292
яғни түсініксіз аудармаларға грамматика толық қарастырылмағандықтан тап боламыз, оны
дәлелдемесекте болады. Сонымен қатар, бұл бағытта атқарылып жатқан іс-шараларды да
атап кететін болсақ, «ағылшын- қазақ» машиналық аударма бағытында Apertium програмасы
Микель L. Forcada (Испания) басшылығымен және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
Университетінің қолдауымен, free/ машиналық аударманың ашық кодты платформасы
пайдаланылуда. Apertium –бұл машиналық аударма жүйесінің ашық кодасын құруға
арналған құралдардың жиыны, әсіресе өзара байланысқан тілдер жұбы үшін ыңғайлы, оның
құрамына ашық лингвистивкалық мәліметтерге арналған бірнеше сөздіктер, техникалық
қызмет көрсету т.с.с. енетінін білеміз. Осы бағдарлама негізінде «қазақ- татар» тілдер
бағытындағы ашық кодалы жүйе құрып, онымен қарқынды айналысып жатқан ғалымдарды:
Ильнар Салимзянов, Джонатан Вашингтон және Фрэнсис Tyers атап кетуге болады.
Ұсынылып отырған жұмыс қазақ-орыс бағытында құрылған машиналық аударма
жүйесінің негізгі жұмыс істеу принциптеріне, қазіргі таңда туындаған мәселерге тікелей
байланысты. Жұмыс нәтижесінде шағын
«kaz-rus translator» қолданбалы программасы
жасалынды және одан әрі дамыту үстіндеміз, бұл программа Visual Studio 2010 және SQLite
орталарында орындалды.
Достарыңызбен бөлісу: