Атты І халықаралық конференция ЕҢбектері


Онтологияны рольдік кластерлеуде қолдану



Pdf көрінісі
бет215/326
Дата07.01.2022
өлшемі8,57 Mb.
#19269
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   326
Байланысты:
Болатбек М. (1)

Онтологияны рольдік кластерлеуде қолдану. Онтология концепттерін «нысан», «құрал», 
«қасиет»  және  «іс-әрекет»  кластары  (рольдері)  бойынша  рольдік  кластерлеуде  осы 
концепттерді  (түйіндік  ұғымдарды)  әр  түрлі  мағыналық  категорияларға  орналастыру 
қарастырылады.  Мұндай  категория  концепттері  «қарапайым»  деп  аталады.  Рольдердің 
мүмкін  болатын  комбинацияларын  «күрделі»  концепттерді  құруда  қолдану  болады. 
Айталық, «компьютер жылдамдығын талдау әдісі» сияқты сөз тіркесін жоғарыда келтірілген 
рольдерге  тән  4  қарапайым  концепттен  тұратын  күрделі  концепт  ретінде  қарастыруға 
болады.  Бұл  мысалда  «әдіс»  –  құрал,  «талдау»  –  іс-әрекет,  «жылдамдық»  –  қасиет, 
«компьютер» –  нысан ретінде болып тұр[1]. 
Құжаттар  бойынша  ақпараттық  іздестіру  есептерінде  осыған  ұқсас  әдістерді  қолдану 
біршама  дәрежеде  сұранысты  құрайтын  ұғымдар  семантикасын  есепке  алуға  мүмкіндік 
береді  және  іздеу  дәлдігін  жоғарылатады.  «Әдісті  талдау»  деген  сұратуда  іздестіру  жүйесі 
«әдіс»-ті  –  нысан  ретінде,  және  «талдау»-ды  –  іс-әрекет  ретінде  түсінеді.  Бұл  ретте  қажет 
емес  құжаттар  қарастырылмайды.  Рольдік  кластерлеуді  қолдану  іздестіру  толықтығын 
жоғарылатуға қабілетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   326




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет