Атты І халықаралық конференция ЕҢбектері


Б.Ж.ЕРГЕШ, А.С.МУКАНОВА, Б.Ш.РАЗАХОВА



Pdf көрінісі
бет211/326
Дата07.01.2022
өлшемі8,57 Mb.
#19269
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   326
Байланысты:
Болатбек М. (1)

Б.Ж.ЕРГЕШ, А.С.МУКАНОВА, Б.Ш.РАЗАХОВА 
 
 
Л.Н.Гумилев атындығы Еуразия ұлттық университеті, Астана 
 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖАЙ СӨЙЛЕМДЕРДІҢ ОНТОЛОГИЯЛЫҚ МОДЕЛІ 
 
Қазақ  тілінде  мынадай  сөйлем  мүшелері  бар:  бастауыш,  баяндауыш,  толықтауыш, 
пысықтауыш, анықтауыш.  
Сөйлем құрамында сөйлем мүшелерінің белгілі бір орны бар. Қазақ тіліндегі сөйлемнің 
құрылымындағы  басты  ерекшелік  –  бастауыш  сөйлемнің  басында,  баяндауыш  көбінесе 
соңында қолданылады. Анықтауыш бастауыш пен толықтауыштың алдынан, ал толықтауыш 
көбінесе  баяндауыштың  алдынан;  пысықтауыш  -  өзіне  қатысты  сөздің  алдынан 
қолданылады.  Бұл  -  сөйлемнің  қазақ  тіліне  тән  құрылымдық  үлгісі.  Дегенмен,  сөйлем 
мүшелерінің орын тәртібі өзгеруі де мүмкін. Біз олардың өзгеруіне сәйкес екі, ұш, төрт және 
бес  мүшенің  қатысуымен  жасалатын  топтарға  бөліп  қарастырамыз.  Сөйлем  мүшелері: 
бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш және пысықтауышты сәйкесінше  Бс, Бн, Т, 
А, П таңбаларымен таңбалайық. 
1. 

Бс

 + 

Бн

;  
2. 

Бс

 + 

Т

 + 

Бн

;  
3. 

Бс

 + 

П

 + 

Бн

;  
4. 

Бс

 + 

Т

 + 

П

 + 

Бн

;  
5. 

Бс

 + 

П

 + 

Т

 + 

Бн

;  
6. 

Бс

 + 

А

 + 

Т

 + 

Бн

;  
7. 

Т

 + 

А

 + 

Бс

 + 

Бн

;  
8. 

Т

 + 

П

 + 

Бс

 + 

Бн

;  
9. 

Т

 + 

Бс

 + 

П

 + 

Бн

;  
10. 

П

 + 

Бс

 + 

Т

 + 

Бн

;  
11. 

А

 + 

Бс

 + 

Т

 + 

Бн

;  
12. 

А

 + 

Бс

 + 

П

 + 

Бн

;  
13. 

Бс

 + 

П

 + 

А

 + 

Т

 + 

Бн

;  
14. 

Бс

 + 

А

 + 

Т

 + 

П

 + 

Бн

;  
15. 

П

 + 

Бс

 + 

А

 + 

Т

 + 

Бн

;  
16. 

П

 + 

Т

 + 

А

 + 

Бс

 + 

Бн

;  
17. 

А

 + 

Бс

 + 

П

 + 

Т

 + 

Бн

;  
18. 

А

 + 

Бс

 + 

Т

 + 

П

 + 

Бн

;  
19. 

А

 + 

Т

 + 

Бс

 + 

П

 + 

Бн


Лепті сөйлем мен өлең жолдарындағы сөздердің  орын тәртібінде өзгеріс болуы мүмкін. 
Шындығында  қазақ  тілінде  грамматикалық  қатынастар  сөз  түрлендіруші  формалар  мен 
көмекші сөздер арқылы (оның ішінде әсіресе көмекші етістіктер арқылы) беріледі. 
Қазақ  тіліндегі  жай  сөйлемдердің  синтаксистік  ережелерінің  формалды  грамматика 
көмегімен математикалық моделдері [1] және семантикалық моделдері құрастырылған  [2]. 
Бұл жұмыста жай сөйлемдердің жоғарыда келтірілген құрылымға сәйкес онтологиялық 
модель тұрғызылды.  
Онтологиялық  моделдің  негізгі  мәні    белгілі  бір  білім  облысы  бойынша  мәліметтер 
жиынының  барлығын  қамтитын  және  бөліктік  формализацияны  концептуальді  сызбамен 
көрсетуі.  Концептуальды  сызбада  түсініктер  жиыны  мен  түсініктер  жайлы  мәліметтер 
(қасиет,  қатынас,  шектеу,  аксиомалар  және  түсініктердің  бекітілуі,  бұл  ақпараттардың 
барлығы таңдалынған пәндік облыс бойынша  есептің шешілу процесін сипаттау үшін қажет) 
беріледі. 


208 
 
Онтологияның көптеген модельдері  келесі компоненттерден тұрады:   

 
концепттер(түсінік, класстар),  

 
концепттердің  қасиеттері (атрибуттары, ролдері),   

 
қатынастар концепттер арасында (тәуелсіздік, функциялар),  

 
қосымша шектеулер,олар аксиомалармен анықталады,  

 
қолданылу мысалдары.  
Ұсынылатын 
онтологиялық 
модель 
сөйлем 
мүшелерінің 
семантикалық 
сипаттамаларымен    құрастырылады,  ал  сөйлем  мүшелерінің  семантикалық  сипаттамасы    
сөз  таптарымен  анықталады.  Қазақ  тілінің  грамматикасынан  белгілі  сөйлем  мүшелерінің 
қандай сөз таптары болатындығын қарастырайық [3]. 
Бастауыш болатын сөз таптары: 

 
атау  түрдегі,  тәуелдік  жалғаулы  және  көптік  жалғаулы  зат  есім,  мысалы:  Мына 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   326




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет