Атты І халықаралық конференция ЕҢбектері



Pdf көрінісі
бет279/326
Дата07.01.2022
өлшемі8,57 Mb.
#19269
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   326
 
 
У.А. ТӨКЕЕВ, С.З. САПАҚОВА 
 
 
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы, Қазақстан 
 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ОРЫС ТІЛІНЕ МАШИНАЛЫҚ АУДАРМА 
 
1.  Қазақ тілді машиналық аудармашыларға қысқаша шолу 
Қазіргі  таңда  қазақ  тілінен  өзге  тілдерге  аударатын  программалар,  онлайн-аудармалар 
баршылық,  бірақ  олардың  жұмыс  нәтижесі  мардымды  емес.  Оның  ең  негізгі  себебі  қазақ 
тілінің грамматикасының басқа тілдің грамматикасына қарағанда анағұрлым күрделілігі, өзге 
тілдің  грамматикасына  ұқсамайтындығында.  Еліміздегі  қазіргі  кезде  кеңінен  қолданылып 
жүрген  sozdik.kz,  soylem.kz,  sanasoft.kz  секілді  онлайн  аудармашылармен  қатар  «Ізет-
тілмәш» қолданбалы программасында қазақ тілінен орыс тіліне аудару мүмкіндігі бар. Бірақ 
бұл аудармашы программалар енгізілген сөздерді аударғанымен сөйлемнің құрылымына, сөз 
мағынасына аса мән бермейтінін олардан алынған нәтижелерден көре  аламыз. Айта кететін 
жайт  осы  айтылған  машиналық  аудармаларда  сөйлемдер  енгізіп,  оларды  аударатын  болсақ 
ол сөздердің көп жағдайда орнын өзгертпей, басқа мағыналарын қарастырмайтынын көреміз, 


292 
 
яғни  түсініксіз  аудармаларға  грамматика  толық  қарастырылмағандықтан  тап  боламыз,  оны 
дәлелдемесекте  болады.  Сонымен  қатар,  бұл  бағытта  атқарылып  жатқан  іс-шараларды  да 
атап кететін болсақ, «ағылшын- қазақ» машиналық аударма бағытында Apertium програмасы 
Микель  L.  Forcada  (Испания)  басшылығымен  және  әл-Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық 
Университетінің  қолдауымен,  free/  машиналық  аударманың  ашық  кодты  платформасы 
пайдаланылуда.  Apertium  –бұл  машиналық  аударма  жүйесінің  ашық  кодасын  құруға 
арналған құралдардың жиыны, әсіресе өзара байланысқан тілдер жұбы үшін ыңғайлы, оның 
құрамына  ашық  лингвистивкалық  мәліметтерге  арналған  бірнеше  сөздіктер,  техникалық 
қызмет  көрсету  т.с.с.  енетінін  білеміз.  Осы  бағдарлама  негізінде  «қазақ-  татар»  тілдер 
бағытындағы ашық кодалы жүйе құрып, онымен қарқынды айналысып жатқан ғалымдарды: 
Ильнар Салимзянов, Джонатан Вашингтон және Фрэнсис Tyers атап кетуге болады. 
Ұсынылып  отырған  жұмыс  қазақ-орыс  бағытында  құрылған  машиналық  аударма 
жүйесінің  негізгі  жұмыс  істеу  принциптеріне,  қазіргі  таңда  туындаған  мәселерге  тікелей 
байланысты.    Жұмыс  нәтижесінде  шағын  «kaz-rus  translator»  қолданбалы  программасы 
жасалынды және одан әрі дамыту үстіндеміз, бұл программа Visual Studio 2010 және SQLite 
орталарында орындалды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   326




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет