Сабақтың тақырыбы: 16-желтоқсан Тәуелсіздік күні «Тәуелсізді-Тұғырым» Күні



Дата26.12.2023
өлшемі24,25 Kb.
#143333
түріСабақ

Қысқа мерзімді жоспар
Тексерілді: ДТІЖО

Мектеп:



Мұғалімнің есімі:



Ашық тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы:

16-желтоқсан Тәуелсіздік күні
«Тәуелсізді-Тұғырым»

Күні:



Сынып: 3ә

Оқушы саны:

Сабақтың мақсаты

Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету







Көрнекіліктер

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Гимні, Әнұраны

  2. Тәуелсіздік құрбандары

  3. Кинолента тәуелсіздік

  4. Тәуелсіздік белестері

  5. Викторина сұрақ кубик

Құндылықтарды дарыту

Отанды сүю,Президентті құрметтеуді үйрету,адамгершілік,патриоттық сезімдерін ояту.



Сабақ кезеңдері

Сабақ барысы

Басталуы
5мин

Ұйымдастыру кезеңі
Алаулаған алабынан нұр тамып,
Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.
Көк байрағың желбірейді төріңде,
Гимнің тұр көгіңде шырқалып. (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады)

Тәрбиенің басым бағыты бойынша сабақ мазмұны Ортасы
30 мин



Кіріспе сөз:
Мұғалім: Құрметті ұстаздар,оқушылар!Бұл мереке барша қазақстандықтарға,бәрімізге құтты болсын!Тәуелсіздік бізге оңай келмеді. Тәуелсіздік жолында талай жандар құрбан болып, елім деп еңіреп өткені белгілі. Талай кезең қиын-қыстау, қуғын-сүргінді ата-бабаларымыз басынан кешті. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев: Біз Қазақстанның тәуелсіздігінің оңайлықпен келмегенін біліп оны қадірлеуіміз керек. Әрбір Қазақстанның азаматы мақтанышпен Елтаңбаны, Әнұранды, Туды көтеруі керек. Әрбір азамат өз Отаны үшін еңбек етуге, жанын қиюға міндеттідеген.Талай ғасырлар бойы ата-бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап келген.
Желтоқсан бейне материал (слайд)
Мұғалім:
Көгілдір аспанымыз ашық болсын!
Күніміз жарқыраған жарқын болсын!
Төгілген мейірім мен шапағатқа,
Төрімде тәуелсіздік құтты болсын!
Тәуелсіздік жырын жырлап ғарыштан,
Қазағыммен бүкіл әлем танысқан.
Келешегі кең өрісті, кемелді,
Жайна мәңгі тәуелсіз ел- Қазақстан! деп 3 сынып оқушыларының Тәуелсіздік-тұғырым тақырыбындағы ашық тәрбие сағатын көріп тамашалаңыздар.

Ата-бабам аңсаған,


Күрес салып шаршаған,
Тәуелсіздік таңы атты-
Бақыттымын мен содан!
Бізге мұра қалалар,
Бізге мұра дала бар!
Тәуелсіздік тұғырын,
Қадірлейік, балалар!

Мұхамеджан:


Тәуелсіздік мақтанашым,
Бізге бақыт сыйлаған
Бейбіт күнде мен тынышпын,
Әрбір таңым нұр маған.

Каусар:
Он алтыншы желтоқсан


Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеге ел тосқан
Шырқатып ән салған күн.

Арайлым:


Тәуелсіздік таңы атты,
Барлық әлем жаңарып.
Осы тұрған халқыма
Бейбітшілік орнады.

Ринат:
Тәуелсіздік еліміз


Мәңгі жасар жеріміз
Тәуелсіздік жасаған
Аға, Әпкелеріміз.

Ақниет:
Тәуелсіздік ел мұраты,


Жас ұрпақтың болашағы
Ұялатып берік сенім,
Бағымызға жол ашады.

Дінмұхаммед:


Тәуелсіздік елдеміз,
Қуанамыз күнде біз.
Ата-бабам қалдырған,
Қазақтың біз батырымыз сенсеңіз!

Ән: “Көк тудың желбірегені” хор


Тәуелсіздік белестері:

Батырхан: 1986 жылы Желтоқсан оқиғасы болды.
Ясина: 1991жылы 16 желтоқсанда “Тәуелсіздік” алдық.
Алмасбек: 1992 жылы “ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері” қабылданды.
Айару: 1993 жылы төл теңгеміз шықты.
Нұрсұлтан: 1995 жылы Ата заңымыз қабылданды.
Рабиға: 1997 жылы Қазақстанның Астанасы пайда болды.

Би: Қара жорға

Викториналық сұрақ-кубик:



  1. Қазақстанның егемендігі туралы декларация қашан қабылданды?

Жауабы: 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысы бойынша қабылданған тарихи құжат.

  1. Қазақстан республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі қашан жарияланды?

Жауабы: 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі“Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады

  1. Қазақстанда алғашқы болып өз елшілігін ашқан елді атаңыз?

Жауабы: Америка Құрама Штаттары Қазақстанда өз елшілігін ашқан алғашқы ел болды

  1. Қазақстан қашан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды?

Жауабы: 1992 жылғы 2 наурызда 

  1. Қазақстанның Қарулы күштері қашан құрылды?

Жауабы: 1992 жылы 7 мамыр

  1. 1993 жылғы 28 қаңтар. Бұл күні Қазақстанда қандай маңызды оқиға болды?

Жауабы: Егемен Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды

  1. Қазақстан Конституциясы бойынша республикадағы мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы:

Жауабы: Халық

  1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік Туының авторы кім?

Жауабы: Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.

  1. Қазақстанның Республикасының мемлекеттік әнұраны қашан қабылданды?

Жауабы: 2006 жылғы 6 қаңтарда қабылданды.
Айтыс: Каусар мен Нұрсұлтан

Сабақтың аяқталуы
Қорытынды 5мин

Жүргізуші:
Тәуелсіз мемлекетті Нұрсұлтандай атамыздың басқарып отырғанына біз қуаныштымыз.Қазақстанның болашағы – білімді жастармен,-дейді Елбасымыз. Сондықтан да балалар біздің алдымызда тек қана бір ғана талап, міндет ол білім алу. Білімді болсақ қана біз өз жолымыздан ешқашан адаспаймыз, тура жүріп, түзу өмір сүреміз деп білемін.


Қорытынды сөз

Кері байланыс

Кері байланыс жасау:





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет