандандырылуына 
сәйкес 
пәндік 
саланы 
сипаттайтын 
пәндік 
онтологияларды  сарапшылар  құрастырады.  Онтологияны  қолданып  сипатталатын  білімдер 
моделі  концепттер  (түйінді  ұғымдар)  жиынтығы  мен  олардың  арасындағы  байланысты 
көрсетеді.  Мәтіндік  талдау  есептерінде  онтологияны  қолдану  мәтіндік  құжаттардан 
білімдерді алу мен өңдеу есептерін шешудің тиімділігін жоғарылатады.  
Онтология  –  интеллектуальды  жүйелерде  білімдерді  ұсынудың  бір  түрі.  Онтология  деп 
қарастырылатын  пәндік  саланың  ұғымдар  жүйесін,  олардың  арасындағы  қатынастар  мен 
амалдарды  түсінеміз,  басқаша  айтқанда,  онтология  –  пәндік  сала  мазмұнының  анықталуы 
(спецификациясы).  Мысалы,  «Интеллектуальды  жүйелер»  онтологиясы  мынадай  түрде 
болуы  мүмкін:    Интеллектуальды  жүйелер  =  {интеллект;  нейрон;  нейрондық  желі;  кері 
байланыс; логика; білім; ...}, сонымен қатар концепттер арасындағы байланыстардан тұрады, 
«Кері байланыс – нейрондық желінің қасиеті». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   326




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет