Атты III халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағЫ



Pdf көрінісі
бет198/418
Дата24.09.2022
өлшемі8,11 Mb.
#40095
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   418
Тҥйін сӛздер: бактериалық обыр, фитопатогенді бактериялар, патогенез, Betula 
pendula Roth., Erwiniamultivora. 
Кіріспе.
Жасыл белдеу бҧл Нҧр-сҧлтан қаласын қоршай орналасқан жасанды орман 
алқаптары. 2009 жылы Елбасының бҧйрығымен «жасыл белдеу» жобасы қолға алынған 
болатын. Аталмыш жобаның алғашқы кезеңі бойынша орман алқаптарының шақырымын 
2020 жылға дейін 100 мың гектарға жеткізу болды. Болашақта жасанды орман алқаптары 
Бурабай аймағына бағытталып табиғи ормандармен бірігуі кӛзделген. Қазіргі таңда 
Жасыл белдеуде 9 миллионға жуық ағаштар мен 2 миллион бҧта тектестер ӛсіп жатыр. 
Мысалға алатын болсақ, қазақстандық терек, сары-қара қарақаттар, бессея шиесі, сҥйелді 
қайың, кӛктерек, кӛде боз жиде т.б. Соның ішінде сҥйелді қайың (Bеtula pеndula Roth.) 
экологиялық амплитудасы кең, орман зиянкестеріне тҥрлі мико- және микроорганизмдер 
топтарына ӛте сезімтал ӛсімдік. Осы ӛсімдікті зақымдайтын 502 тҥрлі энтомофауна, 302 
тҥрлі саңырауқҧлақтар, бактериялар мен жоғарғы сатылы гҥлді паразит ӛсімдіктер белгілі 
[1, 2]. Ал, ӛсімдіктердің ӛсіп-дамуына кері әсерін тигізетін инфекциялық емес аурулардың 
себебіне - қоршаған орта факторларын жатқызамыз.. Атап айтсақ, қолайсыз 
метеорологиялық және топырақ жамылғысы жағдайы, ластанған қоршаған орта және де 
басқа да антропогендік факторлар. Нҧр-сҧлтан қаласы «жасыл белдеу» аймағының 
фитопатологиялық жағдайы вегетационды мезгілде маршруттық бақылау жҥргізу, ауруға 
шалдыққан ӛсімдіктер мониторингісінің алынуы барысында қарастырылған болатын. Осы 
бақылау барысында «жасыл белдеу» аймағында ағаштар мен бҧта тектестерде кездесетін 


"SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD:
CHALLENGES OF THE XXI CENTURY" 
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, JULY 2019
 
192 
саңырауқҧлақты ӛсімдік аурулары (мақпалды ӛңез, ҥлпілдек ӛңез, ақ ҧнтақ ӛңез
жапырақтың ширатылуы мен шайырлану, шютте, мозаика, дің некрозы, рак, вилт, 
«мыстан сыпырғышы», кҥйіктер), жиі кездесетін бактериологиялық (водянка) және де 
вирустық ауруларды байқадық. [3]. Соның ішінде сҥйелді қайың (Bеtula pеndula Roth.) 
ӛсімдігінің инфекциялық ауру тудырушының негізі ол бактериялық обыр ауруы екенін 
анықтадық. Аталмыш ӛсімдік ауруының қоздырғышы ол Erwinia multivora Бактерия 
Erwinia multivora А.Л.Щербин-Парфененко атты ғалым 1963 жылы зерттеп, анықтап осы 
қоздырғышқа атауын берген болатын. Бактериялық обыр атауы дымқыл және шырышты 
ағаш діңінің болуымен сипатталғаннан кейін берілген. Автордың айтуынша, бактерилдық 
аурулар орман алқаптарында эпифитотикалық мінезге ие, ол дегеніміз екпе ағаштар мен 
бҧталардың жаппай шіруіне алып келуі [4]. Erwinia multivora фитопатогенді бактериялар 
қатарына кіреді, яғни ӛсімдік зақымдаушы болып табылады, ол барлық ағаштар мен 
бҧталарды зақымдайтын полифаг.Фитопотагенді аурудың сыртқы кӛрінісі: ағаш діңінің 
кенеттен қоңырқай сарғыштан қатты қоңыр тҥске ауысуы, дің қабаттарының 
қабыршықтануы, шырышты сҧйықтың жекелей немесе топтасып ағуы; ағаш діңінде қара 
қоңыр дақтардың пайда болуы, смола тәрізді ағындылар, обыр жара (язва) тҥзілуімен 
сипатталады. Ауруға шалдыққан ағаштардың бҧталарында, діңдерінде, тамырларында
тҥрлі жарақаттар орын алады.
Егер де орман алқаптарында фитопатогенді ауруларының алдын – алу шаралары 
жҥргізілмесе, онда бактериялық ӛсімдік аурулары жаппай ағаштар мен бҧтатектестерді 
жоюға алып келеді. Қазіргі таңда бактериялық обыр ауруының симптоматикасы, 
қоздырғышы, ӛсімдікке енуі мен оны зақымдау жолдары, басқа да орман екпелерімен 
байланысының толықтай зерттелінбеуі онымен кҥресу шараларына кӛп кедергі 
туындатып отыр. Мақаламыздың мақсаты - Нҧр-сҧлтан қаласы маңындағы Жасыл белдеу 
орман алқаптарында кездесетін бактериалық обырдың этиологиясы мен патогенезін 
қарастыру болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   418




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет