У.А. ТУКЕЕВ, С.З. САПАКОВА, А. МАРАТҚЫЗЫ, Қ.ӨТЕПОВА
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан
ҚАЗАҚША-ОРЫСША МАШИНАЛЫҚ АУДАРМАСЫНЫҢ МӘЛІМЕТТЕР
БАЗАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
1. Мәліметтер базасының құрылымы
Мәліметтер қоры дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан
құрылым. Ең алғаш мәліметтер қоры ұғымы жаңадан қалыптасқан кезде онда шындығында
мәліметтер сақталатын. Бірақ қазіргі кездегі көптеген мәліметтер қоры басқару жүйелері
өздерінің құрылымдарында тек мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар олардың
тұтынушымен және басқа да ақпараттық – программалық кешендермен қарым –
қатынасының әдістерін де қамтиды. Сондықтан біз қазіргі заманғы мәліметтер қорында тек
мәліметтер ғана емес, ақпараттар да сақтай аламыз.
Мәліметтер базасы деп деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға қатынас
бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Әдетте деректер базасы деректерді
сақтау үшін жасалады.
Мәліметтер базасы – ақпаратты сақтауды және мәліметтерге ыңғайлы, тез кіруді
қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы белгілі бір ережелерге сай құрылған деректер
жиынтығын құрайды.
Мәліметтер базасын басқару жүйесі деректер базасын құруға, толтыруға, жаңартуға,
жоюға арналған программалық жабдық болып табылады.
285
Бұл жобада SQLite арқылы Қ.Б. Бектаевтың «Үлкен сөздігі» бойынша толтырылған 12000
сөзі бар мәліметтер базасы және 753 қосымшаларды және олардың атрибуттарын қамтитын
қосымшалар кестесі бар. Талдаулар соның негізінде жасалынады. Мәліметтер базасының
жалпы құрылымы келесі суретте берілген (1.1-сурет):
Cурет 1.1. Мәліметтер базасы.
Мәліметтер базасын программаға қосу үшін dotconnectsqlite компонентін орнату
қажет. Осыдан кейін sqlite форматындағы мәліметтер базасы дайын болса, онымен
байланыстыратын кодты енгіземіз:
using System.Data.SqlClient; // Байланыс үшін қажетті директивалар
using System.Data.OleDb; //
using Devart.Data.SQLite; //
using System.IO; //
String mySelectQuery;
SQLiteCommand sqCommand;
SQLiteDataReader sqReader;
SQLiteConnection sqConnection = new SQLiteConnection("Data Source=c:\\zhalgaular.db;");
286
Достарыңызбен бөлісу: |