Атты І халықаралық конференция ЕҢбектері


кітап  тамаша  жазылыпты.  Айгүлдің  үйі



Pdf көрінісі
бет212/326
Дата07.01.2022
өлшемі8,57 Mb.
#19269
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   326
кітап  тамаша  жазылыпты.  Айгүлдің  үйі  кеше  қалаға  көшті.  Оқушылар  еңбек 
ардагерлеріне көмектесті;  

 
заттанған  сын  есім  (біріншіден,  заттың  орнына  айтылуы  керек,  екіншіден,  сөйлем 
ішінде басқа сын есім немесе сын есімнен шыққан сөз болуы керек), мысалы:  Молшылық 
біздің адал еңбегімізбен жасалған; 

 
көптік жалғаулы заттанған сын есім, мысалы: Жақсылар елге еңбегімен танылады;  

 
сан  есім  (артынан  айтылған  зат  есім  жоқ  болса),  жинақты  сан  есім  және  оның 
тәуелденген түрі, есепті сан есімнің тәуелді түрі, ретті сан есім, бөлшек сандардың бөлшегі 
мен көрсеткішінің тәуелденген түрі, шақты, шамалы шылаулары бар сан есім, оның көптік 
түрі  де  тәуелдік  жалғау  жалғанған  түрі  де,  мысалы:  Бес  -  екіге  қалдықсыз  бөлінбейді. 
Олардың  екеуі  де  өз  мамандықтарын  жақсы  біледі.  Жарысқа  қатысушылардың  бесіншісі 
бәрінен  жүйрік.  Оқушылардың  екінің  бірі  үздік  оқиды.  Ауыл  үйлерінің  он  шақтысы 
жайлауға көшіп үлгерді; 

 
жіктеу,  сілтеу,  сұрау,  өзіндік  (тәуелді  жалғаулы  өз),  белгісіздік,  болымсыздық 
(тәуелді  жалғаулы  ешбір)  есімдіктері,  мысалы;  Олар  кездесетін  орынға  межелі  уақыттан 
ерте жетті. Ондай жалқауларға сол керек. Шәмшінің әндерін кім ұнатпайды дейсің. Өзі әнді 
тамылжытып ала жөнелді;  

 
зат  есімнің  тіркесінсіз  етістіктен  зат  есімге  айналған  сөздер,  мысалы:  Білетіндер 
емтиханды тез тапсырып шығып жатыр; 

 
де  етістігі  арқылы  объектке  айналған  етістіктер,  мысалы: Кешіктім  деген бір  күнді 
жоғалтқанмен бірдей; 

 
объектке  айналған  немесе  жұрнақ  жалғанып  басқа  сөз  табына  айналған  одағай, 
шылау  және  үстеу  сөздер,  мысалы:  Әйт-шу  дегендер  малдың  басын  тез  қайырды. 
Еріншектің ертеңі бітпес. . 
Баяндауыш болатын сөз таптары: 

 
етістік, мысалы: Жұмысшылар сегіз сағат жұмыс жасады
Толықтауыш болатын сөз таптары: 

 
ілік септігінен басқа септік жалғауларында тұрған зат есім және затқа айналған сын 
есім,  сан  есім,  есімше,  есімдік,  мысалы:  Айжан  жаңа  жылды  үлкен  жетістіктермен  қарсы 
алды.  Мен  кеше  онымен  сөйлесіп  қалдым.  Тәжірибелі  ұстаздардың  еңбегі  жастарға  өнеге 
болады. Төрт екіге қалдықсыз бөлінеді. Маржан өз айтқанынан қайтпады.  
Пысықтауыш болатын сөз таптары:  

 
үстеу, мысалы: Бүгін күн жылынды. Айгүлдер асықпай шығып кетті. 

 
сын  есім,  мысалы:  Айман  жылы  сөйлеп,  оқушылардың  тілін  тапты.  Бұл  дұрыс 
айтылған екен. 

 
көсемше, мысалы: Ақын өз өлеңін мәнерлеп оқыды. 

 
барыс, жатыс, шығыс және көмектес септіктерінде тұрған сөздер, мысалы: Балалар 
мектепке  жиналды.  Қалада  зәулім  ғимараттар  көп.  Автобус  ауылдан  ұзап  кетті.  Сені 
дауысыңнан таныдым.  


209 
 

 
шейін,  дейін  бола,  қарай,  таман  шылаулары  тіркескен  барыс  септіктегі  сөздер, 
мысалы:  Кешке  таман  ауыл  қарттарына  концерт  ұйымдастырылды.  Түнге  қарай  күн 
суытты.  

 
кейін,  ары,  соң,  бұрын  шылаулары  тіркескен  кейбір  шығыс  септіктегі  сөздер, 
мысалы: Программаны жазбастан бұрын математикалық модель құру қажет. Біз бір айдан 
соң мектеппен қоштасамыз. 

 
бірге, қабат, қатар, шылаулары тіркескен кейбір көмектес септіктегі сөздер, мысалы: 
Айгүл өзімен бірге құрбысын ертіп келді. Ауыл тұрмысы қаламен қатар өсіп келеді. 

 
арқылы,  арқасында,  үшін,  сайын  шылаулары  тіркескен  сөздер,  мысалы:  Диқан 
еңбегінің жемісін күн сайын бақылады.  
Анықтауыш болатын сөз таптары: 

 
сын есімнің атау түрі, мысалы: Арман қызыл түсті жақсы көреді; 

 
сан  есімнің  атау,  туынды  түрі,  мысалы:  Егістікте  он  комбайын  жүр.  Он  екінің 
бөлгіштері: бір, екі, үш, төрт, алты және өзі; 

 
зат есім (қатар тұрған екі зат есімнің бұрын айтылғаны) , мысалы: Атай қыш құмыра 
жасағанды ұнатады; 

 
сілтеу,  өзіндік,  жалпылау,  белгісіздік  есімдіктердің  атау  түрі,  мысалы:  Мына  сурет 
түрлі  түсті  бояумен  салыныпты.  Мынадай  табиғатты  өз  көзіңмен  көргенге  не  жетсін! 
Барлық халық бейбітшілікті қалайды. Жолаушылардың бірнеше күні бар; 

 
есімше мен етістік есімдер, мысалы: Алынған сыйлықтар сәбилерге тапсырылды; 

 
еліктеуіш сөздер, мысалы: Гуу-гу әңгімемен ауылға да жеттік; 

 
ілік  септігіндегі  барлық  сөз  таптары,  мысалы:  Майраның  апасы  мектепке  келді. 
Мұны айтқан кісінің атын білесің бе? Үлкеннің айтқанын тыңдау қажет. 
 
Қазақ  тілінің  жай  сөйлемінің  онтологиялық  моделінің  фрагменті  1-суретте 
көрсетілген,  ал  1-кестеде  онтолгиялық  моделді  құруда  қолданылған  атаулар  мен  белгілер 
көрсетілді. 
 
 
Сурет 1 – Қазақ тілінің жай сөйлемінің онтологиялық моделінің фрагменті 
 
Кесте 1 – Онтологиялық моделді құруда енгізілген атаулар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   326




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет